Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.28K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Қош бол, қос палаталы Парламент!

Жаңа Конституция жобасы бойынша – Парламенттің (Сенат пмен Мәжіліс) өкілеттігі 1 шілдеде аяқталуы тиіс.

Ол үшін әуелі Жаңа Конституция референдумда қолдау табуы тиіс. Ал Мемлекет басшысы кеше жалпыхалықтық референдумды 2026 жылдың 15 наурызы күнге белгілеп, Жарлық шығарған болатын.

Жаңа Конституцияның «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын XI бөлімінің 95 бабында қазіргі Парламенттің өкілеттігін тоқтату туралы жазылған.

Онда Конституция күшіне енген күннен бастап 1 ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс екені және ол 2 ай ішінде өткізілетіні жазылған.
👎18👍8🤣8👀4❤1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼«Асыңды ішіп, текеметіңді тіліп» дегеннің не екендігін осы жолы ұққандай болдық. Неге 9 бапты ту еткен, сол туралы ел арасында беделге ие болған кейбіреулер басын құмға тыққан түйеқұстай болды десек өтірік емес.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211698
👍35💯11❤1
Forwarded from Mezgil.kz
‼«Соғыс биыл аяқталады. Мен соған шын сенемін». Бұл Украинаның Қазақстандағы Елшісі Виктор Майконың сұхбатта айтқан бір ауыз сөзі.

▪КИЕВ АСТАНАҒА ҚАНДАЙ ҮМІТ АРТАДЫ?
▪УКРАИНА ЕЛШІСІ: ҚАЗАҚСТАН – ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨШБАСШЫ!
▪КИЕВ «ОРТА ДӘЛІЗГЕ» БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ...
▪УКРАИНА ҚАЗАҚСТАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН НЫСАНАҒА АЛМАЙДЫ!
▪УКРАИНА ӨЗ АУМАҒЫНАН БАС ТАРТПАЙДЫ!

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7682
👍24🙏12
Талғардың әкімі отставкаға кетті...

Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

- Мен атқарған қызметімді денсаулығыма байланысты аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім мен үшін оңай болған жоқ. денсаулығыма байланысты белгілі бір уақыт еңбек демалысында болдым. осы жағдай қызметтік міндеттерімді толық әрі сапалы атқаруға кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды жөн санадым. Дегенмен денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі, сондықтан осындай қадамға баруға тура келді, – дейді әкім.
👍33🤔7😢1
АҚШ-тың Украинаға әскери көмегі қысқарды...

АҚШ-тың Украинаға әскери көмегі 2025 жылы 99%-ға қысқарды, — Ukraine Support Tracker.

Алдыңғы жылдары АҚШ Украинаға жыл сайын орта есеппен €17,3 млрд әскери көмек және €13,3 млрд қаржылық әрі гуманитарлық қолдау көрсетіп келген. 2025 жылы небәрі €0,4 млрд көлеміндегі бір ғана әскери пакет тіркелді және жаңа қаржылық немесе гуманитарлық міндеттемелер мүлде болған жоқ.

Дегенмен жақсы жаңалық та бар: ЕО тарапынан көмек 67%-ға өсті, бұл әсерді теңестірді — нәтижесінде жалпы көмек көлемі шамамен алдыңғы жылдар деңгейінде сақталды.
👍47🤔10👎1
«Соғысты қолдау»: Сабыров енді қайтпек?

Әлгінде, Ресей есігінен аттаттырмай, 50 жылға құлпы салып, қуып шыққан Нұрлан Сабыровтың (Сабуров) басы тағы дауға қалғалы тұр...

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, Қазақстанның құзырлы органдары «Ресейдің соғыс қимылдарына қолдау көрсетті» деп айыпталған Сабыровқа қатысты тексеріс жүргізу мәселесін қарастыруда.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің «жалдамалылық» бабы бойынша күдікке ілініп отыр.

Гәп мынау – 2025 жылы жазда осы Сабыров «Вагнер Истра Легионы» жауынгерлеріне көмек ретінде 10 питбайк (мотоцикл) жібергені туралы ақпарат шыққан. Сабыровтың көсіліп сөйлеп тұрған видеосы да желіге тарап үлгерген. Жұрт әуелде оны ЖИ-видео деп ұққанымен, кейін ақпараттың шын екені айтылды.
👍32🤔5❤1
Желіде: «Сабыров Ресей қысымымен солай жасауға мәжбүр болды», «Бірлі-жарым мото сыйлап, алдаусыратып жан бақты», - деп ақтап жатқандар да бар. Бірақ, бұл жауапкершіліктен құтқармайды. Өзге елдегі соғысты қолдау – қылмыс!

ҚР Қылмыстық Кодексінің 170 бабы – «Жалдамалылық» деп аталады. Осы баптың 1 тармағында «Жалдамалыны қаржыландыру» және «оны қарулы қақтығыста, соғыс қимылдарында пайдалану» туралы жазылса, 3 тармағында «Жалдамалының қарулы қақтығысқа, соғыс қимылдарына немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне қатысуы» туралы жазылған.

Бұл бойынша – «мүлкін тәркілеу» және 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру» жазасы көзделген.
👍43👏8💯5
Путиннің баспасөз хатшысы Песков бүйдейді:

📍Ресей Украинамен келіссөздердің келесі кезеңі жақын арада өтеді деп сенеді.

📍Әзірге Макрон да, Мерц те Путинмен тікелей сөйлесуге әрекет еткен жоқ.

📍Ресей Кубамен үнемі байланыста. Қазір жағармай дағдарысын шешу үшін көмек көрсету жолдарын ақылдасып жатыр.

📍Путин Зеленскиймен тек Мәскеуде жолығады. Келем десе, біз дайын...
🖕32🤔14🤣13👍1😱1
Bild: "Жасылдар" коалициясы экс-канцлер Ангела Меркелді Германия президенттігіне ұсынбақ!
👎30👍17🤔13🤮3
ҚР ОСК:

Қазақстанда референдумда ұзын-саны 10 413 сайлау учаскесі ашылады.

Олардың:

9 779 учаскесі – азаматтардың тұрғылықты тіркеу орны бойынша;
634 учаскесі – уақытша тұрғылықты орын бойынша;
Соның 82 учаскесі шетелде (64 мемлектте) ашылады.

2026 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімсет бойынша, ОСК-ның электронды реестрінде тіркелген 12 416 759 адамның дауыс беру құқы бар.
👎29🤡9👍6
​​Пезешкиан:

- Менің Президент ретінде алатын айлығым дәрігер ретінде алатын айлығымнан да аз! Қазір менің айлығым шамамен 1000 доллар. Мен бұрын дәрігер болып жүргенде 6000 доллардай айлық алатынмын. Дәрігерлер жақсы жалақы алуы және халыққа сапалы қызмет көрсетуі тиіс, - деді.
👍55😁23🤣4
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼12 ақпанда Мәскеу уақыты бойынша 11:52-де Байқоңыр ғарыш айлағы аумағында «Роскосмос» метеорологиялық спутникпен бірге «Протон-М» зымыранының ұшырылуын сәтті жүзеге асырды.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211779
👎44
Forwarded from Mezgil.kz
‼АҚШ вице-президенті Вэнстің Арменияға келіп, артынша Әзірбайжанға бет алуы –Оңтүстік Кавказдағы геосаяси тепе-теңдіктің өзгеріп жатқанын ашық көрсеткен қадам.

🔹МӘСКЕУДІҢ АЙМАҚТАҒЫ ЫҚПАЛЫНЫҢ ӘЛСІРЕУІ...
🔹ЯДРОЛЫҚ САЛА – «РОСАТОМҒА» ЖАСАЛҒАН АУЫР СОҚҚЫ
🔹TRIPP – ШЫҒЫС-БАТЫС САУДА АРТЕРИЯСЫ
🔹МӘСКЕУДІҢ РЕАКЦИЯСЫ

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7688
👍34
Forwarded from Mezgil.kz
‼Соңғы екі-үш ішінде Қырғыз саясаты күрделі өзгерістерді бастан кешіруде. Президент Садыр Жапаров ҚР ҰҚК басшысы һәм вице-премьер-министр Қамшыбек Ташиевті қызметінен алып, оның орынбасарларын бірінен-соң бірін жұмыстан босатуда.

🔹ЕКІ ДОСТЫ КІМ АЙЫРДЫ?
🔹«МОЙЫНДАУ»: ЖАПАРОВ НЕ ДЕЙДІ?
🔹МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ ДОСТЫҚТАН ЖОҒАРЫ ТҰРАДЫ!

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7689
🤔13❤1
New York Times: Америка Құрама Штаттары Джералд Р.Форд әуетасығыш кемесін Кариб теңізінен Таяу Шығысқа қбағыттады.

Джералд Р. Форд өткен маусымда Норфолктан кетіп, қазан айында Кариб теңізіне бағытталды. Ол 3 қаңтарда Каракасқа шабуылға қатысқан.
👍27🤔9❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп Иран туралы:

- Бізге келісімге келу кереку. Өйтпесек, әрі қарай оқиға драмаға толы болмақ. Мен оны қаламаймын, сондықтан оларға бізбен келісім жасасу керек. Олар бір мәрте бізбен келіссөзден жалтарып, ақыры "Түнгі балға" операциясын көрді. Иран келісім жасаспаса, ендігісі Иран үшін тым ауыр болмақ. Соңғы шешім менде, - дейді.
👍28😁24🤡3🤔2
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте:

- Ресей өзін адуынды аю секілді көрсеткісі келеді. Бізді солай қабылдасын дейді. Сөйте тұра, өзі қазір Украина майданында бақшадағы ұлудың жылдамдығынан да баяу жылжып келе жатыр. Сондықтан, Ресей пропогандасының өтірігіне сене бермейік, - дейді.
💯80👍32❤1
Украина бойынша келесі келіссөздер 17-18 ақпанда Женевада өтеді. Бұл туралы Ресей тарабы мәлімдеді.

Ресей бұл жолы бас келіссөзші етіп әлемге әйдік болған "плагиатшы" тарихшы - Мединскийді сайлапты...

Осының өзі келіссөздердің баяны бұлыңғыр болатынын аңғартады.
👍22🤡9🔥6🤔6❤2
Мишаааа! Чемпион!!!

Италияда, Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ел қоржынына алтын жүлде салған мықты жігіт!

Неше күннен бергі қыса-қыса жабысайын деген тақымды жаза түскен Михаил Шайдоровқа алғыс!
❤50👍29🔥5👏3🏆1