Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Президент Тоқаев Еревандағы саммитте: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқанын айтты.

«Табиғат байлығын сақтау экономикалық өрлеумен қатар жүруі керек екеніне сенімдіміз. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы осы құндылықтарды арқау еткен. Бұл қозғалыс қарапайым экологиялық тазалық ауқымынан шығып кетті. Оның азаматтардың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал ететін жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқаны қуантады», – деді Президент.

«Таза Қазақстан» акциясы – ел тұрғындарының тазалықты сақтауға атсалысуының маңыздылығын көрсетіп, қоғамның түрлі салаларын қатыстырып, қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне назар аударады.

Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды дұрыс сұрыптау мен кәдеге жарату мәдениетін дамыту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және азаматтардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру – идеологиялық сипатқа ие маңызды іс!
👍10😁6❤2
КИІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ

Жаһандық экологиялық мәселелер талқыланып жатқан Еревандағы халықаралық алаңда Қазақстан президенті киіктерді қорғау мәселесіне де назар аударды...

Мемлекет басшысы Қазақстанның сирек кездесетін жануарларды сақтау мен көбейту жолындағы күш-жігеріне тоқталды.

«Мұз дәуірін өткерген ежелгі жануардың даламыздағы экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы орны ерекше. Бүгінде киіктің әлемдік популяциясының 98 пайызға жуығы қазақ даласын мекен етеді», - деді Тоқаев.

Статистикаға көз салсақ: Елімізде 2003 жылы небәрі 21 мың бас киік болса, биыл көктемге қарай бұл көрсеткіш 4,7 миллионға жеткен екен.

Киік - қазақ даласының киесі.
Киік - ол Қазақ.
Киікті атқаның - қазақты атқаның, - дейді қазақ.
👍24❤5
ҚАЗАҚ ПЕН БАРЫСТЫҢ БЕКЗАТ БОЛМЫСЫ...

Президент Тоқаев сондай-ақ, Қазақстан табиғатының биоалуандығы жайлы айта келіп, әйдік қар барысының популяциясына да тоқталды.

«Асқар тауларымыздың тұмарына баланатын қар барыстары популяциясын қалпына келтіру жұмыстары көңілге сенім ұялатады. Ілбіс тіршілік ететін ортаның 70 пайызға жуығы еліміздегі қорғалатын аумақтарға тиесілі. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған ілбістің популяциясы қар барысын қорғау және жүйелі ғылыми мониторинг шараларының нәтижесінде шамамен 190-ға дейін көбейді. Бұған билік органдарының, ғалымдар мен халықаралық серіктестердің ұзақ жылдар бойы табанды әрі аянбай атқарған жұмысының нәтижесінде қол жеткізілді», – деді Президент.

Біз барыстың басқа аң атаулыдан ерекше екенін тым ерте пайымдаған халықпыз. Сірә, барыс бабаларымызды адам аяғы жетпес қия шыңды мекен етіп, көзге көп шалынбайтын бекзаттығымен баураса керек. Құлама жақпартаста орғып жүріп оттайтын арқар, таутеке, елік, марал – барыстың азығы. Керек болса кекілікпен, ұлармен де қоректенеді. Асқардың кіршіксіз қарына аунап, қойтастарына шуақтап, асыл шөп шалатын таза қанды жануарларды азық қылатын, өлекседен бойын аулақ ұстайтын, ақ шұбар түкті жыртқыш мысық паң әрі шалымды.

«Барыстың гносеологиялық тұрғыдағы арғы тегі біздің бабаларымыздың дүниетанымына, адамгершілік мұраттарына барып ұласады. Барыс – сыры жұмбақ жануар. Ол өзіне өзгелердің назарын еріксіз аудартады. Барынша жіті көз тігуге мәжбүр етеді. Өзінше дербес, тәкаппар, топтанып жүруді ұнатпайтын, мейлінше сақ, бірақ қорқақ емес, барынша батыл, бірақ өзгелерге қиянат жасап, біреудің мекені мен жеміне көзін алартпайтын, басқаларға жоқтан өзгеге бола азу көрсетіп, тырнақ батыруды білмейтін, бірақ өзінің есесін ешкімге де жібермейтін, айнала төңірегіндегілерді ақырып-бақырмай-ақ, айрықша шалымдылығымен өзін сыйлата алатын текті жануар», – деп жазған еді әйгілі жазушы Әбіш Кекілбайұлы.
🤔7❤5
Президент Тоқаев Еревандағы жиында Каспий теңізінің бірегей биоалуантүрлілігін қорғау қажет екеніне тоқталды.

«Каспий итбалығының жойылу қаупі ерекше алаңдатады. Соңғы ғасырда Каспий итбалығының саны 1 миллионнан 270 мыңға дейін азайған. Қазақстанда Каспий итбалығы сирек кездесетін және жойылу қаупі бар түрлердің қатарына ресми түрде енген. Теңіз маңындағы бес мемлекет пен халықаралық қоғамдастықты осы түрді сақтап қалу жолында күш жұмылдыруға шақырамын. Арал қасіреті табиғи ресурстарды жауапсыз пайдаланудың салдары тым ауыр болатынын еске салады. Каспий теңізінің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуіміз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
❤7🤔4
Лукашенко Зеленскийді жақтады: «Бұл Трамптың шешетін мәселесі емес!»

Лукашенко: «Украинада кімнің президент болатынын украин халқы шешеді», — деп мәлімдеді.

Дегенмен, бұған тым сүйсініп, көңіл босатудың қажеті жоқ. Лукашенконың айтуынша, орыстар бейбітшілікке дайын, ендігі шешім Украина тарапында.

«Келесі жылы жағдай бұдан да күрделене түседі», — деп атап өтті Лукашенко.
😁31💩8👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Зеленский компромисс ұсынды!

Украина президенті Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы бермеуге сөз берді. Бірақ бір шарт бар:

«Сіздер біздің Ресейдің МӨЗ-деріне шабуыл жасамағанымызды жөн көресіздер. Бирақ олар бізге соққы бере береді. Олай болса, баллистикалық зымырандарды атып түсіруіміз үшін бізге ракеталар беріңіздер», — деді ол.

«Бізге шабуыл жасалды. Адамдарымыз қаза тапты. Өзімізді қорғауға құқығымыздың болуы — әбден заңды құбылыс. Барлық талдаулар Украинаның Ресей МӨЗ-деріне жасаған соққылары мұнай бағасына әсер етпейтінін көрсетіп отыр», — деп қосты Украина Президенті.

Сонымен қатар Зеленский Ресейге салынған санкциялардың алынып тасталуы күтпеген жағдай болғанын атап өтті.
👍46❤11🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сургутта Черномырдин атындағы конденсатты тұрақтандыру зауытына шабуыл жасалды!

«Газпромға» тиесілі бұл кәсіпорынға дрон шабуылы алғаш рет жасалып отыр.

Украина шекарасынан Ханты-Мансы автономиялық округіне дейінгі әуе қашықтығы — шамамен 2400–2600 шақырым.
👍40🔥6
Зеленский: Америкада жүрегі кең, мейірімді жандар өте көп — олар зұлымдықтың шынымен жеңілгенін және Украинаның жауға төтеп бергенін қалайды!

«Бұл — Еуропаға өз бостандығын қорғауға көмектескен, Нормандияға десант түсіру кезінде шайқасқан, Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен және Еуропаға тек жақсылық тілейтін жүректер. Бұл — Еуропаны бөлшектеуді немесе қорлауды емес, оған одақтас болуды қалайтын жүректер. Мен американдықтардың көпшілігі әлі де дәл сол екеніне сенемін», — деп атап өтті Президент.

Ол сөзін жалғастыра отырып: «Түбінде Америка халқы өз сөзін айтады — бұл күн де жақын», — деп қосты.

«Егер Америка Путинге қысымды шынымен күшейтсе — ол Американың айтқанына құлақ асады. Ол не бейбітшілікті таңдайды, не соғысын қаржыландыратын ақшадан мүлде айырылады», — деп баса айтты Президент.
👍48💯12❤2👀1
CNN-нің бас мақаласы: "Зеленский Трамппен арасы ушығып тұрған кезде, Еуропаның шын лидерлерін мақтады", - деп шықты...

Мынаны Трамп оқып, тағы бұлданады деңіз...
1🔥30😁9
Рим папасы Лео Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, тым болмаса адамдар аштан қырылып жатқан Олешкиде ұрысты тоқтатуға шақырды...

Ал Путин әдеттегідей, тәналмай қойды...
🔥24👎3❤1
БАҚ: Ресейде маймыл шешегінің екінші ошағы тіркелді, бұл жолы — Санкт-Петербургте...

«SHOT» басылымының жазуынша, ауру қаланың төрт тұрғынынан анықталып, барлығы ауруханаға жатқызылған. Бұл — соңғы күндердегі Ресей аумағында тіркелген екінші ошақ.

Бірінші ошақ Мәскеу түбіндегі Жуковский қаласында тіркелген болатын. Онда маймыл шешегі бар деген күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылған.
🔥28😱3
Трамптың өтірігі…

Трамп Tomahawk зымырандарының тапшылығы Украина кесірінен туындағанын айтты…

Трамп: “Байден Украинаға Tomahawk зымырандары мен жүздеген миллиард доллар берді”, - деп мәлімдеді.

Бірақ мәселе мынада: Зеленский 2024 және 2025 жылдары дәл осы зымыранды бірнеше мәрте сұрағанымен, Украина бұл зымырандарды ешқашан алған емес!

Ал АҚШ-тағы Tomahawk және Patriot зымырандарының қоры Трамптың өзі бастаған Иранмен арадағы соғыстың салдарынан таусылған еді.
🤡34👍9😁6❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп: Путин де соғыстың тоқтағанын қалайды!
🤡44😁4❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Путин: Украинаға қарсы соққыларды тоқтатпаймыз!
😡35💩11🖕6😁2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҮНСІЗДІКТІҢ СЫРЫ

Зеленский қазір Еуропада жүр. Бірсыпыра келісімдер жасасты. Соңғы жағдайларды Еуропадағы басшы-қосшылармен талқы етті…

Бүгін брифингте Sky News тілшісі соны сұрады: “Трамп өз кінәсін сізге жауып, сізді “жексұрын” етуге тырысып жатқан жоқ па?” деп сұрады.

Зеленский тұп-тура 15 секунд үнсіз тұрды да, сәл жымиып: “Менің жауабым осы”, - деді.

Қазір әлем осы үнсіз жауапты ызу-қызу талқылап жатыр…

CNN: “Үнсіздіктің өзі мың сөзге татиды”, - деп жазды.

WSJ: "Осы бір айтары көп үнсіздіктің артында миллиондаған ащы сөз жатыр. Зеленский шебер жауап берді”, - деп жазды.

Британ ғалымы Кристофер Пейнтер: “Егер ең ұтқыр жауап кәне десеңіз, осы міне!”, - дейді.

France 24: "Зеленский ЕО-ның кеңесін тыңдағанға ұқсайды”, - деп жазды.

Аустралиялық сарапшы Марио Науфал: “Мойындау керек, бұл жақсы әрі жылдам жауап болды”, - дейді.

Шведтік Svensk Tidskrift: "Қазір болып жатқанның барлығы ауыр трагедия. Десе де, бұл жігіт соның өзінде рок-жұлдыз екенін мойындатып тұр”, - деп жазды.
❤39🔥19👍16😁1
Трамп Ресейге қарсы "тозақи санкцияларды" тоқтатты!

Анығы - белгісіз мерзімге тоқтата тұрды.

Егжей-тегжейі былай: Бұл заңға Трамптың өзі қол қойған. Ол бойынша Ресейге қарсы 18 қазан күні санкция салынуы тиіс-тін. Десе де, бұл заңда санкция салу я салмау құқы Трампта еді. Егер ол қажетсіз деп тапса - санкция салмайды. Қажет деп тапса - салады. Қысқаша айтқанда - заң бар, санкция жоқ!

Ал бұл заңның қуаты күшті еді. Ресей тауарларына 500 пайыздық баж салығы, Ресейден мұнай мен газ сатып алатын елдерге 100 пайыз салық салынуы тиіс-тін.
🤬33🤡9👍6😡4❤2🖕2
Зеленский: Уа, Америка, ояныңдар!

Зеленский: "Ресей Украинаның энергетикасына жойқын соққы жасап жатқан уақытта Уашиңтон Ресейге қарсы "Грэм заңын" тоқтатып тастады", - деді.

Зеленскийдің айтуынша, түнде Ресей Украинаның 15 ірі энергонысанын соққылаған. 320 "шахед" дронын, балистикалық және қанатты зымырандармен соққы жасаған.

"Американың санкцияларды жеңілдетуі - агрессорға жасалған тамаша сыйлық! Ресей бұдан ерекше шабыттанып, Украинаның бейбіт халқын қырған үстіне қыра түспек. Путин Украинадағы миллиондаған бейбіт халықты қыс алдында жарықсыз, жылусыз қалдыруды жоспарлап отыр", - деді.
👍46😭6💯3❤2
ҚР ІІМ ата-аналарға үндеу жасады!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Сіздерді балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлуге шақырады. Жыл басынан бері түрлі құқық бұзушылықтарға байланысты 164 000 кәмелетке толмаған ішкі істер органдарына жеткізілген.

Бұл — баршамызды ойландыратын маңызды мәселе!

Жасөспірімдер арасындағы буллинг, төбелес, әлімжеттік және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу — ортақ міндетіміз.

Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін бақылаңыздар. Олармен ашық сөйлесіп, мәселелерін тыңдап, өзгені құрметтеуге және заң талаптарын сақтауды түсіндірініздер.

Балаларыңыздың түнде көшеде қараусыз жүрмеуін, ойын-сауық орындарында заң талаптарын сақтауын қадағалаңыздар. Жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Балалар қауіпсіздігі мен жарқын болашағы үшін бәріміз жауаптымыз!
👍28🖕5❤2
Зеленский мен Путин кездесе ме?

Зеленский АҚШ Путинмен жеке кездесуін ұйымдастырып жатқанын айтты.

Бұл кездесу G20 саммиті кезінде өтуі мүмкін дейді Украина президенті.

«АҚШ бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Оларда үшжақты кездесу өткізу туралы ұсыныс бар. Бұл кездесу Таяу Шығыс елдерінің бірінде өтуі мүмкін.
АҚШ тарапы Біріккен Араб Әмірліктері немесе Сауд Арабиясы туралы жиі айтады. Бұдан бөлек, кездесу G20 саммиті кезінде АҚШ-та да өтуі ықтимал. Бірақ әлі күнге дейін Ресей тарапынан да, сәйкесінше, АҚШ тарапынан да ешқандай ресми растау болған жоқ. Сондай-ақ бұл кездесу Еуропа елдерінің бірінде өтуі де мүмкін», - дейді.
👍25🔥4❤2👀2
The Guardian: Путин Украина қалаларын жермен-жексен етуді тапсырды!

Украина барлауы Кремльден шыққан құпия құжатты әшкерелеген. Оны мұқият зерттеген басылым Путин Украинаның барлық электр желілеріне, элек рстанцияларына, жылу жүйелеріне, су жүйелеріне жаппай соққы жасауды бұйырғанын жазды.

Кремль жоспары - халықты Киевтен кетуге мәжбүрлеу. Есеп бойынша, Киев жарықсыз, жылусыз, сусыз кемі 20 сағатқа шыдап береді.

The Guardian басылымы Кремль бұл жоспарды орындауға кірісіп кеткенін жазады.
🤬43🖕7😡5❤1