Forwarded from Qaz365.kz
Жаңартылған Салық кодексі қолданылғалы екі айға жуық уақыт өтті және осы уақыт аралығында бизнесте біршама сауал туындағаны айқындалды. Жаңа нормалар үйреншікті шешімдерді өзгертті, ал кәсіпкерлерге не өзгергенін және ары қарай қалай әрекет ету керегін айқын түсіну маңызды. Бұл сауалдарға жауап беру үшін ForteBank Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығымен бірлесе отырып, сарапшылар мен кәсіпкерлердің басын қосты.
Бизнес сапалы сараптамаға мұқтаж екенін түсіне келе, 25 ақпанда Астанада "Салық кодексі 2026. Тағы нені білген маңызды және оны қалай қолдану керек" деген тақырыпта ауқымды практикалық семинар өткізілді. 50-ден астам елордалық кәсіпкер бас қосқан шараны ForteBank Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығымен (ҚСКҚ) бірге ұйымдастырған.
Бизнес-орта кез келген фискалды өзгерістерге аса сақтықпен қарайды. Алайда сарапшылар объективтілікке шақырып отыр: жаңа құжатта жағымды нормалар да аз емес. ҚСКҚ басқарма төрағасы Сәкен Қариннің айтуынша, мемлекет бақылау және алдын алу шараларының ара-жігін нақты айқындап, сервистік модельге көшіп отыр.
"Жағымды өзгерістер бойынша: енді нөлдік есептілікті тапсыру қажет емес. Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану шегі 6 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін өсті – енді ұсақ-түйек қарыздарға бола шоттарды бірден бұғаттамайды. Көп субъекті үшін КТС-тің ыңғайлы мөлшерлемесі сақталып отыр", - деп атап өтті Сәкен Қарин.
Десе де бақылау нақты әрі қатаң бола түсті. Нақтырақ айтқанда, ЭШФ көшірмелерінің мониторингі күшейді, оның нәтижелері бойынша заң бұзғандарға ауыр санкциялар қолданылуы мүмкін.
Жаңа ережелер бизнестен барынша мұқият болуды талап етеді. Салық кеңесшісі Анастасия Макованың сөзінше, қиынға соғып тұрған, көптеген кәсіпкерді бизнес-модельді түбегейлі өзгертуге мәжбүрлейтін мәселенің бірі – жалпыға ортақ режим бойынша шегеруге тыйым салынуы.
"Мәселен, жүк тасымалдау арқылы азғантай ғана табысы бар қарапайым кәсіпкер ірі тапсырыс берушілерімен жұмысты жалғастыру үшін ортақ режимге көшуге мәжбүр болады", - деп мысал келтіреді спикер.
Салық жүктемесін азайту үшін кейде компаниялар қазіргі жағдайда айыппұлға ұласуы мүмкін қадамдарға барады. Бүгінгі күні ең басты қателіктердің бірі – заңды мекенжайды жалған өзгерту.
"Үнемдеу үшін қала ауыстыру бұрынғыдай көмектеспейді, себебі касса аппараттары геолокацияны көрсетіп тұрады. Егер дүкеніңіз мөлшерлеме 3%-ға тең Алматыда орналасса, ал сіз мөлшерлемесі 2% деп бекітілген Шымкентте қайта тіркелсеңіз – бұл сізді құтқарып қалмайды. Мөлшерлеме нақты іс жүзіндегі орынға байланысты қолданылуы керек. Адамдар үнемдеу мақсатында қайта тіркеліп, қателесіп жатыр. Мұндай бір емес, бірнеше кейсті білемін", - деп ескертті сарапшы.
Мұндай жайттарды болдырмас үшін есепті цифрландыру көмектеседі. Алайда көзді жұмып, алгоритмдерге иек арта салу да қате – олар сарапшымен бірлесе жұмыс істеуі керек. Мұндай жағдайларда бизнеске тек ыңғайлы сервис қана емес, білімге қолжетімділік те керек. Толыққанды экожүйелерге трансформацияланып жатқан алдыңғы қатарлы банктердің ерекшелігі де осындай шешімдерде.
"Бизнеске арналған заманауи банкинг жай ғана шот аша салумен шектелмейді. Заңнамада өзгерістер болып жатқан кезеңдерде сенімділік пен аяққа нық тұру аса қажет. ForteBusiness-тің стратегиялық міндеті – ШОБ үшін сенімді серіктес болу. Сарапшыларға арналған семинарларды ұйымдастыру және есепті автоматтандыру үшін алдыңғы қатарлы цифрлық шешімдерді ұсыну арқылы біз клиенттеріміздің қаржылық саулығына инвестиция жасаймыз. Бизнес ашық жұмыс істесе, оның ауқымы да сәтті түрде кеңей түседі. Ал клиенттердің табысты болуы банктің де табысы", - дейді ForteBusiness өкілдері.
Астанада өткен семинарға қатысушылар белсенділік танытып, практик мамандармен жүздесу форматы аса қажет екенін дәлелдеді. Сарапшылардан басты кеңес – салық заңнамасын әркім түсінуі керек, ал компанияны дамыту тұжырымдамасын сараптамасын бөлісуге және әр клиенттің мүддесін қорғауға дайын сенімді қаржылық серіктестерге арқа сүйей отырып, бірнеше жылға алдын ала жоспарлаған жөн.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10😐2
ҚАСИЕТТІ ҚҰПИЯ
Саясат деген – халқыңның тұрмысы, еліңнің тіршілігі, отбасыңның жағдайы т.б. барлығына қатысты біртұтас дүние. Көзді жұмып, құлақты бітеп алып, «менің онда, оның менде шаруасы жоқ» деу қисынға келмейді.
«Дауыс беру – демократияның ең қасиетті құпиясы» дейтін сөз бар ғой. Шын мәнінде қазақ қоғамы, Қазақстан қоғамы енді санаулы күндерден соң тағы бір саяси процессті өткермек. Осыған дейінгі жаманды-жақсылы тәжірбиелерден соң, қазір халықтың саяси белсенділігі артты, құқықтық сауаты ашылды, сайлаушы мен бақылаушының тәжірибесі күшейді (әсіресе бақылаушының маңызы артты).
Өткенде жаздым. Қазір де бірнеше топ (бәлкім онан аса) білек түріп, белсеніп отыр. Референдумды бақылап, бармақ басты, көз қыстылықты әшкерелейміз дейді. Солардың бірі – саясаттанушы Нұрболат Нышанбай бауырым бастаған «Халық үні» тобы. Кеше Бекнұр аға Қисықов, бүгін біз барып, бақылаушы боламыз деп белсеніп отырған қыз-жігіттерге білгенімізді айтып, шықтық.

👍21😁6❤4
The Wall Street Journal газеті Женевадағы келіссөздерде Тегеранға қойылған шарттардың тізімін жариялады:
* Вашингтон Ираннан Фордо, Натанз және Исфахандағы негізгі ядролық нысандарды жоюды және барлық байытылған уранды АҚШ бақылауына беруді талап етуде.
* АҚШ Иранға санкцияларды тек минималды түрде жеңілдетуге дайын, бірақ кейіннен қосымша талқылау мүмкіндігін қарастырады.
* АҚШ Тегерандағы ядролық реактордың жұмысын қайта бастауға рұқсат беруі мүмкін, бірақ ол тек медициналық мақсаттар үшін төмен байытылған уранды өңдейтін жағдайда ғана болуы керек.
* Америкалықтар бұл келісімнің мерзімсіз болуын талап етіп отыр.
Иран, өз кезегінде, уран байытуды көптеген жылдарға тоқтата тұруды немесе оны араб-иран консорциумы арқылы қайта өңдеуді қарастыруға дайын.
Айта кетейік, АҚШ Иранның келіссөзге бейімділігін арттыру үшін Таяу Шығысқа ірі соққы беруші топтарын орналастырды. Бұл күштердің бос тұрған әр күні орасан зор қаражатты талап етеді.
Егер Иран АҚШ-тың ұсыныстарын қабылдамай, келісімнен бас тартса, ал Трамп шабуыл жасауға бұйрық бермесе, бұл Вашингтон үшін қаржылық және беделдік шығынға айналады.

👍28🔥2
Женевада Украина және АҚШ делегацияларының кездесуі басталды!
Украина делегациясының басшысы, ҰҚК (СНБО) хатшысы Рустем Умеровтың хабарлауынша, тараптар Украинаны экономикалық қолдау және қайта қалпына келтіру, инвестиция тарту құралдары мен ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелерін талқылауда.
Сондай-ақ, Ресей тарапының қатысуымен өтетін үшжақты келіссөздердің келесі кезеңіне дайындық мәселесін талқылау жоспарлануда.
Тағы бір маңызды бағыт — гуманитарлық мәселелер мен ықтимал тұтқын алмасу процестері.
Кездесуге қатысушылар:
Украина тарапынан: Рустем Умеров, «Халқының қызметшісі» (Слуга народа) парламенттік фракциясының басшысы Давид Арахамия, Экономика министрі Алексей Соболев және оның орынбасары Дарина Марчак.
АҚШ тарапынан: Келіссөз жүргізушілер Стив Виткофф пен Джаред Кушнер.

🔥21👍5🤡2❤1
Forwarded from PARANOIA.KZ
БАҚ: Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шекаралас аймақта қиян-кескі шайқас басталды. Пәкістан әскері Ауғанстан аумағына ұшақтармен соққы жасаған. Ал тәлібтер бронды техниканы шекараға жақындатып, ұрыс салуда. Тараптар бір-бірін артиллерия, миномет, пулеметтермен атқылап жатыр.
😱17🔥6🤣4🤯2
Джонсон: Соғыс биыл шынымен де аяқталуы мүмкін!
Джонсон не дейді:
▪️Егер Батыс бейқам болуын тоқтатып, Украинаға қажеттінің бәрін берсе және Путинге қысым көрсетсе, соғыс шынымен де биыл аяқталуы мүмкін.
▪️Батыс үнемі Путинді ашуландырып алудан қорыққандықтан, жасқаншақтық танытып келеді. Сондықтан біз бәрін кейінге қалдырып жатырмыз.
▪️Біз Украинаға Tomahawk зымырандарын беріп, «көлеңкелі флоттың» жұмысын тоқтатуымыз және Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуіміз керек. Әйтпесе, Путин мәмілеге келеді деп ойламаймын.
▪️Кеңес Одағының ыдырауы менің өмірімдегі ең ұлы оқиғалардың бірі болды.
▪️Мен үшін Путин Гитлерді еске түсіреді. Бұл — мағынасыз агрессия актісі және ол жеңіліске ұшырайды.
▪️Менің Путинге жолдауым: Құдай үшін, тарихтағы беделіңізді түзету үшін бірдеңе жасаңыз.

👍53💯11❤3👏2🤔2🤡1
Usbanov ARNASY
The Wall Street Journal газеті Женевадағы келіссөздерде Тегеранға қойылған шарттардың тізімін жариялады: * Вашингтон Ираннан Фордо, Натанз және Исфахандағы негізгі ядролық нысандарды жоюды және барлық байытылған уранды АҚШ бақылауына беруді талап етуде. …
💥ОТ БОЛАДЫ
БАҚ: “Иран АҚШ шарттарынан бас тартты”, - деп хабарлады.
Бүгін АҚШ пен Иран кезекті рет келіссөз өткізді, Женевада. Келіссөздер 6 сағаттан аса жалғасты. Тараптар келісімге келе алмады!
Таяу Шығыста температура қайта көтерілуде…

🔥36👍9👀5🤣3
Usbanov ARNASY
АҚШ Иран айналасына 2003 жылғы Иракқа қарсы агрессия кезіндегіден де көп қарулы күш шоғырландырды! АҚШ-тың 150-ден астам әскери ұшағы және Әскери-теңіз күштерінің қолданыстағы барлық кемелерінің үштен біріне жуығы Иранға жақын маңда шоғырланған. Әсіресе…
💥АҚШ-тың тағы 4 жанармай құйғыш ұшағы Бен-Гурион әуежайына бет алып ұшып барады…
👍36👎8🔥2
Кабул соққы астында: Пәкістан операциясы туралы не белгілі?
Пәкістанның әуе соққысынан кейін Кабулда Ауғанстан президенті сарайының маңында атыс басталды. Соққылар талибтердің әскери нысандарына бағытталған.
Пәкістанның PTV телеарнасының мәліметінше, 72 ауған әскери қызметкері қаза тауып, тағы 120-сы жараланған. Оқ-дәрі қоймасы мен 30-дан астам техника бірлігі жойылғаны хабарланды.
Соққылар астанадан бөлек Қандағар, Пактия және Нангархар провинцияларындағы нысандарға да жасалған.
Ауған тарапы шекарадағы ұрыстарда 55 пәкістандық әскеридің қаза тапқанын, 11-і жараланғанын және 19 блокпосттың басып алынғанын мәлімдеуде.
Пәкістан Қорғаныс министрі Хаваджа М. Асиф талибтерді террористерге қолдау көрсетті және Үндістанның мүддесі үшін жұмыс істеді деп айыптады.

👍26❤2🤔2
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Алдымыздағы наурыз айының 15‑күні елімізде конституциялық өзгерістерді қабылдау бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді деп күтілуде.
⬇Толық: https://abai.kz/post/212643
⬇Толық: https://abai.kz/post/212643
abai.kz
«Тең» және «қатар» ұғымы бір мағынаны білдіре ме?
🤡17🤣4💅1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼1956 жылы 25 ақпанда КОКП-ның жиырмасыншы съезінде Никита Хрущев «Жеке басқа табыну және оның салдары туралы» атты сөз сөйлеп, Иосиф Сталиннің жеке басына табынуды айыптады.
⬇Толық: https://abai.kz/post/212653
⬇Толық: https://abai.kz/post/212653
abai.kz
Ресейде қайтадан Сталинге табыну дәуірі басталды
👍11🤬2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Украина батыры, Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов «Al Modon» басылымына сұхбат беріп, майдандағы жағдай мен келіссөздер жайлы пікір білдіріпті.
▪РЕСЕЙ БІРНЕШЕ МЕМЛЕКЕТКЕ БӨЛІНУІ КЕРЕК!
▪РЕСЕЙ УКРАИНАНЫҢ БІРДЕ-БІР ОБЛЫСЫН ТОЛЫҚ БАСЫП АЛА АЛМАДЫ!
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7756
▪РЕСЕЙ БІРНЕШЕ МЕМЛЕКЕТКЕ БӨЛІНУІ КЕРЕК!
▪РЕСЕЙ УКРАИНАНЫҢ БІРДЕ-БІР ОБЛЫСЫН ТОЛЫҚ БАСЫП АЛА АЛМАДЫ!
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7756
mezgil.kz
Кирилл Буданов: Ресей бірнеше мемлекетке бөлінуі керек!
Украина батыры, Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов «Al Modon» басылымына сұхбат беріп, майдандағы жағдай мен келіссөздер жайлы пікір білдіріпті.<br />
<br />
<br />
👍43🔥3
Forwarded from Mezgil.kz
‼Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7757
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7757
mezgil.kz
Қазақстен мен Сербия президенттері Ақордада жолықты. Не талқылады?
Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды. Содан кейін Қазақстан мен Се
👍9🤔6👎2
Щучинскідегі жарылыс: 7 адам қаза тапты...
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Щучинск қаласында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 7-ге жетті.
Оның бесеуі оқиға орнында көз жұмса, тағы екі адам 2026 жылғы 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Жалпы 26 адам зардап шеккен.
Алғашында 15 адам ауруханаға жеткізілсе, қазіргі уақытта 13 науқас стационарда ем қабылдап жатыр. Тағы 6 адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емге жіберілген.

🙏16😱8❤2