TESTCENTERKZ
165K subscribers
2.66K photos
551 videos
120 files
930 links
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы
Download Telegram
Channel created
🙋🏻‍♂️Сәлеметсіз бе! ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының телеграм каналына қош келдіңіз!
✅Бұл жерде ҰБТ (ЕНТ), ҰБТ (НКТ), КТ (КТ) қатысты тек шынайы әрі өзекті ақпарат жарияланатын болады.
🤝Бізбен бірге болыңыздар!
☎️Call center 8(7172)69-50-69
❤10
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1
2021 жылғы сәуір мен маусым аралығында өтетін ҰБТ-ны бір адамға ЕКІ РЕТ тапсыруға болатынын білесіздер ме?

😉Ең жоғары нәтижесімен грант тағайындау конкурсына да қатысуға болады екен...
Final Results
77%
Иә 👍
11%
Жоқ 😱
13%
Білемін және сыныптастарыма да айттым 😎
❤10👍3
✅Наурыздағы ҰБТ БОЛАДЫ!

🙋🏻‍♂️Құрметті түлектер!
Қазір біздің елімізде ақылы оқу бөліміне түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатыр. Оған қатысу міндетті емес, оның сертификаты тек ақылы бөлімге түсу үшін жарамды. Грантқа түсу үшін ҰБТ сәл кейінірек өтеді. Ағымдағы ҰБТ-ны тапсыру ерікті болып табылады.
Сонымен бірге, Сіздердің көпшілігіңіз өз құқығыңызды пайдалана отыра ҰБТ-ға тіркелдіңіз.
🦠Тестілеу қиын кезеңде өтіп жатқандығы бәрімізге белгілі: коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде жалғасуда. Сондықтан ҰБТ уәкілетті органдар белгілеген қатаң санитарлық шараларды қамтамасыз етеді: тестілеуге кіргізу кезінде және аудиториядағы тестіленушілер арасындағы қашықтық 1,5 - 2 метрді құрайды, тестіленушілердің дене қызуы бақыланып, барлық қатысушылардың маскалы режимді сақтауы қадағаланады. Адамдардың көп болуын болдырмау үшін ата-аналар тестілеу орталықтарында емес, тестілеу барысын онлайн режимінде көре алады.
☝️Алайда, ешқандай шаралар кешені вирустан 100% қорғауға кепілдік бере алмайды.
Бүгінгі таңда ҰБТ-ны 4️⃣0️⃣ мыңнан астам түлек тапсырды.
Алайда, қазіргі жағдайды және жұқтыру қаупін ескере отыра, Сіз ҰБТ-ны кейінірек тапсыра аласыз (2021 тамыз) немесе тестілеуден бас тарта аласыз және қаражатыңызды қайтару мүмкіндігіңіз бар (info@testcenter.kz мекен-жайына реквизиттеріңізді көрсетіп, хат жолдау арқылы).
Сіз сондай-ақ өз тіркеуіңізге сәйкес ҰБТ тапсыруға құқығыңыз бар! (өзгеріссіз, яғни өзіңіз таңдаған күнде)
🙌Сізге зор денсаулық тілейміз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!
❤7🤩1