Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.28K videos
7 files
2.93K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Трамп БҰҰ Бас мінберінен не деді?

- Украина мен Ресей арасындағы соғыс жылдам аяқталуы мүмкін. Біз сол үшін жұмыс жасап жатырмыз, - деді (бірақ соғыстық аяқталуы мерзімін атамады).

- Жердің батыс бөлігіндегі АҚШ мүддесіне зиянын тигізетіндерге әскери күш көрсетуге дайынбыз, - деді.

- Ресей және Украина басшыларымен соғысты аяқтау бойынша келіссөз жүргізудеміз, - деді.

- АҚШ қазір бұрын-соңды болмаған деңгейде мықты елге айналды. Әлемдегі, планетадағы ең мықты ел болдық, - деді.

- Біз Иранға бірнеше мәрте ұсыныс жасадық. Олар бас тартты. Енді біз Иранға ешқашан ядролық қаруға ие болуына жол бермейміз, - деді.

- Әлбетте, қарашада аралық сайлау өткен соң АҚШ Иранмен түпкілікті келісімге келеді деп сенемін, - деді.

- Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы жақын арада Иранмен соғысқа дейінгі шегіне түседі, - деді.
👍16🤡12❤4🖕4👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп Украина қақтығысы туралы:

- Украинадағы соғыс әлем күткеннен де, болжағаннан да ерте аяқталады, - деді.
🤡35
БАС АЛАҢ

БҰҰ Бас хатшысының баспасөзі хабарлағандай, 81-ші сессия апталығында ұзын-ырғасы 71 мемлекет басшысы, 45 үкімет басшысы, 50 министр, 11 вице-президент және 1 ханзада сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Барлығы 166 іс-шара өтеді деп жоспарланған. Ал мемлекеттерден екіжақты кездесу өткізуге ұзын-ырғасы 1553 өтінім түскен.
🤔15❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БҰҰ алаңы. Трамп Кубаны іреп-сойып: “Бұл өзі болмағыр, толмағыр ел”. Тәртіпті біз орнатамыз, жақында. Рубио соған мықтап кірісті, - деп жатқанда, Кубаның өкілдері залдан шығып кетті…
😁37🤡8👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БҰҰ алаңы: Ердоған екпіндеп тұрып Израильді айыптады. Газадағы жағдайды “адам төзгісіз концлагер” деп атады. Солтүстік Кипр Түрік мемлекетін мойындауға шақырды…

Ал Ердоған сөйлегенде Израиль делегациясы залдан шығып кетті…
👍48🤣13❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ердоған Украинаны БҰҰ мінберінен қолдады. Соғыстың тезірек аяқталуын тілеп, Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын айтты!
👍80❤6
БҰҰ алаңы: Жапаров БҰҰ-ны реформалау бойынша ұсыныстар айтты. Қауіпсіздік Кеңесіне Африка құрлығына 2, Латын Америкасына 1 тұрақты мандат беруді ұсынды. Санкция салу құқын тек БҰҰ-ға беруді және БҰҰ резолюцияларының орындалуын қадағалау мезанизмін жасауды айтты. “Кейбір күштілер өздерінен әлсіздерге әлімжеттік жасауда”, - деп сөйледі.
👍31🤔15🖕6❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тап қазір Трамп пен Зеленский кездесуі басталмақ…
👍52🤔1
Трамп пен Зеленский кездесуі басталды…

- Бұл соғыс дизель бағасына әсер етті. Біз бұны талқылаймыз, - деді Трамп.

- Соғыс қысқа дейін аяқталады және президент Трамп бұған көмектеседі деп сенемін, - деді Зеленский.

- Тараптар жер мәселесінде келісімге келеді. Бірақ қандай келісім екенін әзірге айта алмаймыз, - деді Трамп.

- Біз Patriot өндірісі жайлы сөйлесеміз. Өте мықты өндіріс, қолдарынан келеді, - деді Трамп.

- Мен Зеленскиймен жақсымын. Ол соғысты тоқтатқысы келеді, - деді Трамп.
👍35🤔6❤3
БҰҰ алаңы. Литва президенті Науседа сөз сөйледі. “Украина әлі қасқайып, басқыншыға қарсы тұруда. Тілін сақтады, егемендігін сақтады. Ұлттық бірегейлігін сақтады. Ал Ресей осы уақыт ішінде аз-мұз жерді алғанына мәз. Бұл соғыста Ресей әзірдің өзінде жеңіліс тапты”, - деді.
👍65💯24
Трамп:

- Біз Путинмен Аляскіде жолықтық. Тағы бір сондай кездесу өткізуіміз мүмкін, - деді.
🤔28🤡11
Трамп пен Зеленский кездесуі аяқталды. Тараптар 40 минут сөйлесті…

Зеленский бұл жайлы бүйдеді:

- Украина энергетикалық бітімге дайын. Ол үшін Ресей де соған келісуі керек, - деді.

- Біз Ресей МӨЗ-дерін соққылаудамыз. Бұл біздің күшті жағымыз. Олар да бізді соққылауда. Біз әлсіз емеспіз, - деді.

- Трамп Украинаға зымыран өндірісін беру мәселесінде оң көзқараста, - деді.

- Путинмен бетпе-бет жолығуға дайынмын. Тек ол дайын болса, - деді.

- Ертең Трамп Си мырзамен жолығады. Бейбіт келіссөзге Қытайды да қосу керек, - деді.

- Біз Ресейдің көмекшісі емеспіз. Дизель қымбаттады ма, Ресей бірінші тоқтасын. Біз де сонда соққыламаймыз. Уәдемізде тұра аламыз. Ойын ойнамаймыз, - деді.
👍65
Usbanov ARNASY
Трамп пен Зеленский кездесуі аяқталды. Тараптар 40 минут сөйлесті… Зеленский бұл жайлы бүйдеді: - Украина энергетикалық бітімге дайын. Ол үшін Ресей де соған келісуі керек, - деді. - Біз Ресей МӨЗ-дерін соққылаудамыз. Бұл біздің күшті жағымыз. Олар да бізді…
Зеленский:

- Путин ертең сайлаудар соң Украинаны тағы шабуылдайды. Ол үш жақты да, екі жақты да келіссөзге даяр емес. Тіпті, соғысты аяқтау туралы ойы да жоқ. Егер Путин соғысты тоқтатуға еш әрекет жасамайтын болса, “тозақ санкцияларын” қолдану керек, - деді.
👍70
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Думанды бастаған
Далама қарашы...

Толық:
https://abai.kz/post/223146
❤21👍13
Forwarded from Mezgil.kz
‼Американың үшінші президенті болған Томас Жефорсынның бір тамаша сөзі бар: «Жиырмадағы жігітке 12 жасындағы бешпетін кигізуге болмайды», - дейді. Сол секілді мемлекеттің үлкен саясатында жүйенің, саяси бағыттың өзгеруі – табиғи нәрсе. Ол тірі организмнің кезең-кезеңдегі қажеттілігінің өзгеруі секілді құбылыс.

▪КОМПАРТИЯ БИЛІКТІ ҰСТАП ТҰРҒАН ЕЛДЕР ҚАЙСЫ?
▪ӨМІРДЕ БАР, БИЛІКТЕ ЖОҚ КОМПАРТИЯ ҚАЙ ЕЛДЕРДЕ?
▪КОМПАРТИЯҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЕЛДЕР ҚАЙСЫ?
▪ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЙ КОМПАРТИЯҒА ҚОШ АЙТТЫ?
▪РЕСЕЙ – КОМПАРТИЯ ЖАЛҒЫЗ БАЛАМА КҮШ!
▪КСРО-ҒА ДЕГЕН САҒЫНЫШТЫҢ СИМВОЛЫ!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=8978
👍10❤5
Трамп БҰҰ-дағы бас алаңнан әлемге үндеу жасады: Халықаралық қылмыстық сотқа мүше елдерді тез арада ХҚС құрамынан шығуға шақырды...
👎35😁2👍1
Аш-Шараа: Сирияға шетелдік әскери базалардың керегі жоқ!

Сирия аумағындағы кез келген шетелдік әскери контингент парламент мақұлдаған заңды негізге ие болуы тиіс, ал жақын болашақта Сирияға шетелдік әскери базалардың қажеті жоқ. Бұл туралы ел президенті Аш-Шараа Нью-Йорктегі Atlantic Council ұйымдастырған сарапшылар кездесуінде мәлімдеді.

Мәскеумен өзара іс-қимылға тоқтала отырган Аш-Шараа екіжақты диалог нәтижесінде тараптар ресейлік әскери нысандардың санын екі базаға дейін қысқарту туралы келісімге келгенін атап өтті. Президент бұл қалып қойған пункттердің сириялық әскери қызметкерлерді даярлайтын жаттығу орталықтарына айналатынын нақтылады.
👍38❤2🥰1
Президент Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.
😁21👍7🤮7💩1