Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Forwarded from Ongar_online
Өткенде Қызылжарға барғанда сол жақтың жігіттері бір мықты Қазақпен таныстырды. Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Дайындық аулындағы "Дайындық-Агро" бүкіл ауылды жұмыспен қамтып, облыс бюджетінің бүйірін томпайтып отырған алпауыт шаруашылық екен.

"Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін" деген Әйтеке бидің сөзі тура кәсіпкер, меценат Біржан Шәймерденовке арналғандай. Біржан ағаның туып-өскен Дайындық ауылына барып, ауылдың болашаққа деген дайындығы мықты екеніне көз жеткізіп қайттым.

"1997 жылы кәсіп бастағанымда ауылдың ақсақалдары келді. Ауылдың азып-тозған түрі мынау. Өзің қолға алмасаң ертең мына ауыл жер бетінен жоғалады" деген сөздерінен кейін туған жерді түлетуді басты мақсат тұттым. Сол кезде ауылда 28 үй болса қазір 80 үйге жетті. Жаңадан 50 үй салып беріппін" дейді Атымтай Жомарт Біржан ағамыз.

Ауылдағы жаңадан салынған ғимараттарды көріп, аузым ашылып көзім жұмылды. Қаладағыдан бір кем емес спорт кешені, 300 адамдық Мәдениет Үйі, жаңа мектеп, ойын-сауық орталығы, облыста жоқ балабақша, медициналық пункт, мешіт осының бәрін ауылға меценат Біржан Әбділманұлы тарту еткен. Өз ақшасына! 120 адамға жұмыс беріп отыр. Ең төменгі жалақы 450 мың, жоғары жалақы 900 мың! Келген жұмысшыларға үй салып береді. Тамақты жұмыс басынан ішеді.

Жұмысшылары тамақ ішетін асханаға кіріп, шогымның өзі шок болды. Мен барғанда біріншіге Щи сорпасы, екіншіге қазақы ет, үшіншіге тауықтың бұты (окорочка) шәй мен нан осының бәрі бір адамға 50 теңге екен! Жұмысшылары күніне түскі ас пен кешкі асты осы жерден небәрі 100 теңгеге ішеді! 100 теңгеге бір бөлке нан да келмейді ғой!

Балалар алаңы, мектеп оқушыларына тегін тамақ, балаларға мерекелерде сыйлық сыйлау бұл енді "Дайындық-Агро"-ның бұлжымас тәртібі.

Атақты Ақан сері аталас туысы болып келетін Біржан Шәймерденовтың атбегілігі бөлек әңгіме. Былтыр Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында жеке дара қара үзіп келген Қамысқұлақ та, републиканы бірнеше жыл қатарынан шулатқан Айман да Біржан ағамыздың тақымға басқан жүйрігі.

Осы шаруа қожалығына былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі келіп, танысып, жұмысын бас бармақпен бағалап кетіпті.

Осы ауылға барып, өз көзіммен көргенімді видеоға тартып алдым. Мың естігеннен бір көрген артық деген. Сіздер де тамашалай отырыңыздар!
👍40❤7👏1
Forwarded from Ongar_online
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👍25❤1
Тарих кейде соғыспен емес, бір парақ қағазбен өзгереді. Бір ғана дауыс – тұтас елдің бағытын басқа арнаға бұрып жібере алады.Қазақстан дәл сондай сәттің алдында тұр.

Бұл – кезекті саяси науқан емес. Бұл – елдің өз-өзіне қоятын ең ауыр сұрағы: біз шынымен өзгергіміз келе ме, әлде бәрі бұрынғыдай қала бере ме?

Бүгін әлем Қазақстанға басқаша қарай бастады. Халықаралық деңгейде сенім күшейді, жаңа серіктестіктер пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформалар сыртқы саясатта жаңа есіктер ашты. Америка Құрама Штаттары секілді алпауыт елдердің өзі Қазақстанмен стратегиялық байланысты тереңдетуге дайын екенін білдірді. Бұл – жай дипломатиялық сөз емес. Бұл – Қазақстанның жаңа кезеңге өткенінің белгісі.

Бірақ шындық біреу.Елдің тағдырын сыртқы серіктестер емес, осы елде өмір сүретін халық шешеді.Ал сол шешімнің нақты көрінісі – референдум.Референдум – бұл жай ғана бюллетень емес. Бұл – халыққа берілген нақты билік. Бұл – «біз келісеміз» немесе «біз өзгеріс талап етеміз» деп ашық айту мүмкіндігі.

Жаңа Конституция – бұл заңгерлердің мәтіні емес. Бұл – қарапайым адамдардың ертеңгі өмірінің ережесі. Бұл – әділет бола ма, болмай ма деген сұрақ. Бұл – жастардың болашағы осы елде бола ма, әлде олар басқа жақтан іздей ме деген сұрақ.Өйткені бәрі Конституциядан басталады.Әділет те,теңдік те,сенім де.

Біз көбіне «бір дауыс ештеңе өзгертпейді» деп ойлаймыз.Бірақ тарих дәл сол «бір дауыстардан» құралған.Бір кезде бір шешім тәуелсіздікке әкелді.Бір кезде бір шешім жаңа астана салғызды.Енді бір шешім – Жаңа Қазақстанның қандай болатынын анықтайды.Бұл – сырттай қарап отыратын уақыт емес.Өйткені үнсіздік – әрқашан біреудің таңдауы.Ал референдум – біздің таңдау. Ел ертең қандай болады – ол бүгінгі біздің не істейтінімізге байланысты.
🤔23❤5👍3
Қанат Ысқақов ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.
🤔14👍7🔥5👎1
Эстония СІМ-і: Егер біз соғыссақ, соғысты Ресейдің өз жеріне жеткіземіз!

Эстония сыртқы істер министрі Маргус Цахна өз елінің Еуропадағы ең осал елдердің бірі деген әңгімеге терістеме берді.

«Біз не істеу керектігін нақты білеміз. Біз Ресейдің ықтимал басып кіруіне дайынбыз және біздің агрессорды тежеу ​​деңгейіміз шынымен де жоғары», - деді ол.

Эстония Ресейдің ықтимал басып кіруінің алғашқы нысандарының бірі деген сұраққа жауап бере отырып, Цахна картаға қарап «бұл өте логикаға сыятын әңгіме» екенін айтты.

«Бірақ шын мәнінде біз өз мүмкіндіктерімізді айтарлықтай арттырып жатырмыз. Менің ойымша, НАТО бұрынғыдан да күшті. Бізде жаңа қорғаныс жоспарлары бар, бұл біз тек күтіп отырған жоқпыз деген сөз. Егер Ресей біздің аумағымызға басып кіріп жатса, біз соғысты Ресейдің өз жеріне ойыстыра аламыз», - деді Эстония сыртқы істер министрі.
👍68❤16👏3😁2🤔1
Зеленский тіліп айтты...
❤18👍1🤡1
Зеленский: Мен өзімнің алдымдағылардың немесе басқалардың қателіктерін қайталайтын президент болғым келмейді!

Женева келіссөздері қарсаңында Украина президенті: «Агрессорға қалаған дүниесін алуға рұқсат беру - үлкен қателік», - деп мәлімдеді.

«Бұл басынан бастап қателік болды. 2014 жылы үлкен қателікке жол берілді. Тіпті одан да бұрын! Грузияның бір бөлігіне шабуыл жасап, басып алу кезінде қателікке жол берілді. Керек десеңіз, одан да бұрын, Шешенстанды басып алу кезінде, бәрі қирап, миллиондаған құрбандар, қаза тапқандар мен жараланғандар болған кезде қателікке жол берілді. Содан бері көп қателік жасадық. Сондықтан қазір мен өзімнің алдымдағылардың немесе басқалардың қателіктерін қайталайтын президент болғым келмейді», - деді Зеленский.

Зеленский бұл сөздер Украинаға ғана емес, сондай-ақ Ресейдің импершіл билігіне өз аумағына басып кіруге жол берген елдердің барлығына қатысты екенін нақтылап айтты.

«Путинді гүл шоқтарымен тоқтату мүмкін емес. Мен мұны ешқашан істеген емеспін, сондықтан бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Барлығына кеңесім: Путинге олай істемеңдер! Әйтпесе, бұл қателіктің бірінші қадамы болады, содан кейін бес жылдан кейін ол өз армиясын қайта құрып, санын көбейтеді және оның армиясы жақсы дайындалған болып шығады. Қазір ол көп сарбазын жоғалтты. Қазіргі уақытта ол айына 30 000-35 000 адамын құрбан етуде. Қазіргідей XXI ғасырда мұны елестете аласыз ба? Ол тіпті мұнша адам шығыны туралы білмеуі, хабарсыз болуы мүмкін», - деді Зеленский.
👍88❤15🔥6🤔2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қырғыз БАҚ-тары: Қамшыбек Ташиев уақытша Қырғызстаннан кетті.

Оның қайда кеткені, не себепті кеткені ашып айтылмайды.
🤔28❤2💊1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров күтпеген, бірақ тарихи жеңіске қол жеткізіп, ел спортының жаңа дәуірін ашты.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/211956
👏19👍3❤1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Түркия тарихы – бұл тек саяси режимдердің ауысуы ғана емес, сонымен қатар құндылықтар жүйесінің терең трансформациясы.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/211968
👍15
Forwarded from Mezgil.kz
‼Уақыт ешқашан бір орында тұрмайды. Онымен бірге қоғам да, сана да, талап та өзгереді. Кеше ғана мінсіз көрінген заң бүгін ескіріп қалуы мүмкін. Сондықтан Конституцияны өзгерту – мемлекеттің өз дәуіріне бейімделу әрекеті.

▪ҚҰҚЫҚТЫҚ МАЗМҰНҒА МӘН БЕРУ КЕРЕК!
▪УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУҒАН ҚАЖЕТТІЛІК

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7699
🤔13👍1
189 қазақстандық Израиль армиясында қызмет етеді...

Al Jazeera мәліметінше, қос азаматтығы бар 189 қазақстандық Израиль армиясының қатарында қызмет етеді және олардың кейбірі Газа секторындағы әскери әрекеттерге қатысқан болуы мүмкін.

Басылымның дерегіне сәйкес, Израиль армиясында шетелдік төлқұжаты бар 50 мыңнан астам адам бар. Олардың ішінде АҚШ, Франция және Ресей азаматтары басым. Сонымен қатар 264 өзбекстандық, 146 әзербайжандық, 112 Түркия азаматы, 52 қырғызстандық және 31 түрікменстандық аталады.
👎26👏12🤬11🤔3👍2❤1😨1
Баку соты сепаратист Варданянды 20 жылға соттады!

Бакудің әскери соты Қарабақтағы армян сепаратистерінің лидерлерінің бірі, ешкім мойындамаған «Таулы Қарабақ республикасының» бұрынғы мемлекеттік министрі Рубен Варданянды 20 жылға бас бостандығынан айырды.

57 жастағы Варданян «Таулы Қарабақ» үкіметін басқару үшін Ресей азаматтығынан бас тартқан ресейлік миллиардер.

Армян жағы жеңілген соғыстан кейін оны Әзірбайжан қауіпсіздік күштері тұтқындаған. Мемлекеттік айыптаушы Варданянды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған.
👍55❤5👎1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Баку соты сепаратист Рубен Варданянды 20 жылға соттады. Ол қазір 57-де екен. Тірі болса, 77 жасында бостандыққа шығады. Мұндағы кілт сөз – «тірі болса».

▪РЕСЕЙЛІК МИЛЛИАРДЕРДІҢ САЯСИ АМБИЦИЯСЫ – МӘСКЕУДІҢ ЖОБАСЫ
▪БАСҚЫНШЫНЫҢ ТҮРМЕДЕГІ «АЗАПТАРЫ»
▪ӨМІР БОЙЫНА СОТТАЛҒАН СЕГІЗ АДАМ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7700
👍27🔥5👎1
Қырғызстанның Конституциялық Соты:

- Қырғызстанда президенттік сайлау 2027 жылдың 24 қаңтарында өтеді. Конституциялық заңға сәйкес, сайлау туралы шешімді ҚР Жоғарғы Кеңесі сайлауға дейін 4 ай бұрын, яғни, 2026 жылдың 24 қыркүйегі күні белгілеуі керек, - деді.
🤔22❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Хаменей Трампқа сес көрсетті...

Иранның Жоғарғы көсемі аятолла Әли Хеменей:

- АҚШ президенті айта берген соң, оларға АҚШ армиясы әлемдегі ең қуатты армия болып көрінуі мүмкін. Алайда, ең қуатты армия да есеңгірегенде орнынан тұра алмастай есеңгірейтін соққы жеуі мүмкін. Олар Иранға әуетасығыштарын жібергенін көп айтады. Жақсы, әуетасығыш деген қауіпті. Бірақ, одан да қауіптісі - сол әуетасығышты су түбіне кетіретін қару, - дейді.
🤡29🔥12😁11❤1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жалпыұлттық коалицияның Шымкент қаласында ғылыми қоғамдастық өкілдерімен өткен кездесуінде Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Жаңа Конституция қандай өзгерістерге жол ашатыны туралы айтты.
👍21👎12
Тоқаев пен Жапаров телефон арқылы сөйлесті...

Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды.

Президенттер достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жаңғырту мемлекеттің қарыштап өркендеуіне негіз қалайды. Қырғызстан Президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді.
🤔13👍6