Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.28K videos
7 files
2.93K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
ЖАУ ІШТЕН ШЫҒАДЫ…

Иранда Исмаил Кани деген адам бар. Сақшылар корпусының мықтыларының бірі еді. Ол – «Құдыс» күштерін басқарады. Кани бұл қызметке 2020 жылы Қасем Сүлейманидің орнына тағайындалған болатын.

ИСМАИЛ КАНИ КІМ?

АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан Иранның бірсыпыра әскери-саяси басшылары опат болды. Олардың ішінде Иранның Жоғарғы көсемі, Аятолла Әли Хеменей, Иранның қорғаныс министрі Әзиз Насирзаде секілді ірі калибрлы тұлғалар бар және көп. Сақшылар корпусының 50-ге тарта командирі (қолбасшылары) қаза тапты. Тірі қалған жалғыз адам — Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) қолбасшысы Исмаил Кани.

Бүгін сол Исмаил Кани ұсталып, тергеліп жатыр. Оған – «Израильдің пайдасына тыңшылық жасады» деген айып тағылуда.
Ең қызығы – Кани соңғы жылдары Израиль жасаған тағы бірнеше шабуылдан аман қалған. Бұл жағдай Каниді «Израиль агенті болуы мүмкін» деген күдікке іліндірген.

Шынында, Кани біраз жерден аман шығып еді. Қараңыз:

▪️2024 жылдың шілдесі: «ХАМАС» лидері Исмаил Ханияның көзін жою операциясының алдында Кани Ханиямен жолыққан. Хания Иран президенті Пезешкианның иннаугурациясынан соң, Теһеранда өлтірілді.

▪️2024 жылдың қыркүйегі: «Хезболла» көсемі Насралланың көзін жоярдың аз алдында Кани Насралламен жолыққан.

▪️2025 жылы маусым: Генерал Кани ИРСК штаб-пәтерінен шыққан бойда Израиль штаб-пәтерге соққы жасаған. Каний тірі қалған.

Осы жолы да әйтіп-бүйтіп Кани тірі шыққан. Иран БАҚ-тары: «Кани Хаменейдің резиденциясынан шыққаннан кейін 1 минуттан соң резиденцияға соққы жасалған», - деп шулауда.

МОССАД АЙЫПТАУЛАРДЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

Моссадтың мәлімдемесінде: «Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Исмаил Кани біздің тыңшымыз емес», — делінген.

Израиль барлау қызметі ирандық генералдың өз жағына өткені туралы бірнеше ай бойы айтылып келген қауесеттерді жоққа шығарғанына қарамастан, Иран Каниді ұстап, тергеуге алуда.

Канидің басқаруындағы құрылым соңғы жылдары өзінің ықпалын біршама жоғалтқанымен, оның тұлғасы әлі де маңызды деп саналады. Иран басшылығының аман қалған басқа өкілдері — олардың ішінде Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани мен Иран армиясының қолбасшысы Әмір Хатами бар — мемлекеттік арналарға сұхбат беріп, АҚШ пен Израильге қарсы айыптауларын батыл-батыл айтуда. Ал Аятолла өлгелі-бері Кани жұрт алдына мүлде шыққан жоқ.

Тұздық:

Қайсыбір жылы Иранның бұрынғы президенті Ахмадинижат:

«Израильмен күресуге арналған жасақ құрып, оны өте құпия еттік. Білікті адамды сол жасақтың басшысы етіп тағайындадық. Ол жасақ өте құпия жұмыспен айналысты. Сөйтсек сол жасақтың басшысының өзі Моссад агенті болып шықты», — деген.

Ал былтыр, 12 күндік соғыстан соң Ливанның сарапшысы Қасем Румолла:

«Израиль Иранның әскери қолбасшылары мен ядролық мамандарын қалай тауып алды? Алыстағы қыстаққа жасырынған мамандарды да тауып алып, соққы жасады. Қалайша? Барлау қызметінен бөлек, Ирандағы әр салада Израильдің тыңшылары бар. Олар кішкентай әскери бөлімшеден бастап биліктің биік эшелондарында отыр», — деген.

Қалай ойлайсыз, Кани сатқын ба?

Айтпақшы, Иран билігі Каниді жазадап, даоға асты деген де ақпарат бар. Бірақ, ол нақтылауды қажет ететін ақпарат…
👍28🤔6❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥АҚШ пен Израиль Теһеранды тоқтаусыз төмпештеуде…
👍36👎29❤1🔥1
Reuters: Катар Иранның соққыларынан кейін сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндірісін толығымен тоқтатты.

Катар — әлемдегі ең ірі СТГ өндірушісі.
👍24😱15❤1
💥 Ирактағы күрд күштері Иран аумағына құрлықтық шабуылын бастады!

Бұл туралы i24NEWS хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, мыңдаған күрд сарбазы шекарадан өтіп, Иран аумағының ішінде жауынгерлік позицияларды иелене бастаған. Таяу Шығыстағы жағдай ушығып барады.
🔥36👍17👎9🤔6😡5
❕ Әзірбайжан Иранмен шекараға әскер жинап жатыр!

Әзірбайжан армиясын жауынгерлік әзірлікке келтіріп, бөлімшелерді Иранмен шекаралас аймақтарға орналастырды. Бұл туралы OC Media хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, әскерилердің демалыстары тоқтатылып, шекарада дрондар мен төмен ұшатын нысандардан қорғау жүйелері іске қосылған.

Әзірбайжанның Иранмен ортақ шекарасы бар. Билік өкілдері әскердің шоғырлануы тек қорғаныс сипатында екенін және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын алға тартуда.
👍53❤5🤔5🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Иранның дроны Әзірбайжанның Нахчыванына түсті…
😱27🔥7🤣2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иранның Shahed-136 камикадзе-дроны Нахчыванға түскен сәттің тағы бір видеосы…
😱20🔥12🤔1😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Әзірбайжанның Нахчываны: Иран дроны әуежай маңына соққы жасаған…
🔥13👎10👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Әуедегі айқас

Иранның Як-130 ұшағын Израильдің F-35I истребительімен әуеде атып құлатқан сәті…
👍39👎13❤2🔥2😁1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұдайы тарихында Азаматтық қоғамға ұмтылумен келеді. Бастапқыда оны ұлтымыздың болмысына тән дәстүрлі дала демократиясы тетіктерін жаңғырту арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерін қолдануға үміт оты пайда болды.

Толық:
https://abai.kz/post/212990
🤣11👍3
Forwarded from Mezgil.kz
Соңғы күндері жағдай АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққысынан кейін тіпті шиеленісе түсті. Оған жауап ретінде Иран Таяу Шығыстағы, Парсы шығанағы елдеріндегі АҚШ пен Израильдің әскери нысандарына соққы берді. Жағдай ушығып тұр.

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ СОҒЫС: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰСТАНЫМЫ ҚАНДАЙ?
ҚАЗАҚСТАН ДИПЛОМАТИЯСЫНА КӨПВЕКТОРЛЫҚ ТА, МІНЕЗ ДЕ КЕРЕК!

Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7783
👍11🤡7❤2
Әзірбайжан Иранға соққымен жауап беруге дайын — СІМ қатаң мәлімдеме жасады!

Иранның Бакудегі елшісі Моджтаба Демирчилу шұғыл түрде Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Әзірбайжан түсініктеме беруді талап етіп, болған оқиғаны халықаралық нормаларды бұзу деп атады.

Баку жауап шараларын қолдану құқығын өзіне қалдыратынын мәлімдеді. Суретте — Нахшыван әуежайындағы дронның сынықтары.
❤20👍15😁4👎3
“Халық үні” тәуелсіз бақылаушылар тобы бүгін баспасөз жиынын өткізді. Қатарында саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, жазушылар бар топ, алдағы референдум шынайы өтсін деп отыр. Олар жер-жерден бақылаушыларды жинап, оқытып жатыр.

Алдағы үлкен науқанға мыңға жуық ұстанымына берік, әділ дауыс беруді және санауды құптайтын бақылаушыларды дайындасақ деп ниет етуде. Аяқтан шалу, кедергі жасау іспеттес құйтырқы әрекеттер бола қоймас деп үміттенуде.
👍28🤡11❤3
Украина ресейлік тұтқыннан 200 адамды қайтарды — Зеленский...

Оралғандардың арасында — Мариуполь, Донецк, Луганск, Харьков, Запорожье облыстарының қорғаушылары, Украина Қарулы Күштерінің, Мемлекеттік арнайы көлік қызметінің жауынгерлері, шекарашылар мен ұлттық ұлан сарбаздары бар.
👍65❤7
Forwarded from Erteńmedia
⚡️Исмаил Қаани феномені: Ирандағы тыңшылық триллерінің бас кейіпкері анықталды....

Иранның ең жұмбақ қолбасшысы Исмаил Қаанидің есімі тағы да әлем назарында.

Ислам революциясы сақшылары корпусының (IRGC) «Құдс» күштерінің жетекшісі соңғы екі жылда талай рет өлім аузынан аман қалғанымен ғана емес, қазір «Израильдің тыңшысы» деген күдікпен ұсталғаны, тіпті өлім жазасына кесілгені туралы сыбыс таралуымен де ерекшеленіп тұр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әлемжеліде тараған ақпаратқа сенсек, Қаани IRGC тарапынан тұтқынға алынып, тіпті дарға асылған. «Қаани Моссадтың адамы болуы мүмкін» деген болжамды бірқатар аккаунттар қызу талқылауда.

67 жастағы Исмаил Қаани 2020 жылдың қаңтарында Бағдатта америкалықтар өлтірген генерал Қасем Сүлейманидің орнын басқан еді. Содан бері Қаанидің айналасында адам өлімі жиіледі.


Соңғы екі жылда Ливан «Хезболласының» көсемі Хасан Насралла, ХАМАС-тың саяси жетекшісі Исмаил Хания, сондай-ақ көптеген ирандық жоғары лауазымды тұлғалар Израиль мен АҚШ-тың арнайы операциясы нәтижесінде ажал құшты. Сенбі күні жоғарғы рухани көшбасшы Аятолла Хаменеидің өзі де құрбан болды.

Ал осы операцияларды басқаратын Қаанидің әр жолы аман қалуы күдікті күшейтті. Кейбір деректерде оның қаза тапқандармен бірге бір жерде болғаны, алайда, соңғы сәтте ғана ғайып болып, ажалдан аман шыққаны айтылады.

2025 жылғы Иран-Израиль қақтығысында да Қаанидің қаза болғаны хабарланып, бірақ көп ұзамай Тегерандағы шаралардың бірінде бейсбол қалпағын киіп, азаматтық киіммен жүрген жерінен көрінді. Осыған ұқсас жағдай 2024 жылдың қазанында да қайталанып, ол өлді деген ақпараттардан кейін көк жәшіктен қайта шықты.

Аймақтағы ақпарат көздерінің мәліметінше, Израиль «Хезболла» басшылығын жаппай жойғаннан кейін, Иран арнайы тергеу бастады. Сол кезде Қаани мен оның командасы қатаң бақылауға алынып, оқшауланғаны айтылған болатын.

Израиль барлау қызметі Таяу Шығыстағы Иранмен байланысты тұлғалардың арнайы «қара тізімін» жасап, «жою операциясын» жүргізген. Өткен аптада Израиль осы «қара тізімнің» толық орындалғанын жариялады. Бірақ, таң қаларлығы Қаанидің есімі аталған тізімде болмаған.


Осы жұмбақтың астарында не жатыр? Қаани шынымен Израильдің барлау қызметіне жұмыс істеген бе, әлде жай ғана аман қалудың шебері ме? Иран басшылығындағы қазіргі хаос оның тағдырын одан сайын күңгірттендіріп тұр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18❤6
Ресейде тағы бір генерал тұтқындалды: Ол - Сергей Шойгудың кезінде вице-министр болған Руслан Цаликов.

Оған жемқорлық бойынша айып тағылуда...
😁34🤣15👍5🤔1