Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.28K videos
7 files
2.93K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
‼️Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия құрылды.

Комиссия құрамында:

▪️ Аида Балаева – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;
▪️ Әлихан Смайылов – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
▪️ Ержан Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
▪️ Жанат Элиманов – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
▪️ Мұрат Баймұқашев – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;
▪️ Мәди Тәкиев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
▪️ Жандос Өмірәлиев – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;
▪️ Әли Алтынбаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;
▪️ Азамат Әмрин – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі бар.

Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндалмақ!
🤮16👍10❤1🔥1🖕1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Майдандағы ахуал: Украина Ресейдің тағы бір өтірігін терістеді...

Әйдік "Азов" полкі "Добропольені басып алдық" деген ресейлік ақпаратты жоққа шығарды.

Ресей Қорғаныс министрлігі "Донецк облысындағы Доброполье қаласын басып алдық" деп мәлімдеген еді.

Украинаның1-ші "Азов" корпусы бұл мәлімдемені жоққа шығарды.
👍46🔥9
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп Украинадағы соғыс туралы:

- Зеленский де келісіп отыр, Путин де кетәрі емес. Түптің-түбі бір бітімнің болатыны анық. Сол енді тым ұзаққа созылмай, осы суық қысқа дейін болады деп үміттенемін, - деді.
👍32🤡17🌭5❤1🔥1💩1😈1
Президент Жарлығы:

ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылды…
👍65❤2🔥2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды

🔹Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

🔹Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);

Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);

Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);

Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13👎6❤3💩1
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
👍27🤮9❤3💩1
Forwarded from Mezgil.kz
Путин “Өлі қолды” тірілтуге пәрмен берді.

Тау шатқалында жасырынған алып бункер. Көлемі бірнеше шақырым. Осы нысан арқылы ядролық соғыс бастала ма?

Мәскеу бұрғылау қондырғылары мен сүзгілерді сатып алып, жасырын қандай нысан салуда?

“Өлі қол” жайлы өзгелер не дейді? Путин не дейді? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9009
🤯15🔥5🤔2❤1😁1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Жаңа технология, кадрлық трансформация және сарбаз өмірінің құны...

⬇Толық:
https://abai.kz/post/223401
🤔9🤡2
👍16❤2
Ясминаның «ұрланған» алтыны: Жауаптылар неге үнсіз?

Азия ойындарында спорттық жүрістен топ жарып, құрама қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салған қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның алтыны жойылды...

Жарыс аяқталған соң, қарсылас тараптың түсірген шағымына байланысты Ұйымдастыру комитеті қазақстандық спортшының аяқ киімін арнайы тексерістен өткізген. Нәтижесінде, Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының ресми сайтында Ясмина Тоқсанбаеваның көрсеткіші жойылып (дисквалификация), алтын жүлдесінен айырылды.

Ішің ашиды. Болмайтын жауапсыздықтан спортшының сонша төкен тері, жеткен жетістігі, жасаған тарихы еш кетіп отыр.

Аслан Қаженов бауырымыздың мына жазбасына алып-қосарымыз жоқ:

Ясмина Тоқсанбаева алтынынан айырылды. Болмайтын қателіктен. Жарыс алаңына киетін аяқ киімді дұрыс таңдамапты. Негізі бұл спортта тыйым салынған препарат қолданып, допингке іліксе немесе спорттық жүру ережесін бұзып, жүгіріп кетсе дисквал берілетін. О, баста осыдан қорыққанмын. Жоқ. Мұнда басқа сыймайтын олқылық. Кішкентай баланың қателігі.

Біріншіден, жеңіл атлетика федерациясы неге осыны ескермеген және неге тиісті аяқ киіммен қамтымаған?

Екіншіден, жауапты мамандар проблема туындағанда жедел араласып, неге тиісті деңгейде шешіп тастамады? Халықаралық қатынастар қайда? Қолдау қайда? Қорғау қайда?

Негізі қазақ қызы таза жүгіріп өтті. Айқын басымдықпен жеңді. Бірақ, қолда бар алтыннан айырылып отыр. Қысқасы, жауап беріңдер! Осындайда қырылмасаң, осындайда қоштамасаңдар, осындайда бірікпесең, мың қырық бір болып жүргеніңнен не қайыр?!
👍56❤5
Сербия президенті отставкаға кетті!

Сербия президенті Александр Вучич өкілеттік мерзімі аяқталуына бірнеше ай қалғанда ресми түрде қызметінен кетті.

Ол 27 қыркүйекте жасаған мәлімдемесінде халыққа алғысын білдірді:

«Маған екі мәрте сенім артқан барша азаматтарға шексіз алғысымды айтамын. Бүгін – менің қызметімнен кететін күнім», – деді Вучич.

Елде жаңа мемлекет басшысы сайланғанға дейін президенттің міндетін уақытша Сербия парламентінің спикері Ана Брнабич атқаратын болады.

Жаңа президентті сайлау осы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланып отыр.
👍25❤2
ЛИМАН ШАЙҚАСЫ: ҚОРШАУДАҒЫ БАСҚЫНШЫЛАР ҚОЛҒА ТҮСТІ!

Ресей Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Лиман түбіндегі қоршаудан шығып үлгермей, тұтқынға түсті.

Үшінші армиялық корпус Новое, Редкодуб және Катериновка елді мекендерін босатып, сондай-ақ Карповка мен Новомихайловкаға қайта бақылау орнатты.

Қарсыластың шығыны – 2000-ға жуық әскери қызметші, 250-ден астамы тұтқынға алынды.

Жалпы алғанда, 51 км² аумақ, ал шабуыл басталғалы бері 176 км² жер қайтарылды.

Ресейліктер негізгі соққы Шандриголово – Зеленая Долина бағытында болады деп күткен еді, алайда басты соққы Новое елді мекеніне берілді.
👍72❤6😁2
ЛИМАН УКРАИНА БАҚЫЛАУЫНДА!

Украина Қарулы Күштері Лиман қаласын, сондай-ақ оның оңтүстік-шығысындағы барлық қала маңайын толықтай өз бақылауына қайтарды.

Ресей армиясы Жеребец өзенінің арғы бетіне ысырылды.

Украина Қарулы Күштері Диброва мен Озерное елді мекендерін босатып, Ямпольде плацдарм орнатты. Заречное және Торское елді мекендері үшін ұрыс басталды.
👍76❤5
«Біз үшін өліп пе?»: Шымкент тұрғыны қамауға алынды

Аза тұту күніне байланысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері TikTok желісіндегі тікелей эфирді анықтады. Трансляция кезінде Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Нұрахмет Бердібай көрерменнің аза тұту күніне қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамды айқын сыйламаушылықты білдіретін және қоғамдық тәртіпті бұзатын сөздер айтқан. Эфирге сондай-ақ 22 жастағы Әбзал Мүсірманқұл мен Бақдәулет Мұстафа да қатысқан. Сот шешімімен Нұрахмет Бердібай 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», – деп хабарлайды дүйсенбі күні Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Шымкент тұрғыны жалпыұлттық аза тұту күніндегі өзін-өзі ұстауына қатысты қойылған сұрақтардың біріне: «Аза тұту күні? Байғұстар біз үшін өліп пе еді?», – деп жауап беріп, сөзінің соңын балағат сөздермен аяқтаған болатын.
👍36❤5😁3🤣1🍾1
Forwarded from Mezgil.kz
‼АҚШ араға түсіп, қос тарапты қыспаққа алуға тырысқанымен, майдан шебіндегі ұрыс қимылдары бәр сәтке де тоқтаған жоқ.

▪СОҒЫС ХРОНИКАЛАРЫ: УКРАИНАНЫҢ ТАРИХИ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
▪БИЛЕЦКИЙДІҢ БАСЫНА ТІГІЛГЕН БӘЙГЕ
▪«ВИВАЛЬДИ» ОПЕРАЦИЯСЫ: ЛИМАН УКРАИНА БАҚЫЛАУЫНА ӨТТІ!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9011
👍35
Ресей Украина Дрон әскерінің қолбасшысы Роберт Бровдиді туралы ақпарат үшін 20 миллион доллар бәйге жариялапты...

The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, бұл сыйақы туралы ақпарат посткеңестік қылмыстық желілер арқылы таратылып жатыр.

Бровдидің өзі қазіргі уақытта құпияландырылған бункерде орналасқан.
😁49❤6🖕3🙏1
Ресей бүгін Киевті тағы соққылады. Зардап шеккен - Украина ғылым академиясы…

Зеленский: “Бұл соққының жауабын көп күттірмейміз”, - деді.
🔥30🤬24👍7
Қазақ әскеріне қандай жаңару керек?

Әуелі ақпараттан бастайық: Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды!


– Жақында Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратымен өткен жиында әскери салада атқарылатын басым міндеттерді айқындадым. Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған. Сонымен қатар қолбасшылық жүйесін халықаралық үздік тәжірибеге сай қайта құру керек. Кешенді тәсіл қолдану қажет. Ал ол үшін бағыт-бағдарымыз анық болғаны жөн. Бұл дүниетанымы кең, сауатты офицерлердің ғана қолынан келеді. Реформаның мақсаты – жаңа үлгідегі әскер жасақтау, – деді Мемлекет басшысы.

Соңғы бес жылда 270 сарбаздың қаза табуы — бұл жай ғана статистика емес, жалпы ұлттық қасірет. Осы оқиғалардан кейін қорғаныс саласындағы басшылықтың ауысуы тек кадрлық ауыс-түйіс емес, тұтас әскери доктрина мен армияның ішкі философиясын қайта қарауға себеп болуы тиіс.

Мәселенің барша түп төркіні заманауи соғыс формасының өзгеруінде де, әскерді басқарудың адами және техникалық тәсілдерінде де жатыр.

Қазақстанға Құрлық, Әуе және Теңіз күштерінен бөлек, Дрондар әскерін жеке әскери құрылым ретінде қалыптастыру қажет. Бұл құрылым тек дрон сатып алумен шектелмей, отандық өндірісті дамытуды, радиоэлектронды күресті (РЭК) күшейтуді, роботты платформаларды енгізуді және мыңдаған кәсіби операторларды даярлауды қамтуы тиіс.

Жаңа технологиялар биылғы өзекті тәсілді келесі жылы жарамсыз етеді. Сол себепті, Украина мен НАТО тәжірибесіндегідей (JATEC сияқты), әрбір әскери жаттығудан кейін қателіктерді сараптап, заманауи соғыс тактикасын жүйелі түрде енгізіп отыратын аналитикалық орталықтар қажет.

Әскери кадрларды даярлаудағы «адам материалы» ретінде қарау тәсілінен арылумыз керек. Сарбаз өмірін құнсыз санайтын жүйеден бас тартып, Батыс армияларындағыдай әрбір офицер мен сарбаздың өмірі мен қауіпсіздігін бірінші орынға қою — бас басты шарт.

Батыстың үздік академияларын (West Point, Bundeswehr Command and Staff College, т.б.) бітіріп келген жергілікті мамандардың әлеуеті әлі күнге дейін дұрыс пайдаланылмай келеді. Оларға аудармашы емес, стратегиялық шешім қабылдайтын орындар берілуі тиіс. Әскерге жаңа көзқарас, «жаңа қан» және жас реформаторлар ауадай қажет.

Бізге бүгін бізге керегі: Толық цифрландыру + Батыстық/заманауи білімі бар жас кадрлар + ЖИ мен дрондарға негізделген жаңа әскери доктрина. Мемлекеттің тірегі саналатын әскердегі жауапкершілік сөз жүзінде емес, іс жүзінде бірінші орынға шығуға тиіс.

Нұргелді Әбдіғаниұлы
💯37❤10👎1🤡1