Қазақ әскеріне қандай жаңару керек?
Әуелі ақпараттан бастайық: Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды!
– Жақында Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратымен өткен жиында әскери салада атқарылатын басым міндеттерді айқындадым. Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған. Сонымен қатар қолбасшылық жүйесін халықаралық үздік тәжірибеге сай қайта құру керек. Кешенді тәсіл қолдану қажет. Ал ол үшін бағыт-бағдарымыз анық болғаны жөн. Бұл дүниетанымы кең, сауатты офицерлердің ғана қолынан келеді. Реформаның мақсаты – жаңа үлгідегі әскер жасақтау, – деді Мемлекет басшысы.
Соңғы бес жылда 270 сарбаздың қаза табуы — бұл жай ғана статистика емес, жалпы ұлттық қасірет. Осы оқиғалардан кейін қорғаныс саласындағы басшылықтың ауысуы тек кадрлық ауыс-түйіс емес, тұтас әскери доктрина мен армияның ішкі философиясын қайта қарауға себеп болуы тиіс.
Мәселенің барша түп төркіні заманауи соғыс формасының өзгеруінде де, әскерді басқарудың адами және техникалық тәсілдерінде де жатыр.
Қазақстанға Құрлық, Әуе және Теңіз күштерінен бөлек, Дрондар әскерін жеке әскери құрылым ретінде қалыптастыру қажет. Бұл құрылым тек дрон сатып алумен шектелмей, отандық өндірісті дамытуды, радиоэлектронды күресті (РЭК) күшейтуді, роботты платформаларды енгізуді және мыңдаған кәсіби операторларды даярлауды қамтуы тиіс.
Жаңа технологиялар биылғы өзекті тәсілді келесі жылы жарамсыз етеді. Сол себепті, Украина мен НАТО тәжірибесіндегідей (JATEC сияқты), әрбір әскери жаттығудан кейін қателіктерді сараптап, заманауи соғыс тактикасын жүйелі түрде енгізіп отыратын аналитикалық орталықтар қажет.
Әскери кадрларды даярлаудағы «адам материалы» ретінде қарау тәсілінен арылумыз керек. Сарбаз өмірін құнсыз санайтын жүйеден бас тартып, Батыс армияларындағыдай әрбір офицер мен сарбаздың өмірі мен қауіпсіздігін бірінші орынға қою — бас басты шарт.
Батыстың үздік академияларын (West Point, Bundeswehr Command and Staff College, т.б.) бітіріп келген жергілікті мамандардың әлеуеті әлі күнге дейін дұрыс пайдаланылмай келеді. Оларға аудармашы емес, стратегиялық шешім қабылдайтын орындар берілуі тиіс. Әскерге жаңа көзқарас, «жаңа қан» және жас реформаторлар ауадай қажет.
Бізге бүгін бізге керегі: Толық цифрландыру + Батыстық/заманауи білімі бар жас кадрлар + ЖИ мен дрондарға негізделген жаңа әскери доктрина. Мемлекеттің тірегі саналатын әскердегі жауапкершілік сөз жүзінде емес, іс жүзінде бірінші орынға шығуға тиіс.
Нұргелді Әбдіғаниұлы

💯36❤10👎1🤡1
СААКАШВИЛИ СӨЙЛЕДІ, СӨЙЛЕГЕНДЕ БҮЙДЕДІ:
Саакашвили украиналық ұшқыштардың грузин тұрғындарын ресейлік содырлардың қырғынынан қалай құтқарғанын еске алып, сөйледі...
Сот залында Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Абхазиядағы соғыс кезінде - 1993 жылғы 27 қыркүйекте орын алған Сухумидің құлауы жайлы еске алды. Сол тұста Ресейдің қолдауына сүйенген содырлар қаланы басып алған болатын.
Сол шайқаста Сухуми қаласының құлауы - ондағы бейбіт гүржі халқын жаппай қырғынға ұшыратып, арты этникалық тазалауға ұласты. Жүздеген мың тұрғын биік таулы Сван жотасы арқылы қашуға мәжбүр болды. Грузияға қол ұшын созған жалғыз ел – Украина еді. Украиналық тікұшақ ұшқыштары абхаз-орыс күштерінің тоқтаусыз атқылауына қарамастан, Абхазияның таулы аңғарларына 300-ге жуық ұшу миссиясын жүзеге асырған.
«Украинадан басқа әлемдегі бірде-бір ел көмектескен жоқ. Украиналық ұшқыштар оққа бастарын байлай жүріп Абхазияның таулы аңғарларынан мыңдаған адамды, аналар мен балаларды құтқарды. Украиналық кемелер де толассыз оқтың арасында жүріп, ондаған мың адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Грузиндер өзіне украиналықтардан жақын бауыр жоқ екенін жақсы біледі. Бірақ бұл бауырластықты қазір Грузияның ресейшіл билігі шайқалтуға тырысып бағуда. Бүкіл халқымыздың атынан сіздерге тағы да алғыс айтамын, украиналықтар! Сондай-ақ сіздерге рақмет айтып, Слава Украине! дегім келеді», – деді Саакашвили.

👍88❤8👏7
❗️Зеленский: Іс жүзінде ресейліктер мобилизацияны бастап кетті!
Бұл туралы Украина президенті әскери барлаудың баяндамасынан кейінгі кешкі үндеуінде айтты.
«Олар түрлі әдістермен тартатын адамдар санын көбейтіп жатыр. Шетелдіктерді де көбірек тартуды жоспарлауда. Сондай-ақ Ресейге Солтүстік Корея әскерилерінің тартылуы туралы жаңа мәліметтер бар. Қазіргі уақытта Ресей территориясында 8 мыңнан астам солтүстіккореялық әскери орналасқан. Сонымен қатар тағы 10 мың адамдық контингентті орналастыру дайындалып жатыр», - деді Зеленский.

👍39🤔4❤1👎1
Әскери реформа!
Күні кеше ғана Қазақстанға әскери реформа керек екенін, қазақ әскері заман талабына сай жаңаруы тиіс екенін айтқан едік. Бүгін бұл мәселенің қоғамдағы қолдауын көрсететін жаңа дерек бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияны реформалау жоспарын әзірлеуді тапсырды. Ал сауалнама қазақстандықтардың басым бөлігі бұл шешімді қолдайтынын көрсетті.
Қазақ әскеріне қандай жаңару керек? Әуелі ақпараттан бастайық.
Мемлекет басшысы армияның қазіргі жағдайына нақты баға берді. Оның айтуынша, «біздің армия өткен ғасырда қалып қойған». Сондықтан қолбасшылық жүйесін халықаралық үздік тәжірибеге сай қайта құрып, жаңа үлгідегі әскер жасақтау қажет. Бұл ретте заманауи соғыс тәсілдері мен жаңа технологияларды ескеру, әскери басқару жүйесін жетілдіру де маңызды.
Енді қоғамның пікіріне көз жүгіртейік. Қазақстандықтар әскери реформаны қолдай ма? Қоғам әскерде нақты қандай өзгеріс күтеді?
Бұл сұраққа «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізген сауалнама жауап береді. 28-29 қыркүйекте жүргізілген зерттеуге 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1000 респондент қатысқан.
Нәтиже көрсеткендей, қоғамның басым бөлігі армияны реформалау бастамасын қолдайды. Респонденттердің 85,7 пайызы Президенттің Қарулы Күштерді реформалау туралы шешімін толық немесе ішінара қолдаған. Ал Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру туралы шешімді 85,2 пайызы қолдайтынын білдірген.
Бірақ қоғам үшін мәселе тек «реформа керек» дегенмен аяқталмайды. Ең маңыздысы – әскерде нақты не өзгеруі керек?
Сауалнамаға қатысқандардың 47,4 пайызы Қорғаныс министрлігінің ашықтығы мен есептілігін арттыруды атаған. 34,3 пайызы командалық құрамды жаңарту және оның кәсіби деңгейін көтеруді, 29,4 пайызы қорғаныс саласындағы жемқорлықпен күресті күшейтуді ұсынған.
Сарбаздың қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайы да қоғам назарында. Респонденттердің 25,3 пайызы осы бағытты маңызды деп санайды. Ал 20,7 пайызы қару-жарақ пен әскери техниканы жаңартуды, 20,4 пайызы жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізуді, 19,2 пайызы жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығу деңгейін көтеруді атаған.
Бұл көрсеткіштердің әрқайсысы қоғамның әскерге деген талабын аңғартады. Бір жағынан, армия технологиялық тұрғыда жаңаруы керек. Дрондар, цифрлық жүйелер, заманауи байланыс құралдары мен жаңа әскери технологиялар бүгінде соғыс сипатын өзгертіп отыр. Екінші жағынан, кез келген технологияны басқаратын кәсіби маман мен дұрыс ұйымдастырылған басқару жүйесі қажет.
Әскери кадр мәселесі де осы жерде маңызды. Командалық құрамның кәсіби деңгейін көтеру туралы ұсыныстың екінші орынға шығуы қоғамның әскердегі басқару сапасына да мән беретінін көрсетеді. Яғни реформа тек техника сатып алумен шектелмеуі тиіс.
Ал сарбаздың қауіпсіздігі – бөлек мәселе. Әскердегі кез келген өзгерістің түпкі мәні әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығын қорғауға келіп тіреледі. Сондықтан әскери тәртіп, бақылау, оқу-жаттығу қауіпсіздігі және қызмет жағдайы реформаның маңызды бөлігі болуы керек.
Демек, қоғамның сұранысы анық. Қазақстанға жай ғана жаңа қару-жарақ емес, заманауи басқару жүйесі, кәсіби кадр, ашықтық, технология және қауіпсіз әскери қызмет қажет.
Әскерді реформалау қажеттігі қазір талас тудыратын мәселе емес. Ең басты сұрақ – осы өзгерістердің нақты қалай жүзеге асатынында. Себебі реформаның нәтижесі құжатта емес, армияның күнделікті өмірінде көрінуі керек.

👍20❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейдің Амур облысында Ту-154 әскери ұшағы құлады. 6 адамның қаза тапқаны айтылады…
❤25👍21
Әлеуметтік төлемдер жайлы аз-кем сөз: 2027 жылдан бастап не өзгереді?
Әлеуметтік желілерде гу-гу әңгіме көп. Әлдекімдер: "2027 жылдан бастап бала тууға берілетін жәрдемақы, бала күтіміне арналған төлемдер, басқа да мемлекеттік көмектер берілмейтін бопты", - деп жаман ақпарат таратуда. Мұны қазақ "жамандық шақыру" дейді...
Бұл қып-қызыл өтірік, жалған сөз! Анығы - әлеуметтік төлемдер жойылмайды, тек оларды тағайындау тәсілі өзгереді! Құзырлы органдар сөйдеді.
Ал енді сонда не өзгереді деген сұрақтың туары сөзсіз. Қараңыз, бүйдейді:
Ең әуелі - 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік қолдау жүйесін атаулы көмек түріне көшіру басталады. Бастапқыда бұл өзгеріс мемлекеттік қолдаудың 39 түрінің 14-іне ғана қатысты болады.
Бұл – кейбір төлемдерді тағайындаған кезде тек формальды құқық қана емес, сонымен қатар отбасының нақты материалдық жағдайы да ескеріледі деген сөз. Мемлекеттік көмек ең алдымен шынайы мұқтаж жандарға берілуі әділдік. Қарапайым тілмен айтқанда, көмек берілмес бұрын, отбасының материалдық жағдайы шынайы тексеріліп, шын мұқтарждарға ғана берілетін болады.
Ал енді кімдер мемлекеттік пұлдан қағылуы мүмкін? Әлбетте, табысы жоғарылар.
Дегенмен, бұл барлық әлеуметтік төлемдерге қатысты емес. Отбасының материалдық жағдайы кешенді түрде бағаланады – барлығы 70 әлеуметтік-экономикалық параметр есепке алынады.
Мысалы: Біреудің бір пәтері немесе ипотекадағы баспанасы бар делік. Бұл әлгі отбасыны автоматты түрде ауқаттылар қатарына жатқызбайды.
Ал енді бала тууға берілетін жәрдемақы тоқтатыла ма?
Бұл ақпарат та шындыққа сәйкес келмейді!
Бүгінгі таңда балалы отбасыларды қолдау жүйесі бірнеше төлемді қамтиды. Атап айтқанда:
* Бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақы;
* Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын тұлғаларға арналған бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы;
* Осы жүйенің қатысушыларына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер.
Сондықтан 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала тууға берілетін жәрдемақы жай ғана «жойылып кетеді» деген қате. Өзгерістер тек жекелеген қолдау шараларын беру тәртібіне қатысты.
Әйел ресми түрде жұмыс істемесе не болады?
Ресми жұмыстың болмауы әйелдің немесе отбасының мемлекеттік қолдаусыз қалатынын білдірмейді. Әрбір жағдайда нақты төлемді тағайындау шарттары, ал мұқтаждықты ескеретін көмек түрлері бойынша отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жеке есепке алынады.
Сондықтан, алашапқын болудың жөні жоқ. Көмек - шынайы мұқтаждарға берілуі керек!

👍15❤3
Калининград дауы: Ресей тағы да ядролық қаруымен қорқытты...
Егер НАТО тарапынан Ресей аумағына қарсы әскери әрекеттер жасалса, Мәскеу ядролық қару қолдануы мүмкін. Мұны айтқан Ресейдің Ұлыбританиядағы елшілігі.
Осының алдында "The i Paper" басылымы: "НАТО елдері Ресейдің Калининградын мойындамау сценарийін талқылады", - деп жазған болатын.
Калининградты Ресейден біржола оқшаулау нұсқасын НАТО әскерилері "Ресей тарапынан болатын агрессияға қарсы" жорамал жауап ретінде қарастырған.

😁25👍12🤔4🖕3❤1👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қызық рекорд:
Жапонның бас шаһарында жауынның тоқтаусыз жауып тұрғанына 34 күн болыпты. Бұл абсолютті рекорд деп тіркелген де екен, ендігі…

😁20👍11🌚3🤔2❤1
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ӨҢІРЛІК ХАБҚА АЙНАЛДЫ!
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барып, Герман президенті, Герман канцлері және бизнес қауымдастықпен жеке-жеке жолықты. Астана мен Берлин арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуді көздеген бұл сапардың аясында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды.
Орталық Азия – қазіргі жаһандық қақтығыстар дәуірінде Шығыс пен Батысты жалғаушы маңызды логистикалық-транспорттық торабқа айналды десек, сол географиялық аймақтың басты ойыншысы – әлбетте Қазақстан.
– Халқымыз Германияға айрықша құрметпен қарайтынын, абырой-беделі жоғары мемлекет деп білетінін атап айтқым келеді. Банк секторындағы темірдей тәртіпке, инженерлік шешімдердің жоғары сапасына, шағын және орта бизнестің орнықтылығына (Mittelstand) тәнтіміз. Экономикамызды жаңғырту мен технологиялық тұрғыдан трансформациялау үдерісінде дәл осы ерекшеліктерді үлгі тұтамыз. ГФР – Еуропадағы басты серіктестеріміздің бірі. Еліміздің ең ірі сауда-инвестициялық серіктесі – Еуропалық одақпен ықпалдастықта қазақ-герман ынтымақтастығының маңызы зор. Біз үлкен жолды еңсердік. Әйтсе де экономикалық байланысымыздың әлеуеті мұнымен түгесілмейді. Қазақстан оны жаңа сапалы деңгейге көтеруге дайын, – деді Мемлекет басшысы.
Расында, Қазақстан мен Германияның өзара алыс-берісі жаман емес. Десе де, оның арттырудың әлеуеті де жоғары. Сол себептен де, президент Тоқаев осы жолы «Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды» ұсынды.
Президенттің айтуынша, аса маңызды материалдар саласындағы ықпалдастыққа ерекше мән берген жөн. Қазақстан Германияның «Шикізатпен қамтамасыз ету қорымен» ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі. Сондай-ақ UFK кепілдігін беретін шарттарға сай және Германия өнеркәсібіне қажетті шикізат жеткізуге септігін тигізетін жобаларды ілгерілету де – еліміз үшін маңызды.
Бұдан бөлек, энергетика және өнеркәсіп секторын жаңғырту, соның ішінде жаңартылатын қуат көздері мен «жасыл» сутегі жобаларын дамыту аса өзекті. Еуропа инвестициялық банкі мен Қазақстан даму банкі Германия капиталының қатысуымен аталған салалардың бәрінде өзара тиімді ынтымақтастық құра алады.
Талқыланған тағы бір маңызды тақырып – цифрлық инновация және жасанды интеллект саласындағы серіктестік.
Alatau City қаласы да Германияның бизнес өкілдеріне инвестнысан ретінде ұсынылды.
– Орталық Азиядағы алғашқы «ақылды қала» әуел бастан цифрлық дәуірдің барлық талаптарын сақтай отырып жобаланды. Ол неміс капиталы мен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін тоғыстыратын көпір бола алады, – деді Президент.
Бұл кездесуден соң Қазақстан президенті Германияның ірі бизнескомпанияларының басшыларымен жеке-жеке қабылдау өткізді. Әр кездесуде әртүрлі тақырыптар талқыланды. Соның ішінде, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, заманауи үлгідегі порттар салу, Ақтау портындағы мультимодальды хаб құрылысына қатысу, теміржол секторын жаңғырту т.б. тақырыптар қамтылды.
Келер жылы Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестіктің орнағанына 35 жыл. Бұл аз уақыт емес.
Сандеректер не дейді? Екі ел арасындағы экономикалық байланыстар қалай өрбуде? Қараңыз:
2025 жылы екіжақты тауар айналымы 4,5 миллиард долларға жеткен. Қазақстанда неміс капиталы бар 1400-ден астам компания тіркелген. 20 жыл ішінде Германиядан тартылған инвестицияның жалпы көлемі 8 миллиард долларды құраған. Бүгінде ортақ портфельде жалпы құны 54 миллиард доллардан асатын 40 инвестициялық бастама бар. Оның ішінде 21 жоба жүзеге асқан.
Осы жолғы Тоқаев-Штайнмайер жолығуынан соң Қазақстан мен Германия «Бірлескен декларация» қабылдады.

👍27❤6🤣3🤔2🤮1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барып, Герман президенті, Герман канцлері және бизнес қауымдастықпен жеке-жеке жолықты. Астана мен Берлин арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуді көздеген бұл сапардың аясында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды.
▪ГЕРМАНИЯНЫҢ БИЗНЕС ТӘЖІРБИЕСІ ҺӘМ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ӘЛЕУЕТІ
▪ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ӨҢІРЛІК ХАБҚА АЙНАЛДЫ!
▪ТОҚАЕВ: ГЕРМАНИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АДАЛ ДОСЫ!
▪ШТАЙНМАЙЕР: ҚАЗАҚСТАН – ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БАСТЫ СЕРІКТЕСІМІЗ!
▪ТОҚАЕВ ПЕН МЕРЦ КЕЗДЕСТІ: ҚАЗАҚСТАН БЕЙБІТШІЛІКТІ ЖАҚТАЙДЫ!
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9024

mezgil.kz
Германияға сапар: Қазақ-Герман достығынан Украинадағы соғысқа дейін...
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барып, Герман президенті, Герман канцлері және бизнес қауымдастықпен жеке-жеке жолықты. Астана мен Берлин арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуді көздеген бұл сапардың аясында бі
❤12👍8🤮1
Дубай–Тель-Авив бағытындағы ұшақта төтенше жағдай тіркелді: Ұшақ Сауд Арабиясына шұғыл қонды...
Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған жолаушылар ұшағы әуеде төтенше апат сигналын беріп, бағытын шұғыл өзгертті. Сауд Арабиясының әуе кеңістігінде бұрылған әуе кемесі кейін мониторингтік сервистердің радарларынан көрінбей қалған.
Израильдің «12-арнасының» хабарлауынша, ұшқыштар рация арқылы «сыртқы интервенция» (боргқа заңсыз басып кіру немесе басып алу қаупі) туралы сигнал жіберген. Бұл ақпараттан кейін Израиль әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары дереу әуеге көтеріліп, Премьер-министр Биньямин Нетаньяху шұғыл кеңес шақырды.
Кейіннен Израиль бұқаралық ақпарат құралдары бортында 174 жолаушысы бар ұшақтың Сауд Арабиясының әуежайларының біріне аман-есен қонғанын хабарлады.
Алдын ала тараған мәліметтерге сәйкес, әуедегі штаттан тыс жағдайға ұшақты басып алу емес, экипаж мүшелері арасындағы қақтығыс себеп болуы мүмкін. Атап айтқанда, ұшқыштардың өзара төбелесіп қалғаны туралы болжам айтылуда.

👍14😱3🤔2❤1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Спорт журналисі Аслан Қаженов Геннадий Головкинмен кездесуі кезінде боксшының өзіне «ұятсыз» («бесстыжий») деген сөз айтқанын мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
⬇Толық: https://abai.kz/post/223531
⬇Толық: https://abai.kz/post/223531
abai.kz
Спорт журналисі: Нақты жұмыспен айналыс, Головкин!
👍17👎4❤1
Алматының таулары қаланың басты нышандарының біріне айналған. Алайда заманауи тау инфрақұрылымының міндеті тек тәжірибелі шаңғышылар мен туристерді қабылдаумен шектелмеуі тиіс. Ол белсенді демалысты қала тұрғындарының күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналдыруға жағдай жасауы қажет. Almaty SuperSki жобасының негізінде де дәл осы ұстаным жатыр.
🔥20👍2
ҚАЗАҚСТАН БЕЙБІТШІЛІКТІ ЖАҚТАЙДЫ!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев канцлер Фридрих Мерцпен кездесуден соң БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген. БАҚ өкілдерімен кзедесуде Германияның «ARD» телеарнасының тілшісі Демиан фон Остен Тоқаевтан Омбы қаласында айтқан «соғысты уақытша доғару» туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдіріп, Ресейдегі қазіргі ахуалға баға беруді сұрады.
– Әрине, Украинадағы жағдай бәрімізді алаңдатады. Мен әуел бастан Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелерін қатаң ұстанатынын айтқанмын. Біз барлық мемлекеттің аумақтық тұтастығы қағидатын сақтауға және құрметтеуге үндеп келеміз. Украина халқына, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне, тіліне зор құрметпен қарайтынымызды бұрыннан айтып жүрміз. Мен соғысты дереу тоқтату туралы айтпадым. Қазіргі жағдайда мұның оңай емес екенін түсінемін. Менің меңзегенім: Украина аумағындағы әскери іс-қимылды уақытша доғарып, дипломатиялық процеске көшу немесе қандай да бір келіссөз бастау еді, – деді Қазақстан президенті.
Онан соң Қазақстан президенті Қазақстанның географиялық орналасу ерекшелігіне тоқталып, «Қазақстанға тұрақты бейбітшілік керек» дегенді шегелеп айтты.
– Ресейге келетін болсақ, Қазақстан мен Ресей арасында ұзындығы 7 597 шақырымды құрайтын, әлемдегі ең ұзын шекара бар екенін ұмытпаған жөн. Бұл — осы елмен достық қарым-қатынасты дамытудың маңызды факторы емес пе? Қазақстан аумағында орыс ұлтының 2,7 миллион азаматы тұрады.
Сондықтан бұл жайттардың барлығын ескеру қажет. Кесіп-пішіп, асығыс шешім қабылдауға болмайды. Қазақстанға бейбітшілік пен тұрақтылық қажет. Бұнсыз біз ешқашан табысты ел бола алмаймыз. Сондықтан мен Президент ретінде өз елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Қазақстанға іргелес аумақта бейбітшілікке қол жеткізуге және соғысты тоқтатуға өз үлесімді қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын, - деді.
Әйгілі Наполеоннан қалған: «География - бұл тағдыр» деген сөз бар. Қазақстанның географиялық орналасуы - біздің еліміздің тағдыры. Қазіргідей қақ-соқ заманда әбжіл қимылдау, сақ жүру, сауатты әрекет ету - өмір сүрудің кепілдігі. Сондықтан, мемлекеттік мүдде таразыға түсер тұста, қызыл эмоцияға орын болмауы керек-ақ!

🥱11👍4❤1👎1🤮1💯1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Иә, қалыс естімедіңіз. АҚШ бүгін (30 қыркүйекте) Ирақтағы қалған әскери контингентін толық шығаруды жоспарлап отыр.
▪«ИРАҚ ЕРКІНДІГІ» ОПЕРАЦИЯСЫ: ХУСЕЙІННІҢ ҚҰЛАУЫ...
▪АҚШ НЕГЕ КЕТІП ЖАТЫР?
▪ИРАҚТАҒЫ ЖИЫРМА ЖЫЛ: НЕ ӨЗГЕРДІ, НЕ ӨЗГЕРМЕДІ?
▪ӘРІ ҚАРАЙ НЕ БОЛМАҚ?
▪ИРАНШЫЛ ТОПТАР БАҒДАТҚА БАҒЫНА МА?
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9026

20 жылдық миссияның соңы: АҚШ Ирақтан кетті. Иран күшеймек...
🤣10🤔8❤1
Мьянмада әуе соққысынан 50 адам қаза тапты...
Мьянма әскери күштері Кьяуктау қаласына әуеден соққы беріп, салдарынан 50 адам қаза тапты. Құрбандар арасында әйелдер мен балалар бар. Сонымен қатар тағы 58 тұрғын түрлі жарақат алды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы орын алған қайғылы оқиғаға байланысты терең алаңдаушылық білдірді. Халықаралық қауымдастық бұл шабуылды мұқият тергеуді және зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етуде.
Бұдан бөлек, БҰҰ Мьянмадағы жалпы қауіпсіздік ахуалының тым күрделі екенін мәлімдеп, Малайзия билігіне елдегі жағдай тұрақталғанша 1,5 мың босқынды кері қайтармау туралы өтініш білдірді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Малайзия билігі Мьянмадан келген босқындарды өз еркімен тарихи Отанына қайтару бағдарламасын бастаған болатын. Қазіргі таңда Малайзияны паналаған мьянмалық босқындардың жалпы саны 5 мыңға жуықтайды.

😐17
Мерц: Мәскеу келіссөздерге дайын емес!
Германия канцлері Фридрих Мерц Берлинде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Мәскеудің қазіргі уақытта Украинадағы соғысты аяқтауға бағытталған салмақты келіссөздерге дайын еместігін мәлімдеді.
Мерц Германия тарапы бейбіт шешім табу үшін дипломатиялық күш-жігерді одан әрі жалғастыра беретінін жеткізді. Мәселен, ол жақында Нью-Йоркте Германия мен Ресей сыртқы істер министрлерінің кездесуі өткенін тілге тиек етті.
«Осы кездесудің қорытындысы Ресейдің дәл қазіргі сәтте салмақты келіссөздер жүргізуге мүдделі еместігін көрсетті», — деді канцлер.
Сонымен қатар Фридрих Мерц Мәскеуді келіссөз үстеліне қайта оралуға тағы да шақырды.

👍32