Үздік БІЛІМ
2.08K subscribers
607 photos
62 videos
26 files
954 links
Ресми канал чаты @Uzdik_Bilim_chat
Download Telegram
Forwarded from IT bilim
Осы шығарылым ерекше, себебі бізде 2 қонақ және екеуі де Қазақстандағы ең табысты стартаптардың бірі – 1Fit-тен.

Мейір Әділжанов, Chief New Markets Officer, 1Fit-ті негізін қалаушысы – бизнесті жаңа нарыққа стратегиялық кеңейтумен айналысады. Оның басшылығымен 1Fit Қазақстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда іске сәтті қосылды.

Асқар Ақшабаев, Chief Technical Officer, 1Fit-ті негізін қалаушысы – техникалық іске қосуға жауап береді және платформаны жетілдіруде шешуші рөл атқарады.

EA Ventures by EA Group венчурлік бөлімінің басшысы Әділбек Камиевпен әңгімелесу барысында Мейір мен Асқар 1Fit-тің құрылу тарихын айтып берді. Одан бөлек, платформаның маркетингі қалай жұмыс істейтіні және фаундерлерге достық пен 1Fit-ті сақтауға не көмектескені туралы әңгімелесті.

Видео: https://tapthe.link/m8Sz6-2fnx

Аудио: https://investdala.mave.digital/?utm_source=chat_kz&utm_medium=7episod
🔥5
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
Спорттық бағдарламалау федерациясы IMPACT 2025 информатика мұғалімдері мен спорттық бағдарламалау жаттықтырушыларына арналған Олимпиаданың серіктесі болып табылады.
⠀
🎯 Мақсаты: кәсіби шеберлігі жоғары талантты мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау және қолдау.
⠀
🗓 Күні: 2025 жылдың 13–17 қаңтары
📍 Орны: Астана
💻 Форматы: онлайн және оффлайн
⠀
Информатика мұғалімдері санаты бойынша тіркелу және қатысу шарттары туралы толық ақпарат impact.izho.kz сайтында берілген.
⠀
Жаттықтырушылар санаты бойынша қатысушыларды тіркеу сілтемесі, сондай-ақ Олимпиада ережелері мен талаптары сілтемеде көрсетілген.
⠀
Қосымша ақпарат посттағы суреттерде.
Forwarded from Амир
первый тур рус.pdf
597.4 KB
Бүгін Python - деңгейлі курстар басталды.

Кешкі 19:00-де “Python 0-ден бастау” курстың алғашқы сабағы болса,

Кешкі 20:00-де “Олимпиадалық есептердің алғашқы деңгейі” курсының алғашқы сабағы болады.

Кешкі 21:00-де “Олимпиадалық есептердің орта деңгейі” курсының алғашқы сабағы болады.

Ал Күрделі деңгейлі курстың алғашқы сабағы бүгін болып, платформаға жүктелді.

Егер әлі де болса, бастауды ойлап жүрсеңіздер, басынан бастағанға не жетсін)

Тіркеліп, қосылып үлгеріңіздер.

Тіркелу 10-қаңтарға дейін жүреді:
https://forms.gle/dkhvrEvDPca4cU1q9

Python - деңгейлі курстар жайында сұрақ-жауап:
https://youtu.be/py0IZRlYxwU?si=2dmShliw7hyMVPs0
👍3
Облыстық кезең жалпы (1-2 күн) нәтижелері:
https://codeforces.com/spectator/ranklist/dbe0e60b6c56da8a1e28827d75cc9d4a
Жалпы пәндік олимпиаданың 3-кезең (облыстық) "Үздіктер" жоба қатысушылардың Информатика пәні бойынша нәтижелері:

Түркістан облысы бойынша

🥇1-орындар:
1) Әлдибек Нұрдаулет - (Түлкібас, 11) - респа! (+ квота)
2) Токтаров Инимжон - (Сайрам, 10) - респа! (+ квота)

🥈2-орындар:
3) Зайниев Кұдайберді - (Жетісай, 11) - (квота респа!)
4) Камал Жансерік - (Сарыағаш, 11)
5) Мұқаш Нұрислам - (Түлкібас, 9)

🥉3-орындар:
6) Әшірмет Аружан - (Сауран, 11)
7) Әлдибек Нұрислам - (Түлкібас, 10)
8) Серікбай Елмұрат - (Түлкібас, 10)
9) Әшім Нұрислам - (Түркістан, 9)
10) Утеулі Кәмшат - (Түлкібас, 9)

Алматы облысы бойынша
🥇1-орын:
11) Дармахан Ақтілек - (Смағұлов, 10) - респа!
🥈2-орын:
12) Нұрланұлы Адлет - (Іле, 10) - (квота респа!)

Қызылорда облысы бойынша
🥉3-орын:
13) Тоқтарқазы Рамазан - (Шиелі, 11)

Ақтау облысы бойынша
14) Себетов Жандарбек - (Мұнайлы, 11)

Сонда 5-оқушымыз ақтық кезең - Республикада бақ сынасатын болады. Сәттіліктер!!!

Кішігірім Үздіктер туралы тизер:
https://www.instagram.com/reel/DEl08VOzLsG/

PS. Бір Түркістан облысында Үздіктер жобасынан 10-оқушы жүрдегер атанып, оның 5-еуі Түлкібас аудан оқушылары!!! Түлкібас - тек құт мекені ғана емес, информатиктер отанына айналғандай!👏🏻
👍14❤4🔥3
Бәріне сәлем!

Осы жақында ғана Астанада Жаутіков атындағы жарыс болып еді ғой.

Оған оқушылар, ұстаздар мен тренерлер үшін де жеке жарыстар болып, халықаралық жүлдегер алуға бар мүмкіндікьеріңіз бар еді.

Егер есептерін көрем десеңіздер мына сілтемемен басып өте аласыздар (ұстаздар үшін):

https://esep.cpfed.kz/contest/impact25teacher
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🚀 Біздің Федерация жасанды интеллект бойынша Республикалық мектеп олимпиадасы — AI Olymp ұйымдастырушысы болады! Ең үздік қатысушылар оқу-жаттығу жиынына шақырылып, жиында IOAI 2025 қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы тізімі бекітіледі. Толығырақ біздің сайтта.
—

🚀 Наша Федерация станет организатором Республиканской школьной олимпиады по ИИ — AI Olymp. Лучших участников пригласят на сборы, где определится состав сборной Казахстана на IOAI 2025. Подробнее на нашем сайте.
🎉6
Бәріне сәлем!

Көбі шетелге Түркия-Анталияға, БАӘ-Дубайға, Египет-Каирға қыдырғысы келеді ғой, ал біз достарымызбен өз елімізде қаншама тамаша жерлер барын біле тұра, неге шетелге қыдыруымыз керек деп, алдымен өз жерімізді аралаудан бастағанды жөн көрдік.

10-күндік саяхатымызда Алматы маңындағы табиғи жерлерді болып қайттық.

Осы саяхат үшін Астана мен Атыраудан қосылды демей-ақ, мен өзім Кореядан ұшып барсам, достарым сонау Ұлыбритания мен Швейцариядан, көрші Қырғызстаннан да келді)

https://youtu.be/UfAW1GXr9s8?si=oVnGs_-qJ3exDeeh
👍12
-= CooL Dostar=- деп аталатын инста серия бастап жатырмын.

Мектеп уақытынан араласатын достар болып, осы 10-күнде өткізген Алматы саяхаты болмақ.

Басты рөлдерде тек өзіміз, шеттерінен шетел көріп, бәрі Болашақ түлектері атанған достардың бас қосуы туралы қысқаша инста-рилстер болады.

1-ші серия. Кім қайдан келді?
https://www.instagram.com/reel/DFQARWEPArC/

PS. Алдағы уақытта, жүктелген жаңа сериялар туралы бұлай бөліспеймін, сол үшін қызық болса, инстаграмға жазыла өтіңіздер)
🔥7👍4❤2
Forwarded from ai.edu.kz
📰 ЖАҢАЛЫҚ
📢 Ақпаннан бастап алғашқы Қазақстандық AI Олимпиадасына дайындық курсы басталады!
🇰🇿 Курс тілі: Қазақша
👨‍🏫 Негізгі тренер: Кореядағы AI компаниясының инженері, әрі "Үздік Білім", "Үздіктер" жобаларының жетекшісі - Ерғали ағай.
🎯 Мақсат: AI олимпиадасына жүйелі дайындық
✔️ Тіркелу үшін: https://forms.gle/hG4S3sRLtXEXboWM8
📍 Толығырақ: https://ai.edu.kz
__________________________

📰 НОВОСТИ
📢 С февраля стартует подготовительный курс к первой Казахстанской AI Олимпиаде!
🇷🇺 Язык курса: Казахский
👨‍🏫 Главный тренер: Инженер AI компании в Корее, а также руководитель проектов "Үздік Білім" и "Үздіктер" – Ергали агай.
🎯 Цель: Систематическая подготовка к AI олимпиаде
✔️ Регистрация: https://forms.gle/hG4S3sRLtXEXboWM8
📍 Подробнее: https://ai.edu.kz
__________________________

📰 NEWS
📢 Starting in February, a preparation course for the first AI Olympiad in Kazakhstan begins!
🇰🇿 Course language: Kazakh
👨‍🏫 Main trainer: AI engineer in a Korean company and leader of the "Үздік Білім" and "Үздіктер" projects – Yergali Trainer.
🎯 Goal: Systematic preparation for the AI Olympiad
✔️ Register here: https://forms.gle/hG4S3sRLtXEXboWM8
📍 More details: https://ai.edu.kz
🔥7❤1