Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Forwarded from Mezgil.kz
‼Баку соты сепаратист Рубен Варданянды 20 жылға соттады. Ол қазір 57-де екен. Тірі болса, 77 жасында бостандыққа шығады. Мұндағы кілт сөз – «тірі болса».

▪РЕСЕЙЛІК МИЛЛИАРДЕРДІҢ САЯСИ АМБИЦИЯСЫ – МӘСКЕУДІҢ ЖОБАСЫ
▪БАСҚЫНШЫНЫҢ ТҮРМЕДЕГІ «АЗАПТАРЫ»
▪ӨМІР БОЙЫНА СОТТАЛҒАН СЕГІЗ АДАМ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7700
👍27🔥5👎1
Қырғызстанның Конституциялық Соты:

- Қырғызстанда президенттік сайлау 2027 жылдың 24 қаңтарында өтеді. Конституциялық заңға сәйкес, сайлау туралы шешімді ҚР Жоғарғы Кеңесі сайлауға дейін 4 ай бұрын, яғни, 2026 жылдың 24 қыркүйегі күні белгілеуі керек, - деді.
🤔22❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Хаменей Трампқа сес көрсетті...

Иранның Жоғарғы көсемі аятолла Әли Хеменей:

- АҚШ президенті айта берген соң, оларға АҚШ армиясы әлемдегі ең қуатты армия болып көрінуі мүмкін. Алайда, ең қуатты армия да есеңгірегенде орнынан тұра алмастай есеңгірейтін соққы жеуі мүмкін. Олар Иранға әуетасығыштарын жібергенін көп айтады. Жақсы, әуетасығыш деген қауіпті. Бірақ, одан да қауіптісі - сол әуетасығышты су түбіне кетіретін қару, - дейді.
🤡29🔥12😁11❤1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жалпыұлттық коалицияның Шымкент қаласында ғылыми қоғамдастық өкілдерімен өткен кездесуінде Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Жаңа Конституция қандай өзгерістерге жол ашатыны туралы айтты.
👍21👎12
Тоқаев пен Жапаров телефон арқылы сөйлесті...

Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды.

Президенттер достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жаңғырту мемлекеттің қарыштап өркендеуіне негіз қалайды. Қырғызстан Президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді.
🤔13👍6
РФ Президентінің көмекшісі Николай Патрушев:

- НАТО ресейлік кемелерді басып алып, Калининград облысын толық блоктап, Ресейдің суасты коммуникацияларына қарсы диверсия ұйымдастырмақ, - дейді.
😁53👍7🤡5😱1
Қырғыз БАҚ-тары:

Қамшыбек Ташиевтің төңірегіндегі адамдардың бірі болған Нұрғазы Анарқұлов Қазақстанға өтпек болған жерінде ұсталды.

Анарқұлов 17 ақпанда Қырғызстаннан Қазақстанға өтіп кетпек болғанда, шекарада ұсталған. Ол Қырғыз депутаттары мен ақсақалдарына мерзімінен бұрын сайлау өткізуді қолдауды сұрап, ықпал еткен. Тіпті Қырғыз Жоғарғы Кеңесінің депутаттарына "сайлау өткізуді қолдаңдар" деп қысым көрсеткен. Мұны бірнеше депутат растаған.
👍21❤5🤔4
Женева: Украина, АҚШ пен Ресей делегацияларының келіссөздері басталды...

Келіссөздер 2 күнге жоспарланған және жабық есік форматында өтуде.

Украина делегациясын: Буданов пен Умеров бастап барды.

АҚШ делегациясын: Кушнер мен Уиткофф бастап отыр.

Ал Ресей делегациясын: Мединский мен Дмитриев басқаруда.
👍25❤1
ЯДРОЛЫҚ КЕЛІСІМ: ИРАН НЕГЕ КӨНЕДІ?

Бүгін АҚШ пен Иран келіссөзшілері Женевада тағы бір мәрте келіссөздер өткізді. Тараптар әзірге нақты шешім жайлы айтқан жоқ. Десе де:

The Wall Street Journal басылымы Иран тарабының қандай мәлімелеге келуге мақұл екендігі жайлы жазыпты.


Басылым дерегінше: Иран билігі уран байыту ісін уақытша тоқтатуға, байытылған уран қорын үшінші шет мемлекетке шығаруға және АҚШ-пен экономикалық келісім жасауға әзір екендіктерін айтқан.

НАҚТЫСЫ: Иран уран байуыту ісін 3 жылға тоқтата тұруға дайын. Ал өзіндегі байытылған уран қорын Ресей аумағына шығаруға дайын.
🤔25👍7👎3❤2
📌ЖІГІТШЕ ӘҢГІМЕ

Украина президенті Зеленский бүйдеді:

— Украина дайын. Бізге бұл соғыстың түкке керегі жоқ. Біз іске - іс, сөзге - сөз, олардың іс-әрекеттеріне тап солай жауап қайтарамыз. Біз өз мемлекетімізді, өз тәуелсіздігімізді қорғап күресудеміз. Біз соғысты әділетті әрі лайықты аяқтау үшін келісімге келуге дайынбыз. Ал Ресей нені қалайды? Соғысты тоқтатуды ма, әлде ойдан құрастырған қиял-ғажайып тарихи тақырыптарда айтысып, Shahed, зымырандармен соққыларын жалғастырып отыруға басымдық бере ме, әлде шынайы да ұзақ бейбітшілік үшін дипломатияға басымдық бере ме?, - деді.

— Украина Донбасстан біржақты шығып кетпейді. Егер біз өйтсек, бізді, мені, АҚШ-ты Украина халқы кешірмейді. Сол үшін де кез келген бейбіт келісім халықтық референдумға шығарылады. Бізді мәжбүрлесе де, халық Донбасстан шығуға шешім қабылдамайды. Украина халқы не үшін бізге қысым жасалып, жерден шегінуді талап етіп жатқанын түсінбей дал болуда. Ал ұрысты қазіргі майдан шебінде уақытша тоқтатуды халық қолдауы мүмкін, - деді Зеленский.
🔥56👍35❤5🤡1
🤔3
ҰҚК Жақсылық Омарды ұстады. Тергеу жүргізілуде...

ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сөз - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар туралы болып отыр.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы ҰҚК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

- Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты жариялай алмаймыз, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Алайда бұл мәліметтерге ресми растау болған жоқ. Құқық қорғау органдары да ұстау жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде де бұл мәселеге қатысты ресми деректердің жоқ екенін мәлімдеген. Сондай-ақ сол кезде шенеуніктің денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысында жүргені айтылған.

Жақсылық Омар 2025 жылдың қараша айының соңында Өскемен қаласының әкімі қызметінен кеткен. Кейін ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, бұған дейін ол "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясында жұмыс істеген, ШҚО әкімінің көмекшісі болған, өңірдің мәдениет басқармасын басқарған, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
🤔22❤4👍2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы Рамазан айының Ораза кестесін бекітті. Mezgil.kz порталы ҚМДБ жариялаған Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарына алғанған Ораза кестесін ұсынады.

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7705
👏16🤮4❤2