‼️НАТО-ның Бас хатшысы Рютте Украинада жүр…
Суретте Рютте Украинаның Чернигов облысындағы Ягодное ауылындағы жертөледе тұр.
Соғыстың алғашқы кезінде басқыншы әскер осы жертөледе 360 адамды (бір ауылдың халқын) 1 ай бойы қамап ұстаған. Тұтқын болған ауылдың ең егдесі 93-те болған. Басқыншы әскер ауыл тұрғындарын ас-ауқатсыз ұстаған. 10 адам осы жертөледе қаза тапқан.

😨40❤8😱3
💥Трамп та қызды-қыздымен сойып қалатын адам ғой…
Бүгін бүйдеп жазды: “Мен үш бірдей ядролық соғыстың алдын алдым. Үндістан мен Пәкістан арасындағы, Иран мен Израиль арасындағы және Ресей мен Украина арасындағы ядролық қақтығысты болдырмадым”, - деді.
Алғашқы екеуіне қатысты айтқанын қиып-қиып қисынға келтіруге болар. Ал Украинада 1996 жылдан бері Ядролық қару жоқ емес пе?! АҚШ пен Ресейдің өздері кепілдік беріп, Будапешт келісімі арқылы Украина өзіндегі ядролық қаруды Ресейге тапсырып бергенін 79-дағы Трамп ұмытып қалған-ау)

😁37🤡8🔥5❤2
Қазақстанда Конституция төңірегіндегі әңгіме қағаз жүзінде қалып қойған жоқ — ол нақты қоғамдық талқылауға шықты.
Қазақстанның Азаматтық альянсы «ҰСТАНЫМ» ұлттық пікірталас клубында «Конституция – Қазақстанның тарихи таңдауының айнасы» деген атаумен маңызды отырыс өткізді. Бұл — кезекті жиын емес, елдің ертеңіне тікелей әсер ететін реформаларға азаматтық қоғамның өз сөзін айтуы.
20 өңірден келген азаматтық альянстардың көшбасшылары, ҮЕҰ өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар бір алаңда бас қосты. Бір сұрақтың айналасында: Конституциялық өзгерістер қалай жүзеге асады, қоғам бұл үдеріске қалай ықпал етеді?
Талқылау ашық болды. Өткір болды. Ең бастысы — формализмсіз өтті. Азаматтық қоғам реформаларды сырттай бақылаушы емес, оның белсенді қатысушысы болуы керек деген ұстаным нақты айтылды. Мемлекеттік органдармен диалог, қоғамдық бақылау, ұсыныстардың ескерілуі — бәрі күн тәртібіне шықты.
Отырыс қорытындысында Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны ресми түрде қолдайтынын мәлімдеді. Бұл — саяси жүйені жаңғыртуға, билік пен қоғам арасындағы тепе-теңдікті қайта құруға жасалған саналы қадам ретінде бағаланды.
Қысқасы, Конституция жай ғана заң емес екені тағы бір дәлелденді. Ол — елдің тарихи таңдауы. Ал сол таңдауға қоғам үн қоса бастады. Міне, дәл осы — нағыз өзгерістің белгісі деп санасақ болады.
https://t.me/civilalliancekz/6200

🤔13👍4
САУАП
Нұрлан Сабуров дейтін әзілкеш жігіт бар. Ұлты - қазақ. Тілі - ресейлік. Ресейде нәпақа тауып жүрген жігіт. Үй-жайы, дүние-мүлкі сол Ресейде.
Ресейлік БАҚ бүгін ұлардай шулап: "Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды", - деп жазып жатыр. Нұрланның Ресейде 60 млн рубльға тең мал-мүлкі қалыпты.
Шешім «ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін», сондай-ақ заң талаптарын сақтауға және «дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғауға» байланысты қабылданған деген болжам бар.
БАҚ-тағы деректерге көз салсақ: Сабуров 6 ақпанда Мәскеуге Дубайдан ұшып жетсе, әуежайдан кіргізбей қойған көрінеді.
Ресейдің қазақтары бізге қаншалықты жақын? Біраз бұрын осы тақырыпта мақала жазған едік.
Ресейде аты танымал сайқымазақ Азамат Мұсағалиев деген бар. Ол Ресейде туып-өскен, солардың астамшылық идеологиясы санасына мықтап сіңіп, әбден зомбиланған адам. Ресейдің толық қанды азаматы. Оны қазақ екен деп босқа арамтер болу адасқандық. Ол қазақ тілінен мүлдем мақұрым.
Осы Мұсағалиев пен Нұрлан Сабуров бір жолы қазақ тілін «курлы-мурлы» деп, ашықтан-ашық мазақ еткені бар. Ресейдегі мол дүниені қимай Сабуров сандалып Ресейде күні бүгінге дейін жүрді...
Ендігі күйі мынау: Бұған бір ғана сөз - САУАП БОПТЫ дейміз...

💯51👍36❤7👎1😭1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қазақстандағы саяси пікірталастарда ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі — елге күшті Президент керек пе, әлде биліктің жауапты жүйесі керек пе?
⬇Толық: https://abai.kz/post/211424
⬇Толық: https://abai.kz/post/211424
abai.kz
Президент пен Вице-президент...
🤔19❤2
Forwarded from Mezgil.kz
‼2026 жылғы 5 ақпанда Ресей мен АҚШ арасындағы «Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы келісімнің» (СНВ-III) мерзімі аяқталады. Бұл құжат әлемдегі ең ірі екі ұлттық ядролық арсеналды реттеп келген әрі халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз еткен негізгі келісімдердің бірі болды. Енді Ресей мен АҚШ-ты ядролық қарулану жарысынан тежейтін ешқандай құқықтық шектеу жоқ.
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7653

mezgil.kz
Ядролық келісім аяқталды: Енді Ресей мен АҚШ-ты ештеңе тежемейді
2026 жылғы 5 ақпанда Ресей мен АҚШ арасындағы «Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы келісімнің» (СНВ-III) мерзімі аяқталады. Бұл құжат әлемдегі ең ірі екі ұлттық ядролық арсеналды реттеп келген әрі халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз еткен негізг
🤔16😁3❤2
ГЕНЕРАЛДЫҢ АҚЫРЫ...
Бұл суреттегі РФ Қорғаныс министрлігінің генерал-лейтенанты Владимир Алексеев деген адам.
Бүгін ол таңғы уақытта өз үйінен шығып, қызметтік көлігіне отыра бергенде белгісіз біреу әуелі пышақтап, артынан атып кеткен. Оқиға Мәскеуде, Волоколамскі күре жолының бойында орналасқан үйдің ауласында болған.
Қазір Алексеевтің жағдайы ауыр дейді.
Бұл Украинаның тумасы. Винница облысында туған. 2011 жылдан бері РФ ҚМ Барлау басқармасы бастығының орынбасары болып жүр.
Белгілісі - бұл Алексеев Ресейдегі барлық "еріктілер жасақтарына", оларды құруға және Украинаға қарсы соғысқа жіберуге жауапты адам.
2023 жылы Пригожин бүлігі кезінде Пригожинмен келіссөзге қатыстын да осы Алексеев.

👍49🤔4❤3👎1
🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Италия. Қысқы Олимпиада ресми түрде басталды. Қазақстан спортшылары керуендетіп өтті!
Ел намысын қорғайтын спортшылар жеңіс тұғырынан көрінсін!
Суреттер: Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов

👍39❤4