Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Францияда жоғары сынып оқушыларының наразылығы жалғасуда...

Наразылық акциялары сейсенбіде басталып, осы күнге дейін созылып жатыр. Толқулар көптеген қалаларды (Париж, Лилль, Нант т.б.) және көптеген оқу орындарын қамтыған.

Білім министрлігінің мәліметінше, жұма күні наразылық салдарынан 3700 лицеидің 400-ден астамы жабылған. Жалпы, наразылықтар басталғалы бері 1200-ден астам оқу орнының жұмысы тоқтап қалған.

Акциялар оқу орындарын бұғаттау, тәртіпсіздіктер, өрт қою және мүлікті бүлдіру әрекеттерімен қатар жүруде. 2 мыңға жуық адам қамауға алынған, олардың 90%-ы – кәмелетке толмағандар.
👍20❤2👏2
АҚШ-тың ұлты қазақ елшісі...

АҚШ-тың Словениядағы елшісі Әсел Робертс (Төленова) – қазақ қызы. Ол 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 15 жасында арнайы бағдарлама аясында Аризона штатына оқуға түскен. Лицейді аяқтаған соң, Джорджтаун университетінің Халықаралық қатынастар факультетіне білім алуға түседі. Оны бітіргеннен кейін Американың дипломатиялық саласында жұмысқа орналасады.

20 жыл ішінде 5 президентпен қызметтесіп, жоғары деңгейдегі кеңесші, протокол басшысы лауазымдарын атқарған.

2026 жылдың мамыр айында АҚШ Сенаты оны Американың Словениядағы елшісі қызметіне бекітті. Ол қазақ, ағылшын, орыс және жапон тілдерінде еркін сөйлейді.

Түркі дүниесінің қайсар әрі дарынды қыздары өте көп. Әсел Төленова – солардың бірі ғана.
👍67❤4👏2😁2
АҚШ Президенті әкімшілігі Польша аумағында жаңа әскери база ашуды түпкілікті мақұлдады. Онда шамамен 5 мыңға жуық әскери қызметші орналасатын болады…
👍44❤21
Forwarded from PARANOIA.KZ
Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
👍31❤3👎2😁1
Ресейдің Иркутскі облысында оба ауруы тарады…

1 адам қаза тапқаннан кейін жергілікті билік 189 адамды карантинге жауып, ауруханаға жатқызған…
👍33😱8🤔1
Ал Шешенбасы Рамзан Қадыров тағы шен алды..

Бұл жолы Қадыровқа “армия генералы” әскери шені беріліп, күрең берет табысталған…

Рамзан Қадыров 2004 жылы “Ресей батыры” атағын алған екен.

Онан кейін 2009 жылы “генерал майор” шенін таққан.

2022 жылы Рамзан Қадыров қос бірей шен алды, кезек-кезек. Сол жылы көктемде “генерал лейтенант” болған. Күнтізбеде жыл ауыспай жатып “генерал полковник” болып алды.

Енді арада төрт жыл өтті дегенде “армия генералы” болып отыр.

Қадыровта атақ көп. Шен де пішен. Енді бұл алмаған бір ғана әскери шен қалды. Ол “маршал” атағы.

Енді екі-үш күнде 50-ге келетін жігіт қой. Өмірі алда болса, “маршалыңыз” да бір аттам жерде тұр…
🤡34😁18🤣4🔥3❤1
Әлиев қатты айтты…

Әлемде қазір екі ұлы держава бар. Бірі - АҚШ, екіншісі - Қытай. Үшіншісі жоқ!

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев сөйдеді, бүгін. “Жаңа Әзірбайжан” дейтін билік партиясының VIII сиезі өткен.

Әлиев өз сөзінде аталған қос державамен де жақсы байланыс орнатқанын айтып: “Баку - сөзінде тұратын, қосар ойын ойнамаймын, сенімді әріптес екенін көрсетті”, - деді.

Әлиев Ресейді күшті державалар қатарына қоспапты. Мұны естіген Мәскеу бұлқан-талқан көрінеді. Әл-әзірден бастап Ресей эфирлері енді Әлиевті жерден алып, жерге сала бастамақ…
😁52👍34❤5👏4👀1
ҚАЗАҚСТАНДА 84 МЕДАЛЬ

Қазақстан құрамасы Жапонияның Нагоя және Аичи қалаларында өткен Азия ойындарындағы жарысын аяқтады.

Қазақстан қоржынына 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль түсіп, жалпы есепте ел құрамасы 8-орынға жайғасты.

Медаль саны бойынша Қытай бірінші орын алды — 169 алтын, 89 күміс, 83 қола.

Екінші орында Жапония, үшінші орында Оңтүстік Корея тұр.

Өзбекстан 21 алтын, 25 күміс, 24 қола медальмен бесінші орынға ие болды.

Қазақстан ең көп медальді дзюдо мен күрестен алды — жеті-жетіден. Байдарка мен каноэде ескек есуден алты медаль, ал семсерлесу, бокс және джиу-джитсудан бес-бестен жүлде бұйырды.

Суреттер: Сали Сабыровтікі
👎20👍14😁1💩1
Зеленский: Ресей бізге соққы жасау үшін 700-ге жуық баллистикалық зымыран және өзге де түрдегі бірнеше мың зымыран жинақтады!

Украина президентінің айтуынша: Ресейде айына шамамен 130–140 баллистикалық зымыран шығарылады. Украина бұл қауіппен күресу үшін оларды өндіретін орындарға соққы беріп жатыр.

Оның айтуынша, Украинада әдеттегі қанатты зымырандарды атып түсіруге мүмкіндік бар, ал баллистикалық зымырандар — үлкен «қатер әрі сынақ». Дегенмен, қазіргі уақытта Ресей реактивті дрондарды жаппай қолдануға басымдық беріп отыр.
❤21💯7🕊4👍2👎1🤔1
Зеленский: "Лавров — Путиннің айналасындағы Украинаны басып алуды көздейтін, біздің тәуелсіздігімізді мойындамайтын және соғыстың қаламайтын адамдардың бірі", - деді.
🤣24💯16❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Германия канцлері Мерц Киевке барды. Сол сапарда Берлин Киевке 1 млрд еуро әскери көмек беретінін айтты.
🔥52👍21
Зеленский: Олар біз жауап қайтармайды деп ойласа, қатты қат елеседі!

"Ресей қазір Киевтің сол жақ және оң жақ жағалаулары арасындағы байланысты бұзуға, көлік коллапсын тудыруға және тұрғындарды елордадан кетуге мәжбүрлеуге тырысуда", - деді Зеленский.

Оның айтуынша, Украина авиациясы реактивті «Шахедтердің» 50–60%-ын атып түсіріп жатыр. «Барс» ұстап аталғыш дрондары қазіргі таңда 30%-ға жуық нәтиже көрсетіп отыр және бұл көрсеткіш артып келеді.

Сондай-ақ Украина шағын зымырандар бағдарламасын дамытуда. Алғашқы нәтижелер қазан айының екінші жартысында күтілуде.

Германия бөлген қаражат ұстап аталғыш жүйелерге, алысқа соғатын қару-жараққа, жауынгерлік дрондарға, спутниктік жабдықтарға және энергетика саласына бағытталады.
👍54❤1
Forwarded from Mezgil.kz
Ресейде халықты аюлар қырып жатыр…Сарапшылар болса билікті кінәлауда.

Аңшылар 1000-нан аса аюды атып тастады! CNN бұл туралы не жазды? Мамандар не дейді? Аюлар неге адамдарға шабуыл жасауда? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9058
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥15😁9🤔1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Есім-сойы елге белгілі жазушы, Abai.kz ақпараттық порталының жетекшісі Дәурен Қуат Ресейдегі соңғы оқиғаларға қатысты осылай деп пікір білдірді.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/223748
👍29🤔2