TESTCENTERKZ
171K subscribers
2.65K photos
536 videos
120 files
918 links
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы
Download Telegram
Forwarded from Sayasat Nurbek
Құрметті жас достар! Сіздерге жақсы жаңалығым бар!

Бүгін 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті.

▪️ Комиссия құрамында қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді. Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды. Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін!

▪️ Биыл конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданды. Талапкерлердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарын таңдады. Ал қабылдау науқанының қорытындысы бойынша болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар мен педагогтер даярлайтын білім беру бағдарламалары арасында бір гранттық орынға бәсекелестік ең жоғары болады деп күтіледі.

▪️ Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 2026 жылғы 7 тамыз күні сағ. 15.00-де төмендегі негізгі әрі ресми ақпарат көздерінде жарияланады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
https://t.me/SayasatNurbekOfficial
https://www.facebook.com/sayasat
https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
https://sayasatnurbek.com/


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздері:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
https://t.me/gylym_jogary_bilim
https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

Айта кетейін, жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.

Қымбатты талапкерлер!

🎓 Алдарыңыздағы үлкен өмір жолы жарқын жетістіктерге, тың мүмкіндіктерге және толайым табысқа толы болсын! Еңбектеріңіз ақталып, армандаған мамандықтарыңыздың студенті атануларыңызға шын жүректен тілектеспін.

Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарының қабырғасында жүздескенше!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1.13K🤩154👍71😍60👏34💯17🥰13
Forwarded from Sayasat Nurbek
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дорогие друзья! У меня для вас отличная новость!

Сегодня состоялось заседание Республиканской комиссии по присуждению государственных образовательных грантов на 2026-2027 учебный год.

▪️ В состав комиссии вошли общественные деятели, представители государственных органов, профсоюзов сферы образования, Национальной палаты предпринимателей «Атамекен», Ассоциации высших учебных заведений и общественных организаций. В ходе заседаний были рассмотрены заявления претендентов, а распределение государственных образовательных грантов осуществлялось на конкурсной основе в соответствии с действующими правилами. Искренне благодарю всех членов комиссии за профессиональную, ответственную и кропотливую работу.

▪️ В этом году для участия в конкурсе было подано более 127 тысяч заявлений. Наибольшей популярностью среди абитуриентов пользовались направления подготовки «Педагогические науки», «Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли» и «Информационно-коммуникационные технологии». По итогам приемной кампании ожидается самый высокий конкурс на один грант по образовательным программам, готовящим будущих переводчиков, дипломатов, юристов, психологов и педагогов.

▪️ Итоги конкурса на присуждение государственных образовательных грантов будут опубликованы 7 августа 2026 года в 15:00 в следующих официальных источниках информации.

Официальные страницы министра науки и высшего образования РК:
• https://t.me/SayasatNurbekOfficial
• https://www.facebook.com/sayasat
• https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
• https://sayasatnurbek.com/

Официальные информационные ресурсы Министерства науки и высшего образования РК:
• https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=ru
• https://t.me/gylym_jogary_bilim
• https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
• https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

Напомню, что прием документов в высшие учебные заведения продлится до 25 августа 2026 года.

🎓 Дорогие абитуриенты! Пусть ваш путь во взрослую жизнь будет наполнен яркими достижениями, новыми возможностями и большими успехами! От всей души желаю, чтобы ваши усилия были вознаграждены и каждый из вас стал студентом университета своей мечты.

До встречи в новом учебном году в стенах университетов!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1.69K🤩311💯133👍109😍66👏64🥰46
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❓ 2026-2027 оқу жылындағы гранттар бөлінісі қандай болды?

⏩Жаңа оқу жылына бөлінген гранттар мен квоталар туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева тоқталды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы еңбек нарығының білікті кадрларға қажеттілігіне сәйкес қалыптастырылады. Биыл гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық, 20%-ы педагогикалық, ал 20%-ы басқа бағыттарға бөлінді.

2026-2027 оқу жылына бакалавриат бағдарламалары бойынша шамамен 75 мың білім беру гранты қарастырылды. Конкурсқа 127 мыңға жуық өтініш қабылданып, гранттар ҰБТ нәтижелері, талапкерлердің таңдауы және заңнамада белгіленген квоталар ескеріле отырып тағайындалды.

Талапкерлер арасында «Аударма ісі», «Халықаралық қатынастар», «Құқық», «Психология», «Қаржы» және педагогикалық бағыттар жоғары сұранысқа ие болды. Конкурс қорытындылары Республикалық конкурстық комиссия отырысында бекітіліп, нәтижелері ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, министрліктің ресми ақпараттық ресурсында жарияланады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤462👍53👏23🤩20😍14💯9🥰7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
 ❓Как распределяются гранты в 2026-2027 учебном году?

⏩О распределении грантов и квот, предусмотренных на новый учебный год, рассказала заместитель председателя Комитета высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования РК Жанна Есинбаева.

Государственный образовательный заказ формируется с учетом потребности рынка труда в квалифицированных кадрах. В этом году 60% грантов направлено на подготовку специалистов инженерно-технического профиля, 20% - на педагогические направления, еще 20% - на другие направления подготовки.

На 2026-2027 учебный год по программам бакалавриата предусмотрено около 75 тысяч образовательных грантов. Для участия в конкурсе было подано порядка 127 тысяч заявлений. Гранты распределялись на конкурсной основе с учетом результатов ЕНТ, выбранных образовательных программ и вузов, а также установленных законодательством квот. Среди абитуриентов наибольшей популярностью пользовались образовательные программы «Переводческое дело», «Международные отношения», «Право», «Психология», «Финансы», а также педагогические направления.

Итоги конкурса по присуждению образовательных грантов утверждены на заседании Республиканской конкурсной комиссии. Результаты будут опубликованы на официальных страницах министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбек и на официальном информационном ресурсе Министерства науки и высшего образования РК.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤286👍43🤩27🥰10💯8😍5👏4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
 ❔ 2026 жылғы негізгі ҰБТ қалай өтті?

✅ Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланар қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары, тестілеуді ұйымдастыру ерекшеліктері және талапкерлердің көрсеткен нәтижелері туралы айтып берді.

Биылғы негізгі ҰБТ-ға 233 мыңға жуық талапкер қатысып, оларға тестілеуді екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу мүмкіндігі берілді. Нәтижесінде талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинап, гранттар конкурсына қатысу құқығына ие болды.

ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары – 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир мен Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия (ҚАЗТЕСТ нәтижелерін конвертациялау арқылы) иеленді. Сондай-ақ 821 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қажетті жағдайлар жасалып, негізгі ҰБТ-ға 800 адам қатысты.

Қазіргі уақытта Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Талапкерлердің ҰБТ сертификаттары жеке кабинеттерінде қолжетімді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤428👍40🥰16💯12👏3🤩3😍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❔ Как прошло основное ЕНТ-2026?

➡️ В преддверии объявления списка обладателей государственных образовательных грантов заместитель директора Национального центра тестирования Министерства науки и высшего образования РК Наужан Дидарбекова рассказала об итогах основного Единого национального тестирования 2026 года, особенностях его организации и результатах, показанных абитуриентами.

В основном ЕНТ-2026 приняли участие около 233 тысяч абитуриентов. Им была предоставлена возможность дважды пройти тестирование и принять участие в конкурсе на присуждение государственных образовательных грантов с наилучшим результатом. По итогам тестирования 76% участников преодолели пороговый балл и получили право участвовать в конкурсе образовательных грантов.

По результатам ЕНТ максимальные 140 баллов набрали выпускник Павлодарской области Асет Альтаир и выпускница Кызылординской области Балхан Альфия (по результатам конвертации сертификата КАЗТЕСТ). Кроме того, 821 абитуриент набрал свыше 130 баллов.

Для абитуриентов с особыми образовательными потребностями были созданы необходимые условия. В основном ЕНТ приняли участие 800 таких поступающих.

В настоящее время Республиканская комиссия завершила свою работу. Сертификаты ЕНТ доступны абитуриентам в их личных кабинетах.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1.59K🤩233👍158👏150💯87🥰61😍61
Forwarded from Sayasat Nurbek
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

▪️ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

▪️ Мемлекеттік білім беру тапсырысы экономиканың білікті кадрларға деген ұзақ мерзімді сұранысын ескере отырып қалыптастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру гранттарының 60%-ы бүгінде елдің индустриялық және технологиялық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие инженерлік және техникалық даярлау бағыттарына бөлінді.

▪️ Өңірлерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. «Серпін» жобасы аясында екі мыңнан астам грант иегері Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алады.

▪️ Білім беру гранты – бұл тек жоғары білімді тегін алу мүмкіндігі ғана емес. Бұл – мемлекеттің елдің болашағына және әрбір дарынды жасқа салған инвестициясы. Биыл 75 мыңнан астам талапкер мемлекеттік грант иегері атанды. Сонымен қатар гранттар конкурсын өткізу қағидалары өзгеріссіз қалып, оның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етті. Біз жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді жүйелі түрде кеңейтіп келеміз. Бүгінде Қазақстаннан шықпай-ақ әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының дипломын алуға болады. Сондай-ақ елімізде жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің филиалдарында оқу үшін де мемлекеттік гранттар қарастырылған. Бұл – қазақстандықтар үшін сапалы халықаралық білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған тағы бір маңызды қадам.

▪️ 2026 жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына шамамен 127 мың өтініш түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Өтініштер санының артуы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары білім алуға деген сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді.

▪️ Гранттарды бөлу барысында заңнамада көзделген мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері сақталды. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған квоталар, халықаралық олимпиадалар мен ірі спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурстан тыс берілетін гранттар, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған 1816 грант қарастырылды.

Конкурс нәтижелерімен келесі ресми ақпараттық ресурстардан https://t.me/SayasatNurbekOfficial, https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk, https://t.me/gylym_jogary_bilim таныса аласыздар. 

Мемлекеттік білім беру грантының электрондық куәліктері үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤411😍46👍29👏19🤩17💯4🥰3
Forwarded from Sayasat Nurbek
ИЗВЕСТНЫ ИМЕНА ОБЛАДАТЕЛЕЙ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ

▪️ Министерство науки и высшего образования РК опубликовало список обладателей государственных образовательных грантов на 2026-2027 учебный год. Более 75 тысяч абитуриентов получат возможность бесплатно обучаться в вузах страны.

▪️ Государственный образовательный заказ сформирован с учетом долгосрочной потребности экономики в квалифицированных кадрах. По поручению Главы государства 60% образовательных грантов направлено на инженерные и технические направления подготовки, которые сегодня являются ключевыми для индустриального и технологического развития страны. 

▪️ Особое внимание уделено обеспечению регионов квалифицированными кадрами. В рамках проекта «Серпін» более двух тысяч обладателей грантов будут обучаться в ведущих университетах северного, восточного и центрального Казахстана. 

▪️ Образовательный грант – это не просто возможность получить бесплатное высшее образование. Это инвестиция государства в будущее страны и каждого талантливого молодого человека. В этом году более 75 тысяч абитуриентов стали обладателями грантов. При этом правила конкурса остались неизменными, что обеспечило его открытость и справедливость. Мы последовательно расширяем возможности для молодежи: сегодня получить диплом ведущих зарубежных университетов можно, не выезжая из Казахстана. Для обучения в филиалах зарубежных вузов и иностранных университетах, работающих в нашей стране, также предусмотрены гранты. Это еще один шаг к тому, чтобы качественное международное образование стало доступнее для казахстанцев.

▪️ В 2026 году на конкурс по присуждению образовательных грантов было подано около 127 тысяч заявок, это на 14 тысяч больше, чем годом ранее. Рост числа заявок свидетельствует о сохраняющемся высоком спросе на получение высшего образования по государственному образовательному заказу. 

▪️ При распределении грантов сохранены все предусмотренные законодательством меры государственной поддержки. В том числе квоты для абитуриентов из социально уязвимых категорий населения, гранты вне конкурса для победителей международных олимпиад и крупных спортивных соревнований, а также 1816 грантов для граждан, прошедших срочную воинскую службу.  

С результатами конкурса можно ознакомиться на официальных информационных ресурсах https://t.me/SayasatNurbekOfficial, https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=ru, https://t.me/gylym_jogary_bilim. 

Электронные свидетельства о присуждении образовательного гранта будут доступны в течение трех рабочих дней на сайте Национального центра тестирования МНВО РК grant.testcenter.kz, а зачисление в высшие учебные заведения продлится до 25 августа включительно.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1.19K😍143👍128🤩92🥰87👏56💯56
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎉Грант иегерлерін құттықтаймыз!

🎉Поздравляем обладателей грантов!
❤1.7K😍271👏133🥰85👍71🤩41💯35
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Мемлекеттік білім беру грантының иегерлерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

👏 Бұл – талапкерлердің табанды еңбегі мен білімге деген ұмтылысының жемісі. Айтулы сәттің қуанышын бірге бөлісіп, жарқын болашаққа нық қадам басуларына тілектеспіз! 🇰🇿

💥💥💥💥💥💥💥💥💥💥

🎓 Поздравляем обладателей государственных образовательных грантов с этим знаменательным достижением!

👏 Это заслуженный результат упорного труда, целеустремленности и стремления к знаниям. Искренне разделяем радость счастливых абитуриентов и желаем им успешной учебы, новых достижений и яркого будущего! 🇰🇿
❤523👏48👍34🤩18😍18💯11🥰10
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Білім грантының иегерлерін құттықтаймыз!

🚀Маңызды кезең артта қалды, ал алда — жаңа білім, мүмкіндіктер мен үлкен мақсаттар.
🌟Оқуда табыс, студенттік өмірде жарқын сәттер және армандарыңызға жетуге сенім тілейміз!

🎯🎯🎯🎯🎯🎯🎯🎯🎯

🎓 Поздравляем обладателей образовательных грантов!

🚀Позади важный этап, впереди — новые знания, возможности и большие цели.
🌟Желаем успехов в учёбе, яркой студенческой жизни и уверенности на пути к мечте!
❤486😍72👍37👏26🤩11🥰6💯6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Мемлекеттік білім беру грантының иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – білімге деген ұмтылыс, қажырлы еңбек пен табандылықтың жарқын нәтижесі. Мемлекеттік грантқа ие болу – үлкен жетістік әрі болашаққа бастар маңызды қадам.

Барша талапкерлерге студенттік өмірдің жарқын белестерін бағындырып, сапалы білім алып, еліміздің дамуына үлес қосатын білікті маман атануларына тілектеспіз.

Жаңа белестеріңіз құтты болсын! 🇰🇿

💥💥💥💥💥💥💥💥💥💥



🎓 Поздравляем обладателей государственных образовательных грантов!

Получение государственного образовательного гранта — это заслуженное признание ваших знаний, упорного труда, целеустремленности и стремления к новым вершинам.

Пусть годы учебы станут временем ярких открытий, профессионального роста, новых возможностей и больших достижений. Желаем каждому из вас успешно реализовать свой потенциал, стать высококвалифицированным специалистом и внести достойный вклад в развитие Казахстана.

В добрый путь и новых побед! 🇰🇿
❤310👏24🥰20😍13👍8🤩7💯3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

🎯Бұл — еңбектің, табандылықтың және білімге деген ұмтылыстың нәтижесі.
✨Алда сіздерді студенттік өмір, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктер күтеді.
Армандарыңыз орындалып, таңдаған мамандықтарыңыз биік белестерге бастасын!

📣📣📣📣📣📣📣📣

🎓 От всей души поздравляем обладателей грантов!

🎯Это результат вашего труда, настойчивости и стремления к знаниям.
Впереди вас ждут студенческая жизнь, новые возможности и большие достижения.
✨Пусть выбранная профессия приведёт вас к новым вершинам, а мечты обязательно сбудутся!
❤540🥰40👏33👍20😍17💯4🤩3
🎓 Мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алған барлық талапкерлерді құттықтаймыз!

Биыл мыңдаған талапкердің арасынан үздіктер мемлекеттік қолдауға ие болып, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл – жүйелі дайындықтың, табандылықтың және білімге деген ұмтылыстың нақты нәтижесі.

Грант иегерлеріне студенттік өмірдің жаңа кезеңінде толағай табыс, кәсіби жетістік пен жарқын болашақ тілейміз!

💥💥💥💥💥💥💥💥💥💥

🎓Поздравляем всех абитуриентов, ставших обладателями государственных образовательных грантов!

По итогам конкурсного отбора тысячи абитуриентов получили возможность обучаться за счет государства в ведущих вузах страны. Это результат упорного труда, целеустремленности и высокого уровня подготовки.

Желаем грантникам успешной учебы, новых достижений и яркого студенческого пути. Пусть полученные знания станут прочной основой для профессионального роста и будущих успехов! 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❤295🤩20👏18😍16👍13💯7🥰5