Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼АҚШ вице-президенті Джон Ди Вэнс дүйсенбі күні Арменияға келді, сейсенбіде Әзірбайжанға барады. Вэнстың бұл жолғы сапары екі Оңтүстік Кавказ елінің АҚШ ара ағайындығымен жасалған бейбітшілік келісімін нығайтуға бағытталған.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211581
👍31🤔3❤1
Ресей элитасы Путиннен түңіле бастады

2022 жылға дейін ресейлік элита Путинді рационалды басшы деп санап, оны «босс - бастық» деп атады. Бірақ «арнаулы әскери операциядан» кейін бұл көзқарас күрт өзгерді – ол енді шындықтан адасқан, қартайған автократ ретінде қабылданды.

Ресей элитасының ішінде Путинге (73 жаста) деген қарсылық күшейіп келеді. Ресей элитасы мен ірі бизнесі оған деген құрметін жоғалтып, оны «Дед - Ата» деген лақап атпен атай бастады.

Ресейлік экономист Александра Прокопенко бұл туралы неміс Frankfurter Allgemeine Zeitung газетіне берген сұхбатында Ресейдің азаматтық қоғам өкілдері мен басқарушы элитасымен болған әңгімелерге сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

Прокопенконың айтуынша, ресейлік элитаның Путинге деген көзқарасы 2022 жылдың ақпанына дейін басқаша болған. Оның тарихқа ерекше ден қойып, экономикалық күн тәртібінен алшақтап бара жатқанына қарамастан, соған дейін «босс» деп аталып, құрметке ие болды.

Украинаға басып кіру туралы бұйрықтан кейін жағдай өзгерді. Ресейлік элита Путиннің толық ауқымды соғысқа баратынына мүлде сенбеді, оны тәуекелдерді таразылай алатын ақылды адам деп санады.

Оның бәрі болмаған жерде құрмет – көңілсіздік пен келекеге жол берді. Прокопенко атап өткендей, жеке әңгімелерде Путин «Дед» деген лақап атқа ие болды. Онымен сұқбаттасқан бір элита өкілі ресей президентін: « “Дед” ойыншық сарбаздарды жақсы көреді» деп сипаттаған.

Ресейлік экономисттің айтуынша, бұл сөз тіркесі Путиннің соғыс құмар, бірақ шешімдерінің салдарынан алшақ адам екенін дәл жеткізеді. Бұл лақап ат тек ресейлік президенттің жасын ғана емес (Путин 73 жаста), сонымен қатар оның өз шындығында өмір сүретінін, онда соғыс ел үшін апат емес, абстрактілі ойын ретінде қабылданатынын көрсетеді.

Прокопенко сонымен қатар ресейлік элитаның Путинді нақты жағдайдан барған сайын оқшауланған деп санайтынын атап өтеді. Оның айтуынша, экономикалық және әскери ақпарат ресей президентіне бұрмалып, әшекейленген түрде жетеді. Ресейлік басқару жүйесі шындықты айтатындарды емес, жағымды жаңалықтарды ғана жеткізетіндерді марапаттайды.
👍39💯16❤3🤔1🤨1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Куба аспанында дағдарыс басталды. Ұшақтарға арналған керосин таусылды. Ұшақтар тұралап, туристер тұсауланып қалды. Бұл — техникалық ақау емес немесе маусымдық қиындық емес. Бұл — геосаясаттың тоқпағының нақты нәтижесі.

🔻КУБА: ӘЛЕМ ҰШАҚТАРЫНА ЕСІГІН ЖАБА МА?
🔻АҚШ ҮШІН КУБА – ЗИЯНДЫ ЕЛ. БАСТЫ СЕБЕП – РЕСЕЙ!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7670
🔥15🤔13👍5❤1
Индонезия Газаға әскерін орналастырмақ!

"Индонезия алдағы апталарда Газа секторына бірнеше мың әскерін орналастыруды жоспарлап отыр", - деп хабарлайды The Times of Israel.
❤29👍19😁3🤔3
Сауд Арабиясы Алеппоға 2 млрд доллар салмақ!

Сауд Арабиясы Алеппода 2 әуежай салу үшін 2 млрд доллар инвестиция салмақ. Бұл Сирияна қайта қалпына келтіру жобасы аясында іске асырылмақ.
👍63❤1🤔1
Конституция: Түпкілікті шешімді халық қабылдайды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір қоғамда жобасы талқыланып жатқан жаңа Конституцияға қатысты түпкілікті шешімді халық қабылдайтынын айтты.

"Жаңа Жаңа Конституция Қазақстанды тың қарқынмен өркендетуге, әр азаматтың әлеуетін арттыруға жол ашады деп сенемін. Қалай десек те, Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады", – деп мәлімдеді Тоқаев сейсенбі күні Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент конституциялық реформаға байланысты азаматтармен байланыс желілері тиімді жұмыс істеді деп есептейді.

"Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл – ауқымы жағынан да, кәсіби деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та, еліміз үшін теңдесі жоқ комиссия. Осы жолы комиссия құрамында шетел мамандары жоқ", – деді Тоқаев.
🤔14👍13🤡7❤3👻2👎1
Қауіпсіздік — ұран емес, өлшенетін нәтиже. 2025 жылғы World Justice Project дерегіне қарасақ, Қазақстан Тәртіп пен қауіпсіздік факторы бойынша 143 елдің арасынан 42-орынға шыққан екен.

Бұл рейтинг — полиция статистикасы немесе, әдемілеп жазылған құр есеп емес. Бұл — адамдардың көшеде өзін қаншалықты қауіпсіз сезінетіні туралы нақты баға!

Азаматтар көшеде қауіпсіз сезіне ме? Заң жұмыс істей ме Қоғамда тәртіп бар ма?

Осы сұрақтарға берілген халықаралық жауап — 42-орын! Ең бастысы — қауіпсіздік бар жерде даму бар!

https://worldjusticeproject.org/rule-of-law-index/global/2025/Kazakhstan/Order%20and%20Security/
👍22
Қамшыбек Ташиев барлық қызметтерінен босатылды дейді ақпарат көздері.

Ташиев Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылыпты.
🤔39👍8
ЕКІ ДОС ЕНДІ ДОС ЕМЕС ПЕ?

Қырғыз басшысы Садыр Жапаровтың ең сенімді серігі - Қамшыбек Ташиев еді. Сооронбай Жээнбековті биліктен кетірген қырғыз төңкерісінен кейін, дәл осы Ташиевтің көмегі түрмедегі Жапаровқа көп тиген. Ташиевтің арқасында Жапаров түрмеден шығып, Қырғыз Президенті болды. Осыдан соң, Қамшыбектің де қолындағы құзыреті ұлғайып, биліктің бірнеше тармағана бақылау жасай бастаған.

Күні бүгінге дейін Ташиев Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы һәм Қырғызстанның вице-премьері еді. Ықпалы тіпті, Жапаровтың өзінен асып түсті. Таластан Нарынға, Ош-Баткеннен Ыстық көлге дейін жұрт Жапаровтан емес, Қамшының қаһарынан қаймығатын.

Бүгін Жапаров сол Ташиевті барлық қызметінен босатыпты. Орнына Жұмғалбек Шабданбеков деген генералды тағайындап үлгеріпті.

Ең қызығы - кеше бір топ азамат Қырғызстанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы ашық ұсыныс жасаған. Содан бері жұрт "Қамшыбек сайлауға түсе ме?" дегенді ызу-қызу талқылап жатқан.

Бүгінгі ауыс-түйіске нақты осы жай себеп болды ма, басқасы ма, белгісіз. Бірақ, шексіз билік соңғы жылдары Қамшы мен Садырдың арасына сызат түсіре бастағаны өтірік емес.
Жапаров-Ташиев тандемі билікке келген тұста, Қырғыздың сақа саясаткері Өмірбек Текебаев: "Доссекретардан құтыла алмайсыз, Жапаров мырза!", - деп мәлімдеме жасаған еді. Бұл 2020 жыл болатын.

Қырғызстанда президент пен ГКНБ-ның басшысы арасында астыртын "күрес" жүріп жатқаны осыған дейін де жазылған.
Былтыр "Intelligence Online" басылымы: "Путин өзінің әріптесі Садыр Жапаровтан гөрі, Қамшыбек Ташиевпен жұмыс жасағанды қолай көреді. Қырғыз ҰҚҚ бастығы қазірдің өзінде (де-факто) Президенттің көлеңкесінде жүріп, бірқатар стратегиялық шешімдерді бақылауда ұстап отыр. Ташиев 2027 жылғы президенттік сайлауды назардан тыс қалдырмай, билік тетіктеріне өз бақылауын күшейтуде", - деп жазған.

Ол кезде Жапаров та, Ташиев те бұл әңгімені терістеп, мәлімдемелер жасаған.

Ал кешегі кезектен тыс сайлау туралы ұсыныстан кейін Қырғыз депутаттары да: "Ташиевтің сайлауға түсу құқы бар", - деп сөйлеп жатты...

Не де болса, Қамшыбекті барлық қызметінен бір күнде алу - бекерден-бекер емес...
🤔22❤13👍5💯3🔥1
💥Қырғыз Президентінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады⤵️
❤4👍2
Президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов:

«Президент Садыр Нұрғожоұлы «...бұл шешімді мемлекетіміздің мүддесі үшін, қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік органдар арасындағы бөлінудің алдын алу мақсатында, керісінше, бірлікті нығайту мақсатында қабылдады» дегенде, Камчыбек Қыдыршаұлының атын атап айтпаған.

Ол Бекболот Талғарбеков, Эмильбек Ұзақбаев және басқа да тұлғаларды айтып отыр, олар Камчыбек Ташиевтің атын пайдаланып, парламент депутаттарынан бастап қоғам қайраткерлері мен зиялы қауымға дейін кең ауқымды адамдарды шақырып, оларды «Генералдың жағына шығыңыз, мынаған қол қойыңыз, мынаған шыдайық, анаған шыдайық» және тағы басқа әрекеттер жасауға итермелеген. Осылайша, олар теріс жағдайдың туындауына, соның ішінде Парламент сияқты мемлекеттік органдарда жауапты лауазымдарды атқаратын адамдардың арасында жағдай жасады.

Менің журналистерге берген түсініктемемнің бұрмаланғанын немесе дұрыс түсінілмегенін ескере отырып, мен нақтылау жасау қажет деп санаймын», - деді.
🤔13❤3
💥Қамшыбек Ташиев бірнеше күн бұрын Қырғызстаннан Германияға емделуге кеткен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жүрегінің ауырсынуына шағымданған. Өзінің отставкасы туралы Германияда жатып естіген!
❤14🤔12
💥Жоғарғы Кеңесінің спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы Түркияға жұмыс сапарынан оралғаннан кейін қызметінен босатылуы мүмкін.

Әзірге ресми ақпарат жоқ.
😁14🤔6❤1
‼️Қырғызстаннан жеткен эксклюзив ақпарат: Ош қаласының басшысы Жеңісбек Тоқтарбаев қызметінен алынады.

Ол Қамшыбек Ташиевтің командаласы саналады. Екеуінің туған жері де бір - Жалал-Абад облысы.
👍22🤔15
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Белгілі қаламгер, бүгінгі қазақ көркемсөзінің көрнекті өкілдерінің бірі Дәурен Қуаттың жақында жарық көрген «Пермедегі Пигмалион» әңгімесі ұлттық әдебиетіміздің қан тамыры қазіргі заман тынысымен қатар соғып, қоғам өмірінің көпшілікке мәлім сыртқы құбылыстарымен қатар, әркімге көріне бермейтін қалтарыс-бұлтарыстарына дейін қалт жібермей қадағалап отырғанын, қырағы күзетшідей қорғаумен бірге, шығарманы қалың оқырманға ұсыну арқылы кейбір көлеңекелі, қатерлі тұстардан сақтандыруды, өмір талабына қарай өзгеше шешім қабылдауға бағдар беріп келе жатқанын аңғартады.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211634
👏20
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Орыс суретшісі Федор Решетниковтың «Тағы да екілік алдың ба?» атты атақты картинасы бар. Мектептен келген баланың әбден ұнжырғасы түскен, оған үйде жұмыс жасап отырған анасы үйреншікті ренішпен, пионер галстугін таққан апасы жақтырмай, кішкентай інісі әлі де не боп жатқанын түсінбей, қарайды, тек балаға адал, оның мектепте алған бағаларымен еш шатағы жоқ ит қана қуана қарсы алып жатыр.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211651
👍22😁5
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазіргі әлемдік саясатта ядролық қару факторы қайтадан алдыңғы қатарға шықты. Қауіпсіздік архитектурасы әлсіреп, геосаяси сенім азайған тұста ядролық державалар арасындағы бәсеке күшейіп, ал ядролық қаруы жоқ елдер үшін бұл құралға ие болу стратегиялық арманға айнала бастады.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7674
👍15🤔4👏2
Ресейден қуылған Сабыров Қазақстанда сотталуы мүмкін...

Атышулы әзілкеш Нұрлан Сабыров тағы да дау ортасында. Күні кеше Мәскеуге кіре алмай, елге қайтып келген комик ресейлік баскесерлерге қолдау білдіргені үшін ұзақ жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Танымал заңгер Бауыржан Оңғаровтың мәлім еткеніндей, Сабыровқа қатысты Қылмыстық кодекстің «жалдамалы жендеттік» туралы 170-бап 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Бұл бап бойынша айыпталушыға 7 жылдан 12 жылға дейінгі аралықта жаза тағайындалады. Заңгердің айтуынша, ресейлік «Уағнер» жеке әскери жасағына қаржылай және материалды қолдау көрсеткен Сабыровтың әрекеті әлгі баптың талабына толық сәйкес келеді әрі қылмысы толық дәлелденген.

Жақында әлемжеліде Сабыровтың Украин жерінде небір зұлымдық жасаған «Уағнер Истра» жасақтарына 10 мотоцикл сыйлаған сәті тарап кеткен еді. Бұдан бөлек комик соғысқа арналған қорға 2 млн рүбл аударған. Тіпті әлгілерге «жеңіспен оралуды» тілеген сәті де анық көрінеді.
👍59😁5❤3
Шетелдік блогерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды...

Қазақстандық қыздарды бәдік сөзбен қорлаған шетелдік блогерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

«Оларға (қазақ әйелдері мен қыздарын қорлаған блогерлер) ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен бірге, біздің полиция, атап айтқанда Ішкі істер министрлігі 174-бап – ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша тергеу жүргізіп жатыр», - деді Қойгелдиев.
👍84😁3
Forwarded from Mezgil.kz
‼Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Аөорданың баспасөз қызметі хабарлады.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7678
🤔15👎8