Usbanov ARNASY
3.42K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Ресей Киевті балистикамен соққылады. 4-ші ЖЭС жанып кетті…

Трамптың “бітімі” жайына қалды…
🤬56😡3
Зеленский: Путин Траптың сөзін пысқырмады!

Украина президенті: “Ресей Американың көзін бақырайтып тұрып құрметсіздік жасады. Мұндай масқара бұрын-соңды болмаған!”, - деді.

Трамп бітім жариялағанның ертесі-ақ (кеше түнде) Ресей Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына қарсы 39 балистикалық зымыран, 120 соққылаушы дронмен соққы жасады. Соққылар Киев, Киев облысы мен Харьковке жасалды.

“Трамп бітім жариялады. Ал Путин әлемге көрсетіп тұрып, бітімді бұзды. Мәскеу Трамптың сөзін сөз көрмейтінін көрсетіп отыр”, - деді Зеленский.

Түндегі шабуыл кезінде Ресей 25 дана “Цикрон” зымыранын қолданған. Ал Киевтің жарты бөлігі жарықсыз қалған.
💯30👍12🤔5❤1
Украина «Сбербанктың» дата-орталықтарына шабуыл жасай бастады!

Украина дрондары Саратов облысының Балаково қаласында орналасқан «Сбербанктың» деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) дөп соқты.

«Сбербанк» Балаководағы ДӨО құрылысын 2021 жылы бастаған болатын. Билік бұл нысанды Еуропадағы ең ірі орталыққа айналдырып, 2030 жылға қарай толық іске қосуды жоспарлаған еді.

Өткен аптада Украина «Яндекстің» де бірнеше ресейлік өңірдегі дата-орталықтарына шабуыл жасап, салдарынан компания сервистерінің жұмысында іркілістер орын алған болатын.
🔥49👍15❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әуедегі айқас…

Жекпе-жекте: Украина дроны мен Ресейдің Ми-28 тікұшағы.

Жеңімпаз - Украина дроны…
❤51👍31🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
17 қазанда Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығында «Kazakhstan Prevention Days – 2026» жобалар көрмесі өтеді.

Онда құқық бұзушылықтың алдын алуға, балаларды қорғауға және цифрлық қауіпсіздікті күшейтуге арналған технологиялар таныстырылады.

Көрмеде балалардың қауіпті цифрлық ортаға тартылуын ерте анықтайтын «AiMap», хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге көмектесетін «E-Bagdar» және жол ақауларын анықтайтын «JOLScan» жүйелері ұсынылады.

Шараға ІІМ, полиция департаменттері, әкімдіктер, жоғары оқу орындары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар әзірлеген 60-қа жуық жоба қатысады. Германия, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан өкілдері де қауіпсіздік саласындағы тәжірибелерімен бөліседі.
Көрменің тағы бір бағыты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта «Біз жақынбыз 2.0», «Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғам», «AL-JAN» және «SENIM TECHNOLOGIES» жобалары таныстырылады.
👍8❤6👎2
Песков:

- Трамптың энергетикалық бітімінде нақтылық жоқ. Сондықтан Ресей соққыларын жалғастыруда, - деді.

Ал бұған не дейсіз?)
💩44🤡19🤬1
Forwarded from Mezgil.kz
Украина дрондары ресейлік МӨЗ-дерді қанша шығынға батырды?

Сарапшылар: Әр МӨЗ-ге жасалған сәтті шабуылдың құны Ресей үшін шамамен 23 млрд рубльге тең…

Ресей билігі МӨЗ-дерге 95 дана мұнайды екінші мәрте өңдеу құрылғыларын қойды…Бірақ…

Бейжің Ресейдің қиын жағдайын пайдаланып, құрылғыларды 4 есе қымбат бағамен сатуда…Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9115
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍33❤5
Пашинян Әзербайжанға жер алмасуды ұсынды!

Армения премьер-министрі анклавтар мен эксклавтардан арылу үшін екі елдің шекарасын өзгерту бастамасын көтерді.

Пашинян не дейді?

▪️ Ауданы жағынан шамалас аумақтарды өзара алмасу.
▪️ Екі ел арасындағы барлық көлік бағыттарын ашу.
▪️ Территориялық
талаптардан бас тарту.

«Ереван мен Баку барлық мәселе бойынша — соның ішінде Қарабақ, Гардиан, Ширман, Нахичевань немесе Батыс Әзербайжанға қатысты да бір-бірін жайына қалдыруы тиіс», — деп мәлімдеді Пашинян.

2025 жылдың тамызында екі ел басшылары Трамптың делдалдығымен Вашингтонда бірлескен декларацияға қол қойған болатын. Құжат, соның ішінде, Армения арқылы Әзербайжанның негізгі аумағын Нахичеваньмен байланыстыратын көлік бағытын құруды қарастырады.
👍29🤔6❤2🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Зеленский Трампты өткір сынады!

«Егер сен бейтарап позицияны ұстансаң, одан ауытқымауың керек, бұрыс тарапқа шығып кетпеуің қажет.

Мен Трамптың кеңесшілері қателесіп отыр деп ойлаймын. Оны бұрыс жаққа кім итермелеп отырғанын білмеймін.

Бұл — тарихтың сен тұруға тиіс тарапы емес», - деп мәлімдеді Украина президенті.

Британияның ең беделді журналистерінің біріне берген сұхбатында Зеленский украин халқы өз елін сатпайтынын да атап өтті:

«Тыңдаңыздар, жігіттер, бұл біз үшін бизнес емес. Бұл — біздің өміріміз», - деді Зеленский.
👍103❤10💯3
Зеленский: Отставкаға кетпеймін!

Украина президенті тап осылай деді. Ол сондай-ақ, Трамп қанша айтса да, қазір Украинада сайлау өткізу мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

- Біздің әр сағатымыз шабуылдың астында өтіп жатыр. Қауіпсіздік жағынан алсаңыз да, сайлау өткізу мүмкін емес. Оның үстіне біз сарбаздардың дауысынсыз президент сайлай алмаймыз. Ең бірінші Отан үшін жандарын шүберекке түйіп, ел қорғап жатқан сарбаздар дауыс беруі керек. Бұл әділетті болмақ!, - деді.

Зеленский сонымен қатар Ресейдің МӨЗ-деріне соққыларды қайта жалғастыратынын мәлімдеді.

Ол тағы АҚШ пен Ресейдің сауда келісімін меңзеп, маңызды әріптесінен айырылып бара жатқанын айтты.
🔥48👍26❤6👎1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Баян-Өлгейде қазақ пен мұңғолдың дәстүрлі өмір салтын халықаралық туризммен ұштастыратын ортақ жоба жүзеге асса, бұл екі халықтың мәдени байланысын нығайтып қана қоймай, жергілікті тұрғындарға жаңа кәсіп пен табыс көзін ашар еді.

⬇Толық: https://abai.kz/post/224242
❤10👍8👎2
Forwarded from Mezgil.kz
‼АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы апталардағы күрделі саясаттағы күрт бұрылысы әлемдік ақпарат кеңістігін әрі-сәрі күйге түсірді. Ресеймен «мұнай келісімін» жасасқан Трамп өзін-өзі ақтау үшін «бар бәлеге» Киевті һәм президент Зеленскийді айыптап, «Украинаға жаңа басшы керек» деген Ресей риторикасын қайта қоздатты...

▪ТРАМП НЕГЕ ЗЕЛЕНСКИЙГЕ ШҮЙЛІКТІ?
▪КИЕВТІҢ ЖАУАБЫ: ПОЗИЦИЯДАН АУЫТҚЫМА, ТРАМП!
▪УКРАИНАНЫ ЗЕЛЕНСКИЙДЕН КЕЙІН КІМ БАСҚАРАДЫ?

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9121
🤡15
Forwarded from Mezgil.kz
‼Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барды.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9122
❤8👍3
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Редакция: Қазан айының 5-інен бері Варшава қаласында (Польша) ОБСЕ-нің жыл сайынғы дәстүрлі конференциясы өтуде. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Ермұрат Бапи сол конференцияның Демократиялық институттар мәселесі жөнінде өткен сессиясына қатысып, сөз сөйлеген еді. Біз төменде саясаткер азаматтың сол баяндамасын сәл-пәл ықшамдап жариялап отырмыз.

⬇Толық: https://abai.kz/post/224236
❤4👍4👎4
Ресейлік репер Қазақстанда есірткімен ұсталды...

Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ресейлік рэпер Navai ұсталды. 

Жамбыл облысында шекарадан өтпек болған танымал ресейлік рэпер Navai (шын аты-жөні — Наваи Бахманоғлы Бакиров) есірткі контрабандасы бойынша күдікке ілініп, ұсталды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 13 қазанда «Қордай» өткізу пунктінде болған. Шекаралық бақылау барысында әнші отырған көлік тексеріліп, ішінен заңсыз есірткі заты табылып, тәркіленді. Әзірге тәркіленген заттың нақты қай түрі екені және оның көлемі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, рэпермен бірге көлікте болған тағы екі адам жауап алынғаннан кейін босатылған.
👍28👏3❤2