Үздік БІЛІМ
2.08K subscribers
607 photos
62 videos
26 files
954 links
Ресми канал чаты @Uzdik_Bilim_chat
Download Telegram
Мына бір тамаша жаңалықты қабыл алыңыздар!!!

Кеше ғана өткен жасөспірімдер арасында информатика пәні олимпиадасы өткен еді.

Сол жақта біздің 6-сынып оқушымыз Мықтанбек Заңғар - облыстан 2-орын алды!!!

Өзі олимпиада да ең жас болса да, 7-сыныптарға шақ келмеді!

Міне, біздің ауыл жастарымыз осындай!

Кстати, ол да Түлкібас ауданынан, бұйыртса бұл бала туралы әлі естисіздер деп ойлаймын)))
🔥18❤2⚡2
Forwarded from Arman💻
Қайырлы күн! Юниор облыстық олимпиадасын кодфорсеске салдық.

Добрый день! Залили областную Юниорскую олимпиаду в кодфорсес.

https://codeforces.com/group/0DboMdJ7a6/contests
👍1
Егер Түркістандағы Woosong универіне мен баратын болсам, не өзгеріс болар еді деп ойлайсыздар?
Немесе не күтер едіңіздер?

PS. Мен ол жақта жай профессор ғана емес, бір шешуші позицияда боласың деп алдап қойды енді, рас өтірігі) Ол дегенім ішкі-сыртқы байланыстар мен оқу жоспарларын бекітуде күшім болады, мүмкін жұмысқа тұруға да әсер ете алуым мүмкін сияқты) 😂
🔥11👍4❤1💯1
Жалпы мамыр айы мен үшін өте оңтайлы болуда, жеке білім көтеруден де, жеке блог жүргізуден де, Корея мен Қазақстан арасын байланыстырудан да жақсы болуда☺️

Сіздердің қолдауларыңыз бен тілектеріңіз арқасында шауып жүрміз🥰

Сол үшін рақмет!✊🏻🤩

Мен негізі істеген істерім мақтанып емес, вскорее көбі жетістікті, не соңғы нәтижесін көреді де, бірақ астында қаншама еңбек барын байқамайды. Соны ашып көрсетуді жөн көрдім.

Мейлі ол бола ма, болмай ма, бір Құдай білер) Бірақ өзім жатпай тұрмай, әрекет етудемін. Бұйырғаны болар деп))

Жалпы ақпарат үшін айтсам, жасым 40-қа таяды) Білім алу, не жеке даму қашан бастасаң да жарасады!🤟🏻😎
👍15🔥9❤4
Биыл күзде Түркістанда Жасанды Интеллект Профессоры болу ықтималдығым өсіп жатыр))
https://www.threads.com/@yergali.expert/post/DJlHmm_zfVF
🔥22👍5
Үздік БІЛІМ
Биыл күзде Түркістанда Жасанды Интеллект Профессоры болу ықтималдығым өсіп жатыр)) https://www.threads.com/@yergali.expert/post/DJlHmm_zfVF
Егер ол универге баратын болсам, бүкіл Үздіктер жоба оқушыларын тартатын шығармын)))
Ақыры мектептен бастадық, студенттік өмірде де менімен бірге дамыңдар деп😅
👍13❤8
Жаңалық деп осыны айт!!! 🤩

Румынияның жаңа президенті - Никусор Дан, IMO абсолютті 2-дүркін алтын жеңімпазы!!!

IMO - International Math Olympiad
Халықаралық Математика Олимпиадасы

Елестетіп көріңіздерші біздің елді де осы секілділер басқарса не болар еді деп?!😜
🔥21❤3
Алғашқы 140 балл бүгінгі ҰБТ-дан шықты!!!

Түркістан облысы Темірлан елдімекеннің баласы биылғы ҰБТ-дан ең алғашқы 140 балл инфо-мат бойынша алып отыр!!!

Жарайсың Жәнібек!!!🔥
🔥36👍4❤3
Forwarded from Arman Zhalgasbayev
💻 Proggy Buggy сайысына шақырамыз!

Осы жексенбі — 25 мамыр күні сіздерді DataArt компаниясы ұйымдастыратын халықаралық бағдарламалау олимпиадасы "Proggy Buggy Towel Contest 2025"-ке қатысуға шақырамыз!

🕒 Басталуы — 15:00-де, бірақ ертерек келіңіз — жиналу уақыты 14:00–14:30 аралығында.

📍 Өтетін орны: Astana IT University
🍕 Көптеген пицца, сусындар және жылы атмосфера күтіп тұр!
🗣 Сонымен қатар, DataArt компаниясының HR-маманымен сөйлесуге мүмкіндік болады.

💡 Не күтеміз:
— 42 минут және 13 алгоритмдік тапсырма (иә, кейбіреуінің шешімі жоқ!)
— Кез келген тілде жазуға болады: C++, Java, Python, JS және т.б.
— Онлайн түрде шешімдерді тексеру
— Барлық қатысушыларға сертификаттар
— Түрлі номинацияларда жүлделер (тек үздік үштікке ғана емес!)

🔥 Қатысу тегін, бастысы — 24 мамырға дейін тіркелу:
👉 https://proggy-buggy.com/register

Мүмкіндікті жіберіп алма — қызықты әрі ерекше шара болады!
❤3
Forwarded from Kuanysh Oteu
Қайырлы күн! Мұғалімдерге арналған жазғы конкурс басталыпты, математикадан бір тақырыпты видео немесе сайт форматында түсіндіру керек

Конкурс 3blue1brown ютуб каналынан, жеңімпаз 5 команданың әрқайсысы 1000$ ұтады екен, бірақ мақсат ол емес, халықаралық деңгейде Қазақстанда жақсы мұғалімдер бар екенін көрсету және өзімізге жақсы тәжірибе алу

Қатысу үшін 31 августқа дейін 1 видео түсіріп ютубқа салу керек

Ешқандай шектеу жоқ, басты критерий: басқа мұғалімдер сабақ үстінде видеоны көрсетіп балаларға қызық әрі түсінікті болуы керек
Видеоны кез-келген тілде түсіруге болады, бастысы ағылшынша субтитр немесе озвучка болуы керек, шет елдегі мұғалімдер түсіне алуы үшін, командамен немесе жеке түсіруге болады

Толық ақпарат мына сайтта
https://some.3b1b.co/

Және ютуб видеода
https://youtu.be/3foYyPDp0Ho?si=Ebfn008UJdhji4tq
Көптен күткен Түркістанда ашылатын жаңа IT университеті - Woosong University Kazakhstan ресми сайты көпшілікке ашылды.
https://wsuk.wsu.ac.kr/

Ресми инстаграм парақшасы:
https://www.instagram.com/wsuk.official/
❤2🔥1