Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Мәскеу әуежайларында 370-тен астам рейс кейінге қалдырылып, 62 рейс тоқтатылды!

Внуковода 158 рейс кейінге қалдырылып, 38-і тоқтатылды. Шереметьевода 157 рейс кейінге қалдырылып, 11-і тоқтатылды. Домодедовода 58 рейс кейінге қалдырылып, 13-і тоқтатылды.

Мәскеу әуежайларында ұшақтардың ұшып шығуы мен қонуына шектеулер енгізілген.
👍61❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тығындалып тұрған Мәскеу әуежайларының бірі...
👏58👍1
Йеменнің үкіметтік күштері Баб-ел-Мандеб бұғазы мен Перим аралын толықтай өз бақылауына алды!

Сонымен қатар «Оңтүстік алыптар» бригадалары Дхубаб ауданында хуситтермен қақтығысқа түсіп, олардың бірнешеуін тұтқынға алды, деп хабарлайды Al Arabiya.

Йемендік дереккөздердің мәліметінше, бейсенбі кеште хуситтер Дхубабта қоршауда қалған сарбаздарына қолдау көрсету және осы аудандағы позицияларын нығайту үшін теңіз жолымен қосымша күш жіберген.

Сондай-ақ дереккөздер түн ішінде хуситтердің Баб-ел-Мандеб бұғазы бағытындағы зымыран мен дрон шабуылдарын үдеткенін хабарлады. Бұғаз маңындағы әскери операциялар әлі де жалғасуда.

Сонымен қатар «Йемен таңы» операциясы аясында Саада және Сана провинцияларындағы хуситтердің позицияларына әуеден соққы беру жалғасып жатыр.

Әскери дереккөздердің айтуынша, ұшақтар Йеменнің солтүстігіндегі хуситтердің негізгі бекінісі саналатын Саада провинциясының Китаф және Аль-Бука аудандарына соққы берген.
👏24❤8👍3
БАҚ: Мәскеудегі жағдайға байланысты Түркіменстаннан қайтып келген Путин ұшағы әуежайға қона алмай жүр...
👍54😁27🍾5
Ресейде дрон шабуылдары кесірінен әуе рейстерінің тоқтатылу жиілігі екі есе өсті...

2026 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында РФ-дағы тұрақты жолаушылар рейстерінің тоқтатылу жиілігі екі есе артып, ұзақ уақытқа кешігу көрсеткіші орта есеппен 2,2 есе өсті, деп жазады «Коммерсантъ» басылымы «АльфаСтрахование» деректеріне сүйеніп. Компания РФ-дағы жолаушылар ағынының шамамен 97%-ын қамтамасыз ететін 30 ірі отандық және 60-қа жуық шетелдік әуе компаниясының рейстерін бақылайды. 2026 жылы 7,6 миллионнан астам адам ұшуды үш сағаттан астам уақыт күтуге мәжбүр болды — бұл 2025 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Қаңтар–қыркүйек айларында бір сағаттан астам уақытқа кешіккен рейстер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе артып, 128 000-ға жетті. Жолаушылар екі есе жиі немесе 77 000 жағдайда ұшуды кемінде екі сағат күткен. Тіпті ұзақтығы үш сағаттан асатын кешігулер саны 2,2 есе артып, 51 000-ды, ал төрт сағаттан асатыны — 2,4 есе өсіп, 36 000-ды құрады. 15 минуттан аспайтын кешігумен ұшқан рейстердің үлесі 57%-дан 52%-ға дейін төмендеді.
👍43❤2🔥1
Мәскеу әуежайларынан бір көрініс...
🔥35😁6❤2
Forwarded from PARANOIA.KZ
Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, келіссөз жүргізгенін айтты. Ресей жылдам арада АҚШ пен әлем нарығына 300 мың тонна дизель отынын жеткізеді дейді. Ал қарашада 500 мың тонна, артынша 1 млн тонна дизель отынын жеткізетінін мәлімдеді. Кейін бұл көрсеткіш 3 млн тоннаға ұлғаюы мүмкін екенін айтыпты.
🖕57🔥4❤1🤮1
Usbanov ARNASY
БАҚ: Мәскеудегі жағдайға байланысты Түркіменстаннан қайтып келген Путин ұшағы әуежайға қона алмай жүр...
БАҚ: Путин ұшағы Түркіменстаннан ұшып шығып, Мәскеуге қона алмай, ақыры Петерборға жетіп қонған!
😁51👍10
Axios: Трамп Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдарды Ресейдің Украина энергетикасына берген соққыларымен тең көрмейді. Ресейлік МӨЗ-дерге жасалған шабуылдар АҚШ-тың өзіне ауыр тиіп жатыр…
🤣58🖕11🤔1
Украина Ресейдегі ең үлкен мұнай терминалының бірін дөп соқты!

Бұл жолы Ростовтағы Ресей мұнайы экспортталатын терминалдың станциялары отқа оранған.

Сонымен теі Азов теңізінде ресейлік мұнайды тасыған екі кемеге де соққы жасалды.
🔥56👏13👍4❤3
Трамп бүйдейді:

▪️Бұл жақсы келісім болды. Ірі көлемде мұнай біздің елге жеткізіледі. Бұл - дизель. Бізге керегі осы қазір. Сол үшін де Путинге алғыс айтамын, бізге керек дизельді ірі көлемде жеткізіп беретін болды;

▪️АҚШ Украинаның мықты серіктесі болып қала береді. Десе де, әлемге дизель керек, қазір. Сол үшін де дұрыс істедік;

▪️Біздің келісім бойынша - Ресей дереу арада 300 мың тонна дизель жеткізуі тиіс. Ал қарашада тағы 500 мың тонна жібереді. Онан әрі қарай көлем 4 млн тоннаға дейін жетеді;

▪️Келісімге келуіміз себепті Реаейдің дизеліне салынған санкциялар 2027 жылдың сәуіріне дейін тоқтатылады.
🖕48🤡18🤮8👎3❤2🤔2💩1
Қазақстанда ағза трансплантациясын күтіп жүрген 4 867 адамның арасында 126 бала бар…

Бірі бүйрекке, бірі бауырға, енді бірі жүрекке мұқтаж. Кейбірі кезекте он жылдан астам уақыт тұр. Ал жыл сайын 350-ден астам адам қажетті ағза табылмай, күту тізімінен өмірден өтуіне байланысты шығарылады. Бұл – жай ғана статистика емес. Бұл – біреудің әкесі, біреудің анасы, біреудің баласы.

9 қазан – Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күні. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында елімізде 208 трансплантация жасалған. Оның 42-сі қайтыс болған донорлардың ағзаларын пайдалану арқылы жүзеге асқан. Алайда мыңдаған адам ағза күтіп отырған ел үшін бұл көрсеткіш жеткіліксіз.

Мәселенің мәнін сандардың өзі көрсетеді. Биыл Қазақстанда 140-қа жуық әлеуетті қайтыс болған донор анықталған. Бірақ олардың тек 13-інің отбасы ағза алуға келісім берген. Қалғандары бас тартқан. Демек, мәселе тек медицинада емес. Донор табылған күннің өзінде, оның ағзасын пайдалануға туыстары келіспесе, науқастың өмірін сақтап қалу мүмкіндігі шектеледі.

Әрине, жақынынан айырылған отбасы үшін мұндай шешім қабылдау оңай емес. Қайғы үстінде адамнан келісім күтудің де салмағы бар. Бірақ ағза донорлығы туралы қоғамда ашық әңгіме болмаса, адамдар мұндай шешімнің маңызын қашан түсінеді? Бұл тақырыпты тек біреудің өмірі қыл үстінде тұрғанда ғана көтеру кеш емес пе?

41 жастағы Есен Байленов бүйрек ауруының соңғы сатысына жетіп, бес жыл бойы гемодиализ қабылдаған. Бүйрек қызметі толық тоқтаған соң, өмірі медициналық процедураларға тәуелді болды. Бес жыл бойы трансплантацияға қатысты хабар күткен.

«Шындығын айтсам, үмітімді үзе бастаған едім. Кейде “осы гемодиализде өмірім аяқталатын шығар” деп ойлайтын кездер де болды», – дейді ол.

Бір күні оған таңертең ерте қоңырау шалынған. Қайтыс болған адамның туыстары донорлыққа келісім берген. Сол келісім Есенге жаңа өмір сыйлады. Қазір ол өзін бұрынғыдай ауыр науқас ретінде емес, қалыпты өмір сүріп жүрген адам ретінде сезінеді. Өзімен бірге операция жасатқан тағы екі адамның да аман қалғанын айтады.

Есеннің оқиғасы – донорлықтың медициналық процедура ғана емес, бір адамның болашағын қайтаратын мүмкіндік екенін көрсететін нақты мысал.

46 жастағы Андрейге де бауыр трансплантациясы қажет болды. 2023 жылы дәрігерлер оған бауыр циррозының терминалдық сатысы деген диагноз қойған. Қазақстанда трансплантация кезегіне тұрғанымен, ағза табылуына қатысты күту ұзаққа созылуы мүмкін екенін естіген.

Жағдайы нашарлаған Андрей басқа елдердегі мүмкіндіктерді іздеп, Беларусьтің Минск қаласына хат жазған. Бірнеше айға созылған белгісіздік, операцияның кейінге шегерілуі мен психологиялық қысым оған оңай соқпаған. Ақыры трансплантация жасалып, қазан айының соңында үйіне оралған.

«Ауырған адам басқаша өмір сүреді. Трансплантация туралы тақырыпты Қазақстанда көтеру керек, бұл туралы айту маңызды. Бұл кез келген адамның басына келуі мүмкін», – дейді Андрей.

Оның сөзі ойландырмай қоймайды. Бүгін донорлықты қажет ететін адам болмасаңыз да, ертең өзіңіз немесе жақыныңыз сол кезекке тұруы мүмкін. Ауру адамның кім екеніне, қандай қызмет атқаратынына қарамайды.

Қазақстанда ағза донорлығы мәселесі заңмен ғана шешілмейді. Халықтың хабардарлығы, дәрігерлерге деген сенім, қайтыс болған адамның еркі мен отбасының шешімі де маңызды. Донорлықты талқылау үшін қоғамда қорқыныш пен күмәнге орын қалдырмайтын ашық ақпарат қажет.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, eGov жүйесінде 184 191 ерік білдіру тіркелген. Оның 17 158-і – қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа берілген келісім. Бұл сандар донорлық мәселесіне қатысты азаматтардың ұстанымы әртүрлі екенін көрсетеді. Сондықтан адамдарға шешімді қалай тіркеуге болатынын ғана емес, трансплантацияның қалай жүргізілетінін, донордың өлімі қалай анықталатынын және ағзалардың қандай тәртіппен бөлінетінін де түсіндіру керек.

Денсаулық сақтау саласының өкілдері донорлыққа қатысты жағдай біртіндеп дамып келе жатқанын айтқанымен, күту тізіміндегі мыңдаған адамның мәселесі әлі шешілген жоқ.
👍16❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп: “Ресей бізге миллиондаған тонна жанармай жібермек. Дизель отынын береді. Дәп қазір бізге керегі осы ғой. Сол үшін оларға алғыс айтамын”, - дейді.
👎55🤣16🤮9💩8🤡5👍3❤2
Маңызды әңгіме…

Бүгін– Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күні. Бұл күн ағза донорлығының маңызын түсіндіруге және трансплантацияға мұқтаж адамдардың мәселесіне назар аударуға арналған.

Ағза трансплантациясы – ауыр дертке шалдыққан науқастар үшін өмірге қайта оралудың мүмкіндігі. Кей жағдайда донор табылуы адамның өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болуы мүмкін.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында елімізде 208 трансплантация жасалған. Оның 42-сі қайтыс болған донорлардың ағзалары арқылы жүзеге асқан.

Қазір Қазақстанда 4 867 адам ағза ауыстыру кезегінде тұр. Оның 126-сы – бала. Жыл сайын 350-ден астам науқас қажетті ағза табылмай, өмірден өтеді.

Биыл 140-қа жуық әлеуетті донор анықталғанымен, тек 13 отбасы ғана келісім берген. Ал 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 17 158 адам eGov жүйесінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім білдірген.

Донорлықтың маңызын Есен Байленовтің оқиғасынан да көруге болады. Арнайы жасақта қызмет еткен оның қос бүйрегі істен шығып, бес жылға жуық гемодиализ қабылдауға мәжбүр болған. Уақыт өте келе донор табылатынына деген үміті де азайған. Алайда бір күні дәрігерлер қоңырау шалып, донор табылғанын хабарлайды. Оған өмірден өткен әйелдің бүйрегі салынған. Марқұмның туыстары ағзаларын пайдалануға ресми келісім берген. Соның арқасында Есеннің де, тағы бірнеше адамның да өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туған.

Бұл – донорлықтың адам өміріне қаншалықты маңызды екенін көрсететін оқиғалардың бірі ғана. Бір отбасының келісімі өзге жандарға өмір сүруге, жақындарымен бірге болуға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік береді.

Ал сіз біреудің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін осындай шешімді қолдайсыз ба?
👍10
Трамп тағы Зеленскийге шүйлікті…

- Украиндерге жаңа лидер таңдауы керек. Зеленскийде көп мәрте келісім жасасу мүмкіндігі болды. Бірақ ол келісім жасаспады. Біз оларға басқасын ұрсаң да, дизельге тиіспе дедік. Ал ол дизельді тоқтаусыз соққылауда. Бұлай болмайды. Басқасын ұра бер, бірақ дизельге тиіспе, - деді Трамп.
🖕47🤣18🤮10👎3👍2
🤔8
САУДАГЕР…
АҚШ президенті Трамп ақырғы екі-үш күнде сан құбылып сөйлеуде…
Ресейбасы Путинмен сөйлесті. “АҚШ-қа дизель сат” деп көндірді. Дереу арада 300 мың тонна сұрады. Қарашада 500 мың тонна, онан ары ай сайын 4 млн тонна деп келісті. Ресейден дизель алу үшін Ресейге салынған санкцияларды 2027 жылдың сәуіріне шейін шегере тұрды.
Әлем аң-таң. Еуропаға шүйліккен - Трамп. Үндістанға шүйліккен - Трамп. “Тозақи санкцияларға қол қойған да - Трамп. “Кімде-кім Ресейден мұнай алса, 500 пайыз салық саламыз”, - деп екілене сөйлеген де - осы Трамп. Трамптың тебінісі көпке жетпеді. Сүмірейіп, Ресейден дизель сұраған да өзі болды.
Онысына тағы Украинаны айыптады. “Украина Ресейдің МӨЗ-дерін соққылауда. Тапшылық содан туып отыр”, - деді. Бірақ, Ормуз жайлы жақ ашпауда…
Жә, келісіпті мейлі. Сайлау келе жатыр. Нарық теңселіп тұр. Наразылық көңіл-күйді басуы керек т.б. Себеп көп. “Саудада дұшпандық жүрмейді”. Бірақ, бұл қадамдар Трамптың саяси беделіне сызат түсіргені анық. Өзің алдың ба, өзгеге алма деме. Дедің бе, табандап позицияңда тұр. Трамп тұра алмады.
Енді бүгін, Трамп Зеленскийге шүйлігіп жатыр. “Украинаға жаңа президент керек”, - дейді…
Украиндер жаңа лидер таңдауы керек. Келісім жасасатын адам керек. Зеленскийде келісім жасасатын көп мүмкіндік болды. Бірақ ол негесі белгісіз, келісім жасаспады. Біз оларға “басқасын ұрсаң да, дизельге тиіспе” дедік. Ал ол дизельді соққылауда. МӨЗ-дерді тоқтамай соғып жатыр. Бұлай болмайды. Басқасын ұра бер, бірақ дизельге тиіспе. Енді бұл мәселені қарастырамыз, - деді Трамп.
Трамп тағы Украинаға бірнеше мәрте өтініш жасағанын, Ресей МӨЗ-дерін соққыламауды сұрағанын айтты.
Ең қызығы - АҚШ ұсынған бітімдердің барлығына Украина көнген еді. Ал Ресей көнбей, көкбеттікке салынған. Энергетикалық бітімге Киев көніп, Мәскеу көнбеген. Бұл - факт. Уақытша бітімге Киев көніп, Мәскеу көнбеген. Бұл да факт. Ұрысты тоқтатуға да Киев даяр болып, Мәскеу бас тартқан. Тіпті, Мәскеуге арнайы барған Трамптың адамдарының бетіне айтып, ұсынысын кері қайтарған да Мәскеу еді. Ал Трамп, мұның бәрін ысырып қойып, Ресейден дизель сатып алатын боп жатыр…
👎36😁14❤10👍2💩2😱1
Украинаның СІМ басшысы Андрей Сибига Трамптың сөзіне жауап берді:

- Президент Зеленский біздің елімізді жай кезде емес, соғыс болып жатқан қиын кезінде басқарып отыр. Бұл соғыс - тәуелсіздік үшін жүріп жатқан соғыс! Еркіндік пен абырой үшін жүріп жатқан соғыс! Зеленский Украина халқының қолдауына ие! Біздің елімізді кім басқаруы керектігін шетелдегілер емес, Украина халқы өзі шешеді. Ал Трамптың бүгінгі Зеленский туралы айтқандары - Зеленскийдің өз міндетін лайықты атқарып жатқанын көрсетеді, - деді.
👍77💯6👏5❤3🤡1