Үздіктер жобасы енді тоқтауы мүмкін…
Неге?
Біз басында оны Едіге екеуміз бастағанда, қазақтың балалары үшін сонау алыс-шалғай ауылды жердегі балалардың көзін ашу мақсатында бастаған едік.
Өзіміздің білген тергендерімізді үйретіп, көрсетіп, солай қазақ жастарын бері IT тарту, тереңдетілген НИШ, БИЛ-ге конкурент бола алатын қарапайым мектеп оқушыларын шығаруды көздеген едік.
Дегенмен, біз оқушылар үшін тегін жасап дайындаймыз, үйретіп, көрсетіміз. Оған бар уақытымыз мен күшімізді құртып отырамыз.
Әрине оқушыларымыз, өз мүмкіндігінше жақсы нәтижелерімен де көрсетіп, қуантуда.
Ал бірақ, бүкіл абырой атақ, мақтау мадақ, жеке дайындаған ұстаздары деп мектеп ұстаздарына, не мектептеріне, тіпті аудан-облыс бойынша дарын орталықтарына кетеді.
Жақсы деп, 3-ші жылы оқушылардан төлем аламыз дегенде, үздіктерге тегін үйреніп қалғаннан ешкім аса бір қатты тартылмады. Содан соңғы жылды да тегін жасадық.
Егер біздің еңбегімізді ақтап беретін спонсорлар шығып жатса, мүмкін жалғасын табар.
Ал болмаса, онда бізге реніш жоқ шығар) біз 3-жылда қарапайым мектеп балаларынан да жақсы кодер олимпиадчиктер шығаруға болатынын көрсеттік!
PS. Енді сол абыройлы мектептер өз шәкірттерін әрі қарай дайындап шығаратын шығар деп үміттенеміз.
Түсінгенге шындық осы енді))

😢14🔥12👍6😱4❤2
Forwarded from 🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
🏆 Ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-метематикалық бағыт бойынша Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды
📚 Ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен II Республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Қорытынды кезеңге 486 оқушы қатысып, оның ішінде 221 оқушы жеңімпаз атанды. Бұл балалар – еліміздің ең шалғай аймақтарынан келген дарынды жастар.
📁 Марапаттау рәсіміне Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев қатысты.
🧑🏻💻 «Олимпиаданың ең жас қатысушысы» номинациясы бойынша дипломдармен Павлодар облысынан Имран Құсайынов және Қызылорда облысынан Төре Балтабаев марапатталды.
🥇 Олимпиадада барлығы 221 медаль сарапқа салынды: 117 қола, 62 күміс және 42 алтын медаль.
📊 Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада 13 пән бойынша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда үш кезеңде өтеді. Мектеп кезеңіне 99 264 оқушы қатысып, олардың 53 593-і аудандық кезеңге өтті. Облыстық кезеңде 12 000 оқушы бақ сынады, ал финалға 1000-ға жуық оқушы шықты. Соның ішінде 486 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаға қатысты, ал 450 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша олимпиадаға қатысады. Бұл олимпиада 10-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтеді.
📍 «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломдар Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарының құрама командаларына табысталды.
⚡️ Жеңімпаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 8 ректорлық гранты табысталды: 6 грант – SDU-дан, 2 грант – Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи университетінен. Сондай-ақ, математика, физика және информатика пәндері бойынша I дәрежелі диплом иегерлері – 9-10 сынып оқушыларына Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде 2025-2026 оқу жылында білім алуға грант берілді.
📌 Айта кетейік, олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан барлық оқушылар «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Сонымен қатар, I дәрежелі диплом иегерлері 2025 жылғы наурыз айында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысады.

«Оқу-ағарту министрлігі ауыл мектептерінің талантты және білімге құштар оқушыларын анықтау мақсатында республикалық олимпиада екінші жыл қатарынан өткізуде. Егер былтыр олимпиаданың бірінші кезеңіне 78 мың оқушы қатысса, биыл олардың саны 113 мыңнан асты. Бұл ауыл оқушыларының зияткерлік жарыстарға деген қызығушылығының артып, республикалық олимпиаданың мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді. Баршаңызды жетістіктеріңізбен құттықтаймын және білім жолында жаңа табыстар тілеймін!» – деді комитет төрағасы.
🧑🏻💻 «Олимпиаданың ең жас қатысушысы» номинациясы бойынша дипломдармен Павлодар облысынан Имран Құсайынов және Қызылорда облысынан Төре Балтабаев марапатталды.
«Мен 6-сыныпта оқимын, бірақ олимпиадаға 9-сынып бағдарламасы бойынша қатысамын. Біздің елде білім алып, ғылыммен айналысуға көптеген мүмкіндіктер бар екенін мақтан тұтамын. Мемлекетіміз талантты балаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Біз үшін олимпиадалар, байқаулар ұйымдастырылады, ал үздіктер халықаралық жарыстарға жіберіледі. Мен де олимпиадалық резервтің бір бөлігі болуды, білімімді жетілдіріп, бір күні елім үшін алтын медаль ұтып алуды армандаймын!» – деп бөлісті Төре Балтабаев.
🥇 Олимпиадада барлығы 221 медаль сарапқа салынды: 117 қола, 62 күміс және 42 алтын медаль.
📊 Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада 13 пән бойынша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда үш кезеңде өтеді. Мектеп кезеңіне 99 264 оқушы қатысып, олардың 53 593-і аудандық кезеңге өтті. Облыстық кезеңде 12 000 оқушы бақ сынады, ал финалға 1000-ға жуық оқушы шықты. Соның ішінде 486 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаға қатысты, ал 450 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша олимпиадаға қатысады. Бұл олимпиада 10-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтеді.
📍 «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломдар Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарының құрама командаларына табысталды.
⚡️ Жеңімпаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 8 ректорлық гранты табысталды: 6 грант – SDU-дан, 2 грант – Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи университетінен. Сондай-ақ, математика, физика және информатика пәндері бойынша I дәрежелі диплом иегерлері – 9-10 сынып оқушыларына Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде 2025-2026 оқу жылында білім алуға грант берілді.
📌 Айта кетейік, олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан барлық оқушылар «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Сонымен қатар, I дәрежелі диплом иегерлері 2025 жылғы наурыз айында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысады.
👍3❤2
Үздіктер жобасының арнайы сайты барын білетін боларсыз?
Ол жерде қатысушылар прогрессін, жетістіктерін, жоба сертификаты мен зум интервьюлерін көріп тамашалауға болады.
Өткен Аудандық олимпиданың жетістіктерін де жинап қойдық:
https://uzdikter.kz/achievements/

uzdikter.kz
Жетістіктеріміз
🔥6❤4👍1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🎉 Спорттық бағдарламалаудан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірінші кезеңіне тіркелу ашық!
🗓 Күні: 29 желтоқсан
📍 Формат: онлайн
🕛 Басталуы: 12:00
⏳ Ұзақтығы: 3 сағат
📌 14 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.
Чемпионат бірнеше іріктеу кезеңдерін және жүлде қоры 3 миллион теңге болатын финалды қамтиды.
🔗 Сілтеме арқылы тіркеліңіз.

❤4🔥2
Forwarded from Kuanysh Oteu
14-ші желтоқсан мен 3-ші қаңтар аралығында тегін курс өтеді:
Әр сенбі сайын:
08:00-08:30 (орыс тілінде),
08:40-09:10 (қазақ тілінде)
Форматы: Онлайн, Google Meet
Сабақты жазып алып YouTube-қа салып қоямын.
Әр сабақтан кейін Яндекс.Контестте сол тақырыпқа байланысты тапсырмалар ұсынылады.
Бұл курста Машиналық Оқытудың классикалық бастапқы алгоритмдерін басынан бастап өтеміз: математикалық теоремаларды дәлелдеуден бастап, library-сыз толық код жазуға дейін.
Онымен қатар барлық әлемге әйгілі kaggle.com платформасының курстарын бір шолып өтеміз, ол жерде library қолдану арқылы сертификаттар жинап алуға болады.

👍6
Forwarded from Kuanysh Oteu
4-ші қаңтардан бастап ақылы курс басталады, онда Терең Оқыту (Deep Learning) тақырыптарын өтеміз:
- Бұл курс та жаңа бастап жатқан оқушыларға арналған, барлық тақырыптарды ең басынан өтеміз
- Суреттерді танып білу үшін нейрондық желілердің алгоритмдерін нөлден бастап library-сыз толық жазып шығамыз
- Табиғи тілді өңдеу (NLP) алгоритмдерін library пайдалана отырып өтеміз
Мұғалімдер:
Қуаныш Өтеу — FAIO ұйымдастырушысы, РФММ мұғалімі
Иманмалик Ержан — Senior Data Scientist at EPAM Systems
Толық ақпарат жақында шығады, stay tuned✌️

👍4
7-8 сыныптар Олимпиада есеп тым ауыр деп, тест сұрап алған ұстаздар, қалай оқушыларыңыз жақсы орындай алды ма?))
🔥8😁6
🔥1
9-11 сыныптар үшін Жалпы пәндік олимпиада 2-кезеңі (Аудандық-Қалалық) системада (кодфорс өзінде) тексеруге мүмкіндіктеріңіз бар:
https://codeforces.com/group/YYg3vMlNVe/contests

👍4🔥1
Деңгейлі курстарға тіркелу жалғасуда. Бір уақытта 4 курс қатар жүрмек.
Курс ұзақтығы:
1) Python 0-ден бастау (жалпы питон жайлы курс) - 2-ай
2) Алғашқы деңгей (тек олимпиадалық есептер бойынша) - 3-ай
3) Орта деңгей (тек олиипиадалық есептер бойынша) - 3-ай
4) Күрделі деңгей (тек күрделі олимпиадалық тақырыптар бойынша) - 3-ай
Әр курс форматы:
- Әр дүйсенбі - Жаңа 1 тақырып түсіндіру сабағы;
- Әр дүйсенбі - 1-ші контест (контест ұзақтығы 72-сағат, 3-5 есеп);
- Әр бейсенбі - 2-ші контест (контест ұзақтығы 72-сағат, 3-5 есеп);
- Әр сенбі - Өткен 2-контестін талдау сабағы;
- Әр жексенбі - Арнайы кері байланыс зум сабағы;
- Әр 2-аптада 1 бақылау контесті (контест ұзақтығы 3-сағат 3 есеп).
Курс қолжетімді уақыты 6-ай.
Алғашқы сабақ - 06/01/2025.
Тіркелу үшін:
https://forms.gle/4gouHqAEJWWywuAf6

👍4🔥3
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🎥 Northern Eurasia Finals 2024 тікелей эфирі қазақ тілінде!
⠀
14–15 желтоқсан күндері сіздерді ICPC жартылай финалын тікелей эфирде тамашалауға шақырамыз! Бұл контестте Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның үздік командалары финалға өту үшін күш сынасады.
⠀
💡 Эфирде не болады?
• Контесттің өту барысын тікелей эфирде бақылау мүмкіндігі.
• Трансляция кезінде сүйікті командаңыздың кодын көру мүмкіндігі.
• Трансляцияны сіздің қалауыңызға сай ету мүмкіндігі — қай команданы көргіңіз келетінін комментарийлерде жазыңыз, біз оны міндетті түрде көрсетеміз!
• Спорттық бағдарламалау әлемінің беделді сарапшы спикерлері.
⠀
📌 ICPC World Finals 2024 кезінде қазақ тіліндегі трансляция көрілім саны бойынша үздік 2 қатарына кірген болатын. Бұл жолы да қазақ тіліндегі контенттің дамуына бірге үлес қосайық!
⠀
📍 Трансляция сілтемесі: https://youtube.com/live/cGH7kNebSL8?feature=share
🚀 Қосылыңыз және сүйікті командаларыңызды қолдаңыз!

Forwarded from Codeforces KZ (Yergali 예르갈리)
Бәріне сәлем!
Бүгін сағат 19:35-те Див-4 ресми контесті басталады!
https://codeforces.com/contests/2044

Codeforces
Codeforces Round 993 (Div. 4) - Codeforces
Codeforces. Programming competitions and contests, programming community
Еліміз асқақтап, көк туымыз әрдайым желбірей берсін!
Тәуелсіз күн құтты болсын!
Тәуелсіз күн құтты болсын!
❤30🔥6
Forwarded from Үздік БІЛІМ
14 мысалын көрсетейін жақсы:
Нақты (бөлшек) сандарды 2-лікке, 8-дікке, 16-лыққа келтіру
Берілгені: 711,1796875
711/2 ге бөлу арқылы қалдығын аламыз, сонда 711=1011000111
Ал бөлшекті керісінше 2-ге көбейтеміз:
1) 0,1796875*2=0,359375 мұнда үтірдегі санды қараймыз, мұнда 0 бүтін , сонда 0 сақтаймыз
2) 0,359375*2=0,71875 => 0 бүтін
3) 0,71875*2= 1,4375 => 1 бүтін, кейін бүтінді алып тастаймыз: 1,4375-1=0,4375
4) 0,4375*2= 0,875 => 0
5) 0,875*2= 1,75 => 1
6) 0,75 * 2 =1,5 => 1
7) 0.5 * 2 = 1,0 => 1 осымен тоқтайды.
Сонда 0,1796875 = 0,0010111
Жауабы:
1011000111,0010111
Ал егер осы санды 8-лікке не 16-лыққа келтіру керек болса, онда
8-дікке келтіру
бүтіні 1011000111 => соңынан бастап 3-тен бөлеміз: 1-011-000-111 сонда 1-3-0-7 яғни бүтін бөлігі 1307.
Ал қалдығы 0010111 => алдынын 3-тен бөлеміз, сонда 001-011-100 соңына жетпеген жерге 0-мен толықтырамыз, сөйтіп 1-3-5 яғни 135
Толық жауабы 8-дікте 1307,135
16-лықта та сол логика, бірақ уже 4-еуден бөлеміз
Бүтіні: 10 1100 0111 = 2С7
Бөлшегі: 0010 1110 = 2E
Сонда 16-лықта толық жауабы:
2С7,2E

👍11
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🚀 CPFED Uzdik IT Ustaz бірінші периодтың Негізгі кезеңі!
Турнирдің Негізгі кезеңі 20 желтоқсан күні сағат 14:00-де офлайн форматта облыс орталықтарында өтеді!
Турнирге келесі аймақтардың мұғалімдері қатысады:
- Қызылорда облысы
- Абай облысы
- Павлодар облысы
- Қостанай облысы
- Жетісу облысы
- Алматы облысы
- Жамбыл облысы
- Қарағанды облысы
- Ақмола облысы
- Астана қаласы
- Шымкент қаласы
- Алматы қаласы
📌 Қатысушылар тізімі мен өтетін орындар сілтеме арқылы қолжетімді.
Жаңалықтарымызды жіберіп алмаңыз және осы кезеңге дайын болыңыз! Сәттілік тілейміз!

🔥2