TESTCENTERKZ
171K subscribers
2.65K photos
536 videos
120 files
918 links
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы
Download Telegram
🔰 АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: 292 МЫҢ РЕТ НЕГІЗГІ ҰБТ ТАПСЫРЫЛДЫ

10 мамырда басталған негізгі ҰБТ 292 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 469 рет ағылшын тілінде тапсырды.

Алтыншы аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. ҰБТ-ға ЕБҚ бар 735 талапкер қатысты.

🔗 Толығырақ: gov.kz

***

🔰 ПРОМЕЖУТОЧНЫЕ ИТОГИ: 292 ТЫС. РАЗ СДАЛИ ОСНОВНОЕ ЕНТ

С момента старта основного ЕНТ-2026, 10 мая, тестирование прошли около 292 тыс. раз. 72% абитуриентов сдавали тестирование на казахском языке, 28% – на русском и 469 раз – на английском.

По итогам шестой недели 68% абитуриентов набрали пороговый балл. Средний балл по пяти предметам составил 64 балла. Максимальный результат – 140 баллов, его набрал Әсет Альтаир из Павлодарской области.

Особое внимание уделяется созданию комфортных условий для поступающих с особыми образовательными потребностями. В ЕНТ приняли участие 735 абитуриентов с ООП.

🔗 Подробнее: gov.kz
❤76🤩9💯4👍2
📣Назарларыңызға негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз.

⏳Негізгі ҰБТ басталғалы бері 292 мыңға жуық рет тест тапсырылды.
✅Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 64 балл (бес пән бойынша);
✔️ең жоғары балл – 140 балл;
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 735 талапкер қатысты.

🙅🏻‍♀️Ереже бұзғаны үшін 624 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек:
🚫тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 385 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 238 адам шығарылды;
🚫Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 1 адамның нәтижесі жойылды;
❌бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

☝️Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін өтеді.
❤76👍7🥰2💯2
📣Представляем вашему вниманию промежуточные итоги основного ЕНТ.

⏳С момента старта основного ЕНТ тестирование прошли около 292 тыс. раз.
✅Из них:
✔️68% абитуриентов набрали пороговые баллы;
✔️средний балл – 64 балла (по пяти предметам);
✔️максимальный балл – 140 баллов;
✔️735 тестируемых с особыми образовательными потребностями.

🙅🏻‍♀️За нарушение правил были аннулированы результаты 624 человек. А именно,
🚫возможности сдать тестирование из-за попытки проноса запрещенных предметов лишились 385 абитуриентов;
🚫за нарушение правил во время самого тестирования из аудиторий были удалены 238 человек;
🚫после проверки видеозаписей аннулированы результаты 1 человека, который нарушил правила тестирования;
❌посторонние лица не выявлены.

☝️Напомним, основное ЕНТ продлится до 10 июля.
❤83👍11🥰4😍3🤩2💯2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Квота дегеніміз – азаматтардың белгілі бір санаттарына арналған бюджеттік орындардың бөлінген үлесі. Бұл квотаға құқығы бар талапкерлерге осы орындарға арналған жеке конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Бірден айтып өтсем, квоталар ҰБТ-ға балл қоспайды.

📊Мысалы, ауыл квотасы 35%-ды құрайды. Яғни, белгілі бір мамандыққа бөлінген гранттың 35%-ы ауыл квотасы бойынша тағайындалады. Егер белгілі бір мамандық бойынша 100 грант бөлінсе, оның 35-і ауыл квотасы бойынша беріледі. Бұл ретте ауыл талапкерлері жалпы конкурс бойынша да түсе алатынын айтып өткен жөн.

📆Естеріңізге сала кетсек, грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Өткізіп алмаңыздар! Сәттілік!

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

📌Квота – это выделенная доля бюджетных мест, предназначенная для определенных категорий граждан. Она позволяет абитуриентам, имеющим право на квоту, участвовать в отдельном конкурсе на эти места. Сразу отметим, что квоты не добавляют баллы к ЕНТ.

📊Например, сельская квота составляет 35%. То есть, 35% грантов, выделенные на определенную специальность, будут присуждены по сельской квоте. Если на определенную специальность выделено 100 грантов, 35 из них будут распределены по сельской квоте. При этом, сельские абитуриенты могут поступить и по общему конкурсу.

📆Напомним, что прием документов на конкурс грантов будет осуществляться с 13 по 20 июля. Не пропустите! Удачи!
❤130👍14💯10😍7👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣АУЫЛ КВОТАСЫ 35%-ды құрайды. Яғни, мамандыққа бөлінген гранттың 35%-ы ауыл квотасымен беріледі.

👨‍🌾Ауыл квотасы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша беріледі. Мысалы, педагогикалық, IT, ауыл шаруашылық, ветеринария, медициналық және т.б.

✅Ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады.

☎️Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.

🤗Пайдалы ақпаратпен достарыңмен бөліс!

🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾

📣СЕЛЬСКАЯ КВОТА составляет 35%. То есть, 35% от количества грантов, выделенных на определенную специальность, будут распределяться по сельской квоте.

👨‍🌾Сельская квота предоставляется по специальностям, определяющим социально-экономическое развитие села. Например, педагогические, IT, сельское хозяйство, ветеринария, медицинские и т.д.

✅Для сельской квоты не нужно получать справку. Если вы являетесь выпускником сельской школы, то информация будет в базе.

☎️По дополнительным вопросам вы можете обратиться в приемные комиссии вузов. Их контакты опубликованы на нашем Telegram-канале.

🤗Поделись полезной информацией с друзьями!
❤74🤩11👍7💯3🥰2😍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары үшін квота 1%-ды құрайды.
Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 1%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2026 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 12 228 грант бөлінген. Оның ішінде 122 грант немесе 1%-ы жетім балаларға арналған.

📍Бұл квота бойынша грант конкурсына:
✅ екі немесе жалғыз ата-анасы қайтыс болған жетім балалар;
✅ ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
✅ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары қатыса алады.

❓ Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?
✔️екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру туралы, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі);
✔️баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі;
✔️жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде болу фактісін растайтын анықтама.

☎️Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.

🤗Пайдалы ақпаратпен достарыңмен бөліс!

📚📚📚📚📚📚📚📚

📣Квота для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, а также граждан РК из числа молодежи, потерявших или оставшихся без попечения родителей до совершеннолетия составляет 1%.
То есть, 1% от общего количества грантов будут распределяться по данной квоте. Например, в 2026 году по направлению «Педагогические науки» выделено 12 228 грантов, из них 122 гранта или 1% детям-сиротам.

📍По данной квоте в конкурсе грантов могут участвовать:
✅ дети-сироты, у которых умерли оба или единственный родитель;
✅дети, оставшиеся без попечения родителей;
✅ граждане РК из числа молодежи, потерявшие или оставшиеся без попечения родителей до совершеннолетия.

❓ Какие документы необходимо предоставить для участия в конкурсе грантов по данной квоте?
✔️копию свидетельства о смерти обоих или единственного родителя или иные документы, подтверждающие отсутствие родителей (решение суда о лишении родительских прав, об ограничении, о признании безвестно отсутствующими, объявлении их умершими, признании недееспособными (ограниченно дееспособными);
✔️копию договора о передаче ребенка на патронатное воспитание;
✔️справку, подтверждающую факт пребывания в учреждении для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.

☎️По дополнительным вопросам вы можете обратиться в приемные комиссии вузов. Их контакты опубликованы на нашем Telegram-канале.

🤗Поделись полезной информацией с друзьями!
❤77👍8💯7👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣 Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға арналған квота - қандас квотасы 4%-ды құрайды. Яғни, жалпы бөлінген гранттың 4%-ы қандастарға беріледі. Мысалы, 2026 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 12 228 грант бөлінген, оның ішінде 489 грант немесе 4%-ы қандастарға арналған.

✅Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандастарұлты «қазақ» екенін растайтын шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатын немесе ықтиярхат ұсынады. Атап өтсек, қандастар үшін грант конкурсына қатысуға ҰБТ-ның шекті балдары бекітілмеген.

☎️Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.

🤗Пайдалы ақпаратпен достарыңмен бөліс!

🖌️🖌️🖌️🖌️🖌️🖌️🖌️🖌️🖌️🖌️🖌️🖌️🖌️

📣Квота для лиц казахской национальности, не являющихся гражданами Республики Казахстан - квота кандасов составляет 4%. То есть, 4% от общего количества грантов будут выделены кандасам. Например, в 2026 году выделено по направлению «Педагогические науки» выделено 12 228 грантов, из них 489 грантов или 4% будут распределены среди қандасов.

✅Для участия в конкурсе грантов по данной квоте кандасы предоставляют документ, удостоверяющий личность иностранного гражданина и подтверждающий его национальность «казах», либо вид на жительство. Отметим, что для кандасов не установлены пороговые баллы ЕНТ для участия в конкурсе грантов.

☎️По дополнительным вопросам вы можете обратиться в приемные комиссии вузов. Их контакты опубликованы на нашем Telegram-канале.

🤗Поделись полезной информацией с друзьями!
❤59👍10💯3
💌«Болашақ студент кезімдегі өзіме хат»

❓Университетке түскен күніңде өзіңе қандай сөз айтар едің? Арманыңнан айнымау үшін, қиындықтардан қорықпау үшін және мақсатыңа сенімді қадам басу үшін өзіңе қандай кеңес берер едің?

👇Болашақ студент өзіңе бірнеше жол арна. Мүмкін, дәл сол сөздер бір күні саған ерекше күш берер.

💙💙💙💙💙💙💙💙💙
❤86💯12👍8🥰3