TESTCENTERKZ
166K subscribers
2.66K photos
550 videos
120 files
929 links
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы
Download Telegram
🗣ҚҰРМЕТТІ ТЕСТІЛЕНУШІЛЕР!

🛠Туындаған техникалық ақауларды тестілеуді тоқтатпай жоюға жұмсаған күшіміз жеткіліксіз болғандығын хабарлаймыз. Осыған байланысты 25 сәуір мен 3 мамыр аралығында өткізілетін БАРЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ, оның ішінде Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін, Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын және педагогтерге арналған Ұлттық біліктілік тестілеуін кейінгі мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдауға тура келді.

👩🏻‍🏫ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІЛЕУІН тапсырудың жаңа КҮНІ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат КЕЛЕСІ АПТАДА Жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.
ℹ️Естеріңізге сала кетейік, техникалық себептерге байланысты тестілеуді аяқтай алмаған педагогтердің жауаптары сақталып, оларға тесті әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі беріледі.

✅Барлық техникалық ақауларды жақын уақытта жоюға бар күшімізді салып жатырмыз.
Туындаған келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз!

_____________

🗣УВАЖАЕМЫЕ ТЕСТИРУЕМЫЕ!

🛠С сожалением сообщаем о том, что наши попытки решить технические вопросы без приостановления тестирования не увенчались успехом. Поэтому, мы вынуждены перенести ВСЕ ВИДЫ ТЕСТИРОВАНИЯ, в том числе Мониторинг образовательных достижений обучающихся (МОДО), Критерии оценки организаций образования и Национальное квалификационное тестирование (НКТ) для педагогов, запланированные с 25 апреля по 3 мая, на более поздний срок.

👩🏻‍🏫Информация о новой ДАТЕ и ВРЕМЕНИ НКТ будет доступна в личном кабинете в разделе «Моя история» НА СЛЕДУЮЩЕЙ НЕДЕЛЕ.
ℹ️Напоминаем о том, что педагоги, которые не смогли завершить НКТ по техническим причинам, смогут продолжить тестирование с момента приостановления. Предыдущие ответы будут сохранены.

✅Мы прилагаем все усилия, чтобы в ближайшее время устранить возникшие технические неполадки.
Ещё раз приносим свои извинения!
🙋🏻‍♀️Достар, Ұлттық тестілеу орталығы және республикалық ірі білім беру орталықтары ҰБТ-ға дайындыққа арналған тегін онлайн-сабақтарды жалғастырады!
👆👆👆👆👆👆👆👆👆
✅Сіздердің назарларыңызға осы аптаның сабақ кестесін ұсынамыз.
🥳Өткізіп алмаңыздар!
📚📚📚📚📚📚📚📚
🙋🏻‍♀️Дорогие друзья, продолжаются бесплатные онлайн-уроки по подготовке к ЕНТ, организованные Национальным центром тестирования и крупными республиканскими образовательными центрами!
👆👆👆👆👆👆👆👆
✅Предлагаем Вашему вниманию расписание занятий на текущую неделю.
🥳Не пропустите!
@zerdeli.kz @qazbilim @educonkz @samga.online @sabaq.online @daryn.online @dostyqbilim.kz
❓ҰБТ 2022: басты жаңашылдықтар қандай?

🙋🏻‍♀️Құрметті ҰБТ-ға қатысушылар! Сіздердің назарларыңызға 2022 жылғы ҰБТ форматына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынамыз.

✅Сонымен, не өзгерді және сол қалпында қалады:

👍Түлектердің өтініштері мен қалауларын ескере отырып, биыл грантқа үміткерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі берілді.
👍Бұл ретте талапкерлер екі мүмкіндікте бейінді пәндердің бір комбинациясын ғана таңдай алады.
👍«Құқық» білім беру саласы бойынша шекті балл өзгерді және 75 балды құрады. Білім берудің басқа салалары бойынша өзгерістер жоқ.
👍ҰБТ-ның базасына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест тапсырмаларының саны өзгеріссіз сақтала отырып контекстік тест тапсырмалары енгізілді.
👍Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша тестілеу уақыты (40 минут) берілді. Сонымен қатар, оларға суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды.
👍ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі, сондай-ақ металдардың белсенділік қатары қосылған тұздардың ерігіштік кестесі болады.
👍ҰБТ-ға қатысушыларға тестілеу аяқталғаннан кейін экранда, сондай-ақ Жеке кабинетінде жеке тақырыптық талдау қолжетімді болады. Бұл тестіленушілерге әр пәнді меңгеру деңгейін түсінуге мүмкіндік береді.
👍Академиялық адалдықты сақтау мақсатында тестіленушілердің тест нұсқасы таңбаланатын болады. Яғни, ҰБТ-ның әр қатысушысының жеке тест нұсқасы болады. Ережелерді бұзған немесе тест тапсырмаларын аудиториядан шығаруға талпынған жағдайда ереже бұзушылар анықталып, олардың нәтижелері жойылады.
👍Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі. Енді әр тестіленушінің тест тапсыру орнында жеке басын (Face ID) сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (фронталды) камера орнатылған.
👍2022 жылғы түлектер үшін одан да көп білім беру орталықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар жүргізіліп жатыр. Сабақтар орталықтардың YouTube арналарында тікелей эфирде өтеді, олар міндетті түрде сақталады.

🤗Осылайша, тестіленушілер ыңғайлы және қобалжусыз ҰБТ тапсыруы үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

🎥Естеріңізге сала кетейік, ҰТО ҰБТ-2022 бейнежазбасын күнтізбелік жыл соңына дейін қарайды, сондықтан барша талапкерлерді академиялық адалдықты сақтауға шақырады.
👍1
❓ЕНТ 2022: Что нужно знать о новшествах?

🙋🏻‍♀️Уважаемые участники ЕНТ! Представляем Вашему вниманию информацию о главных нововведениях, которые были внесены в формат ЕНТ-2022.

✅Итак, что изменилось, а что остается прежним:

👍С учетом мнений и пожеланий выпускников в этом году претендентам на грант дается возможность сдать ЕНТ два раза.
👍При этом абитуриенты могут выбрать лишь одну комбинацию профильных предметов на две попытки.
👍Пороговый балл изменился для области образования «Право» и составляет 75 баллов. По остальным областям образовании изменений нет.
👍В базу вопросов ЕНТ были введены контекстные тестовые задания по дисциплине «История Казахстана» с сохранением количества тестовых заданий без изменений.
👍Детям с особыми образовательными потребностями было предоставлено дополнительное время тестирования (40 минут). Кроме того, для них были разработаны варианты тестов без рисунков, диаграмм и схем.
👍В ходе ЕНТ на экранах компьютеров будут доступны калькулятор, таблица Менделеева, а также таблица растворимости солей, которая была обновлена с добавлением ряда активности металлов.
👍Участникам ЕНТ после завершения тестирования на экране, а также в Личном кабинете будет доступен индивидуальный тематический анализ. Это позволит тестируемым понять уровень усвоения знаний по каждому предмету.
👍В целях соблюдения академической честности тестовый вариант тестируемых будет промаркирован. То есть, у каждого участника ЕНТ будет свой личный вариант теста. В случае нарушения правил и попытке выноса тестовых заданий за пределы аудитории, нарушители будут определены, а их результаты аннулированы.
👍В целях информационной безопасности тестирование проводится по принципу «1 компьютер – 2 камеры – 1 тестируемый». Теперь на рабочем месте каждого тестируемого установлена вторая (фронтальная) камера, которая позволяет идентифицировать личность (Face ID) и предотвратить доступ посторонних лиц.
👍Для выпускников 2022 года при поддержке еще большего количества образовательных центров проводятся бесплатные онлайн уроки. Занятия проходят в прямом эфире на YouTube, выпускники пропустившие live-уроки смогут посмотреть их в сохраненных записях.

🤗Таким образом, делается все, чтобы тестируемые сдали ЕНТ без эмоциональной нагрузки.

🎥Напоминаем, что НЦТ просматривает видеозапись ЕНТ-2022 до конца календарного года, поэтому призывает абитуриентов соблюдать академическую честность.
❤3