Үздік БІЛІМ
2.08K subscribers
607 photos
62 videos
26 files
954 links
Ресми канал чаты @Uzdik_Bilim_chat
Download Telegram
Құрметті қыз-келіншек, арулар!

Сіздерді көктемнің алғашқы гүлденетін, құлпырып жайнайтын мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Аман болыңыздар, ауырмаңыздар! Әрдайым осылай күлімдеп, бақытты бола беріңіздер!
❤19👍4🥰2
🗣️Al Olymp – жасанды интеллект бойынша республикалық олимпиада.

Олимпиада мектеп оқушыларының жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған және білім алу мен кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

🎓 Қатысуға 9-12 сынып оқушылары шақырылады.
📅 Олимпиаданың іріктеу кезеңі 2025 жылғы 6 сәуірде онлайн форматта өтеді.
📅 Қорытынды кезең 2-4 мамыр аралығында Астана қаласында өтеді.

Толығырақ ақпаратты пост-карусельде оқыңыз🙌🏼

https://cpfed.kz
Forwarded from CPFED Community🦾
Баршаңызға сәлем! Біз AI Olymp-қа дайындық үшін жасанды интеллект 🤖 бойынша вебинарлар сериясын бастаймыз! 🔥⏰

Алғашқы вебинар «Сызықтық регрессия» тақырыбындағы Машиналық оқытуға арналмақ және 19 наурыз күні сағат 18:00-де өтеді. 🖥

Вебинар осы Telegram қауымдастығында тікелей эфирде өтеді.

💬 Вебинар спикері:
👨‍💻 Ерғали Бердібаев – NeoForce компаниясының жасанды интеллект инженері, Үздік білімнің негізін қалаушы. Сондай-ақ, Ерғали – Uzdikter және Uzdik IT Ustaz жобаларының негізін қалаушыларының бірі.

Вебинарды жіберіп алмаңыз! Қызықты әрі пайдалы болады. 🙌

Вебинар жазбалары осы топта жарияланады, оларды төмендегі хэштегтер арқылы таба аласыз:

#AI_Webinar #AI_Training
👍4🔥2❤1
Жуырда!

Сәуір айынан бастап, 10-апталық (2.5-айлық) Олимпиадаға дайындық курстары басталады.

Әр деңгей 20-22 сабақтан тұратын, ал әр сабақ кемі 1-1.5 сағаттық апта сайын 10-есептік олимпиадалық тапсырмаларымен болады.

Бағасы айына 20000 тенгемен бөліп төлеуге болатын толық курс бағасы 40000 тенге.

Тіркелу жалғасуда:
https://forms.gle/dkhvrEvDPca4cU1q9

Деңгейіңізді анықтау үшін:
https://uzdik0.contest.codeforces.com

PS. Егер алдын менің курсыма қатысқандар болса, осында жазып, пікір қалдырсаңыздар) Сол арқылы басқалар да біле жүрсін.

PSS. Немесе осы білімді іздегендермен бөлісіп, таратсаңыздар
. Рақмет.
👍2
Forwarded from KBTU NEWS
📢 KBTU Data Camp 2025: Деректер ғылымындағы талантыңды аш!
ҚБТУ 9-11 сынып оқушыларын Data Science, жасанды интеллект және бағдарламалауға арналған байқауға қатысуға шақырады.
Сізді не күтеді:
• Нақты тапсырмалар мен тәжірибелік білім
• Алдын ала іріктеу: 25 үздік команда
• Python тілінде жұмыс, деректерді талдау, логикалық ойлау
• Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар! 🏆 1 орын – 300 000 теңге, 2 орын – 200 000 теңге, 3 орын – 100 000 теңге! Сондай-ақ, ҚБТУ-дан білім грантын ұтып алу мүмкіндігі! 🎓
🗓️ Күні: 2025 жылдың 5-6 сәуірі ➡️ Тіркелу 21 наурызға дейін келесі сілтеме арқылы: https://forms.gle/YGnSHheZBXF5bEgk9
🌐 Өткізу тілі: ағылшын 📍 Өткізу орны: ҚБТУ, Алматы,Төле би 59.
Толық ақпарат алу үшін a.jaxylykova@kbtu.kz электрондық поштасына немесе @abulatovna Telegram-ына жазыңыз.
❤1👍1
Ораза-айт құтты болсын!
Ал мен жақта (🇰🇷) әлі 2-күн ораза дейді)
👍15🕊1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Барлықтарыңызға сәлем!

“Сәуір болмай, тәуір болмас” деп, біз деңгейлі курстардың 2-ші потогын бастадық.

Бұйыртса 10-апталық (2,5 ай) курс болады. Курстың толық бағасы 40000 теңге, сонда аптасына небәрі 4000 тенгеден түседі. Екі бөліп төлеуге болады.

Материалдар, тапсырмалар, сабақтар тек қазақ тілінде болады.

Тіркелу жалғасуда:
https://forms.gle/dkhvrEvDPca4cU1q9

Деңгейіңізді анықтау үшін:
https://uzdik0.contest.codeforces.com
🔥5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
30-күндік Кодинг-челлендж бастаймыз!

Қатысу - ТЕГІН!

Бұл бастаманың мақсаты:
- Жастар арасында программалауды насихаттап, елдің бетке ұстар, әлем танитын IT мамандарды көптеп шығару!
- 100-естігеннен 1-көрген жақсы, 100-сабақты көргеннен 1-есепті шығарған жақсы!

Кез келген программалаға қызығатын адам қатыса алады.

Осы кодинг-челлендж негізінде кодфорстың мұрағат/архив тапсырмаларынан кездейсоқ әр деңгей үшін 3-есепті ұсынып отырады.

Жалпы 4-деңгейге бөлінген:
1) Бастапқы деңгей: 800-100
2) Негізгі деңгей: 1100-1300
3) Орта деңгей: 1400-1600
4) Күрделі деңгей: 1700-1900

Өзіңге ұнаған деңгейді таңдап, күнде сол деңгей есептерін шығарып, рейтинг басынан көрініңіз!

Тіркелу үшін:
https://forms.gle/4qD15jC3tNJCSBAp7

30-күндік Кодинг-челлендж күнделікті тапсырмалары мұнда болады:
https://uzdikter.kz/users/codeforces/today/

Жоба авторлары:
Ерғали (@yergalife) мен Едіге (@edigerad)

#olymp #coding #30daychallenge
🔥9👍2❤1
30-күндік Кодинг-челлендж күнделікті тапсырмалары мұнда болады:

https://uzdikter.kz/users/codeforces/today/
👍2
“Үздіктер” жобасы тек оқушыларды ғана дайындап қоймай, қарапайым мектеп ұстаздарын да дайындаған еді.

Жалпы 500-ден аса ұстаздар қатысып, соңына дейін жеткен 40-ұстазымыз болды.

Көріп отырғаныңыздай, әр өңірден өз чемпиондарымыз бар! Ол үшін өте қуаныштымыз!!!

Енді алда өте үлкен белес, соңғы мәре Астанада өтетін - ұстаздар арасында республикалық “Үздік IT ұстаз” ГРАНД-ФИНАЛЫ болады!

Үздік Ұстаздарымызға финалда сәттіліктер!🤲🏻🤩
👍7
Магнум дауы - бір үлкен мәселеге айналып жатқандай секілді.

Бірақ, егер сен қазақ тілді болсаң, не қазақша сөйлейтін болсаң, сен второсортный болып көрініп қаласың((( ал қазақша сөйлей берші десең, вообще “нацист” болып қаласың(

Мен мұнда кімдікі дұрыс, не бұрыс екенін айтқым келмейді. Жай қазақ тілді болғаны үшін басқаларға ұят болатына жыным келетіні.

Ия, түсінем, ортасы орысша болған шығар, ата-анасы үйінде орысша сөйлейтін шығар, бірақ жалпы егер сондай біреулер солай талап қойып жатса, жақсы ия үйреніп жүрмін дей салсаңшы, не 4-5 сөз жаттап ала сал, “қазақша аз ғана білем” деп, сол үшін басыңды алмайтын шығар?!))

Мысалы кореяда солай ғой, мен де асып-тасып корейше сөйлей алмаймын, сұраса сәл ғана білемін, мүмкін болса ағылсынша, не переводчикпен сөйлесеміз.

Жалпы арамызда, орыс тілділер болса, жай 4-5 сөз қазақша үйреніп ала салыңыз, болды.

Бірақ қай елде болсаң, сол елдің мәдениеті мен тілін құрметтеуің керексің. Соны ұмытпаған жөн…

Өз ойым қазақтың жастары, оның ішінде қазақ тілді жастары әлем бағындыратын ірі тұлғалар болса екен деп тілеймін! Саған қарап басқалар бой түзер, сен секілді болсам екен деп ойлайтындар болса ғой деп армандаймын.

Мысалы бір Димаштың феномені - қаншама шетел азаматтарын қазақ тілін 2-3 айда үйреніп жатыр, оларға ешкім қазақша сөйле деп айтқан да жоқ!

Бұл жазумен мен біреуді кемсітіп жатқаным жоқ, жай ғана қазақ тілге жаным ашып жатыр…
👍38❤7🔥4
Forwarded from Codeforces KZ (Yergali)
Бәріне сәлем!

Бүгін сағат 19:35-те Див-4 ресми контесті басталады!
https://codeforces.com/contests/2094
❤2👍1
Көп ұзамай осындай платформалар шыға бастайды. Яғни әр адам почта ашқандай, жеке өзінің AI агентін жасап отыратын.

https://vt.tiktok.com/ZSrXcjkwQ/
🔥3