Әріпбай Еркебұланның каналы
24.1K subscribers
211 photos
18 videos
14 files
329 links
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
Download Telegram
Әр адамның қызығушылығы әртүрлі.

Біреуге кофе ұнайды, біреуге жәй ғана су.

Біреуге теннис ұнайды, біреуге футбол, ал біреуге мүлде спорт ұнаймайды.

Біреуге апта сайын киноға барған ұнайды, біреуге айына 1 рет театрға бару ұнайды, біреуге үйде уақыт өткізген ұнайды.

Біреуге ресторанның тағамы ұнайды, біреуге тек бір асханадан алған ұнайды, ал біреу тек үйден тамақ ішкенді ұнатады.

Айта берсең, көп… Әркімге әртүрлі өмір салты ұнайды.

Соған қарамастан неге біреудің Қаржылық Еркіндікке жолын сынаймыз? Әркімде Қаржылық еркіндік әртүрлі, оған апаратын жол да әртүрлі.

Тек қана соған қажетті білім болса, өзінің ұнайтын өміріне, мінезіне сай қаржылық әдеттері болса жеткілікті. Сол әдетті табу, қалыптастыру - қаржылық сауат 👆🏻
🔥47👍39❤33
Кім тұрды, лайк ❤️
1❤215❤‍🔥18🔥17👌5
Салық бойынша түсінгенім: Бәрімізді салықпен қорқытады. Бірақ, біз оны “жазалаушы” емес, қоғамға көмекші ретінде қарасақ, ешқандай қорқынышты түгі жоқ.

Мен кезінде 240 форма толтырып жүрдім, кейін жыл сайын 270 форма толтырып келемін.

Өзім салық эксперті емеспін, бірақ бір рет те ескерту алмадым.

Неге олай? Себебі, 270 форма тек салық эксперттеріне емес, қарапайым адамдар толтыратын декларация. Сондықтан, ол қарапайым адам түсінетіндей жасалған.

Бұйырса 15-іне дейін бәріміз тапсырып үлгерейік ✊🏻
❤36
Бүгінге тағы бір жаңалық Мастер классқа 2990 теңгелік орындар бітті.

Енді келесі орындар 3 990 тг. Ондай 137 орын қалды (200-ден). Жалпы кім ерте тіркеледі, сол арзаныраққа қосылады ғой.

Соңғы күндері өзінің 12 990 деген бағасына жетеді.

Толық ақпарат қажет болса, мына ботқа өтіп, тіркеліңіздер 👇🏻

t.me/yerkin1_bot
👍21❤16
Кім тұрды, лайк ❤️
❤208👍60😍7🤪3
Қаржылық эксперттер кеңінен таратқан, бірақ маған мүлде сәйкес келмейтін дүние “Ақшаны жинағың келсе, міндетті түрде мақсат керек” дегені.

Ол мақсат көлік, үй, саяхат немесе пассив кіріс болуы мүмкін. Әйтеуір мақсат керек.

Меніңше, ол дұрыс. Мақсатқа ақша жинау жақсы. Бірақ, міндетті емес. Керісінше, мақсатсыз жинау - ең үлкен нәтиже бере алады. Себебі, мақсат - тек ертеңге бағытталған. Ал, мен өмірді бүгін де сүргім келеді. Сондықтан да мақсатсыз жинауды да үйрену керек.

“Не үшін жинаймын?” деген сөзге, жәй ғана “өзімді бүгін жақсы сезіну үшін” деп жауап беремін. Себебі шотымда ақша көбейген сайын, мен ертең емес, бүгін сенімдірек, жайлырақ боламын. Стресс азырақ, қорқыныш азырақ, ұйқым тынышырақ…

Жәй ғана шоттағы ақшам көбейген сайын, өмірімнің сапасы, ішкі сезімдерім маған көбірек ұнайды. So powerful.

Сондықтан, мақсатсыз жинауды бір тексеріп көріңіз ✊🏻
❤56👍35🔥8
Айтпақшы, халық банк дивидендін бекітті. Бір акцияға 28 тг
👍33❤27😍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍44
Инстаграмды жақсырақ жүргізуді үйренуге келдім
❤43👍19👎1
Әріпбай Еркебұланның каналы
Айтпақшы, халық банк дивидендін бекітті. Бір акцияға 28 тг
Мен 3 жасар қызыма осы күнге дейін 9026 халық банк акциясын жинадым.

Енді есеп:

1. Жылдың басында әр акцияға 30 тг дивиденд алдым

2. Енді әр акцияға 28 тг двиденд аламын

Жалпы бір жылда қанша алатынымды есептей алсаңыз, лайк ❤️
❤110👍52🔥7💯5
Кім тұрды, лайк ❤️
❤154👍50👌7🔥5🏆4😍2
Өзің ұнайтын дүниеге барынша жомарт, ұнамайтын дүниеге біткен сараң бол.

Бастысы ненің ұнайтын, ұнамайтынын анықтап алу керек.

Ал ол, тек қана қоғамның “ұнауы керек” деп сендергені емес, нақты ұнайтын дүние болса абзал
❤68👍50👌7
Кім тұрды, лайк ❤️
❤225👍12🥰11👎1
Бір акцияны таңдау кезінде көптегер адамға оның осы уақытқа дейін қандай дивиденд төлеп келгені маңызды болуы мүмкін.

Әсіресе, Қазақсиан акцияларынан түскен дивиденд салықтан босатылғандықтан, ол екі есе маңызды.

Сондай кезде мен әртүрлі компаниялардың дивиденд тарихын dividendy.kz сайтынар көремін.

Өзіңіз де осы сайтты әлсін-әлсін қолдансаңыз болады.

Реклама емес, өзім қолданатын сайт ✊🏻
❤64👍43
Кім тұрды, лайк ❤️
❤214👍58🔥4😍3🤪3👎1
Ақшаға қызмет етпе, оны басқар
👍85❤15🔥8
Бәріміз тамақ ішеміз. Бірақ, оны дайындауға ерекше білім алу керек пе?

Егер сен кәсіби аспаз болғаң келсе, иә. Бірақ, жәй ғана үйде дәмді тамақ жегің келсе, оны бәрі жасай алады. Тек кішкене тырысу керек.

Ақша да сондай. Оны жақсы басқару үшін қаржы мамандығын бітірудің қажеті жоқ. Ол мамандық Банкте жұмыс істеуге керек.

Бірақ, күнделікті ақшаны дұрыс басқаруды бәрі жасай алады. Тек кішкене тырысу керек.
🔥61👍48❤20🤝2
Телеграмга айтпасам, қате болар.

12-13 қыркүйектегі мастер классқа жеңілдікпен 15 орын қалды.

12 990 3990 тг тіркелу үшін, мына телеграм ботқа өтіңіз t.me/yerkin1_bot
1❤25
Кім тұрды, лайк ❤️
❤222👍53