Реза Пехлевидің Иран халқына үндеуі!
Қымбатты отандастарым,
Алдымызда шешуші сәттер күтіп тұр.
Америка Құрама Штаттары Президентінің ержүрек Иран халқына уәде еткен көмегі ақыры жетті. Бұл — гуманитарлық интервенция және оның нысанасы ұлы Иран елі мен ұлты емес, Ислам Республикасы, оның репрессиялық аппараты мен өлім себу машинасы.
Бірақ, осы көмекке қарамастан, түпкілікті жеңіс бәрібір біздікі болады. Дәл біз, Иран халқы, осы соңғы шайқаста басталған істі аяғына жеткіземіз. Көшелерге оралатын уақыт жақындап қалды.
Енді Ислам Республикасы құлап жатқанда, менің елдің әскерилеріне, құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік күштеріне айтар жолдауым анық:
Сендер Ислам Республикасы мен оның басшыларын емес, Иран мен Иран ұлтын қорғауға ант бердіңдер. Сендердің міндеттерің — репрессиялар мен қылмыстар арқылы Отанымызды кепілге алған режимді емес, халықты қорғау. Ұлтқа қосылыңдар және тұрақты әрі қауіпсіз өтпелі кезеңді қамтамасыз етуге көмектесіңдер. Олай істемесеңдер, Хаменеи мен оның режимінің қираған кемесімен бірге суға батасыңдар.
Ал менің Америка Құрама Штаттарының Президенті, Президент Трампқа айтар жолдауым мынадай:
Иранның асыл халқы осы режимнің қатыгез репрессиялары мен өлтірулеріне қарамастан, екі ай бойы ерлікпен қарсы тұрды. Енді мен сізден бейбіт тұрғындар мен менің отандастарымның өмірін сақтау үшін барынша сақтық танытуыңызды сұраймын. Иран халқы — сіздердің және еркін әлемнің табиғи одақтасы, ол Иранның қазіргі тарихындағы ең қиын кезеңде көрсеткен көмектеріңізді ұмытпайды.
Ал сіздерге, Ирандағы қымбатты отандастарым:
Осынау сын сағаттар мен күндерде біз бұрынғыдан да бетер басты мақсатымызға — Иранды өз бақылауымызға қайтаруға назар аударуымыз керек.
Сіздерден әзірге үйде қалып, сабырлық пен қауіпсіздікті сақтауды өтінемін. Қырағы болыңыз және мен сіздерге егжей-тегжейлі хабарлайтын қолайлы уақытта түпкілікті шараларды қабылдау үшін көшеге шығуға дайын болыңыз.
Менің әлеуметтік желілердегі және спутниктік байланыс арқылы тарайтын хабарламаларымды қадағалаңыздар. Интернет пен спутниктік байланыс үзілген жағдайда, мен сіздермен радио толқындары арқылы байланысқа шығамын.
Біз түпкілікті жеңіске өте жақынбыз. Мен Иранды бірге қайтарып, қайта қалпына келтіру үшін тезірек сіздермен бірге болғым келеді.

👍54🍌5❤1👏1🤔1🤡1👀1
💥Иран жауап соққыларын бастады. Отыз шақты зымыран Израиль аумағына қарай атылған…
🔥33🤣17🤮3
Usbanov ARNASY
💥Иран жауап соққыларын бастады. Отыз шақты зымыран Израиль аумағына қарай атылған…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Иран атқан зымырандарды Израильдің “Темір күмбезі” қағып түсірген…
👍40👎3
Иран БАӘ, Кувейт, Катар, Бахрейндегі АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасауда. Бахрейнде жарылыс болған.
😁18❤11🤣4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Иран Армиясы Бас штабы: АҚШ пен Израильге көмектескен кез келген елдің әскери базасы біздің заңды нысанымыз!
(Видеода Абу-Дабидегі жарылыс сәті)
(Видеода Абу-Дабидегі жарылыс сәті)
😁23💯14
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Иран Иордания мен Сауд Арабиясындағы әскери базаларға соққы жасауда…
(Видеода Бахрейндегі АҚШ базасына соққы тиген сәт)

👍21🤔7
💥АҚШ пен Израиль Теһеранды төмпештеуді жалғастыруда…
👍21😱14😁12👎3❤1
💥БАҚ: АҚШ пен Израиль соққыларынан Иранның бірнеше жоғары саяси басшысы мен Сақшылар корпусының шенділері қаза тапты!
👍44😱4❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥БАӘ: Иран шабуылына жауап беруге құқылымыз!
👍40👎5