Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
ӘЙ, ПУТИН, ДӘТІҢ ЖЕТСЕ КИЕВКЕ КЕЛ!

Әлгінде Украина тарабы Путинді және бір мәрте жүзбе-жүз келіссөзге шақырған еді. Оған Мәскеудегі кісінің жайлап айтсақ – көңілі түспеді, ойлап айтсақ – дәті жетпеді. «Ісі арам адамдар, қашқақтап қорқып жырақтар», - дегеннің нақ керін келтірді. Өзі үнсіз. Төңірегіндегі бірлі-жарым пәтуасыз (Песков пен Ушаков) кезек-кезек сөйлеп: «Зеленский Путинмен кездескісі келсе, Мәскеуге келсін», - деді.

Путиннің алдына түсіп бөксеңдеген бұл екеуінің сөзі «келіссөзге ашықпыз» деген сөз емес екенін әріп танитын адамның бәрі түсінді.

Зеленский де бұндайды құр жіберсін бе? Бүгін жарияға естіртіп тұрып, Путинді мазақ ете отырып бүйдеді:

«Мен Путинді жария түрде Киевке шақырамын! Дәті жетсе келсін, мұнда!», - деді. Сөз емес пе екен? Жауап емес пе екен?!

Украина президенті Зеленский бірсыпыра БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, «off the record» форматында емен-жарқын әңгіме жасаған. «Энергетикалық келісім», Донбасс жері, келіссөздертуралы айтылған. Сонда айтылғандардың бірсыпырасы:

Бейбіт бітім туралы
: «20 тармақтың 18-і бойынша келісім бар. Шешілмей тұрған 2 мәселе – Донбасс жері мен Запорож АЭС-і. Бұл мәселелерде АҚШ-тың күші мен ықпалына сенім артамыз», - дейді.

Жер мәселесі туралы
: «Біз Украинаның территориялық тұтастығын бұзатын келісімдер бойынша компромисске қол қоймаймыз. Ал арнайы экономикалық аймақ құру туралы АҚШ ұсынысына ашықпыз. Біз Донбасс пен Запорожды ұрыссыз бере салмаймыз!», - деді.

Қауіпсіздік кепілдігі туралы
: «Егер қауіпсіздік кепілдігі толық әзір болса, онда ештеңені күтпей, оған қазір қол қою керек деп есептеймін», - деді.

Энергетикалық бітім туралы
: «Бұл АҚШ-тың бастамасы. Украина мен Ресей тікелей өзара келіскен жоқ. Егер Ресей бітімді сақтаса, біз де Ресейдің МӨЗ-деріне соққы жасамаймыз. АҚШ-тың үндеуін Ресей дұрыс естіді деп ойлаймын», - деді.

Келіссөздер туралы:
«БАӘ-дегі келіссөздерден кейін, ендігі келіссөздерге Ресей тарабы жоғары дәрежелі өкілдерін жіберетінін айтыпты. Ең бастысы тағы да «тарихтан дәріс оқитын» біреулер келмесе болды», - деді.

Онан соң: «Келесі келіссөздер 1 ақпанға жоспарланған. Алайда АҚШ пен Иран арасындағы жағдайдың ушығуына байланысты келіссөздер кейінге шегерілуі мүмкін», - деді.
🤔21❤12🤡2
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ!

Бүгін Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасын жариялады. 11 бөлім, 95 бап. Бұл – кезекті реформа ғана емес. Конституция – мемлекеттің логикасын анықтайтын құжат. Ол - Мемлекеттік паспорты! Елдің ішкі және сыртқы саясаттың бағыт-бағдарын, билік пен халық арасындағы шекараны, азаматтардың құқық пен жауапкершілік өлшемін белгілейді. Сондықтан Конституцияға «жүрдім-бардым» қарауға әсте болмайды. Бұл – тағдыршешті мәселе. Бұл – қасиетті құжат!

Керек десеңіз, бұл – мемлекеттің егемендігі кімнің қолында болатынын айқындайтын құжат. Жасырары жоқ, көп жылдар бойы Конституцияда «мемлекеттік биліктің бастауы – халық» деп жазылып келді. Бірақ бұл қағида нақты егемендікке айнала алмады. Халық билікті сайлады, ал егемендік тізгіні сол биліктің өз қолында қалып келді. Соның салдарынан жер де, қазба байлық та, стратегиялық нысандар да халықтың емес, биліктің «еркіне» өтті. «Халық атынан» келген билік бірте-бірте егемендіктің өзіне айналды.

Егер енді Конституцияда «егемендік иесі – халық» деген ұғым нақты бекітілсе, бұл – тек сөз ауыстыру болмауы керек. Бұл – жерге, байлыққа, ұлттық мүддеге қатысты соңғы шешім халықтың құзырында болуы тиіс деген құқықтық шектеу!

Бұл – ішкі ғана емес, трансұлттық корпорациялар арқылы жүретін халықаралық коррупцияға да тосқауыл бола алатын норма. Яғни жаңа Конституция биліктің жойдасыз еркін кеңейту үшін емес, билікті шектеу, ал егемендікті халыққа қайтару үшін қызмет етеді дегеен сөз

Жаңа жобада «егемендік иесі – халық» деген ұғым айқындала түсуде, демекбұл қағаздағы сөз емес, шынайы жауапкершілікке айналуы керек. Билік халық атынан емес, халықтың өз құзырымен әрекет етуі тиіс!

Сол себепті әр азаматтың бұл жобаға пікір айтуы – құқық қана емес, азаматтық міндет! Қоғам бұл процессте сырт қалмауы керек. Қалғып-мүлгіп жатпауы керек. Өз ой-пікірлерін ашық әрі кез келген платформада конструктивті түрде білдіруі керек. Өйткені үнсіз қоғам жақсы Конституцияға қол жеткізе алмайды.

Билік те өз кезегінде әртүрлі алаңдарда айтылып жатқан әділ әрі жүйелі пікірлерді қабылдай білуі тиіс. Рас, түрлі көзқарас қайшылықтары болуы мүмкін. Біреуге адам жақпауы, біреуге оның сөзі жақпауы мүмкін. Бірақ, тұтас мемлекет болып жақсы Ата Заңға қол жеткізгіміз келсе, жекебастың мәселесін ысырып қойып, біртұтас ел болып тізе біріктіру маңызды.

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7610

https://abai.kz/post/211077
🤮17👍7❤3🤔1
💥АҚШ-та бірнеше қалада миграциялық қысымға қарсы наразылық акциялары өтті…

Атап айтқанда: Миннеаполисте, Нью-Йоркте, Сан-Францискодп, Лос-Анджелесте ICE-ке қарсы митингтер өтіп жатыр…
👍37👎8❤1
АҚШ пен БАӘ хуситтерді тоқтатуға келісті

АҚШ пен БАӘ Иран қолдайтын хуситтер Йемендегі соғысты күшейтіп, аймақ қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр деп есептейді. Осыған байланысты тараптар оларға қарсы бірлескен әрекетті жалғастырмақ.
👍32🤔6
🎾 Елена Рыбакина Australian Open чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді. Бұл — Рыбакинаның Уимблдон-2022-ден кейінгі екінші «Үлкен дулыға» жеңісі.

Жеңістен кейін Рыбакина әлемдік рейтингте 3-орынға көтеріледі, ал Соболенко Мельбурндегі финалда екінші жыл қатарынан жеңілді.
🤮16👍13❤5👻5👎2🏆1
АҚШ Иранға соққы жасай ма?

The New York Times газетінің мәліметінше, соңғы күндері АҚШ президенті Дональд Трампқа Иранға қарсы ықтимал әскери әрекеттердің бірнеше нұсқасы ұсынылған. Бұл жоспарлар Иранның ядролық және зымыран нысандарына залал келтіруді немесе елдің жоғарғы рухани көсемінің билігін әлсіретуді көздейді.

Ұсынылған нұсқалар:

▪️ Арнайы жасақтың құпия операциялары.

Өткен жылдың маусымындағы әуе соққыларынан зардап шекпеген ядролық бағдарлама бөліктерін жою үшін коммандостар жіберу.

▪️ Басшылыққа бағытталған соққылар.

Әскери және мемлекеттік нысандарға бірқатар соққы жасап, ел ішінде бейберекеттік туғызу және соның нәтижесінде Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменейдің биліктен шеттетілуіне ықпал жасау.

▪️ Израильмен бірлескен соққылар.

Израиль Иранның зымыран бағдарламасын қайтадан жоюды талап етіп отыр. Барлау деректеріне сәйкес, маусымдағы 12 күндік соғыстан кейін бұл бағдарлама едәуір қалпына келтірілген.

Қазіргі таңда Дональд Трамп бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Ол дипломатиялық жолды да жоққа шығармай отыр. Ал кейбір америкалық шенеуніктер әскери қысымды күшейту - Иранды келіссөздерге мәжбүрлеу үшін жасалып жатқан қадам екенін айтады…
🤔28👍8❤3😁2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💥Иран Еуропаның барлық елдерінің армиясын «террористік ұйымдар» деп жариялады…

Тегеран бұл қадамды ЕО мен АҚШ-тың Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусын (КСИР) террористік ұйымдар тізіміне енгізу туралы шешіміне жауап ретінде жасады.

Иран парламентінің депутаттары КСИР формасын киіп, наразылық белгісі ретінде «Америкаға өлім!» деп ұрандатты.
🤣44👍8❤4👎3🤡1
🇮🇷 Иран Тегеранның 2,5 миллион тұрғыны үшін бомбадан қорғану орындарын дайындап жатыр…

Тегеран тұрғындары үшін 300-ден астам жерасты нысаны, соның ішінде автотұрақтар мен метро станциялары паналау орны ретінде пайдаланылмақ. Бұл туралы Тегеран қаласының дағдарысты басқару ұйымының басшысы Насири мәлімдеді. Оның айтуынша, паналау орындарының жалпы сыйымдылығы шамамен 2,5 миллион адамды қамтиды.

Оның сөзінше, метроның 82 станциясы паналау орны ретінде белгіленген және олар қазірдің өзінде жабдықталған. Жақын уақытта бағыттаушы белгілер мен ақпараттық тақтайшалар орнатылады.

Тегеран мэрі Закани де әскери қақтығыс болуы мүмкін жағдайға байланысты паналау орындары дайындалып жатқанын айтты.

Арагчи Иранда режим ауысуы мүмкін деген пікірді «қиял» деп атады.

Иран армиясының өкілі: «Трамптың жедел әскери операция жүргізу жоспарлары іске аспайды», — деді.
😁18🤔15🌚6🤡3❤2👍1
Арагчи: Иран АҚШ-пен соғысқа дайын, бірақ келісімге үміттенеді…

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи CNN-ге берген сұхбатында АҚШ тарапынан соққы жасау қаупіне қарамастан, Тегеран Вашингтонмен ядролық бағдарлама бойынша келісімге келуге болатынына сенімді екенін айтты.

«Өкінішке қарай, біз АҚШ-ты келіссөздердегі серіктес ретінде сенімнен айырдық. Алайда аймақтағы достас елдер арқылы хабар алмасу сындарлы келіссөздерге жол ашып отыр», – деді ол.

«Тікелей немесе жанама келіссөздер – бұл диалог жүргізудің формасы ғана; ең бастысы – келіссөздердің мазмұны. Бізге сенім қажет. Мүмкін, толық сенім ешқашан болмас, бірақ ең аз дегенде белгілі бір деңгейдегі сенім болуы тиіс», - дейді ол.

Әскери қақтығыс ықтималдығына қатысты сұраққа жауап берген министр:
«Соғысты болдырмауға болады. Біз соғысқа толық дайынбыз, тіпті 12 күндік соғыс кезіндегіден де жақсы дайындалғанбыз. Бірақ дайын болу – соғысты қалау деген сөз емес, біз оның алдын алғымыз келеді», – деді.

Арагчи ядролық мәселеге де ерекше тоқталды:
«Мүмкін емес нәрселер туралы айтпайық және әділ әрі адал келісімге келу мүмкіндігін жіберіп алмайық. Мұндай келісім ядролық қарудың болмауына кепілдік беруі тиіс. Мен айтқанымдай, бұған қысқа мерзімде де қол жеткізуге болады», - дейді.

Ол Тегеран санкциялардың алынуын және уранды бейбіт мақсатта байыту құқығының болуын күтетінін айтты.

Сонымен қатар министр Иран өз мүдделерін қорғауға дайын екенін жасырмады:
«Егер қақтығыс басталса, бұл барлығы үшін апат болады. Біз кез келген сценарийге дайынбыз және қарулы күштеріміз өткен соғыспен салыстырғанда әлдеқайда жақсы жабдықталған деп сеніммен айта аламыз», - дейді.
🔥16🤔13🤡5😁4❤3
Ұлттық баспасөз ұлықталған күн!

Бүгін – Ұлттық басылым күні. 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласынан «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көріп, оқушы қауымға жол тартты. Оның бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрды. Қазақ зиялылары құрған газет ұлттық жаңғырудың қайнар көзі болды. «Қазақ» газетінің тұңғыш саны жарық көрген күн 2023 жылы «Ұлттық басылым күні» болып белгіленді.

Ұлт мүддесін қорғауда ұлттық-саяси мінберге айналған «Қазақ» газеті болашаққа деген ұлы мұрат жолында барша халықтың басын біріктірді. Ұлттық бірлік пен ынтымақтың ерен үлгісін көрсетіп, қазақ қоғамынның рухани кемелденуіне айрықша ықпал етті.

Әлемде болып жатқан жаңа трендтерге қарамастан, мерзімді басылымдардың жөні бөлек, маңызы ерекше. Сол себепті, ұлттық медианы дамыту, бәсекеге қабілетті бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыру, журналистердің мәртебесін арттыру – аса маңызды іс!

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды.

Президент мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендігімізді және тәуелсіздігімізді қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты.

Мемлекет басшысы отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға толайым табыс пен бақ-береке тіледі.

https://t.me/aqorda_resmi/30383
❤13👍9🤔4
Трамп: Біз Кубамен келіссөз жүргізіп жатырмыз!

— Куба — бұл үлкен дағдарысты бастан өткерген ұлт. Бұл дағдарыс ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатыр. Қазір Куба Венесуэла тарапынан қолдаудан айырылды. Сол себепті де біз кубалықтармен және Кубаның ең жоғарғы лауазымды тұлғаларымен сөйлесіп жатырмыз. Қандай шара қолдануға болатынын ақылдасудамыз. Мен Кубадан босып келгендердің жағдайын ойлаймын. Олар өз елдерінде қорлық көріп, бас сауғалап келгендер. Олар өз елдеріне сеніммен бара алатындай болуы керек. Мен Кубамен бір келісімге келе алатынымызға сенімдімін, - деді.
👍48❤3🤡3
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қазақстанда жаңа Ата заң жобасы халықтық талқыға ұсынылды. Конституция мемлекеттің құқықтық қаңқасы ғана емес, билікті шектеу мен азаматтардың құқығын қорғаудың басты құралы. Сондықтан кез келген өзгеріс қоғам үшін стратегиялық маңызға ие. Алайда ұсынылып отырған жобаға қатысты бірқатар елеулі сұрақтар мен алаңдаушылықтар туындап отыр.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/211125
❤16🤔11👎3👍1😱1🤮1
600-ден астам блогер кірісін заңдастырды...

Мемлекеттік кірістер департаментінің дерегінше, елімізде 600-ден астам блогер 18 млрд теңгенің кәсібін заңдастырған.

Салық органдары әлеуметтік желілерде жұмыс істеу барлық міндеттемелері бар кәдімгі кәсіпкерлік қызмет болып саналатынын атап өтеді.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы кабинеттік аудиттің қорытындысы бойынша 2022-2023 жылдардағы кірістері туралы 71,9 млрд теңгеге кем хабарлаған 854 блогер мен ықпал етушіге 1586 хабарлама жіберген.

Қазіргі уақытта 622 блогер жалпы сомасы 18,29 млрд теңгені құрайтын қосымша кірістерін жариялады, оған 875,5 млн теңге салық есептелді. Қалған хабарламалар әлі де салық төлеушілердің қарауын күтуде.
👍23😁2🤡1
Газада 90%-дан аса мектеп қираған

Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ қоры (ЮНИСЕФ) өкілі Джеймс Элдердің хабарлауынша, Газа секторындағы мектептердің 90%-дан астамы қираған немесе зақымданған

Элдер Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің апталық брифингіне видеобайланыс арқылы қатысып, осы мәліметтерді жария етті.

ЮНИСЕФ өкілі атап өткендей, Газа секторындағы мектептерге бағытталған шабуылдар екі жарым жылға жуық уақыт бойы бір буын балалардың болашағын қауіпке тікті.

— Газада мектеп жасындағы балалардың 60%-ы қазір дәстүрлі оқу процесіне қатыса алмайды. Мектептердің 90%-дан астамы зақымданған немесе қираған. 5 жасқа дейінгі 335 мыңнан астам бала ерте даму қызметтері жүйесінің бұзылуынан ауыр дамудағы тәуекелге ұшырап отыр, — деді Элдер.
😢24😱7🔥4👍2
Қазақстан халқының саны қанша?

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті. Бір жылдың ішінде Қазақстан халқы 212 576 адамға артқан.

Халық саны 2 миллионнан асты:

Түркістан облысында – 2 148 658 адам (бірақ бір жыл ішінде облыс халқы 5 383 адамға азайды) және Алматы қаласында – 2 347 924 адам (55 869 адамға өсті).

Қазақстанда 1 миллионнан астам адам тұратын өңірлер:

Астана – 1 638 233 адам (109 530 адамға артты);

Алматы облысы – 1 596 331 адам (36 207 адамға артты);

Жамбыл облысы – 1 215 373 адам (7 018 адамға азайды);

Шымкент – 1 293 648 адам (37 484 адамға артты);

Қарағанды облысы – 1 131 287 адам (2 646 адамға азайды).

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтарда қала халқы – 13 029 803 адам (256 688 адамға артты), ал ауыл халқы – 7 466 172 адам (44 112 адамға азайды) болды.
👏19❤10👍1
Қысқы Олимпиада: Жарыс кестесі...

Назарларыңызға Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы қысқы Олимпиададағы жарыс кестесін ұсынамыз...⬇