TESTCENTERKZ
172K subscribers
2.65K photos
535 videos
120 files
918 links
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
 ❔ 2026 жылғы негізгі ҰБТ қалай өтті?

✅ Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланар қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары, тестілеуді ұйымдастыру ерекшеліктері және талапкерлердің көрсеткен нәтижелері туралы айтып берді.

Биылғы негізгі ҰБТ-ға 233 мыңға жуық талапкер қатысып, оларға тестілеуді екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу мүмкіндігі берілді. Нәтижесінде талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинап, гранттар конкурсына қатысу құқығына ие болды.

ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары – 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир мен Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия (ҚАЗТЕСТ нәтижелерін конвертациялау арқылы) иеленді. Сондай-ақ 821 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қажетті жағдайлар жасалып, негізгі ҰБТ-ға 800 адам қатысты.

Қазіргі уақытта Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Талапкерлердің ҰБТ сертификаттары жеке кабинеттерінде қолжетімді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤428👍40🥰16💯12👏3🤩3😍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❔ Как прошло основное ЕНТ-2026?

➡️ В преддверии объявления списка обладателей государственных образовательных грантов заместитель директора Национального центра тестирования Министерства науки и высшего образования РК Наужан Дидарбекова рассказала об итогах основного Единого национального тестирования 2026 года, особенностях его организации и результатах, показанных абитуриентами.

В основном ЕНТ-2026 приняли участие около 233 тысяч абитуриентов. Им была предоставлена возможность дважды пройти тестирование и принять участие в конкурсе на присуждение государственных образовательных грантов с наилучшим результатом. По итогам тестирования 76% участников преодолели пороговый балл и получили право участвовать в конкурсе образовательных грантов.

По результатам ЕНТ максимальные 140 баллов набрали выпускник Павлодарской области Асет Альтаир и выпускница Кызылординской области Балхан Альфия (по результатам конвертации сертификата КАЗТЕСТ). Кроме того, 821 абитуриент набрал свыше 130 баллов.

Для абитуриентов с особыми образовательными потребностями были созданы необходимые условия. В основном ЕНТ приняли участие 800 таких поступающих.

В настоящее время Республиканская комиссия завершила свою работу. Сертификаты ЕНТ доступны абитуриентам в их личных кабинетах.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1.59K🤩233👍158👏150💯87🥰61😍61
Forwarded from Sayasat Nurbek
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

▪️ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

▪️ Мемлекеттік білім беру тапсырысы экономиканың білікті кадрларға деген ұзақ мерзімді сұранысын ескере отырып қалыптастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру гранттарының 60%-ы бүгінде елдің индустриялық және технологиялық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие инженерлік және техникалық даярлау бағыттарына бөлінді.

▪️ Өңірлерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. «Серпін» жобасы аясында екі мыңнан астам грант иегері Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алады.

▪️ Білім беру гранты – бұл тек жоғары білімді тегін алу мүмкіндігі ғана емес. Бұл – мемлекеттің елдің болашағына және әрбір дарынды жасқа салған инвестициясы. Биыл 75 мыңнан астам талапкер мемлекеттік грант иегері атанды. Сонымен қатар гранттар конкурсын өткізу қағидалары өзгеріссіз қалып, оның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етті. Біз жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді жүйелі түрде кеңейтіп келеміз. Бүгінде Қазақстаннан шықпай-ақ әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының дипломын алуға болады. Сондай-ақ елімізде жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің филиалдарында оқу үшін де мемлекеттік гранттар қарастырылған. Бұл – қазақстандықтар үшін сапалы халықаралық білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған тағы бір маңызды қадам.

▪️ 2026 жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына шамамен 127 мың өтініш түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Өтініштер санының артуы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары білім алуға деген сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді.

▪️ Гранттарды бөлу барысында заңнамада көзделген мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері сақталды. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған квоталар, халықаралық олимпиадалар мен ірі спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурстан тыс берілетін гранттар, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған 1816 грант қарастырылды.

Конкурс нәтижелерімен келесі ресми ақпараттық ресурстардан https://t.me/SayasatNurbekOfficial, https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk, https://t.me/gylym_jogary_bilim таныса аласыздар. 

Мемлекеттік білім беру грантының электрондық куәліктері үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤411😍46👍29👏19🤩17💯4🥰3
Forwarded from Sayasat Nurbek
ИЗВЕСТНЫ ИМЕНА ОБЛАДАТЕЛЕЙ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ

▪️ Министерство науки и высшего образования РК опубликовало список обладателей государственных образовательных грантов на 2026-2027 учебный год. Более 75 тысяч абитуриентов получат возможность бесплатно обучаться в вузах страны.

▪️ Государственный образовательный заказ сформирован с учетом долгосрочной потребности экономики в квалифицированных кадрах. По поручению Главы государства 60% образовательных грантов направлено на инженерные и технические направления подготовки, которые сегодня являются ключевыми для индустриального и технологического развития страны. 

▪️ Особое внимание уделено обеспечению регионов квалифицированными кадрами. В рамках проекта «Серпін» более двух тысяч обладателей грантов будут обучаться в ведущих университетах северного, восточного и центрального Казахстана. 

▪️ Образовательный грант – это не просто возможность получить бесплатное высшее образование. Это инвестиция государства в будущее страны и каждого талантливого молодого человека. В этом году более 75 тысяч абитуриентов стали обладателями грантов. При этом правила конкурса остались неизменными, что обеспечило его открытость и справедливость. Мы последовательно расширяем возможности для молодежи: сегодня получить диплом ведущих зарубежных университетов можно, не выезжая из Казахстана. Для обучения в филиалах зарубежных вузов и иностранных университетах, работающих в нашей стране, также предусмотрены гранты. Это еще один шаг к тому, чтобы качественное международное образование стало доступнее для казахстанцев.

▪️ В 2026 году на конкурс по присуждению образовательных грантов было подано около 127 тысяч заявок, это на 14 тысяч больше, чем годом ранее. Рост числа заявок свидетельствует о сохраняющемся высоком спросе на получение высшего образования по государственному образовательному заказу. 

▪️ При распределении грантов сохранены все предусмотренные законодательством меры государственной поддержки. В том числе квоты для абитуриентов из социально уязвимых категорий населения, гранты вне конкурса для победителей международных олимпиад и крупных спортивных соревнований, а также 1816 грантов для граждан, прошедших срочную воинскую службу.  

С результатами конкурса можно ознакомиться на официальных информационных ресурсах https://t.me/SayasatNurbekOfficial, https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=ru, https://t.me/gylym_jogary_bilim. 

Электронные свидетельства о присуждении образовательного гранта будут доступны в течение трех рабочих дней на сайте Национального центра тестирования МНВО РК grant.testcenter.kz, а зачисление в высшие учебные заведения продлится до 25 августа включительно.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1.19K😍143👍128🤩92🥰87👏56💯56
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎉Грант иегерлерін құттықтаймыз!

🎉Поздравляем обладателей грантов!
❤1.7K😍271👏133🥰85👍71🤩41💯35
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Мемлекеттік білім беру грантының иегерлерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

👏 Бұл – талапкерлердің табанды еңбегі мен білімге деген ұмтылысының жемісі. Айтулы сәттің қуанышын бірге бөлісіп, жарқын болашаққа нық қадам басуларына тілектеспіз! 🇰🇿

💥💥💥💥💥💥💥💥💥💥

🎓 Поздравляем обладателей государственных образовательных грантов с этим знаменательным достижением!

👏 Это заслуженный результат упорного труда, целеустремленности и стремления к знаниям. Искренне разделяем радость счастливых абитуриентов и желаем им успешной учебы, новых достижений и яркого будущего! 🇰🇿
❤523👏48👍34🤩18😍18💯11🥰10
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Білім грантының иегерлерін құттықтаймыз!

🚀Маңызды кезең артта қалды, ал алда — жаңа білім, мүмкіндіктер мен үлкен мақсаттар.
🌟Оқуда табыс, студенттік өмірде жарқын сәттер және армандарыңызға жетуге сенім тілейміз!

🎯🎯🎯🎯🎯🎯🎯🎯🎯

🎓 Поздравляем обладателей образовательных грантов!

🚀Позади важный этап, впереди — новые знания, возможности и большие цели.
🌟Желаем успехов в учёбе, яркой студенческой жизни и уверенности на пути к мечте!
❤486😍72👍37👏26🤩11🥰6💯6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Мемлекеттік білім беру грантының иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – білімге деген ұмтылыс, қажырлы еңбек пен табандылықтың жарқын нәтижесі. Мемлекеттік грантқа ие болу – үлкен жетістік әрі болашаққа бастар маңызды қадам.

Барша талапкерлерге студенттік өмірдің жарқын белестерін бағындырып, сапалы білім алып, еліміздің дамуына үлес қосатын білікті маман атануларына тілектеспіз.

Жаңа белестеріңіз құтты болсын! 🇰🇿

💥💥💥💥💥💥💥💥💥💥



🎓 Поздравляем обладателей государственных образовательных грантов!

Получение государственного образовательного гранта — это заслуженное признание ваших знаний, упорного труда, целеустремленности и стремления к новым вершинам.

Пусть годы учебы станут временем ярких открытий, профессионального роста, новых возможностей и больших достижений. Желаем каждому из вас успешно реализовать свой потенциал, стать высококвалифицированным специалистом и внести достойный вклад в развитие Казахстана.

В добрый путь и новых побед! 🇰🇿
❤309👏24🥰20😍13👍8🤩7💯3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

🎯Бұл — еңбектің, табандылықтың және білімге деген ұмтылыстың нәтижесі.
✨Алда сіздерді студенттік өмір, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктер күтеді.
Армандарыңыз орындалып, таңдаған мамандықтарыңыз биік белестерге бастасын!

📣📣📣📣📣📣📣📣

🎓 От всей души поздравляем обладателей грантов!

🎯Это результат вашего труда, настойчивости и стремления к знаниям.
Впереди вас ждут студенческая жизнь, новые возможности и большие достижения.
✨Пусть выбранная профессия приведёт вас к новым вершинам, а мечты обязательно сбудутся!
❤540🥰40👏33👍20😍17💯4🤩3
🎓 Мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алған барлық талапкерлерді құттықтаймыз!

Биыл мыңдаған талапкердің арасынан үздіктер мемлекеттік қолдауға ие болып, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл – жүйелі дайындықтың, табандылықтың және білімге деген ұмтылыстың нақты нәтижесі.

Грант иегерлеріне студенттік өмірдің жаңа кезеңінде толағай табыс, кәсіби жетістік пен жарқын болашақ тілейміз!

💥💥💥💥💥💥💥💥💥💥

🎓Поздравляем всех абитуриентов, ставших обладателями государственных образовательных грантов!

По итогам конкурсного отбора тысячи абитуриентов получили возможность обучаться за счет государства в ведущих вузах страны. Это результат упорного труда, целеустремленности и высокого уровня подготовки.

Желаем грантникам успешной учебы, новых достижений и яркого студенческого пути. Пусть полученные знания станут прочной основой для профессионального роста и будущих успехов! 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❤295🤩20👏18😍16👍13💯7🥰5
Forwarded from Sayasat Nurbek
Құрметті талапкерлер, қадірлі ата-аналар!

👥 Бүгін Қазақстандағы он мыңдаған отбасы үшін ерекше күн. Біреу таңертеңнен бері парақшаны қайта-қайта жаңартып, тізімнен өз тегін іздеп, ақыры көрген сәтте ең алдымен ата-анасына қоңырау шалған шығар. Бүгін талай шаңырақта құшақтасу, қуаныштың көз жасы, қай университетті таңдау керек, студенттік өмір енді қандай болады деген ұзақ әңгімелер болады.

⏩ Ал кейбір үйлерде бүгін үнсіздік орнауы мүмкін. Өйткені көптен күткен есім тізімнен табылмады.

⏩ Жастық шақтағы осы сезім жақсы есімде: бір емтихан немесе бір конкурс бүкіл алдағы өміріңді анықтап қоятындай көрінеді. 17-18 жаста мұндай сәттерді шынымен солай қабылдаймыз: өттің - алдыңнан жол ашылды, өтпедің - арманың алыстап кеткендей болады.

📚 Бірақ білім маған ең маңызды сабақтардың бірін үйретті: адамның жолы сирек жағдайда түзу сызықпен жүреді. Кейде бүгін ашылмаған есік басқа жол іздеуге мәжбүрлейді. Ал кейін дәл сол жолдың ар жағынан сенің шынайы мүмкіндігің табылуы мүмкін.

🧑🏻‍🎓👩🏻‍🎓 Биыл 75 мыңнан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанды. Әрқайсыңызды және отбасыларыңызды шын жүректен құттықтаймын. Тізімдегі бір ғана жолдың артында айлар, кейде жылдар бойғы еңбек, ұйқысыз түндер, ата-ананың алаңдауы, ұстаздардың қолдауы және өз табандылықтарыңыз тұр. Сіздер бұл нәтижеге лайықсыздар.

🔵 Биыл конкурс әсіресе жоғары болды. 2025 жылы 113 мың өтініш берілсе, 2026 жылы олардың саны 127 мыңға жетті. Бұл - 14 мыңға көп. Сондықтан бүгін мемлекеттік грантқа аз ғана ұпайы жетпей қалған талапкерлерге ерекше сөз арнағым келеді.

🔵 Мемлекеттік грант - сөзсіз үлкен мүмкіндік. Бірақ ол жоғары білімге апаратын жалғыз жол емес. Бүгінде Қазақстанда қосымша қолдаудың тұтас жүйесі бар. Биыл университеттер 2 мыңнан астам ректорлық грант ұсынды. Тағы 2000-нан астам білім грантын әкімдіктер бөлді. Бұдан бөлек, жұмыс берушілердің мақсатты бағдарламалары, жеке қорлар мен ірі компаниялардың гранттары бар.

🔵 Мысалы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыл мектептерінің, шағын және моноқалалардың түлектеріне 350 грант ұсынады. KAZENERGY, «Қазатомөнеркәсіп» және басқа да ұйымдар өздерінің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.

🔵 Көпшілік біле бермейтін тағы бір мүмкіндік бар. Оқуға қабылданғаннан кейін жыл сайын мемлекеттік гранттардың бір бөлігі босайды. Сонымен қатар оқуын ақылы негізде бастап, жоғары академиялық нәтиже көрсеткен студенттер кейін бос білім гранттарына үміткер бола алады.

Сондықтан бүгін ата-аналарға айтар кеңесім өте қарапайым.

🔵 Егер балаңыз грант иеленсе - қуанышын бірге бөлісіңіз. Өз еңбегінің шынымен бағаланғанын сезінсін. Ал грант ала алмаса - дәл бүгін оған сіздің қолдауыңыз бұрынғыдан да қажет болуы мүмкін. Оны өзгелермен салыстырмаңыз. Бір конкурсты үкімге айналдырмаңыз. Оның орнына университеттердің тізімін бірге қарап, қабылдау комиссияларына хабарласыңыздар, ректорлық, өңірлік және корпоративтік гранттар туралы біліңіздер. Келесі жолды бірге іздеңіздер.

🔵 Ал талапкерлерге айтарым: өмірлеріңізде әлі талай емтихан, конкурс, жеңіс және бірден жүзеге аспайтын сәттер болады. Бірнеше жылдан кейін студенттік жолыңыздың қандай нәтижеден басталғанынан гөрі, қандай маман және қандай адам болып қалыптасқаныңыз әлдеқайда маңызды болады.

Бір ғана тізімге арманыңыздың ауқымын анықтауға жол бермеңіз.

🔵 Болашақ студенттерді өмірдің жаңа кезеңінің басталуымен құттықтаймын. Ал бүгін мемлекеттік грант иегерлерінің қатарынан өз есімін таба алмаған талапкерлерге ең бастысы - тоқтамауды тілеймін.

🔵 Кейде арманға апарар жол біз жоспарлағаннан сәл ұзағырақ болады. Бірақ бұл оның басқа бағытқа апара жатқанын білдірмейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤287👍24👏15💯7🤩2
Forwarded from Sayasat Nurbek
Дорогие абитуриенты, уважаемые родители!

👥 Сегодня для десятков тысяч семей в Казахстане особенный день. Кто-то с самого утра несколько раз обновлял страницу, искал свою фамилию в списках и, наконец увидев ее, первым делом позвонил родителям. Где-то сегодня будут объятия, слезы радости и долгие разговоры о том, какой университет выбрать и какой теперь будет студенческая жизнь.

⏩ А где-то будет тишина. Потому что заветной фамилии в списке не оказалось.
Я хорошо помню это ощущение юности, когда кажется, что один экзамен или конкурс способны определить всю дальнейшую жизнь. В 17-18 лет мы действительно воспринимаем такие моменты именно так: получилось - дорога открыта, не получилось - мечта отдаляется.

📚 Но образование научило меня, пожалуй, одному из самых важных уроков - путь человека редко бывает прямой линией. Иногда дверь, которая сегодня не открылась, заставляет искать другую и именно за ней впоследствии оказывается твоя настоящая возможность.

👩🏻‍🎓🧑🏻‍🎓 В этом году обладателями государственных образовательных грантов стали более 75 тысяч абитуриентов. От всей души поздравляю каждого из вас и ваши семьи. За одной строчкой в списке стоят месяцы, а иногда и годы труда, бессонные вечера, волнение родителей, поддержка учителей и ваша собственная настойчивость. Вы заслужили этот результат.

⏩ Конкурс в этом году был особенно высоким. В 2025 году было подано 113 тысяч заявлений, а в 2026-м - уже 127 тысяч. Это на 14 тысяч больше. И поэтому сегодня мне особенно хочется обратиться к тем ребятам, которым совсем немного не хватило до государственного гранта.

⏩ Государственный грант - это безусловно большая возможность, но далеко не единственная дорога к высшему образованию. Сегодня в Казахстане существует целая система дополнительной поддержки. В этом году университетами предоставлено более 2 тысяч ректорских грантов. Еще более 2000 образовательных грантов выделили акиматы. Есть целевые программы работодателей, гранты частных фондов и крупных компаний.

⏩ Например, Общественный фонд «Қазақстан халқына» предоставляет 350 грантов выпускникам сельских школ, малых и моногородов. Свои образовательные программы реализуют KAZENERGY, «Казатомпром» и другие организации.

⏩ Есть и еще одна возможность, о которой знают не все. После зачисления часть государственных грантов ежегодно освобождается. Кроме того, студенты, начавшие обучение на платной основе и показывающие высокие академические результаты, впоследствии могут претендовать на вакантные гранты.

Поэтому мой совет родителям сегодня очень простой.

🔵 Если ваш ребенок получил грант - порадуйтесь вместе с ним. Пусть он почувствует, что его труд действительно ценят. Если не получил - сегодня ему, возможно, ваша поддержка нужна еще больше. Не сравнивайте его с другими. Не превращайте один конкурс в приговор. Лучше вместе откройте список университетов, позвоните в приемные комиссии, узнайте о ректорских, региональных и корпоративных грантах. Ищите следующий маршрут.

🔵 А абитуриентам хочу сказать - в вашей жизни еще будет много экзаменов, конкурсов, побед и ситуаций, когда что-то получится не с первого раза. Через несколько лет гораздо важнее будет не то, с какого результата началась ваша студенческая история, а то, каким специалистом и человеком вы стали.

Не позволяйте одному списку определить масштаб вашей мечты.

🔵 Поздравляю будущих студентов с началом нового этапа жизни. А тем, чье имя сегодня не оказалось среди обладателей государственного гранта, желаю самого важного - не останавливаться.

🔵 Иногда путь к мечте оказывается немного длиннее, чем мы планировали. Но это совсем не значит, что он ведет не туда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤285💯39👏7👍5🥰5🤩3😍2
🎓 2026-2027 оқу жылына 75 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді
 
📌2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары конкурсының қорытындысы жарияланып, білім беру гранттарының иегерлері анықталды.
 
☑️Жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бакалавриат деңгейіне 75 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Гранттар конкурсына қатысу үшін талапкерлерден барлығы 127 041 өтініш қабылданды.
 
📊Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының 98 пайызы игерілді. Бұл көрсеткіш мемлекеттік гранттардың еңбек нарығының сұранысына сәйкес тиімді бөлінгенін және талапкерлердің басым бөлігінің сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын таңдағанын көрсетеді.
 
🟢Биыл өңірлік теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бастамалар да жалғасын тапты. Атап айтқанда, «Серпін» бағдарламасы аясында 2 180 білім беру гранты, сондай-ақ еліміздің батыс өңірлерінің жастарына 2 500 грант бөлінді.
 
🏢Сонымен қатар Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына талапкерлер қабылдау үшін 3 190 мемлекеттік білім беру гранты қарастырылды.
 
📈Білім беру гранттары ел экономикасының кадрларға деген болжамды сұранысын ескере отырып бөлінді. Ең көп грант экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлайтын мынадай бағыттарға берілді:

✔ Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 16 674 грант;
✔ Педагогикалық ғылымдар – 12 228 грант;
✔ Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 10 387 грант;
✔ Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 9 188 грант;
✔ Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 515 грант;
✔ Қызмет көрсету саласы – 2 170 грант;
✔ Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 915 грант;
✔ Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 1 485 грант;
✔ Бизнес, басқару және құқық – 1 423 грант;
✔ Ветеринария – 1 175 грант.

🔗 Толығырақ: gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤132👏8💯6👍2🤩2
🎓Более 75 тысяч образовательных грантов выделено на 2026-2027 учебный год

📌Опубликованы итоги конкурса на присуждение государственных образовательных грантов на 2026-2027 учебный год. Определены обладатели образовательных грантов.

☑️В рамках государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим образованием на программы бакалавриата выделено более 75 тысяч образовательных грантов. Для участия в конкурсе поступило 127 041 заявление.

📊По итогам конкурсного отбора государственный образовательный заказ освоен на 98%. Это свидетельствует об эффективном распределении государственных грантов с учетом потребностей рынка труда и о высоком интересе абитуриентов к наиболее востребованным образовательным программам.

🟢В текущем году продолжена реализация специальных инициатив, направленных на обеспечение регионального баланса. В частности, в рамках программы «Серпін» выделено 2 180 образовательных грантов, а для молодежи западных регионов страны предусмотрено 2 500 грантов.

🏢Кроме того, для приема абитуриентов в филиалы зарубежных высших учебных заведений, открытые в Казахстане, предусмотрено 3 190 государственных образовательных грантов.

📈Распределение образовательных грантов осуществлялось с учетом прогнозной потребности экономики страны в квалифицированных кадрах. Наибольшее количество грантов выделено по следующим направлениям подготовки:
 
✔ Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли – 16 674 гранта;
✔ Педагогические науки – 12 228 грантов;
✔ Информационно-коммуникационные технологии – 10 387 грантов;
✔ Естественные науки, математика и статистика – 9 188 грантов;
✔ Сельское хозяйство и биоресурсы – 2 515 грантов;
✔ Услуги – 2 170 грантов;
✔ Искусство и гуманитарные науки – 1 915 грантов;
✔ Социальные науки, журналистика и информация – 1 485 грантов;
✔ Бизнес, управление и право – 1 423 гранта;
✔ Ветеринария – 1 175 грантов.

🔗 Подробнее: gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤155👏10👍5💯3🤩2
🔰 ӘКІМДІКТЕР ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БӨЛДІ

Жергілікті атқарушы органдар бөлетін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды. Жыл сайын әкімдіктер өңірлер үшін сұранысқа ие және басым бағыттар бойынша кадрларды мақсатты даярлауға білім беру гранттарын бөледі.

Биыл жергілікті атқарушы органдар (бакалавриат, магистратура, резидентура бағдарламалары бойынша) оқуға 2392 білім беру грантын бөлді.

Ең көп грантты Астана қаласының әкімдігі – 303, Шымкент қаласы – 285 грант, Шығыс Қазақстан облысы – 270 гранттан бөлді. Одан кейін Батыс Қазақстан облысы – 211 грант, Абай облысы мен Түркістан облысы – 200 гранттан, Ақмола облысы – 199 грант, Қарағанды облысы – 198 грант, Атырау облысы – 187 грант, Маңғыстау облысы – 163 грант бөлді. Қалған өңірлердің әрқайсысы 100-ге жуық грант ұсынды.

🔗 Толығырақ: gov.kz
❤130👏8🥰7👍3💯2