Трамп: Біз Кубамен келіссөз жүргізіп жатырмыз!
— Куба — бұл үлкен дағдарысты бастан өткерген ұлт. Бұл дағдарыс ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатыр. Қазір Куба Венесуэла тарапынан қолдаудан айырылды. Сол себепті де біз кубалықтармен және Кубаның ең жоғарғы лауазымды тұлғаларымен сөйлесіп жатырмыз. Қандай шара қолдануға болатынын ақылдасудамыз. Мен Кубадан босып келгендердің жағдайын ойлаймын. Олар өз елдерінде қорлық көріп, бас сауғалап келгендер. Олар өз елдеріне сеніммен бара алатындай болуы керек. Мен Кубамен бір келісімге келе алатынымызға сенімдімін, - деді.

👍48❤3🤡3
Forwarded from Mezgil.kz
‼Әзірбайжан саясаттанушысының айтуынша, Ресейдегі жалған либерализмнің һәм «жақсы орыстар» орбразының артына бүркенген империализмнің әшкере болған жері – Қарабақ соғысы.
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7619

mezgil.kz
Қарабақтан Украинаға дейін: «Ресей либералдарының» екіжүзділігі
Жуырда Әзірбайжандағы «Хазар» халықаралық университетінің профессоры, саясаттанушы, посткеңестік елдерге есімі таныс Рамиз Юнус мырза Ресейдің либерал-демократ адамдарының екіжүзділігі туралы сараптамасын жариялап, Қарабақ соғысынан Украина соғысына дейі
❤32🔥6👍1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қазақстанда жаңа Ата заң жобасы халықтық талқыға ұсынылды. Конституция мемлекеттің құқықтық қаңқасы ғана емес, билікті шектеу мен азаматтардың құқығын қорғаудың басты құралы. Сондықтан кез келген өзгеріс қоғам үшін стратегиялық маңызға ие. Алайда ұсынылып отырған жобаға қатысты бірқатар елеулі сұрақтар мен алаңдаушылықтар туындап отыр.
⬇Толық: https://abai.kz/post/211125
⬇Толық: https://abai.kz/post/211125
abai.kz
Жаңа Конституция жобасы: Билік және тіл мәселесі
❤16🤔11👎3👍1😱1🤮1
600-ден астам блогер кірісін заңдастырды...
Мемлекеттік кірістер департаментінің дерегінше, елімізде 600-ден астам блогер 18 млрд теңгенің кәсібін заңдастырған.
Салық органдары әлеуметтік желілерде жұмыс істеу барлық міндеттемелері бар кәдімгі кәсіпкерлік қызмет болып саналатынын атап өтеді.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы кабинеттік аудиттің қорытындысы бойынша 2022-2023 жылдардағы кірістері туралы 71,9 млрд теңгеге кем хабарлаған 854 блогер мен ықпал етушіге 1586 хабарлама жіберген.
Қазіргі уақытта 622 блогер жалпы сомасы 18,29 млрд теңгені құрайтын қосымша кірістерін жариялады, оған 875,5 млн теңге салық есептелді. Қалған хабарламалар әлі де салық төлеушілердің қарауын күтуде.

👍23😁2🤡1
Газада 90%-дан аса мектеп қираған
Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ қоры (ЮНИСЕФ) өкілі Джеймс Элдердің хабарлауынша, Газа секторындағы мектептердің 90%-дан астамы қираған немесе зақымданған
Элдер Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің апталық брифингіне видеобайланыс арқылы қатысып, осы мәліметтерді жария етті.
ЮНИСЕФ өкілі атап өткендей, Газа секторындағы мектептерге бағытталған шабуылдар екі жарым жылға жуық уақыт бойы бір буын балалардың болашағын қауіпке тікті.
— Газада мектеп жасындағы балалардың 60%-ы қазір дәстүрлі оқу процесіне қатыса алмайды. Мектептердің 90%-дан астамы зақымданған немесе қираған. 5 жасқа дейінгі 335 мыңнан астам бала ерте даму қызметтері жүйесінің бұзылуынан ауыр дамудағы тәуекелге ұшырап отыр, — деді Элдер.

😢24😱7🔥4👍2
Қазақстан халқының саны қанша?
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті. Бір жылдың ішінде Қазақстан халқы 212 576 адамға артқан.
Халық саны 2 миллионнан асты:
Түркістан облысында – 2 148 658 адам (бірақ бір жыл ішінде облыс халқы 5 383 адамға азайды) және Алматы қаласында – 2 347 924 адам (55 869 адамға өсті).
Қазақстанда 1 миллионнан астам адам тұратын өңірлер:
Астана – 1 638 233 адам (109 530 адамға артты);
Алматы облысы – 1 596 331 адам (36 207 адамға артты);
Жамбыл облысы – 1 215 373 адам (7 018 адамға азайды);
Шымкент – 1 293 648 адам (37 484 адамға артты);
Қарағанды облысы – 1 131 287 адам (2 646 адамға азайды).
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтарда қала халқы – 13 029 803 адам (256 688 адамға артты), ал ауыл халқы – 7 466 172 адам (44 112 адамға азайды) болды.

👏19❤10👍1
Қысқы Олимпиада: Жарыс кестесі...
Назарларыңызға Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы қысқы Олимпиададағы жарыс кестесін ұсынамыз...⬇