Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Мексикадағы ең көп іздеуде болған есірткі королінің көзі жойылды — елді жаппай тәртіпсіздік жайлады…

«Эль Менчо»
лақап атымен танымал Немесио Осегера Сервантес «Халисконың жаңа буыны» (CJNG) картелінің басшысы болған және Мексикадағы ең қатыгез қылмыстық лидерлердің бірі еді.

Оның тобы құқық қорғау органдарына жасаған өршеленген шабуылдарымен және тұтас аймақтарды үрейде ұстағанымен танымал болды. Есірткі королінің көзі жойылғаннан кейін елде тәртіпсіздіктер басталды: картель мүшелері жолдарды бөгеп, әуежайларға шабуыл жасап жатыр.

Бұл есірткі картельдеріне жасалған ауыр соққы және билік үшін үлкен жетістік екені анық. Сонымен қатар, бұл жағдай Мексика аумағына соққы жасаумен қорқытқан Трамптың қысымын бәсеңдетуі мүмкін.
🔥19❤2
Forwarded from PARANOIA.KZ
Мексика. Атыс-шабыс жалғасуда.

“Халисконың жаңа ұрпақтары” тобы - есірткі тасымалдау, қару-жарақ айналымы, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстармен байланысты топ. Олар соңғы жылдары Мексикадағы ең ықпалды әрі қауіпті картельдердің біріне айналды.

Мексиканың әр түкпірінде әрекет етеді. Еуропа мен АҚШ-қа есірткі сатады. Ішкі нарықта заңсыз қару сатумен де айналысады.

Бұл қылмыстық ұйым әскери құрылымға ұқсас иерархиядан тұрады. Арнайы жасақтары да бар. Брондалған көліктерге, ауыр пулеметтер, камикадзе дрондарға ие. Ұйымға тікелей 1-3 мың адам мүше деген дерек бар. Ал жанама 10 мыңға дейін жетуі мүмкін дейді сарапшылар. Яғни, билік үшін осал қарсылас емес.
🔥16🤔4❤3
Мексикадағы сұмдық жалғасуда…

Елдегі ең ықпалды есірткі королі өлтірілгеннен кейін, картель үкіметке қарсы соғыс жариялап, бейбіт тұрғындарды өлтіруде.

Гвадалахарадағы әуежайдың толықтай басып алынғаны айтылады.

Көшелерде көліктер өртеніп, жолдар бөгелген.
❤10🔥5😱3
💥Бұл Иран. Теһеран. Студенттер қайта бас көтеруде. Олар: “Хаменейге өлім” деп ұрандауда…
👏42👍7👎3❤1
Мексика. Картельдер мен үкімет әскері арасында қақтығыс жалғасуда. Үкімет әскері қалаларға кірген. Ал картель жасақтары түрмеге шабуыл жасап, қылмыскерлерді босатқан...
👍17🤬7🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл арнайы жасақ емес. Бұл Мексикадағы ірі картелдердің бірі.

Мексиканың CJNG картелі көшеде кездескен кез келген адамды нысанаға алатынын және Гвадалахараның барлық тұрғындарын үйде болуға шақыратынын айтты.
😱36🤪6🤔3❤1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Украина президенті Владимир Зеленский ВВС News-ке» көлемді сұхбат беріп, келіссөздер мен майдан жаласындағы ахуал жайлы егжей-тегжейлі сөз қозғапты.

▪«МЕН ДИКТАТОР ЕМЕСПІН ЖӘНЕ СОҒЫСТЫ МЕН БАСТАҒАН ЖОҚПЫН!»
▪СОҒЫС ЖЫЛДАМ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН БЕ?
▪«САЙЛАУҒА ТҮСУІМ ДЕ, ТҮСПЕУІМ ДЕ МҮМКІН!»
▪ЗЕЛЕНСКИЙ ҺӘМ ПУТИНДІ ЖЕҢУ
▪ДОНБАСС ЖЕРІ. ЗЕЛЕНСКИЙДЛІҢ МЫЗҒЫМАС ПОЗИЦИЯСЫ ҚАНДАЙ?
▪ПУТИН ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫ БАСТАДЫ!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7733
🔥21👍6❤1🤔1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Ресей Қытайдың негізгі қару-жарақ серіктесі мәртебесін жоғалтып жатыр: 2009-2023 жылдар аралығында Қытайға жеткізілім алдыңғы 15 жылмен салыстырғанда 40 %-ға қысқарды. Ресейдегі путиндік билеуші режимі кезінде Қытайға ресейлік қару-жарақ ағыны тез қысқарды.

⬇Толық: https://abai.kz/post/212371
👍28