Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼12 ақпанда Мәскеу уақыты бойынша 11:52-де Байқоңыр ғарыш айлағы аумағында «Роскосмос» метеорологиялық спутникпен бірге «Протон-М» зымыранының ұшырылуын сәтті жүзеге асырды.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211779
👎44
Forwarded from Mezgil.kz
‼АҚШ вице-президенті Вэнстің Арменияға келіп, артынша Әзірбайжанға бет алуы –Оңтүстік Кавказдағы геосаяси тепе-теңдіктің өзгеріп жатқанын ашық көрсеткен қадам.

🔹МӘСКЕУДІҢ АЙМАҚТАҒЫ ЫҚПАЛЫНЫҢ ӘЛСІРЕУІ...
🔹ЯДРОЛЫҚ САЛА – «РОСАТОМҒА» ЖАСАЛҒАН АУЫР СОҚҚЫ
🔹TRIPP – ШЫҒЫС-БАТЫС САУДА АРТЕРИЯСЫ
🔹МӘСКЕУДІҢ РЕАКЦИЯСЫ

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7688
👍34
Forwarded from Mezgil.kz
‼Соңғы екі-үш ішінде Қырғыз саясаты күрделі өзгерістерді бастан кешіруде. Президент Садыр Жапаров ҚР ҰҚК басшысы һәм вице-премьер-министр Қамшыбек Ташиевті қызметінен алып, оның орынбасарларын бірінен-соң бірін жұмыстан босатуда.

🔹ЕКІ ДОСТЫ КІМ АЙЫРДЫ?
🔹«МОЙЫНДАУ»: ЖАПАРОВ НЕ ДЕЙДІ?
🔹МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ ДОСТЫҚТАН ЖОҒАРЫ ТҰРАДЫ!

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7689
🤔13❤1
New York Times: Америка Құрама Штаттары Джералд Р.Форд әуетасығыш кемесін Кариб теңізінен Таяу Шығысқа қбағыттады.

Джералд Р. Форд өткен маусымда Норфолктан кетіп, қазан айында Кариб теңізіне бағытталды. Ол 3 қаңтарда Каракасқа шабуылға қатысқан.
👍27🤔9❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп Иран туралы:

- Бізге келісімге келу кереку. Өйтпесек, әрі қарай оқиға драмаға толы болмақ. Мен оны қаламаймын, сондықтан оларға бізбен келісім жасасу керек. Олар бір мәрте бізбен келіссөзден жалтарып, ақыры "Түнгі балға" операциясын көрді. Иран келісім жасаспаса, ендігісі Иран үшін тым ауыр болмақ. Соңғы шешім менде, - дейді.
👍28😁24🤡3🤔2
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте:

- Ресей өзін адуынды аю секілді көрсеткісі келеді. Бізді солай қабылдасын дейді. Сөйте тұра, өзі қазір Украина майданында бақшадағы ұлудың жылдамдығынан да баяу жылжып келе жатыр. Сондықтан, Ресей пропогандасының өтірігіне сене бермейік, - дейді.
💯80👍32❤1
Украина бойынша келесі келіссөздер 17-18 ақпанда Женевада өтеді. Бұл туралы Ресей тарабы мәлімдеді.

Ресей бұл жолы бас келіссөзші етіп әлемге әйдік болған "плагиатшы" тарихшы - Мединскийді сайлапты...

Осының өзі келіссөздердің баяны бұлыңғыр болатынын аңғартады.
👍22🤡9🔥6🤔6❤2
Мишаааа! Чемпион!!!

Италияда, Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ел қоржынына алтын жүлде салған мықты жігіт!

Неше күннен бергі қыса-қыса жабысайын деген тақымды жаза түскен Михаил Шайдоровқа алғыс!
❤50👍29🔥5👏3🏆1
Қазақстан тағы бір тарихи белеске аяқ басты. Бұл жолы әңгіме үкіметтің ауысуы немесе кезекті реформа туралы емес. Бұл жолы мәселе әлдеқайда тереңде – мемлекеттің өзін қайта жазуында. Ұсынылған жаңа Конституция жобасы – биліктің құрылымын өзгерту ғана емес, елдің кім екенін, қайда бара жатқанын және ең бастысы, мемлекет пен халық арасындағы қатынас қандай болатынын қайта анықтау әрекеті. Бұл құжатта алғаш рет Қазақстан өзін тек территориясы мен шекарасы бар мемлекет ретінде емес, ортақ құндылықтарға сүйенген саяси қауымдастық ретінде көрсетуге тырысады.

Жаңа мәтіннің өзегінде бір маңызды өзгеріс жатыр: мемлекет енді өзін биліктің жалғыз орталығы ретінде емес, халықтан туындайтын құрылым ретінде көрсетеді. Конституцияда халық тек мемлекеттік биліктің қайнар көзі емес, егемендіктің жалғыз иесі ретінде бекітіледі. Бұл – формальды тұжырым емес, бұл – саяси философияның өзгеруі. Осы арқылы мемлекет өзінің бастапқы легитимділігі халықтан ғана шығатынын, ал оның барлық институттары сол халықтың атынан ғана әрекет ететінін мойындайды. Бұл норма қағаз жүзіндегі декларация болып қалуы да мүмкін, бірақ оның енгізілуінің өзі мемлекеттің өзінің рөлін қайта қарауға мәжбүр болғанын көрсетеді.

Конституцияның кіріспесінде пайда болған «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «жауапты азамат», «экологиялық мәдениет» сияқты ұғымдар да кездейсоқ таңдалмаған. Бұрын Конституция көбіне басқару жүйесін сипаттайтын техникалық құжат болса, енді ол мемлекеттің құндылықтық бағытын жариялайтын саяси манифестке айналып отыр. Бұл – Қазақстанның өзін енді тек әкімшілік құрылым ретінде емес, белгілі бір идеяларға негізделген мемлекет ретінде көрсетуге ұмтылысы. Бұл өзгерістің астарында қоғамның өз ішінде де өзгерген сұраныс жатыр. Соңғы жылдары ел ішінде әділет, жауапкершілік, ашықтық туралы талап күшейді. Конституция осы талаптарға жауап беруге тырысып отыр.

Жаңа жобада президенттік басқару формасы сақталады. Бірақ бұл жерде маңыздысы – форманың сақталуы емес, оның мазмұнының өзгеруі. Президент әлі де мемлекеттің басты саяси фигурасы болып қала береді, алайда оның өкілеттіктері енді жаңа саяси логикаға бейімделіп отыр. Президент енді тек билік иесі ретінде емес, билік үшін жауап беретін тұлға ретінде қарастырылады. Оның қызметі мерзіммен шектелген, оның шешімдері өкілді құрылымдардың келісімін қажет етеді, ал оның өзі қажет болған жағдайда қызметтен өз еркімен кете алады. Бұл биліктің абсолюттілігін емес, оның уақытша және жауапты сипатын көрсетуге бағытталған.

Конституцияда алғаш рет Вице-президент институтының енгізілуі де кездейсоқ емес. Бұл – мемлекеттің саяси тұрақтылыққа деген сақтығының белгісі. Бұрын биліктің транзиті әрдайым белгісіздік пен саяси тәуекел тудыратын. Енді мемлекет осы процесті алдын ала заңмен реттеп, билік вакуумының пайда болуына жол бермеуге тырысып отыр. Бұл өзгеріс Қазақстан саясатының тұрақты әрі болжамды жүйеге айналуға ұмтылып отырғанын көрсетеді.

Жаңа Конституцияның ең сезілетін өзгерістерінің бірі – адам құқықтарына берілген басымдықтың күшеюі. Құжатта өмір сүру құқығы адамның ажырамас және абсолютті құқығы ретінде нақты бекітілген. Жеке өмірдің құпиясы, цифрлық деректердің қорғалуы, азаматтардың мемлекет әрекеттерінен келген зиянды өтету құқығы – мұның барлығы мемлекеттің азамат алдындағы жауапкершілігін күшейтетін нормалар. Бұл жерде маңызды символикалық мән бар: мемлекет алғаш рет өзінің шексіз емес екенін, оның да заңмен шектелетінін мойындап отыр. Бұл құқықтық мемлекеттің басты принциптерінің бірі.

Сонымен қатар жаңа Конституция тек құқықтар туралы ғана емес, міндеттер туралы да айтады. Азаматтардың табиғатты қорғау міндетінің енгізілуі, қоғамдық жауапкершілік ұғымының бекітілуі – мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастың біржақты емес екенін көрсетеді. Бұл – мемлекет бәрін шешеді деген патерналистік модельден қоғам мен мемлекеттің ортақ жауапкершілігіне негізделген модельге көшу әрекеті.

Ұсынылған өзгерістердің тағы бір маңызды тұсы – мемлекеттің өзінің тұтастығы мен егемендігіне қатысты нормалардың күшейтілуі.

https://www.youtube.com/watch?v=BY17Yc1Q2yU
🤔16👍14🤮10❤2🤡1
Жеңісті сәттерде бірге болайық!

Бұл жыл – қазақтың еңсесі көтерілген жыл. 32 жылдан кейін Михаил Шайдоров тарихи алтын әкелді. Қазақ киберспортшылары HLTV Awards төрінде мойындалды. Yenlik COLORS сахнасында қазақ үнін әлемге шығарды.

Александр Бублик әлемнің үздік ондығына кірді. Ал Елена Рыбакина Australian Open чемпионы атанып, ел абыройын асқақтатты.

Бұл – жеңіс. Бұл – серпіліс. Бұл – Қазақстанның жылы.

https://t.me/referendum2026kz/78
👍17🔥7🤔3👎2
✅Рубио: Ресей Украинадағы әскери мақсаттарына жетпейді!

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Ресейдің Украинадағы әскери мақсаттарына жетпейтінін мәлімдеді. Ол «Ресей күштері Донецк облысының 20%-ын басып алуға тырысып жатқанын», бірақ барлық күш-жігерге қарамастан бұл аумақты бақыламайтынын атап өтті.
👍74💯13
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😄 Зеленский Путинге ажалы жақындап келе жатқаны туралы меңзеді…

«Мен Путиннен жаспын, бұл маңызды. Ал оған көп қалған жоқ», - деді Зеленский.

Зеленский келісімтуралы былай деді:

«Біз қазірдің өзінде көптеген келісімдерге келдік. Путин мен оның айналасындағылар түрмеде емес - бұл оларға әлем жұрты сыйлаған ең үлкен компромисс.

Басынан бастап біз өз егемендігімізді және өмірімізді қорғап келеміз. Олардың біздің елде мыңдаған адамды жазықсыз өлтіргенін ұмыта алмаймыз. Бірақ біз келіссөзге дайынбыз. Президент Трамп: «Атысты тоқтатайық», дегенде, мен: «Иә, бұл күрделі мәселе. Бірақ, жарайды - біз ешқандай шартсыз атысты тоқтатуды қолдаймыз», - деп жауап бердім. Ал Путин бас тартты», - деді…
❤40👍23🔥7🤡4💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Марк Рютте Мюнхен мінберінде күтпеген мойындау жасады. Ол НАТО басшысы ретінде сөз сөйлеп тұрып, Черниговқа сапарында көрген бір «куәгерді» еске алды.

Мен Патронның көзіне қарадым, – деді ол. – Тіпті ол да бір нәрсені анық айтты: біз берілмейміз.

Бұл жай сөз емес. Бұл – Чернигов облысы көрген соғыстың, күйреудің, бірақ сынбаған рухтың қысқа формуласы. Кейде тұтас ұлттың мінезін жеткізу үшін бір адамның емес, бір иттің жанары да жеткілікті.
👍76😁3❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Зеленский Мюнхенде былай деді:

Ресейде 7000 украин тұтқын бар, бізде 4000 ресейлік. Барлығын айырбастауға дайынбыз, егер олар да келісе.

Соғысты 2026 соңына дейін аяқтағысы келеді. АҚШ 15 жыл кепілдік береді, бізге кемінде 30 жыл керек.
👍79❤2🤡2😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бұл Аргентина. Президент жұмыс күнін 50%-ға көтеру туралы радикалды шешім қабыл алғаны және айлық төлей алмай жатқан компанияларға айлықты ақшалай емес, тұрғын үй мен тамақ арқылы төлеуге рұқсат бергені үшін халық көтерілуде.
👍35❤1
Даңқты спортшы Сабыржан Махметов өмірден өтті..

Жекпе-жек әлеміндегі аса беделді мамандардың бірі, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов өмірден өтті. Қаралы хабарды Жекпе-жек федерациясы растады.

Ол кикбоксинг пен жекпе-жек өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосып, халықаралық деңгейдегі спортшыларды тәрбиеледі. Сабыржан Ғалымжанұлы кәсіби біліктілігімен, талапшылдығымен және спортқа деген адалдығымен ерекшеленді.
😢31🙏9💔5❤3🕊1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Путин жылдар бойы Қырғи-қабақ соғыстан кейін АҚШ орнатқан әлемдік тәртіпті сынға алып келгенін білеміз. Оның пікірінше, бір ғана державаның билігіне негізделген халықаралық жүйе Ресейдің дамуына кедергі келтіріп, орынсыз қақтығыстарға алып келіпті-мыс.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211930
🤣35🤔3❤2
Песков: Женевадағы Украина бойынша келіссөздерге Ресей делегациясын Мединский, Галузин, Костюков бастап барады.
🖕35😁12🔥2