Жұма күні америкалық акциялар тағы да төмендеп, апта бойындағы шығындарды арттырды. Бұған себеп — президент Трамптың жаңа тарифтік мәлімдемелері мен салықтық жоспарлары.
🔻 Негізгі индекстер:
Dow Jones — 0.6%-ға төмендеді
S&P 500 — 0.7%-ға төмендеді
Nasdaq — 1%-ға құлдырады
Үшеуі де апта ішінде 2%-дан астам жоғалтты.
📱 Трамп Apple компаниясы АҚШ-та өндірілмеген iPhone үшін 25% салық төлеуі керек деді. Бұл мәлімдеме инвесторларды алаңдатып, Apple акциялары 3%-ға арзандады.

❤23🤣6🤔2
Бүгінгі жаңалықтар:
OpenAI компаниясы Сеулде (Оңтүстік Корея) алғашқы кеңсесін ашатынын хабарлады. Бұл шешім ChatGPT-ке сұраныстың артуына байланысты қабылданған. Айта кетсек, Корея — АҚШ-тан кейінгі ең көп ақылы жазылушысы бар ел екен.
Гонконг биржасында тіркелген BYD компаниясының акциялары дүйсенбі күні 6%-ға төмендеді. Бұған себеп — инвесторлардың өткен аптадағы рекордтық өсімнен кейін табыстарын бекітіп, акцияларын сата бастауы. Акциялар бір жылда 75%-ға дейін қымбаттаған болатын.
Франция президенті Макрон Вьетнамға ресми сапармен барып, екі ел арасында бірнеше келісім жасасты. Соның ішінде Airbus компаниясының 20 ұшағына тапсырыс беру туралы келісім де бар. Бұл сапар Францияның Вьетнамдағы байланыстарын нығайтып, АҚШ пен ЕО арасындағы сауда мәселелері аясында жүргізілді.

❤23👍5🥰4🤝3
Бүгінгі жаңалықтар легі:
Nvidia компаниясының акциялары күндіз 2,5%-ға өсті. Инвесторлар компанияның Қытайдағы бизнесі АҚШ санкциялары аясында қанша шығын әкелуі мүмкін екенін білгісі келеді.
Apple акциялары 1,6%-ға көтерілді. Себебі сәуір айында Үндістаннан жіберілген америкалық iPhone көлемі шамамен 3 миллионға жеткен — бұл өткен жылмен салыстырғанда 76%-ға көп.
Ал Қытайдың PDD Holdings компаниясының акциялары 17%-ға төмендеді. Себебі оның ішкі платформасы Pinduoduo тұтынушылардың белсенділігінің төмендеуінен зардап шексе, халықаралық Temu платформасы жаһандық саудадағы белгісіздікке тап болған.
Tesla компаниясының акциялары 2,2%-ға өсті. Бұл Еуропадағы сатылым сәуірде өткен жылмен салыстырғанда екі есе қысқарғанына қарамастан орын алды. Сатылым төртінші ай қатарынан төмендеді. Бұған Илон Масктың саяси көзқарастарына байланысты сын, жаңа Model Y-ге деген салқын реакция және еуропалық пен қытайлық бәсекелестердің күшеюі әсер еткен.

❤21👍6🤔3
Күн жақсы өту үшін сіздерге таңға жақсы контент берейін.
Білесіздер, кітап оқығанды жақсы көремін.
Сол кітаптың ішінен таңдап алып, маған қатты әсер еткен деген тізімге 9 кітап таңдадаым. Солар туралы ютьюбке үлкен видео жасадым.
Қарап көріңіз

👍26❤5😍1
Бүгінгі жаңалықтар:
1.Jusan bank енді Alatau City Bank болып өзгерді.
2.Tesla Техас штатының Остин қаласында жүргізушісіз жүретін Model Y көліктерін сынақтан өткізіп жатыр. Компания алғашқы көлікті маусым айында жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл — роботакси жобасына жасалған алғашқы нақты қадам. Илон Масктың айтуынша, сынақ кезінде ешқандай оқиға тіркелмеген және жоспардан бір ай бұрын келе жатыр.
3.Shell компаниясы Нигериядағы теңіз мұнай кен орнындағы TotalEnergies компаниясының үлесін 510 миллион долларға сатып алмақ. Бұл қадам Shell-дің энергетика саласындағы ауқымын кеңейтуге арналған.

❤27👍11🔥3👾2
Дүйсенбінің жаңалығы:
1.Bank of America Boeing компаниясына деген сенімін арттырып, оның акцияларын "сатып алуға болады" деген деңгейге дейін көтерді.
Сонымен қатар, бір акцияға арналған мақсатты бағаны 260 долларға дейін өсірді (осы бағаға дейін көтеріледі деп сенеді)— бұл Уолл-стриттегі ең жоғары баға.
Бұл шешім Boeing-ке деген сенімнің қалпына келе бастағанын көрсетеді.
2. Microsoft — Швейцарияға 400 миллион доллар инвестиция салатынын хабарлады. Бұл қаржы елдегі бұлттық технологиялар мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға бағытталмақ. Яғни, Microsoft Еуропадағы технологиялық әлеуетке үлкен мән беріп отыр.
Жаңалықтар ұнаса,лайк басып кетіңіздерші❤️✊🏻

❤66👍19❤🔥3
Нарықтағы жаңалықтар:
1.Toyota Industries компаниясының акциялары 12%-ға арзандады. Бұл – оның бас компаниясы Toyota Motor жүк көтергіш техника шығаратын серіктесін толықтай сатып алатынын хабарлаған соң болды. Toyota Motor әр акция үшін 16 300 иен төлеуді ұсынды. Бірақ бұл баға компания акциясының бағасынан (18 400 иен) төмен болғандықтан, инвесторларға ұнамай қалды. Соның салдарынан акция бағасы 16 135 иенге дейін түсіп кетті.
2.IPO-ға Virgin Australia әуе компаниясы қайтадан қор биржасына шығуды жоспарлап отыр. Компания 685 миллион австралиялық доллар көлемінде акция сатады. Оның иесі – Bain Capital – акциялардың 30%-ын әрқайсысын 2,90 австралиялық доллар бағасымен ұсынбақ. Бірақ Bain бұл жоспар туралы түсініктеме бермеді.

❤21👍4🤔3💯1
Бүгін 20:00-де Тікеле эфирде Экспресс Курс өткіземін.
1. Айына 300 000 тг табыспен 30 млн тг капиталды жинау жолын талдаймын.
2. Қаржылық еркіндікке 5 қадамды талдаймын
3. 50 адамға 150 мың тг сертификат беремін
4. 5 адамға 10 000 тг сыйлаймын.
Тіркелу үшін, төмендегі ватсап топқа қосылып қойыңыз ✊🏻👇🏻

❤17👍5
ТЕГІН САБАҚ БАСТАЛДЫ 😍
"Инвестициямен 30 000 000 тг капиталға 5 қадам" атты экпресс курсқа қош келдіңіздер
Сабақтың сілтемесі:http://start.bizon365.ru/view/127609/invest_5qadam/

❤10👍2
Бүгін Қазақстан биржасы жұмыс жасамайды.
9 маусымнан бастап қалыпты жұмысында болады.

❤25👌6👍2
Бүгінгі жаңалықтар:
1.Чип өндіруші TSMC (Taiwan Semiconductor Manufacturing Corp) мамыр айында шамамен 40%-ға өсіп, жасанды интеллектпен байланысты сұраныстың артуының арқасында үлкен табысқа қол жеткізді. Компания нарықтағы технологиялық трендтерді тиімді пайдаланып келеді.
2. Шведтік Volvo компаниясы Азия, Еуропа және АҚШ-тағы шынжыр табанды экскаваторлар өндірісін арттыру үшін 2,5 млрд швед кронын (260 млн доллар) инвестициялайтынын хабарлады. Бұл шешім – компанияның жаһандық өндірістік қуатын кеңейтуге деген ұмтылысының айқын белгісі.

❤22👍11
Бейсенбінің жаңалықтары:
1.Samsung Electronics пен NVIDIA АҚШ-тағы Skild атты жасанды интеллект компаниясына инвестиция салмақ. Samsung — 10 миллион доллар, ал Nvidia — 25 миллион доллар бөлмек. Бұл қаржы Skild-тің робототехникаға арналған бағдарламаларын дамытуға жұмсалады. Сонымен бірге, жапондық SoftBank компаниясы 100 миллион доллар салып, бұл жобаның жалпы бағасын 4,5 миллиард доллар деп отыр.
2.CoreWeave компаниясы Google мен OpenAI арасындағы жаңа серіктестікте басты рөл атқармақ. CoreWeave — Nvidia-ның графикалық процессорларына негізделген бұлтты есептеу қызметін ұсынатын компания. Енді ол Google-ға есептеу қуатын береді, ал Google бұл қуатты OpenAI-ға сатады. Бұл ChatGPT сияқты қызметтердің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен қатар, Google өз есептеу қуатының бір бөлігін де OpenAI-ға беретін болады.

👍17❤9
Қазір ұйықтап қалған шығарсыздар. Бірақ, ертең ерте тұрғанда көруге болатын контентті қабыл алыңыздар.
Осы күндері 15 млн тг инвестиция жасадым. Соның қалай болғанын влог форматында қарап көріңіздер

❤21👍6🤝5😍2👏1