Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
ҚАЗАҚСТАН БЕЙБІТШІЛІКТІ ЖАҚТАЙДЫ!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев канцлер Фридрих Мерцпен кездесуден соң БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген. БАҚ өкілдерімен кзедесуде Германияның «ARD» телеарнасының тілшісі Демиан фон Остен Тоқаевтан Омбы қаласында айтқан «соғысты уақытша доғару» туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдіріп, Ресейдегі қазіргі ахуалға баға беруді сұрады.

– Әрине, Украинадағы жағдай бәрімізді алаңдатады. Мен әуел бастан Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелерін қатаң ұстанатынын айтқанмын. Біз барлық мемлекеттің аумақтық тұтастығы қағидатын сақтауға және құрметтеуге үндеп келеміз. Украина халқына, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне, тіліне зор құрметпен қарайтынымызды бұрыннан айтып жүрміз. Мен соғысты дереу тоқтату туралы айтпадым. Қазіргі жағдайда мұның оңай емес екенін түсінемін. Менің меңзегенім: Украина аумағындағы әскери іс-қимылды уақытша доғарып, дипломатиялық процеске көшу немесе қандай да бір келіссөз бастау еді, – деді Қазақстан президенті.

Онан соң Қазақстан президенті Қазақстанның географиялық орналасу ерекшелігіне тоқталып, «Қазақстанға тұрақты бейбітшілік керек» дегенді шегелеп айтты.

– Ресейге келетін болсақ, Қазақстан мен Ресей арасында ұзындығы 7 597 шақырымды құрайтын, әлемдегі ең ұзын шекара бар екенін ұмытпаған жөн. Бұл — осы елмен достық қарым-қатынасты дамытудың маңызды факторы емес пе? Қазақстан аумағында орыс ұлтының 2,7 миллион азаматы тұрады.

Сондықтан бұл жайттардың барлығын ескеру қажет. Кесіп-пішіп, асығыс шешім қабылдауға болмайды. Қазақстанға бейбітшілік пен тұрақтылық қажет. Бұнсыз біз ешқашан табысты ел бола алмаймыз. Сондықтан мен Президент ретінде өз елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Қазақстанға іргелес аумақта бейбітшілікке қол жеткізуге және соғысты тоқтатуға өз үлесімді қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын, - деді.

Әйгілі Наполеоннан қалған: «География - бұл тағдыр» деген сөз бар. Қазақстанның географиялық орналасуы - біздің еліміздің тағдыры. Қазіргідей қақ-соқ заманда әбжіл қимылдау, сақ жүру, сауатты әрекет ету - өмір сүрудің кепілдігі. Сондықтан, мемлекеттік мүдде таразыға түсер тұста, қызыл эмоцияға орын болмауы керек-ақ!
🥱11👍4❤1👎1🤮1💯1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Иә, қалыс естімедіңіз. АҚШ бүгін (30 қыркүйекте) Ирақтағы қалған әскери контингентін толық шығаруды жоспарлап отыр.

▪«ИРАҚ ЕРКІНДІГІ» ОПЕРАЦИЯСЫ: ХУСЕЙІННІҢ ҚҰЛАУЫ...
▪АҚШ НЕГЕ КЕТІП ЖАТЫР?
▪ИРАҚТАҒЫ ЖИЫРМА ЖЫЛ: НЕ ӨЗГЕРДІ, НЕ ӨЗГЕРМЕДІ?
▪ӘРІ ҚАРАЙ НЕ БОЛМАҚ?
▪ИРАНШЫЛ ТОПТАР БАҒДАТҚА БАҒЫНА МА?

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9026
🤣10🤔8❤1
Мьянмада әуе соққысынан 50 адам қаза тапты...

Мьянма әскери күштері Кьяуктау қаласына әуеден соққы беріп, салдарынан 50 адам қаза тапты. Құрбандар арасында әйелдер мен балалар бар. Сонымен қатар тағы 58 тұрғын түрлі жарақат алды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы орын алған қайғылы оқиғаға байланысты терең алаңдаушылық білдірді. Халықаралық қауымдастық бұл шабуылды мұқият тергеуді және зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етуде.

Бұдан бөлек, БҰҰ Мьянмадағы жалпы қауіпсіздік ахуалының тым күрделі екенін мәлімдеп, Малайзия билігіне елдегі жағдай тұрақталғанша 1,5 мың босқынды кері қайтармау туралы өтініш білдірді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Малайзия билігі Мьянмадан келген босқындарды өз еркімен тарихи Отанына қайтару бағдарламасын бастаған болатын. Қазіргі таңда Малайзияны паналаған мьянмалық босқындардың жалпы саны 5 мыңға жуықтайды.
😐17
Мерц: Мәскеу келіссөздерге дайын емес!

Германия канцлері Фридрих Мерц Берлинде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Мәскеудің қазіргі уақытта Украинадағы соғысты аяқтауға бағытталған салмақты келіссөздерге дайын еместігін мәлімдеді.

Мерц Германия тарапы бейбіт шешім табу үшін дипломатиялық күш-жігерді одан әрі жалғастыра беретінін жеткізді. Мәселен, ол жақында Нью-Йоркте Германия мен Ресей сыртқы істер министрлерінің кездесуі өткенін тілге тиек етті.

«Осы кездесудің қорытындысы Ресейдің дәл қазіргі сәтте салмақты келіссөздер жүргізуге мүдделі еместігін көрсетті», — деді канцлер.

Сонымен қатар Фридрих Мерц Мәскеуді келіссөз үстеліне қайта оралуға тағы да шақырды.
👍32
Usbanov ARNASY
Дубай–Тель-Авив бағытындағы ұшақта төтенше жағдай тіркелді: Ұшақ Сауд Арабиясына шұғыл қонды... Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған жолаушылар ұшағы әуеде төтенше апат сигналын беріп, бағытын шұғыл өзгертті. Сауд Арабиясының әуе кеңістігінде бұрылған әуе кемесі…
Flydubai ұшағының бортында шынымен де украиналық пен ресейлік азамат болған: Дәл осы екеуі ұшақты аман-есен қондыруға көмектескен...

Бұл — жолаушы ретінде ұшып бара жатқан пилоттардың қосымша экипажы болған.

«Israel Hayom» басылымының хабарлауынша, олар пилоттар кабинесіне кіріп, ұшақты басқаруды өз қолдарына алған және әуе кемесін Сауд Арабиясына аман-есен қондырған.
👏34🔥8👍2❤1
Олешкидегі аштықтан қалық шөп жеп, минаға жарылуда. Әлем дабыл қағуда!

"Украина ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінде оккупациядағы Олешкидегі гуманитарлық апатты шұғыл қарауды талап етуде", - Украина СІМ бастығы Андрей Сибига.
😱36🤔1
Иранда дәрі-дәрмек бағасы күрт қымбаттап, кейбір препараттар тапшы болып жатыр...

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

Соғыс, АҚШ санкциялары және импорттық шектеулер салдарынан жекелеген медикаменттердің бағасы үш есе қымбаттаған. Мұның үстіне Иран валютасы бағамының төмендеуі мен азық-түлік және басқа да тауарлардың қымбаттауы жағдайды одан әрі күрделендіріп отыр.

Иранның фармацевтика саласы шетелдік шикізат пен құрауыштарға өте тәуелді. Соған байланысты санкциялық шектеулер өндіріс пен жеткізу процестерін қиындатуда.
👍16👎5❤3😱3🔥1
АШ-ШАРАА ЖӘНЕ АҚШ

АҚШ Сирияға әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізуге қойылған тыйымды алып тастады!


Бұл туралы «GovInfo» мемлекеттік онлайн-платформасында жарияланған мәлімдемеде айтылған.

Құжаттағы ақпаратқа сәйкес, АҚШ Мемлекеттік департаменті Сирияны қорғаныс өнімдері мен осы саладағы қызметтерді жеткізуге лицензиялар мен өзге де рұқсаттар беруден бас тарту саясаты қолданылатын елдер тізімінен шығарады.

1 қазаннан бастап күшіне енетін бұл нормативтік өзгерісті АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару-жарақты бақылау және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Томас Динанно бекіткен.

Еске сала кетейік, тамыз айында АҚШ Сирияны терроризм демеушілері саналатын мемлекеттердің тізімінен шығарған болатын.
👍36❤3
Рютте: Ресейдің НАТО-ға қарсы ядролық қару қолдануға дәті жетпейді!

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Ресейдің альянсқа мүше мемлекеттерге қарсы ядролық қару қолданбайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Путин НАТО-ны жеңе алмайтынын жақсы түсінеді.

Рютте альянстың өзіне тиесілі әрбір шаршы километр аумақты қорғауға дайын екенін және кез келген қауіп-қатерге жауап беретінін баса айтты.

Сонымен қатар ол Мәскеудің НАТО елдерін бір-біріне қарсы айдап салуға және олардың Украинаға көрсететін қолдауын әлсіретуге тырысып жатқанын жеткізді.
👍38💯9❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БІР ҚОРА ТҰТҚЫН...

Украинаның 3-ші армиялық корпусы Лиманда барымталаған 250 басқыншы жайлы видео жариялады.

"Олардың қоршаудан сытылып шығуына мүмкіндік болды. Бірақ, Ресейдің өзі оларға шегінуге рұқсат бермеді", - дейді.
👏50❤5🔥3👍2🤔1👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЗЕЛЕНСКИЙ ТАҒЫ ДА МАЙДАН ШЕБІНДЕ...

Украина президенті Зеленский 3-ші армиялық корпустың басқару пунктіне барып, «Вивальди» операциясын жүзеге асырып жатқан жауынгерлермен кездесіпті...

-
Мұндай маңызды операция жалпы қорғанысымыз үшін де, атап айтқанда Донбастағы жағдай үшін де өте зор маңызға ие.

Үш маусым бойы Украина Қорғаныс күштері ресейліктердің Славянск-Краматорск агломерациясының тылына өтіп кету жоспарын бұзып, майданның осы учаскесіндегі жағдайды тұрақтандырды.

Ресей 5 мыңнан астам әскериінен айырылды (қаза тапқандар мен жараланғандарды қосқанда), ал тағы 250 басқыншы біздің тұтқындар қорымызды толықтырды, -
деді.
👏42👍21🔥4❤3
Mezgil.kz
‼Иә, қалыс естімедіңіз. АҚШ бүгін (30 қыркүйекте) Ирақтағы қалған әскери контингентін толық шығаруды жоспарлап отыр. ▪«ИРАҚ ЕРКІНДІГІ» ОПЕРАЦИЯСЫ: ХУСЕЙІННІҢ ҚҰЛАУЫ... ▪АҚШ НЕГЕ КЕТІП ЖАТЫР? ▪ИРАҚТАҒЫ ЖИЫРМА ЖЫЛ: НЕ ӨЗГЕРДІ, НЕ ӨЗГЕРМЕДІ? ▪ӘРІ ҚАРАЙ НЕ БОЛМАҚ?…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп: Ирақтан АҚШ әскері толық шығарылады!

АҚШ президенті бүгін осы жайт жайлы бүйдеді:

- Біз бұл қанқасапқа араласқанымызға да аз уақыт болған жоқ. Енді бұл тарих. Бұл АҚШ-тың кезекті жеңісі. Бұл Ирақтың жеңісі. Бұл ДАИШ-тың тас-талқан боп жеңілгені. Менің бірінші президенттік кезімнің жеңісі.

Бұл операция сонау 2003-те, Буштың тұсында басталды. Обама мен Байден тұсында жалғасып, ақыры Трамптың тұсында жеңіспен аяқталды. Біз Ирақтан Ауғаннан кеткендей масқара боп кетпедік, бәрін жақсы ұйымдастырып кеттік, - деді.


Ал БАҚ осы жиырма жылдан аса уақыт ішінде Ирақта АҚШ-тың 4500 сарбазы қаза тапқанын жазуда.
👏16👍8🤔6
🤔3
АКАДЕМИК: РЕСЕЙ ҒЫЛЫМҒА ҚАРУ КЕЗЕНДІ!

Кеше Ресей тағы да Киевті соққылады. Тағы да әскери сектор емес. Украинаның Ұлттық ғылым академиясы соққы жеді. Ғылым ордасы лапылдап жанды. Ал бұл қаңырап тұрған ғимарат емес еді. Соққы тиген сәтте ішінде академиктер, кіші ғылыми қызметкерлер болған. Екі адам қаза тапты. Жиырмадан астамы жараланды…

Зеленский: “Бұл сұмдықтың жауабын көп күттірмейміз. Жауабы айна қатесіз болады”, - деді ашынып.

Онан соң: “Әлем мына зұлымдықты көруі керек. Және білуі керек: Егер терроршыларды қазір, Украинада тоқтатпасақ, ол әрі қарай сіздердің жерлеріңізде осынлай ойран жасайтын болады, Еуропа! Бұл - терроризм. Оның жолын жабылып кеспесек, ертең өздеріңіз бармақтарыңызды тістейтін боласыздар. Сондықтан дәл қазір шешімгерліктеріңізді көрсетіңіздер”, - деді.

Ал мынау сурет кешелі-бүгін әлемдік БАҚ-та жаппай таралып жатыр:

Бұл суреттегі адам - Украина ҰҒА академигі Игорь Мальчевский. 69-да. Соққы тиген сәтте ғимаратта болған. Жұмыс бөлмесін өрт жалмап, қою қара түтін басқанда терезеден шығып, аман қалған.

“Сол сәтте өлдім деп ойладым. Іштен шығар жолды өрт жалмады. Терезеден секірсем де аман қалмасым анық. Сол сәтте бар ойым отбасымда болды, соларды ойладым”, - дейді академик.

Бұл зұлым соққыдан Украина ҰҒА ғимаратының 2 қабаты толықтай қираған. Ал бұл сонау 1918 жылдан бері бар тарихи ғимарат болған. Негізін әйдік ойшыл, ғалым Вернадский қалаған.

Бұл ғимарат 1918-21 жылдары Украина революциясынан, кейін азаматтық соғыстан аман шыққан. 1918-ші жылы большевиктер де дәл осы ғимаратқа шабуылдаған. Терезелері сынғанымен, ғимарат сау қалған. Ал 30-шы жылдары 250-ге жуық ғалымды Совет билігі репрессиялаған. Онда да ҰҒА қирап қалмаған. Онан соң 1939-45 жылдары екінші жаһан соғысынан сау шыққан. Алғаш ашылғаннан қазірге дейін ұзын-саны 720-ға жуық ғалымға қара шаңырақ болған ғылымның ордасы еді. Оны да ойрандаған Ресей басқыншылығы болып тарихқа қатталды…

Жалпы Украина ҰҒА-ға қарасты 160-қа жуық ғылыми орталықтар бар екен. Ресейдің басқыншылық соғысы басталғаннан бері сол 160-қа жуық ғылым шаңырақтары түгелдей дерлік соққылар көрген екен.

ЕО-дағы Урсула апай фон-дер Ляен: “Бүгінгі таңда Ресей ғылымға қару кезенуде”, - деп әдемі айтты. Расы сол, жүз жыл бойы импершіл Мәскеу Украинаның ғылымын жоюға деген талпынысын тоқтатқан емес. Украина ҰҒА ғимараты қираса, қайта салынады. Бірақ, Украина ғылымын тып-типыл жойып жіберу мүмкін емес!
🔥16🤬11👍3❤2🤔2🕊1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен онлайн сұхбат алаңдарында Исматулла Мақсұм есімімен танылған азаматқа және оның қолдаушыларына қатысты бірқатар сұхбаттар мен жазбалар жарияланып, қоғамда кеңінен талқылануда.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/223589
🤔12❤2👍1🤮1
🤔7
Орталық Азия Мәскеу орбитасынан шығып жатыр!

Колумбиялық әнші Шакира 18 қазанда Бішкектегі «Бишкек Арена» стадионында өнер көрсетеді. Бұл оның Орталық Азиядағы алғашқы концерті.

«Тур Las Mujeres Ya No Lloran World Tour» деп аталады, оған Бішкек әлемдік картаның тікелей аялдамасы ретінде енді. Концерттің өтетінін Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Туманбаев жариялады. Билет сатылымы 1 қазанда басталады, негізгі санаттардың бағасы 12 мыңнан 40 мың сомға дейін бағаланып отыр.

Ескі модель

Ұзақ уақыт бойы аймақтағы ірі концерт нарығы «Мәскеу арқылы» жұмыс істеді: гастрольдік маршрут Ресейден басталды, репертуарды орыс тілді теледидар мен радио айқындады, продюсерлік инфрақұрылым Ресей компанияларының қолында болды. Орыс эстрадасы таңдау емес, әдепкі нұсқа болып саналды.

Модельді өзгертіп жатқан үш фактор

Платформалар. Жастардың талғамын енді теледидар емес, алгоритм қалыптастырады. Spotify аймаққа 2021 жылы келді, YouTube пен TikTok негізгі арнаға айналды. Алгоритмде тіл шекарасы жоқ: латын поп, К-поп, түрік поп және жергілікті артистер қатар тұр, ал ондағы орыс эстрадасы бәсекелестердің бірі ғана болып табылады.

Саяси жағдай. 2022 жылдан кейін Ресей артистерінің аймақтағы гастролі бұрынғыдай оңай бола салмады. Бұл орайда нақты статистика келтіре алмаймыз, бірақ нақты бағыт айқын байқалады: өйткені, тәуекелі жоғары бағыттан бұрынғы мұрындарын көкке шүйірген басты ойыншылар кетіп, бос орынға басқалар кіріп жатыр.

Мемлекет продюсер ретінде. Концертті шоу-бизнес компаниясы емес, президент басқармасы ұйымдастырып отыр, билеттер мемлекеттік GovTicket сервисі арқылы сатылады. Демек, бұл нарықтың стихиялы таңдауы емес, саяси шешім: билік жаңа стадионды әлемдік жұлдызбен ашып, елді жаһандық картаға енгізуді көздейді.

Не өзгеріп жатыр?

Бұл арада есте ұстайтын бір жайт: жоғалып жатқан орыс мәдениетінің өзі емес, оның монополиялық мәртебесі. Орыс эстрадасы аймақтың жалғыз «ортақ тілі» болудан қалып, жастар үшін көптің бірі ретінде ғана танылса, ал билік үшін бәсекелес ойыншылардың біріне айналып барады. Шакира сияқты поп-брендпен экраннан таныс аудиторияға тікелей тәжірибе ұсынады, ал бұл лояльдікті алгоритмнен де мықты қалыптастырады. Билет бағасы да сигнал: бәсеке «бәріне арналған эстрада» деңгейінде емес, премиум тәжірибе нарығында жүріп жатыр.

Түйін: Шакираның Бішкектегі концерті орыс попкеңістігінің «өлімін» емес, аймақ мәдени бағдарының көпполярлы бола бастағанын көрсетеді. Орталық Азия дүниені Мәскеу арқылы көруден гөрі, әлеммен тікелей байланыс орнатуға бет бұрып жатыр. Басты сауал басқа жерде: жаһандық бренд пен бұрынғы ресейлік ықпалдың арасында жергілікті тіл мен ұлттық поп өз орнын қалай табады? Нағыз қауіп орыс мәдениетінің орнын жаһандық бренд басуында емес, жергілікті дауыстың екі күштің арасында үндері өшіп, бұтына жіберіп қойған баланың күнін кешіп қалуында да болуы мүмкін.

Қырғыз, қазақ һәм өзбек музыкасы мен шоубизнесі осылардың арасынан адаспай өз орнын таба ала ма?!
👍30