Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Ал Франциядағы оқушылар ұйымдастырған наразылық акцияларына кәсіподақ мүшелері мен коммунистер қосылып, арты лаңға айналуда…
🔥20🤬13🌚2
Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды...

Ол Құрылтай депутаты қызметінен босатылды...
👎61🤣10👍7🤔6💩6🔥1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрінің әрқайсысының астарында белгілі қоғамдық қажеттілік, өмірлік тәжірибе мен дүниетаным жатыр.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/223863
👍6❤3🤔3
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Обновление кадрового состава в силовом блоке, которое произвел глава государства - после чрезвычайной трагедии на Каспии в последней декаде сентября - когда погибло 14 военнослужащих срочной службы, выглядело вполне логично.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/223866
🤔7
Forwarded from Mezgil.kz
Балтық пен Польшаға қауіп төнді. Ресейдің ойлағаны не?

Балтық теңізінде қиылған желілер, Германиядағы дрон және Польшадағы теміржолды жару ісі…артында Ресей тұр ма?

Беларусь шекарасындағы туннельдерді кім қазды? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9070
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔14
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазіргі геосаяси тартыстар ушыққан кезеңде әлем картасындағы ықпал ету аймақтары қарқынды түрде қайта бөліске түсіп жатыр.

▪АШХАБАДТАҒЫ ӘСКЕРИ ШЕРУ: БЕЙЖІҢ ҚАРУЫНЫҢ ДЕМОНСТРАЦИЯСЫ
▪РЕСЕЙДІҢ ПОЗИЦИЯСЫ НЕГЕ ӘЛСІРЕДІ?

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9071
🤔8❤5
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қазақтардың Ресей аумағына еңбек мигранты болып барып, оның арты соғысқа мәжбүрлеп аттандырған қайғылы жағдайларға ұласып жатқаны туралы жаңалықтардың легі соңғы күндері алаш қоғамын дүр сілкіндірді.

▪ШЕТЕЛДІКТЕРДІ СОҒЫСҚА ТАРТУДЫҢ «АЛАЯҚТЫҚ СХЕМАСЫ»

⬇Толық:
https://abai.kz/post/223869
👍17❤1👎1
Газадағы соғыс: «7-қазан» оқиғасына үш жыл...

2023 жылы, 7-қазанда ХАМАС жасақтары Газадан Израиль аумағына өтіп, жаппай шабуылға шықты. Шабуыл барысында 1200-ден астам адам қаза тапты. ХАМАС жасақтары Израильдегі 251 адамды Газа аумағына тұтқындап әкетті.

8-қазанда Израиль Газаны жаппай бомбалауды бастап, құрлық әскерін кіргізді. Газада 70 мыңнан астам тұрғын қаза тауып, 200 мыңға жуығы жараланды. Газа ұрыс қимылдарынан үйіндіге айналды.

Бүгінде Газаның 62 пайызы Израиль әскерінің бақылауында. Әлемдік сарапшылар мен ұйымдар Газада геноцид болғанын айтуда. Ал Израиль ол айыптауларды жоққа шығаруда.
👍18❤1
АҚШ базаларына шабуыл: Шығын көлемі қанша?

Таяу Шығыстағы АҚШ базаларына соққы беруден келген шығын өте ауыр болғаны сонша, Вашингтон аймақтағы әскери қатысуын бұрынғы деңгейге қайта жеткізе алмауы мүмкін, деп жазады The Intercept басылымы Америка әкімшілігінің аты-жөні аталмаған шенеуніктеріне сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, бірқатар басты америкалық базалар өте үлкен зақым алған, салдарынан АҚШ Қарулы күштерінің қызметі «түбегейлі бұзылған», ал «аймақтағы бұрынғы әскери қатысуы ешқашан қалпына келмеуі де мүмкін».

Қақтығыс барысында америкалық ондаған әскери ұшақ зақымданғаны немесе жойылғаны атап өтіледі, олардың арасында 4 істребитель F-15, 12 жанармай құюшы KC-135, сондай-ақ 30 соққы жасаушы ұшқышсыз аппарат MQ-9 Reaper бар.
🤣15😱9❤6👍2🤔2👎1
Ресейдегі оба күдігі: қауіп деңгейі қандай?

Ресейде зертхана қызметкері өкпе обасынан қайтыс болған болуы мүмкін деген күдік қауіпті дерт тарап кетпей ме деген үрей туғызып, бүкіл әлемді алаңдатып қойды.

Ал анығында өкпе обасы қаншалықты жылдам тарайды, қазіргі таңда бұл ауру несімен қауіпті және зертханалар оны қоздыратын бактерияларды не үшін сақтайды?

«Азаттық» радиосы Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің (университетінің) микробтық патогенез профессоры Брендан Ренмен сұхбаттасып, Ресейдегі жағдай мен биліктің індеттің алдын алу бағытында атқарып жатқан шаралары туралы сөйлесті. Профессор Рен қызмет ететін ғылыми орталық та өкпе обасын тудыратын Yersinia pestis бактериясын зерттеумен айналысады.
😁14❤1👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қырымның жолдары басқыншылар үшін күн өткен сайын қауіпті болу түсті...
👍56
Үндістан Ресей мен Украинаға бітім жоспарын ұсынды...

Hindustan Times мәліметінше, үндістандық жоспар 3 негізгі тармақтан тұрады:

1) Энергетикалық нысандар мен басқа да инфрақұрылымдарға соққы беруді тоқтату;
2) Қара теңіз порттары арқылы астық пен энергоресурстарды кедергісіз жеткізуді қамтамасыз ету;
3) Қара теңіздегі коммерциялық кеме қатынасына жасалатын шабуылдарды тоқтату.

Басылым Үндістанның бұл бастамасы Мысыр, Түркия және АҚШ ұсынған жекелеген ұсыныстарға қарағанда (олар тек астық экспортына немесе энергетикалық атысты тоқтатуға ғана қатысты) ауқымдырақ екенін атап өтеді.

Hindustan Times басылымы Үндістанның Қара теңіздегі шабуылдарды тоқтатуға мүдделі болу себебін, Ресейден келетін энергоресурстарды жеткізудегі іркілістермен түсіндіреді. Үндістанға тасымалданатын ресейлік энергоресурстар ағынының шамамен 30%-ы Қара теңіз порттарына тиесілі.
😁33👎4❤2👍2
Тәжікстан Халықаралық қылмыстық сот құрамынан шықты!

Бүгін Тәжікстан СІМ-і пароламентке осындай ұсыныспен келген. Парламент бірден бұл ұсынысты мақұлдады.

Тәжікстан ХҚС құзыретін мойындайтынын білдіріп, 1998 жылы Рим статусына қол қойған. Ал 2000 жылы құжатты рәсімдеп, 2002 жылы бұл құжат ресми күшіне енген.
😁24🤔11🤡6❤4😨1
«Қазіргі уақытта Украинадағы соғысты келіссөздер арқылы аяқтаудың ешқандай келешегі байқалмай отыр», — АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.
💯42❤1
Reuters: Сирия хуситтерге қарсы соғыста Саудия Арабиясына көмектесуі мүмкін...

Агенттіктің мәліметінше, Сирия Йемендегі Иран қолдайтын хуситтерге қарсы соғыста Саудия Арабиясына әскери көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып жатыр.
👍43
👍7
УКРАИНАНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖОРЫҒЫ...

Украина жауап соққыларын арттыруда. Түнде Рязаньдағы «Яндекстің» дата орталығы соққы астында қалды. Соққы жеген дата орталық қызметін тоқтатты.

Ал бұл соққыдан соң ресейлік қолданушылар жаппай шағым жасауда. Бірі қаржысын аудара алмаса, енді бірі сайтқа кіре алмаған. Биржада «Яндекстің» акциялары қазір құлдырауда...
Бұл дата орталық – Рязан облысындағы Сасово қаласында орналасқан екен. Жалпы Ресейде мұндай коммерциялық дата орталықтардың саны 250-ден асады. Тағы 42-сі әлі салынып жатыр екен.

Дата центр дегеніңіз - түрлі серверлер мен желілік құрылғыларды орналастыруға арналған арнайы ғимарат. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл - сайттардың, мобильді қосымшалардың, банк жүйелерінің және сервистердің «үйі».

Ал «Яндекстің» деректер орталығы — бұл компанияның мыңдаған серверлері, деректерді сақтау жүйелері мен желілік құрылғылары орналасқан арнайы жоғары технологиялық ғимараттар кешені. «Яндекстің» Ресейде мұндай орталықтары аз емес. Ең ірілері – осы Сасоводағы кешен. Сосын Владимир облысы мен Мәскеу түбінде орналасқан орталықтар.

Украина енді «Wildberries» пен «Ozon-нан» соң дата орталықтарды нысанаға мықтап алғанға ұқсайды...
👍40❤20🔥5😁2🤔1