УКРАИНАДА
Владимир Зеленский – 48-де (1978 жылғы) – Украина президенті;
Михаил Федоров – 35-те (1991 жылғы) – Украина Қорғаныс министрі;
Андрей Сибига – 51-де (1975 жылғы) – Украина СІМ бастығы;
Кирилл Буданов – 40-та (1986 жылғы) – Украина ПӘ жетекшісі;
Давид Арахами – 46-да (1979 жылғы) – «Слуга Народа» партиясының жетекшісі;
Руслан Стефанчук – 50-де (1975 жылғы) – Жоғарғы Рада спикері;
Юрия Свириденко – 40-та (1985 жылғы) – Украина премьер-министрі.
РЕСЕЙДЕ
Владимир Путин – 73-те (1952 жылғы) – Ресей президенті;
Андрей Белоусов – 66-да (1959 жылғы) – Ресей Қорғаныс министрі;
Сергей Лавров – 75-те (1950 жылғы) – Ресей СІМ бастығы;
Антон Вайно – 54-те (1972 жылғы) – Ресей ПӘ жетекшісі;
Дмитрий Медведев – 60-та (1965 жылғы) – «Единая Россия» партиясының жетекшісі;
Вячеслав Володин – 62-де (1964 жылғы) – Дума спикері;
Михаил Мишустин – 60-та (1966 жылғы) – Ресей премьер-министрі.

😁33👍12❤1
Иран мен Ресей Қытайға мұнай сату үшін өзара бәсекеге түсті — Bloomberg.
Үндістан Ресей мен Иран мұнайын сатып алуды азайтқаннан кейін, бұл екі ел өз өнімдеріне үлкен жеңілдіктер ұсына бастады. Осылайша олар Қытайдағы шектеулі сатып алушылар тобы үшін өзара бәсекелесуге мәжбүр.
Қытай босаған мұнай көлемін толықтай қабылдай алмайтындықтан, сатылмаған шикізат Азия суларында жиналып қалуда. Ресей мен Иранның мұнай сататын басқа нұсқалары таусылып барады. Кремль өндірісті шектеуге мәжбүр болды, бұл оны Украинадағы соғысты қаржыландыруға қажетті қаражаттан айыруда. Ал Иран АҚШ тарапынан болуы мүмкін ықтимал шабуылға дайындалып, мүмкіндігінше көп мұнай жөнелтуге тырысуда.
Бұл күресте әзірге Ресей жеңіске жетіп жатыр: Мәскеу Тегеранды Қытай нарығынан ығыстыруда. Bloomberg жинаған кемелерді қадағалау деректеріне сәйкес:
Ақпанның алғашқы 18 күнінде Қытай порттарына Ресей мұнайын жеткізу тәулігіне 2,09 млн баррельге дейін өсті.
Бұл қаңтар айымен салыстырғанда шамамен 20%-ға көп, ал желтоқсанмен салыстырғанда бір жарым есеге жуық артық.
Өз кезегінде Иран биыл Қытайға тәулігіне шамамен 1,2 млн баррель экспорттады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға аз.

🔥13👍6🤔2❤1😁1
ГЕНЕРАЛ ПРОКОПЕНКО
Зеленский әйгілі “Азов” Ұлттық гвардиясының 1 корпусының командирі Денис Прокопенкоға “бригадир генерал” атағын берді!
Денис Прокопенко - лақап аты Редис, 2014 жылдан бері Украинаны қорғап соғысып келе жатқан батыр. 2017-2025 аралығында әйгілі “Азов” полкін, сосын бригадасын басқарған. 2025 жылдан бері тгтас корпусты басқарады. Оған 2022 жылы Украина батыры атағы берілген.
Прокопенко Мариуполь шайқастарының батыры. Ол әйгілі “Азовсталь” қорғанысына қатысқан, қорғанысты басқарған батыр!

👍88🔥11❤7👏2👀1
💥Куба АҚШ катерін атқылады!
Кубаның жағалау күзеті ел аумағына кірген қайыққа оқ жаудырды. АҚШ-тың Флорида аймағында тіркелген қайық Куба жағалауына жақын келген. Жағалау күзеті қайыққа жақындаған сәтте, қайықтағылар оқ ата бастаған. Куба шекарашылары қарсы оқ атып, 4 адамды мерт қылып, 6 адамды жарақаттаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

👍27😱13🔥2🤔2
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы бірлескен бұйрық онсыз да құжаттанудың қиындығынан қалтылдап әрең тұрған қандастар көшін одан ары жарға жықты. Әсіресе, Қытайдан оралған этникалық қазақтарды.
⬇Толық: https://abai.kz/post/212575
⬇Толық: https://abai.kz/post/212575
abai.kz
Қандастарды Газа халқы секілді еңіретіп қойдық!
👍28🔥6
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазір Трамптың текпіні Таяу Шығысқа бата тиіп, әлем назары қайтадан Иранның ядролық бағдарламасына ауып тұрғаны жасырын емес...
▪ТРАМПТЫҢ ЕСКЕРТУІ: ЯДРОЛЫҚ КЕЛІСІМГЕ МӘЖБҮРЛЕУ
▪ИРАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЗІР ҚАНДАЙ КҮЙДЕ?
▪ИРАН ҚАЛАЙША БҮГІНГІ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ?
▪ИРАН ЯДРОЛЫҚ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРЫП ЖАТЫР МА?
▪ИРАНҒА ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ ЖАСАУ ҮШІН ҚАНША УАҚЫТ ҚАЖЕТ?
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7751

mezgil.kz
Иранның ядролық бағдарламасы: Трамптың тегеуріні. Таяу Шығыста жаңа соғыс бола ма?
Қазір Трамптың текпіні Таяу Шығысқа бата тиіп, әлем назары қайтадан Иранның ядролық бағдарламасына ауып тұрғаны жасырын емес...<br />
<br />
<br />
🤔18❤3
Кеше Ким Чен Ын кіші қызын ертіп алып, әскери парад өткізіпті. Әлемдік сарапшылар, Кимнің осы қызы оның мұрагері боп қалуы мүмкін дейді.
🤔20🤡9👎6👏5
Пезешкиан: Хаменеидің ядролық қаруға тыйым салу туралы пәтуасы бұзылмайды!
Пезешкиан Иранның ядролық қару жасамайтынын мәлімдеді, өйткені елдің Жоғарғы көшбасшысы Хаменеи оған тыйым салған. Ол сондай-ақ: «Діни көшбасшы саясаткерлер сияқты өтірік айта алмайды», — деп қосты.
АҚШ-пен ядролық келіссөздердің үшінші кезеңі басталар алдында Президент: «Егер ол бізде ядролық қару болмайды десе, демек, ол шынымен болмайды», — деп атап өтті.
Иранның Жоғарғы көшбасшысы Хаменеи 2003 жылдың қазан айында ядролық қаруды жасауға және қолдануға тыйым салатын ауызша пәтуа (пәрмен) шығарған болатын. Кейіннен 2005 жылы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) ресми түрде ұсынылған бұл құжатта ол ядролық қаруды жасауды «харам» (күнә) және ислам құндылықтарына қайшы деп атады.

👍19🤔8❤3🤡3🔥2
АҚШ Иран айналасына 2003 жылғы Иракқа қарсы агрессия кезіндегіден де көп қарулы күш шоғырландырды!
АҚШ-тың 150-ден астам әскери ұшағы және Әскери-теңіз күштерінің қолданыстағы барлық кемелерінің үштен біріне жуығы Иранға жақын маңда шоғырланған.
Әсіресе АҚШ-тың Әскери-әуе күштері өте қуатты құрамда ұсынылған. АҚШ-тың бүкіл әскери-әуе қуатының 40%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі қазір Иранға бағытталған және Трамптың соққы беру туралы бұйрығын күтіп отыр. Тарихта АҚШ-тың мұндай орасан зор әскери әлеуетті өрістетіп, ауқымды әскери қимылдарға көшпеген кезі болған емес.
Батыс сарапшыларының ортақ пікірі: бұл жай ғана сес көрсету немесе қорқыту үшін тым үлкен әскери күш.

👍31🤔8❤2👎2
ЖАПАРОВ: КЕТСЕ КЕТЕ БЕРСІН!
Қырғыз президенті Садыр Жапаров досы Қамшыбек Ташиевтің елден кетуіне қатысты бүйдейді:
- Бұл бір трагедия емес. Тіпті дұрыс та болды. Өмір тоқтап қалмайды. Егер ол кетсе, менің артымда 7 млн досым тұр. Мен үшін мемлекет пен халық бірінші орында. Елдің тыныштығын кім бұзса, соны жазалаймыз. Оған ақылымыз да, күшіміз де жетеді, - дейді.

👎25😁17❤5👍5🤮1🤡1
Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді!
Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Сербия Президентін әуежайдан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі. Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында құрметке, сенімге және өзара тиімді серіктестікке негізделген достық байланыстар орнады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, $107 млн-нан асты.
Үкімет

👍15😁12❤1👎1🤔1
Сикорский: Біз аталарымыз соғысқандай соғысқа дайын болуымыз керек!
Польша Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрлігінің басшысы Радослав Сикорский Сеймдегі сөзінде НАТО шенеуніктерінің, еуропалық саясаткерлер мен барлау қызметі өкілдерінің пікірлерін мысалға келтірді. Ол Польшаның тек бейбітшілік пен соғыс арасындағы кезеңде ғана емес, сонымен қатар Ресейдің Альянс елдеріне «екі-үш жылдан кейін емес, тіпті осы жылы» шабуыл жасауы мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды RMF24.
Атап айтқанда, Сикорский НАТО Бас хатшысы Марк Рюттеден үзінді келтіре отырып, «аталарымыз бен арғы аталарымыз бастан кешкен ауқымдағы» қақтығысқа дайын болу керектігін мәлімдеді.

👍44🤮1
Forwarded from Qaz365.kz
Жаңартылған Салық кодексі қолданылғалы екі айға жуық уақыт өтті және осы уақыт аралығында бизнесте біршама сауал туындағаны айқындалды. Жаңа нормалар үйреншікті шешімдерді өзгертті, ал кәсіпкерлерге не өзгергенін және ары қарай қалай әрекет ету керегін айқын түсіну маңызды. Бұл сауалдарға жауап беру үшін ForteBank Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығымен бірлесе отырып, сарапшылар мен кәсіпкерлердің басын қосты.
Бизнес сапалы сараптамаға мұқтаж екенін түсіне келе, 25 ақпанда Астанада "Салық кодексі 2026. Тағы нені білген маңызды және оны қалай қолдану керек" деген тақырыпта ауқымды практикалық семинар өткізілді. 50-ден астам елордалық кәсіпкер бас қосқан шараны ForteBank Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығымен (ҚСКҚ) бірге ұйымдастырған.
Бизнес-орта кез келген фискалды өзгерістерге аса сақтықпен қарайды. Алайда сарапшылар объективтілікке шақырып отыр: жаңа құжатта жағымды нормалар да аз емес. ҚСКҚ басқарма төрағасы Сәкен Қариннің айтуынша, мемлекет бақылау және алдын алу шараларының ара-жігін нақты айқындап, сервистік модельге көшіп отыр.
"Жағымды өзгерістер бойынша: енді нөлдік есептілікті тапсыру қажет емес. Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану шегі 6 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін өсті – енді ұсақ-түйек қарыздарға бола шоттарды бірден бұғаттамайды. Көп субъекті үшін КТС-тің ыңғайлы мөлшерлемесі сақталып отыр", - деп атап өтті Сәкен Қарин.
Десе де бақылау нақты әрі қатаң бола түсті. Нақтырақ айтқанда, ЭШФ көшірмелерінің мониторингі күшейді, оның нәтижелері бойынша заң бұзғандарға ауыр санкциялар қолданылуы мүмкін.
Жаңа ережелер бизнестен барынша мұқият болуды талап етеді. Салық кеңесшісі Анастасия Макованың сөзінше, қиынға соғып тұрған, көптеген кәсіпкерді бизнес-модельді түбегейлі өзгертуге мәжбүрлейтін мәселенің бірі – жалпыға ортақ режим бойынша шегеруге тыйым салынуы.
"Мәселен, жүк тасымалдау арқылы азғантай ғана табысы бар қарапайым кәсіпкер ірі тапсырыс берушілерімен жұмысты жалғастыру үшін ортақ режимге көшуге мәжбүр болады", - деп мысал келтіреді спикер.
Салық жүктемесін азайту үшін кейде компаниялар қазіргі жағдайда айыппұлға ұласуы мүмкін қадамдарға барады. Бүгінгі күні ең басты қателіктердің бірі – заңды мекенжайды жалған өзгерту.
"Үнемдеу үшін қала ауыстыру бұрынғыдай көмектеспейді, себебі касса аппараттары геолокацияны көрсетіп тұрады. Егер дүкеніңіз мөлшерлеме 3%-ға тең Алматыда орналасса, ал сіз мөлшерлемесі 2% деп бекітілген Шымкентте қайта тіркелсеңіз – бұл сізді құтқарып қалмайды. Мөлшерлеме нақты іс жүзіндегі орынға байланысты қолданылуы керек. Адамдар үнемдеу мақсатында қайта тіркеліп, қателесіп жатыр. Мұндай бір емес, бірнеше кейсті білемін", - деп ескертті сарапшы.
Мұндай жайттарды болдырмас үшін есепті цифрландыру көмектеседі. Алайда көзді жұмып, алгоритмдерге иек арта салу да қате – олар сарапшымен бірлесе жұмыс істеуі керек. Мұндай жағдайларда бизнеске тек ыңғайлы сервис қана емес, білімге қолжетімділік те керек. Толыққанды экожүйелерге трансформацияланып жатқан алдыңғы қатарлы банктердің ерекшелігі де осындай шешімдерде.
"Бизнеске арналған заманауи банкинг жай ғана шот аша салумен шектелмейді. Заңнамада өзгерістер болып жатқан кезеңдерде сенімділік пен аяққа нық тұру аса қажет. ForteBusiness-тің стратегиялық міндеті – ШОБ үшін сенімді серіктес болу. Сарапшыларға арналған семинарларды ұйымдастыру және есепті автоматтандыру үшін алдыңғы қатарлы цифрлық шешімдерді ұсыну арқылы біз клиенттеріміздің қаржылық саулығына инвестиция жасаймыз. Бизнес ашық жұмыс істесе, оның ауқымы да сәтті түрде кеңей түседі. Ал клиенттердің табысты болуы банктің де табысы", - дейді ForteBusiness өкілдері.
Астанада өткен семинарға қатысушылар белсенділік танытып, практик мамандармен жүздесу форматы аса қажет екенін дәлелдеді. Сарапшылардан басты кеңес – салық заңнамасын әркім түсінуі керек, ал компанияны дамыту тұжырымдамасын сараптамасын бөлісуге және әр клиенттің мүддесін қорғауға дайын сенімді қаржылық серіктестерге арқа сүйей отырып, бірнеше жылға алдын ала жоспарлаған жөн.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10😐2