This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Германия канцлері Мерц Киевке барды. Сол сапарда Берлин Киевке 1 млрд еуро әскери көмек беретінін айтты.
🔥52👍21
Зеленский: Олар біз жауап қайтармайды деп ойласа, қатты қат елеседі!
Оның айтуынша, Украина авиациясы реактивті «Шахедтердің» 50–60%-ын атып түсіріп жатыр. «Барс» ұстап аталғыш дрондары қазіргі таңда 30%-ға жуық нәтиже көрсетіп отыр және бұл көрсеткіш артып келеді.
Сондай-ақ Украина шағын зымырандар бағдарламасын дамытуда. Алғашқы нәтижелер қазан айының екінші жартысында күтілуде.
Германия бөлген қаражат ұстап аталғыш жүйелерге, алысқа соғатын қару-жараққа, жауынгерлік дрондарға, спутниктік жабдықтарға және энергетика саласына бағытталады.
"Ресей қазір Киевтің сол жақ және оң жақ жағалаулары арасындағы байланысты бұзуға, көлік коллапсын тудыруға және тұрғындарды елордадан кетуге мәжбүрлеуге тырысуда", - деді Зеленский.
Оның айтуынша, Украина авиациясы реактивті «Шахедтердің» 50–60%-ын атып түсіріп жатыр. «Барс» ұстап аталғыш дрондары қазіргі таңда 30%-ға жуық нәтиже көрсетіп отыр және бұл көрсеткіш артып келеді.
Сондай-ақ Украина шағын зымырандар бағдарламасын дамытуда. Алғашқы нәтижелер қазан айының екінші жартысында күтілуде.
Германия бөлген қаражат ұстап аталғыш жүйелерге, алысқа соғатын қару-жараққа, жауынгерлік дрондарға, спутниктік жабдықтарға және энергетика саласына бағытталады.
👍54❤1
Forwarded from Mezgil.kz
Ресейде халықты аюлар қырып жатыр…Сарапшылар болса билікті кінәлауда.
Аңшылар 1000-нан аса аюды атып тастады! CNN бұл туралы не жазды? Мамандар не дейді? Аюлар неге адамдарға шабуыл жасауда? Толығырақ⬇️
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9058
Аңшылар 1000-нан аса аюды атып тастады! CNN бұл туралы не жазды? Мамандар не дейді? Аюлар неге адамдарға шабуыл жасауда? Толығырақ
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9058
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
mezgil.kz
"Аюлар елінің" халқын аюлар қырып жатыр: Сарапшылар Ресей билігін кінәлауда!--Мезгіл ақпарат агенттігі
Ресейде аюлар елді-мекендерге кіріп, адамдарға жиі шабуылдайтын болды. Бұл ақпаратты т
🔥15😁9🤔1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Есім-сойы елге белгілі жазушы, Abai.kz ақпараттық порталының жетекшісі Дәурен Қуат Ресейдегі соңғы оқиғаларға қатысты осылай деп пікір білдірді.
⬇Толық: https://abai.kz/post/223748
⬇Толық: https://abai.kz/post/223748
abai.kz
Жазушы: Путин Ресейдің түібне жетеді...
👍29🤔2
Forwarded from Mezgil.kz
Қиян-кескі шайқас басталмақ. Бұйрық берілді. 100 мың әскер қолға қару алды…
Таиз үшін қан-қасап. Қала қоршауда қалды ма? Бұл қала не үшін маңызды? Аден үшін айқас бола ма?
Мың құбылған “Мекке келісімі”. 5-қазанда отырыс өтпек.
Жалпы Йеменде не болып жатыр? Ұйымдар неге дабыл қақты? 70 мыңнан астам бала босып кетті…Толығырақ⬇️
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9057
Таиз үшін қан-қасап. Қала қоршауда қалды ма? Бұл қала не үшін маңызды? Аден үшін айқас бола ма?
Мың құбылған “Мекке келісімі”. 5-қазанда отырыс өтпек.
Жалпы Йеменде не болып жатыр? Ұйымдар неге дабыл қақты? 70 мыңнан астам бала босып кетті…Толығырақ
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9057
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
mezgil.kz
Мұздай қаруланған 100 мың әскер: Қоршаудағы Таиз бен Йемендегі қан-қасап!
Йемендегі соғыс қайтадан толыққанды аймақтық қақтығысқа ұласты. Сауд Арабиясы қолдайт
🤔7❤4👎2
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Ресейдің Иркутск облысында (Шелехов қаласы) аса қауіпті жұқпалы ауру – оба тіркеліп, өңірде эпидемиологиялық қауіп күшейді. Жергілікті ғылыми институттың қызметкері қайтыс болып, екі жүзге жуық адам медициналық бақылауға алынды, аурухана карантинге жабылды. Бұл жаңалық көршілес елдерде, соның ішінде Қазақстанда да алаңдаушылық тудырып отыр.
⬇Толық: https://abai.kz/post/223761
⬇Толық: https://abai.kz/post/223761
abai.kz
Сақтан: Иркутскідегі оба Қазақстанға қалай әсер етеді?
👍9
Мәскеудегі наразылық және «Долой царя!» ұраны...
Мәскеудің қақ ортасында Ресейдің Коммунистік партиясы рұқсат етілген митингке шыққан. Соңы лаң болды.
Алаңда тұрғандардың бірі қызды-қыздымен: «Долой царя!» деп салғанда, Ресейдің ұрда-жық полициясы әлгілердің қолдарын қайырып, бұттарын айырып, басқасын майырып, дедектетіп тұрып ұстады, жаппай...
Негізі бұл - 1993 жылғы «Қара қазан» оқиғаларын еске алуға арналған шара еді. Халықтың тұрмыс-күйі мәз емес қой. «Ақыры алаңға шықтық қой» деп, айтып-айтып тастады жұрт. Билікті быт-шыт қылып сынады. Тұрмыстың нашарлағанын, жағдайдың қиындағанын айтты, ашынып...
Ресми форматтан асып түскен халық қаһары
Краснопресненская Застава алаңынан басталған шеруге шамамен бірнеше жүз, кей деректерде бірнеше мың адам қатысқан. Рұқсат берілген митинг болғасын, шара ұйымдастырушылары белгілі шеңберден шықпауға тырысқан.
Бір уақта топ ішінен «Долой царя!», «Мы хотим свободу», «Долой Роскомнадзор», «Нет политическим репрессиям» және «Долой партию жуликов и воров» сияқты ашық наразылық ұрандар айтыла бастады. Сыбырлап айтпады, айқайлап тұрып ұрандады.
Мұны естіген күш құрылымдары қарап тұрсын ба, таздың шашындай сирек топқа лап қойды. Автозактар да дайын тұр екен. Ұзын-ырғасы жиырма шақты адамды малша тиеп әкеткен.
Халықаралық БАҚ сарапшылары бұл оқиғаны «Ресейдегі ішкі саяси қазанның қайта қайнай бастағанының белгісі» ретінде бағалап жатыр: «Соғыс жағдайындағы қатаң әскери цензура мен репрессияларға қарамастан, Ресей астанасының орталығында президент Путин билігіне қарсы «Долой царя» деген ұранның айтылуы — қоғамдағы терең ашу-ызаның кернеуінен асып, төгіле бастағанын көрсетеді», - деп жазуда.
Бір нәрсе анық: Ол — Мәскеудегі митинг шерушілердің «Долой царя!» деп ұрандауы — қазіргі Ресейдегі билік режимінің сырттай берік көрінгенімен, іштей үлкен әлеуметтік-саяси қысым астында тұрғанын әшкерелеп берді.

👍42❤8🤡4🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Испанияда мерзімінен бұрын сайлау өтеді!
Сеутадағы миграциялық дағдарыс пен тұрғын үй мәселесіне байланысты Педро Санчес үкіметінің беделі қатты шайқалды.
Мадридтегі бұқаралық наразылықтар 70 жылға жуық уақыт бойы тұрған мүгедектігі бар 87 жастағы қарт әйелді пәтерінен мәжбүрлеп шығарып тастағаннан кейін басталды. Осы оқиғадан соң халық алаңдарға шатыр тігіп, биліктен тұрғын үйдің қолжетімді болуын талап ете бастады.
Парламент үкімет ұсынған негізгі заң жобалары мен тұрғын үйге қатысты декреттерді қабылдамай тастады. Елде саяси дағдарыс белең алды.
Педро Санчес мерзімінен бұрын парламенттік сайлаудың 29 қарашада өтетінін мәлімдеді.

👍16🤔5❤2
Ресей Киевтегі елшіліктерге ашық сес көрсетті...
Ресей Киевтегі батыс елдерінің елшіліктеріне ашық сес көрсетті...
Германия, Италия, Франция, Испания, Бельгия, Нидерланды және Еуропалық Одаққа мүше бірқатар басқа елдердің елшіліктері Мәскеудің сес көрсетуіне қарамастан, Киевтегі жұмыстарын жалғастыра беретінін хабарлады.
Осындай мәлімдемені ЕО елшісі мен Польша және Эстония дипломаттары да жасады.
Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Мәскеудің дипломаттарды қорқытып-үркіту әрекеттері бұған дейін де бірнеше рет сәтсіздікке ұшырағанын атап өтті.

«Біздің Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бірнеше рет ескерту жасады. Ендігі шешім Киевте дипломатиялық өкілдіктері бар мемлекеттердің өзінде», — деп мәлімдеді Песков.
Германия, Италия, Франция, Испания, Бельгия, Нидерланды және Еуропалық Одаққа мүше бірқатар басқа елдердің елшіліктері Мәскеудің сес көрсетуіне қарамастан, Киевтегі жұмыстарын жалғастыра беретінін хабарлады.
Осындай мәлімдемені ЕО елшісі мен Польша және Эстония дипломаттары да жасады.
Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Мәскеудің дипломаттарды қорқытып-үркіту әрекеттері бұған дейін де бірнеше рет сәтсіздікке ұшырағанын атап өтті.
💩21🔥8🤡6🤔2❤1
13 қылмыстық іс: Сең қозғалды...
Қазақта "сең қозғалды" деген сөз бар. Бүгінгі Қазақ армиясына қатысты осы сөзді қолданатын да күн келді. Армияны реформалау ісі басшы-қосшыларды алмастырудан һәм арнайы комиссия құрудан басталып кетті...
Тек, бір әттеген-айы, осы сеңді қозғалтқан қарт Каспийдің жағасында болған қайғылы оқиға болды. Бейбіт күнде сарбаздарды су жалмады. Қаншама отбасы қаза көріп, қайғы жамылды. Күллі қазақ жұрты аза тұтты...
Президенттің пәрменімен құрылған комиссия Қорғаныс министрлігін бүге-шүгесіне дейін тексеруі тиіс-тін. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева тізгінін ұстаған комиссия бүгін Президентке алғашқы есептерін берді.
Ол бойынша:
- Әскери іс-шараларды жоспарлау кезінде өрескел қателіктер жіберілгенін және бұған дейінгі басшылық тарапынан тиісті қадағалау болмағанын көрсетті.
- Қылмыстық қудалау органдары мемлекет мүлкін талан-таражға салу, қызметін асыра пайдалану фактілеріне, сондай-ақ Қорғаныс министрлігіне қарасты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелер қызметіндегі басқа да заң бұзушылықтарға қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды.
- Оқу-жаттығу жиындарын дайындау және жоспарлау кезінде тәуекелдерді бағалау, десант түсіруді ұйымдастыру және әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты елеулі кемшіліктерге жол берілгені анықталды.
- Қолбасшылық құрамның қылмысқа пара-пар салғырттығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
- Бес лауазымды тұлға тұтқындалды. Тергеу аяқталған соң олардың әрекетіне түбегейлі құқықтық баға беріледі.
- Әскери тәртіп пен алдын алу жұмыстарында біршама кемшілік бары анықталды.
- Әскерилерге әлімжеттік жасау, жарғыға қайшы әрекет ету фактілері әшкереленіп, қылмыстық істер қозғалды.
Президент өз кезегінде бұл мәселе жеке бақылауында екенін айтып, үкіметтік комиссияға бірсыпыра тапсырмалар берді. Соның ішінде:
- Кінәлілер жазаға тартылуы тиіс;
- Қауіпсіздік талаптарын, әскери қызметті өткеру шарттарын сақтау, тылды қамтамасыз ету және жеке құраммен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне айрықша мән беріледі;
- Комиссия Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуі тиіс;
- Тексеріс нәтижесі Қарулы күштерді реформалау жоспарын дайындау кезінде ескерілуге тиіс;
- Қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарсы тиімді әрекет ететін жаңа тұрпатты армия қалыптастыру қажеттігіне баса мән берілуі тиіс...
Біздің бұған қоса кетеріміз мынау: Қуатты әскер идеологиялық тұғыры мықты болуы тиіс. Әскердің негізі заманауи қару ғана емес, мықты рух пен мұқалмас қайрат және шексіз патриотизмнен тұрады. Бұл жалаң сөздер емес. Шынайы тұрғыдан іске асуы тиіс құндылықтар. Рух жоқ жерде жеңіс жоқ. Сондықтан да Қазақстан қарулы күштері әскерді де, әскерге баруды мақсат тұтатын жастарды да патриоттыққа тәрбиелеуге барын салуы тиіс!

👏17❤5😁2👍1
Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид келді. Президент Тоқаев құрметті қонақты Астана әуежайынан күтіп алды...
👍29❤2😁1
Йеменнің үкіметтік әскері хуситтерге қарсы ұрыста Баб-ел-Мандеб бұғазына қарай жылжып келеді...
Сауд Арабиясы қолдайтын Йеменнің үкіметтік әскері Баб-ел-Мандеб бұғазын іс жүзінде өз бақылауына алды. Бұл туралы Йеменнің Ақпарат министрі Муаммар әл-Ерияни мәлімдеді.
Дегенмен осы аймақта хуситтермен қақтығыстар әлі де жалғасуда.
Үкімет әскері Саудия авиациясының қолдауымен жағалау бойлай қарқынды алға жылжып, бұғаздың ең тар бөлігі саналатын Зубаб ауданындағы негізгі позицияларды басып алған.
Өткен айда Иран қолдайтын хуситтердің бұл маңызды мұнай жолын басып алуы энергетикалық нарықта үлкен дүрбелең тудырған еді.
Осы уақытта хуситтердің өзі Таиз қаласының маңында едәуір табысқа жетіп, таулы жолдың біршама бөлігін басып алған және үкіметтік күштерді қоршауға алған.
Хуситтер Баб-ел-Мандеб бұғазын өз бақылауында ұстауға ұмтылып, Сауд Арабиясының қалалары мен инфрақұрылымдарына соққы беруде.

❤18🔥6
Usbanov ARNASY
Йеменнің үкіметтік әскері хуситтерге қарсы ұрыста Баб-ел-Мандеб бұғазына қарай жылжып келеді... Сауд Арабиясы қолдайтын Йеменнің үкіметтік әскері Баб-ел-Мандеб бұғазын іс жүзінде өз бақылауына алды. Бұл туралы Йеменнің Ақпарат министрі Муаммар әл-Ерияни мәлімдеді.…
Парсы шығанағы елдерінен энергоресурстар экспорты Ормуз бұғазының жабылуына байланысты шектелген. Сол себепті де Йемендегі соғыс мұнай экспортының тағы бір ірі бағытына қауіп төндіріп, әлемдік бағаны өсіріп жатыр.
👎13
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ескерту: Видеода жантүршігерлік кадрлер бар.
Бұл Йемендегі соғыстан түсірілген кадрлер. Онда хуситтерге қарсы күштердің қарсыластарын тапап жатқаны бейнеленген.

🤯15👏8
Сауд Арабиясы Йемендегі хуситтердің 300-ден астам маңызды нысаны жойылғанын мәлімдеді...
Эр-Рияд бастаған коалицияның өкілі генерал-майор Турки әл-Малики авиация Йеменнің үкіметтік күштерін құрлықта тәулік бойы қолдап отырғанын айтты.
Оның айтуынша, «Йемен таңы» операциясы аясында шабуылға 100-ден астам истребитель қатысқан. Әскерилер қозғалмалы нысандарға да соққы беруді жалғастыруда.

🔥35
Хуситтер әуе компанияларына үндеу жасап, Сауд Арабиясының әуе кеңістігінен аулақ болуға шақырды...
Йемендегі хуситтерге бағынышты «Ансар Аллах» қозғалысының бақылауындағы Гуманитарлық операцияларды үйлестіру орталығы Сауд Арабиясының әуе кеңістігін қауіпті деп жариялап, әуе компанияларын ол арқылы ұшпауға шақырды.

🔥15💩5