Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.28K videos
7 files
2.93K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
ТАҒЫ ДА ТҰЙЫҚҚА ТІРЕЛДІ

АҚШ араға түсіп, Украина мен Ресей өткізіп жатқан келіссөздер тұйыққа тірелді. Тараптар тұтқын алмасудан әрі аспады...
Талқыланған басты 2 тақырып – Донбасс пен Запорож АЭС-інің тағдыры. Бұл екі мәселе бойынша да келісім жоқ. Тараптар бір қадам да шегініс жасаған жоқ.

1)Донбасс жері:

Украина Донбассты күрессіз Ресейге бере салуға түбегейлі қарсы. Ал АҚШ-тың арнайы экономикалық аймақ құру идеясына ашық екенін, бұл мәселені жалпыхалық референдум арқылы шешетінін айтты.

Ал Ресей Донбассты толықтай бері, Украина әскерін толық шығару деген әуелгі талабынан бас тартпады.

2)Запорож АЭС-і:

Украина Запорож АЭС-ін Ресейге беруге қарсы. АЭС-ті АҚШ басқаруына беруді референдум арқылы шешуге дайын екенін айтты. АЭС-те өндірілген энергияның 50 пайызын Украина алуға, қалған 50 пайызын АҚШ өз бетінше сатуға құқылы деген шартқа көнуге дайын.

Ал Ресей Запорож АЭС-інен Украинаның толық шығуын талап етуде. АЭС бойынша Ресей 2 шарт ұсынуда. Бірі – АЭС-ті толық алып, Украинаға нарықтан арзан бағада электрэнергиясын сатуға дайын. Екіншісі – АЭС-ті АҚШ-пен 50/50 бөлісуге дайын. Бұған Украина үзілді-кесілді дайын.

Қосымша: Абу-Дабидегі келіссөздерде тіпті Украина мен Ресей президенттерінің кездесуін ұйымдастыру бойынша да ортақ келшісім жасалған жоқ. Зеленский Путинді бейтарап алаңда күтетінін айтса, Путин Зеленскийді Мәскеуге шақыруда.
🤔27😁8❤3
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ БІТІМ БҰЗЫЛДЫ

Ресей Украина аумағына жаппай зымыран, дронмен соққыларын жасады. Бірнеше өңірдегі ондаған елдімекен соққы астында қалған.

Негізігі нысандар: энергия көздері, жылу қазандықтары мен қоймалар.

Салдары: Украинаның көптеген аймағында жылу шектеліп берілуде, ал жарық сөндірілген.
🤬43😡10❤1👍1
УКРАИНАНЫҢ ЖАУАБЫ

Украина түнде Ресейдің Твер облысындағы химиялық зауытқа соққы жасады. Соққылар дрон арқылы жасалған. Зауыт отқа оранған.

Бүгін таңда Белгородтағы жылу орталықтарыда на дрондар арқылы соққы жасалып, жылу өшкен.
👍62🔥10❤2
Usbanov ARNASY
Резаидің Трампқа жауабы: Иран Парламентінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Мохсен Резаи: - Трамп өтірікші. Иран режимі ешқашан өзінің "қызыл сызығынан" кері шегінген емес. Енді Америка режимі өзінің Иранға қарсы қос дүлей сценариі - әскери және экономикалық…
АҚШ ПЕН ИРАН: БІТІМНІҢ АУЫЛЫ АЛЫСТА

Иранның СІМ бастығы Аббас Аракчи:

- Иран өзінің ядролық бағдарламасын басқалармен бөлісуден бас тартады немесе уран өндірісін ешкіммен бөліспейді. Егер АҚШ бізге шабуыл жасаса, біз АҚШ-тың Парсы бұғазындағы әскери базаларына соққы жасаймыз, - деді.
🤣37🔥19🤯4👏1
⚡️Зеленскийдің айтқандары⤵️
👍30❤2
Зеленскийдің айтуынша, Абу-Дабиде Украина-Ресей делегациялары келесідей мәселелерге жеке-жеке тоқталған:

◾️ АҚШ енді Украина мен Ресейдің келіссөзшілеріне бір аптадан кейін Маямиде кездесуді ұсынды. Украина өз қатысуын растады. Ресей әлі ақылдасуда;

◾️ Уашингтон кезекті рет қос тарапқа энергетикалық инфрақұрылымға соққы жасамауды ұсынды. Украина бұған да келісті, ресейлік делегация ақылдасып барып жауап беруге уәде етті;

◾️ АҚШ қос тарапқа соғысты жазға дейін аяқтауды ұсынуда. Межелі уақыт - маусым айы. Осыған дейін соғысты тоқтатудың барлық алғышарттарын іске асырып болуды ойластыруда. Тіпті, маусымға дейінгі кездесулер мен келісетін мәселелердің кестесін де түзуде;

◾️ АҚШ Донбасста еркін экономикалық аймақ құру идеясын ұсынды. Украина бұған: “Біз еркін экономикалық аймақ құруға келсек те, бізге әділ әрі сенімді кепілдіктер қажет болады”, - дейді;

◾️ АҚШ болашақта атысты тоқтатуды және бітімнің бұзылмауын мониторингтеуге қатысатынын растады. Еуропаның нақты мониторингке қатысуына қатысты ортақ мәміле жоқ;

◾️ Беларусьтің жауапкершілігі туралы мәміле былай: Алдағы уақытта Беларусь аумағынан “Орешник” зымыраны бір рет қолданылса да, Беларусь соғыстың толыққанды қатысушысы деп есептелетін болады және Халықаралық жауапкершілікті Ресеймен тең арқалайтын болады.
👍64❤6🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Дубайда Swat Challenge жарысы басталды!

Оған әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда қатысып жатыр. Арнайы жасақтар арасындағы элиталық турнирде Қазақстанның намысын бес бірдей команда қорғауда және Қазақстанның қос бірдей командасы көш бастап тұр!

Айта кету керек: Қазақстан командалары турнир фавориттері саналады. Оған себеп те бар:

2024 жылы Мемлекеттік Күзет Қызметінің «Сардар» жасағы үздік үштіктен көрінген.

2025 жылы Ішкі Істер министрлігінің «Сұңқар» командасы екінші орын алған еді.
👏44👍17❤8
💥Bloomberg: Ресей білікті мамандардың жетіспеушілігіне байланысты Үндістан мен Шри-Ланкадан жұмысшыларды тартуда…

Басылымның мәліметінше, Кремль қазір Үндістаннан, Бангладештен, Шри-Ланкадан және Қытайдан жұмысшыларды тартуда.

Ресей билігінің бағалауы бойынша, алдағы онжылдықтың соңына дейін қосымша 11 миллион жұмысшы қажет болады. Бұл мәселе Путиннің желтоқсандағы Нью-Делиге сапары кезінде талқыланды, сол кезде еңбек миграциясы рәсімдерін жеңілдету туралы келісімге қол қойылды.

Шетелдіктерге берілген рұқсаттардың жалпы саны 2025 жылы 240 000-нан асқан, бұл 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұл өсімнің көп бөлігі Үндістанға, Бангладешке, Шри-Ланкаға және Қытайға тиесілі.

Bloomberg Ресейдің онжылдықтардағы ең ауыр еңбек нарығындағы дағдарыстардың бірін бастан кешіріп жатқанын айтады.

Үндістаннан Ресейге еңбек миграциясы 22 есеге өссе, Орталық Азиядан Ресейге еңбек мигранттарының саны айтарлықтай азайған.
👍31🔥11❤4😁4
💥Израиль АҚШ-қа Иранға қарсы біржақты шабуылдарға дайын екендігі туралы ескертті!

Израиль Қорғаныс министрлігі АҚШ-қа қажет болған жағдайда Иранға қарсы біржақты әрекет етуге дайын екенін ескертті, деп хабарлады The Jerusalem Post.

Басылымның мәліметінше, Израиль Қорғаныс министрлігі америкалық әріптестеріне Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасы туралы айтып, оны “өмірлік қауіп төндіретін қару” деп ескерткен.

Израиль Иранның зымыран мүмкіндіктері мен өндірістік нысандарын жою ниеті барын айтып, Тегеранның зымыран бағдарламасын әлсіретуге арналған операциялық тұжырымдамаларды, соның ішінде негізгі өндірістік нысандарға шабуыл жасау жоспарын таныстырған.
👍37🖕10❤2
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Ақорда
👍34👎17❤2
Лавров не деп жылайды?

Ресейдің СІМ бастығы Сергей Лавров бүйдейді:

- Біз Анкорижде АҚШ-пен келістік қой. Олардың шарттарын қабылдадық. Егер жігітшелікке салсақ, сол бойынша жүрсек, қазіргі мәселенің барлығы шешілер еді ғой, - дейді...
😁47💩6🤔1
Жапония: Такаичи тағы жеңді...

Жапонияда өткен кезектен тыс сайлау нәтижесі бойынша, премьер-министр Санаэ Такаичи басқаратын Либерал-демократиялық партия жеңіске жетті.

Консервативтік коалиция парламенттің төменгі палатасындағы орындардың үштен екісінен астамын иеленіп, шешуші дауысты өзі қабылдай алатын мүмкіндікке ие болды.

1955 жылы құрылған ЛДП тарихында бұрын-соңды мұндай жоғары көрсеткіш болмаған.

Бақылаушылар биліктегі консервативтік партияның мұндай жеңісін көбіне Такаичидің жеке басының танымалдығымен байланыстырады. Бұған дейін парламентте 167 мандатқа ие болып келген негізгі оппозициялық күш – центристік реформаторлық альянс сайлауда ойсырай жеңілді: дауыс беру қорытындысына сәйкес, небәрі 49 орын алған.

Дереккөзі: Азаттық радиосы
❤23👍18
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Сара Назарбаева Президент іс басқармасы жанындағы Ұлттық госпиталден ем-домын толық аяқтап шықты. Бұрын «Совминка» деп аталған бұл медициналық мекеме оның ауруханадан үйіне ауыстырылғанын хабарлады, бірақ денсаулығы, диагнозы және емдеу әдістері туралы мәліметтер дәрігерлік құпия болып қала береді.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211517
🤔20👍4👎1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Еліміздің Оңтүстік облыстарында, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Семей өңірлерінде бұл мәселе аса өткір емес дер едім. Яғни, бұл өңірлерде мүмкін болатын демографиялық дүмпу, болашақтағы қазақ тілінің қалқаны мен найзасы болып қала беретіні анық.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211507
❤22👍13
Forwarded from Mezgil.kz
‼Осы хат арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясының жобасын қоғамдық және құқықтық тұрғыдан талдау нәтижесінде әзірленген ұсыныстар пакетін назарларыңызға ұсынамыз.

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7662
🤔12👍3
Forwarded from Mezgil.kz
‼Ресейдің статистикалық агенттігі халық саны туралы ақырғы мәліметтерді жариялады. Болжам бойынша келер жылы Ресейдегі халықтың жалпы саны шамамен 146 млн адамды құрайды деп күтілуде.

🔹РЕСЕЙДІҢ ХАЛҚЫ: ӨСУ МЕН КӨШУДІҢ ҚАЙСЫ ШЫН?
🔹РЕСЕЙ ӘЙЕЛДЕРІНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ ЕРКЕКТЕР ҰНАЙДЫ
🔹КҮШТЕП ОРЫСТАНДЫРУ – РЕСЕЙДІҢ ӨЗІНЕ СОҚҚЫ БОП ТИДІ
🔹РЕСЕЙ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРДЫМҒА ТҮСТІ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7661
👍32❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина майданы: Украиналық F-16 мен ресейлік Shahed-тің аспандағы айқасы...
👍93🔥1