TESTCENTERKZ
171K subscribers
2.65K photos
536 videos
120 files
918 links
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👋Сәлем, талапкерлер!

📣20 маусымда еліміз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өз жұмысын бастайды.

✅Егер сіз ҰБТ-ны тапсырып қойып, грант конкурсына қатыспаймын деп шешсеңіз, жоо-ға қабылдауға құжаттарыңызды 20 маусымнан бастап тапсырсаңыз болады.

✅Ал егер грант конкурсына қатысамын деп жоспарлап отырсаңыз, грант конкурсына өтінішті 13-20 шілде аралығында тапсырасыз. Осы кезеңде сіз мамандықтар мен оқу орындарын таңдайсыз. Грант конкурсына құжаттарды кез келген жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы тапсыруға болады, тіпті сол оқу орнын таңдамаған жағдайда да.

📆Грант иегерлерінің тізімін министрлік 10 тамызға дейін жариялайды.

☎️Құжаттар, шығармашылық емтихан, арнаулы емтихан, мамандықтар, оқу шарттары және тағы да басқа сұрақтар бойынша өзіңізді қызықтырған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тікелей хабарласуды сұраймыз.

🖥️Жоо-лардың тізімі мен байланыс нөмірлерін сайтымызда және телеграм арнамызда жарияладық.

🙌Сәттілік!

✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨

👋Привет, абитуриенты!

📣20 июня приемные комиссии вузов по всей стране начнут свою работу.

✅Если вы уже сдали ЕНТ и не планируете участвовать в конкурсе грантов, вы можете начать подавать документы на зачисление в вуз с 20 июня.

✅А если вы планируете участвовать в конкурсе грантов, то вы подаете заявление на участие в конкурсе грантов с 13 по 20 июля. Именно в этот период вы будете выбирать специальности и вузы, в которые хотите поступить. Заявление на конкурс грантов можно сдать через приемную комиссию любого вуза, даже если вы не выбираете этот вуз.

📆Список обладателей грантов будет опубликован министерством до 10 августа.

☎️По вопросам документов, творческих экзаменов, специальных экзаменов, специальностей, условий обучения и другим вопросам просим обратиться напрямую в приемную комиссию интересуещего вас вуза.

🖥️Список вузов и их контакты мы опубликовали на нашем сайте и телеграм-канале.

🙌Удачи!
❤95👍4💯3🤩2😍2
📌20 МАУСЫМДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ
 
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 20 маусымнан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссияларының жұмысы басталатынын хабарлайды.

ҰБТ тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап өздері таңдаған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады.

Мемлекеттік білім беру грантын алуға үміткер талапкерлер үшін гранттар конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау 2026 жылғы 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде талапкерлер өздері оқуға түскісі келетін білім беру бағдарламалары мен жоғары оқу орындарын таңдай алады.

🔗 Толығырақ: gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤61👍5😍5💯4
📌20 ИЮНЯ В ВУЗАХ КАЗАХСТАНА СТАРТУЕТ ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ ОТ АБИТУРИЕНТОВ
 
Министерство науки и высшего образования РК сообщает, что с 20 июня во всех вузах страны начинают работу приемные комиссии.


Абитуриенты, сдавшие ЕНТ и не планирующие участвовать в конкурсе образовательных грантов, могут с 20 июня подавать документы для зачисления на платной основе в выбранные вузы.

Для поступающих, претендующих на получение образовательного гранта, прием заявлений на участие в конкурсе грантов будет осуществляться с 13 по 20 июля 2026 года. В этот период абитуриенты смогут выбрать образовательные программы и высшие учебные заведения, в которых планируют продолжить обучение.

🔗 Подробнее: gov.kz
❤52👍16🥰4💯4😍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🖋️Ахуалдық орталық қызметкерінің бір күні. ҰБТ өткізу кезінде Ахуалдық орталықтың мамандары тестілеу барысын бейнебақылау жүйелері арқылы үздіксіз қадағалайды. Олар барлық ереже бұзушылықтарды тіркеп, тестілеудің әділ, ашық және белгіленген тәртіпке сай өтуін қамтамасыз етеді.

🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

🖋️Один день из жизни сотрудника Ситуационного центра. Во время проведения ЕНТ специалисты Ситуационного центра в режиме реального времени следят за ходом тестирования через систему видеонаблюдения. Они фиксируют все нарушения правил и обеспечивают честное, прозрачное и объективное проведение тестирования.
❤62👏12👍7😍6💯5
«ПЕДАГОГ» санаты үшін ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ

💻2026 жылғы 22-23 маусым аралығында app.testcenter.kz сайтында «ПЕДАГОГ» санаты үшін ПББ-ға өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
⏳ПББ-ның өзі 24 маусымда өтеді.

✅Бұл тестілеуге қатыса алады:
✍️педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша колледж және жоо түлектері болып табылатын тәжірибесі жоқ кандидаттар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін - тегін, келесі мүмкіндіктер үшін - 5640 тг);
✍️педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін - тегін, келесі мүмкіндіктер үшін - 5640 тг).

📝Педагогтер үшін тестілеу 1 блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады.
⏰Тестілеу ұзақтығы – 80 минут, ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 125 минут.

✅Ең жоғары балл – 50 балл, шекті балл – 25 балл.

👏Сәттілік!

📣📣📣📣

ОЦЕНКА ЗНАНИЙ ПЕДАГОГОВ для категории «ПЕДАГОГ»

💻С 22 по 23 июня 2026 года на сайте app.testcenter.kz будет проводиться прием заявлений на ОЗП для категории «ПЕДАГОГ».
⏳Само тестирование пройдет 24 июня.

✅В данном тестировании могут принять участие:
✍️кандидаты без стажа, которые являются выпускниками колледжей и вузов по педагогическим (специальностям) направлениям (для первой попытки в 2026 году - бесплатно, для последующих попыток - 5640 тг);
✍️лица, желающие возобновить педагогическую деятельность (для первой попытки в 2026 году - бесплатно, для последующих попыток - 5640 тг).

📝Для педагогов тестирование состоит из 1 блока и 50 тестовых заданий.
⏰Продолжительность тестирования – 80 минут, а для сдающих предметы «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» – 125 минут.

✅Максимальный балл – 50 баллов, пороговый балл – 25 баллов.

👏Удачи!
❤61💯8👍3🥰3
БІРІНШІ БАСШЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ТЕСТІЛЕУ

💻2026 жылғы 22-23 маусым аралығында app.testcenter.kz сайтында Білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға конкурстық негізде тағайындау үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
⏳Тестілеудің өзі 24 маусым өтеді.

✅Тестілеу 6 блок бойынша өтеді:
✔️Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл;
✔️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл.

✅Ең жоғары балл – 48 балл, шекті балл – 24 балл.

💸Тестілеуге қатысу құны – 9 403 тг.

ℹ️ Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Бірінші басшы лауазымына тағайындау үшін тестілеу» бөлімінде қолжетімді.

✅✅✅

ТЕСТИРОВАНИЕ НА НАЗНАЧЕНИЕ НА ДОЛЖНОСТЬ ПЕРВОГО РУКОВОДИТЕЛЯ

💻С 22 по 23 июня 2026 года на сайте app.testcenter.kz будет проводиться прием заявлений на Тестирование на назначение на должность руководителей организаций образования.
⏳Само тестирование пройдет 24 июня.

✅Тестирование проходит по 6 блокам:
✔️Трудовой кодекс Республики Казахстан – 10 заданий, пороговый балл – 5 баллов;
✔️Закон Республики Казахстан «Об образовании» – 10 заданий, пороговый балл – 5 баллов;
✔️Закон Республики Казахстан «О противодействии коррупции» – 10 заданий, пороговый балл – 5 баллов;
✔️Закон Республики Казахстан «О статусе педагога» – 10 заданий, пороговый балл – 5 баллов;
✔️Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 – 4 задания, пороговый балл – 2 балла;
✔️Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 385 – 4 задания, пороговый балл – 2 балла.

✅Максимальный балл – 48 баллов, пороговый балл – 24 балла.

💸Стоимость участия в тестировании – 9 403 тг.

ℹ️ Более подробная информация предоставлена на сайте testcenter.kz в разделе «Тестирование на назначение на должность первого руководителя».
♦️Для претендентов, которые хотят улучшить подготовку представлено платное (на сайте app.testcenter.kz в разделе «Пробное тестирование» – 2 140 тг.) пробное тестирование.
❤77💯5👍1
🎓 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына оқуға түсу мәселелері бойынша талапкерлерге арналған өзекті ақпаратты қамтитын инфографиканы ұсынады.

⏩Материалда қабылдау комиссияларының байланыс деректері, құжат қабылдау мерзімдері, оқуға қабылдау шарттары, білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер және талапкерлерге қажетті өзге де ақпарат берілген. Инфографика талапкерлер мен олардың ата-аналарын Қазақстанда сапалы халықаралық білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпараттандыру мақсатында әзірленді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤42👏4💯2👍1