Үздік БІЛІМ
2.08K subscribers
607 photos
62 videos
26 files
954 links
Ресми канал чаты @Uzdik_Bilim_chat
Download Telegram
Forwarded from Kuanysh Oteu
Қайырлы күн! Мұғалімдерге арналған жазғы конкурс басталыпты, математикадан бір тақырыпты видео немесе сайт форматында түсіндіру керек

Конкурс 3blue1brown ютуб каналынан, жеңімпаз 5 команданың әрқайсысы 1000$ ұтады екен, бірақ мақсат ол емес, халықаралық деңгейде Қазақстанда жақсы мұғалімдер бар екенін көрсету және өзімізге жақсы тәжірибе алу

Қатысу үшін 31 августқа дейін 1 видео түсіріп ютубқа салу керек

Ешқандай шектеу жоқ, басты критерий: басқа мұғалімдер сабақ үстінде видеоны көрсетіп балаларға қызық әрі түсінікті болуы керек
Видеоны кез-келген тілде түсіруге болады, бастысы ағылшынша субтитр немесе озвучка болуы керек, шет елдегі мұғалімдер түсіне алуы үшін, командамен немесе жеке түсіруге болады

Толық ақпарат мына сайтта
https://some.3b1b.co/

Және ютуб видеода
https://youtu.be/3foYyPDp0Ho?si=Ebfn008UJdhji4tq
Көптен күткен Түркістанда ашылатын жаңа IT университеті - Woosong University Kazakhstan ресми сайты көпшілікке ашылды.
https://wsuk.wsu.ac.kr/

Ресми инстаграм парақшасы:
https://www.instagram.com/wsuk.official/
❤2🔥1
Тамаша жаңалық!

Естеріңізде болса, “Үздіктер” жобасының 2-ші тармағы ол мұғалімдер үшін болған - “Үздік Ұстаз” жобамыз еді.

Жалпы осы ақтық кезеңге 5-ұстаз-шәкірттіміз қатысыпты.

1) Азизхан ағай - Түркістан обл.🥈
2) Бахтжан ағай - Жамбыл обл. 🥉
3) Қайрат ағай - Павлодар обл. 🥉
4) Фарида апай - Қызылорда обл 📄
5) Нұрлан ағай - Алматы обл📃

Құтты болсын, құрметті үздік ұстаздар!!!

Осы РЕСПА-ға өте алмаған 1000-нан аса ұстаздардың арманы болған, 40-ұстаздың өтуі - ол тамаша жетістік деп білемін!
❤7
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🗣️26–28 мамыр күндері Астанада информатика пәні мұғалімдеріне арналған спорттық бағдарламалау бойынша республикалық олимпиаданың финалы өтті.

👩‍🏫Іріктеу кезеңдеріне 800-ге жуық мұғалім қатысып, олардың ішінен 13 өңірден 43 үздік ұстаз финалға өтті.
Педагогтар тек жарысу үшін ғана емес, мықты IT-комьюнити қалыптастыру үшін де жиналды.

🎉Олимпиада Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының бастамасымен, Activ мобильді байланыс операторы мен «Қазақтелеком» корпоративтік университетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

💙Білім беру ісін дамытуға үлес қосқан барлық мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз!
🔥6❤1
Бәріне сәлем)

Менің жазбаларым енді мектептен универ деңгейіне көтеріле бастайды)))

Оған негізгі себептерінің бірі жаңа IT универге профессор болуым мүмкін болса, екінші мүмкіндік мета-фейсбуктан параллельно интервью өтіп жатқаным болмақ)

Айтқандай, мен соңғы турға (onsite) өтіппін. Ол туралы мұнда жазып өттім) қызық болса, оқып бағалап қойыңыздар)

https://leetcode.com/discuss/post/6806241
🔥12
Forwarded from Kuanysh Oteu
Бәріңе сәлем! Осы жазда бірнеше есептер жасап FAIO 2025 Warmup Жарыстарын ұйымдастырайын деп отырмын

Мақсатым: жазда құр отырмай, оңай есептер шығару арқылы оқушылар мен мұғалімдер МЛ есептер шығарып, шынығып жүрсін деген ой

Командамен де, жалғыз бөлек те қатыса беруге болады, бастысы ізденіп білім алуға тырысу керек

Мұғалімдер лигасы бөлек, оқушылар лигасы бөлек болады

Ең бірінші контест 23-ші маусым басталады, дайын жүріңіздер

P.S. есеп құрастырып көмектесемін деген адам болса күтемін 🙌
❤12👍6
2-ші кезең - қорытынды кезеңге өткенде, жаңа рекруиттерге ауысады екенсің.

Бүгін сол жаңа рекруитермен телефон арқылы сөйлесу болып, осы кезеңде не болатынын, қалай дайындалу керектігін түсіндірді.

Бұл соңғы кезең болғандықтан тіке сол офиске қатысты рекруитер болады, яғни таза British әксентпен сөйлегеннен түсінбей қалып жатасың, көбіне олар соңғы жағын жеп қойып, әріптері тұншығып шығады😁

Бірден Англиядағы студенттік кезімді еске түсірді. Айтқан әрбір сөздеріне фокус қойып тыңдамасаң, бүкіл ойды жоғалтасың😁

Сәттілік тілеп қойыңыздар! Егер Алла бұйырып өтіп жатсам, сол жақтағы опытпен бөлісумен қатар, дарынды қазақ жастарын да тартатыным анық қой)🙏🏻
🙏24👍8❤1
Құрбан айт құтты болсын!
Дұға тілектеріміз қабыл болсын!
Айттан айтқа төрт көзіміз түгел аман есен жете берейік! Әумин🤲🏻

PS. Кореяда Құрбан Айт ертеңнен басталады😁
👍9❤8