Әріпбай Еркебұланның каналы
24K subscribers
211 photos
18 videos
14 files
329 links
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
Download Telegram
Alibaba Group облигациялар арқылы( доллар мен юань) қаражат тарту жоспарын растады.

Негізгі мәліметтер:
Көлемі: Компания 5 миллиард доллар жинауды жоспарлап отыр, бұл 2024 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі корпоративтік мәміле болмақ.
Доллардағы облигациялар: 5,5жыл , 10,5 және 30 жылдық үш транш қарастырылған.
Юаньдағы облигациялар: 3,5, 5, 10 және 20 жылдық төрт транш ұсынылады.
Тарихы: Alibaba долларлық облигациялар нарығына соңғы рет 2021 жылы шыққан.

Облигациядан жиналған ақшаны компанияның корпоративті мақсаттары мен қарыздарын өтеу, акцияларды сатып алу үшін қолданатынын өтінімде хабарлаған.

Облигация көлемі,пайыздық мөлшері және т.б. ақпараттарды кейінірек хабарлайтынын айтты.
👍42❤14
Nestle шығындарды қысқартып, маркетингті күшейтеді, бұл өзгерістер жаңа бас директор Лоран Фрейштің басшылығымен жүзеге аспақ.

Nestle болжамдары бойынша, 2027 жылы қалыпты жағдайда орта мерзімді органикалық өсім 4%-дан асады, ал сауданың базалық пайдасы 17% құрайды.
Nestle жылдық есебіне сәйкес, 2023 жылы жарнама мен маркетингке жұмсалған шығындар сатылымның 7,7%-ын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 80 базистік пунктке өскен.

Сонымен қатар, Nestle сейсенбі күні 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап премиум-класты су және сусын өндірісін бөлек үлкен бөлімше ретінде бөлу туралы мәлімдеді.
👍21❤10
Alphabet Google (NASDAQ: GOOGL) өзінің Chrome браузерін сатуға, ақпараттар мен іздеу нәтижелерін конкуренттерімен бөлісуге және интернеттегі поиск монополиясын тоқтату үшін басқа да бірқатар шараларды қабылдауға міндеттелуі мүмкін, деп мәлімдеді АҚШ прокурорлары сотта.

Қазіргі уақытта Google онлайн-іздеу нарығының шамамен 90%-ын бақылап отыр.

Компания өз ұсыныстарын желтоқсан айында айтады.
👍25🔥4🤬1🤪1👾1
Алғашқы видеом ұнады ма?
👍37💯4❤3
Apple Inc (NASDAQ:AAPL) Siri-дің улучшенный версиясын дайындап жатыр, ол ChatGPT OpenAI-ға ұқсас,ыңғайлы деп хабарлайды Bloomberg News.

Өткен айда Apple өз платформасы Apple Intelligence-ті ұсынды,ол конкуренцияны басып оза алмады.

Қазіргі уақытта Apple Siri-дің жаңартылған бағдарламалық жасақтамасын iPhone, iPad және Mac сияқты әртүрлі құрылғыларда автономды қолданба арқылы сынақтан өткізіп жатыр. Бұл технология ақыр соңында Siri-дің қолданыстағы интерфейсін алмастырады. Жоспарларға сәйкес, Apple бұл жаңартылған жүйені iOS 19 және macOS 16 нұсқаларының жаңартуларымен бірге, 2025 жылы, Luck және Cheer кодтық атауларымен таныстыруы мүмкін.
❤30👍9🔥9🤝2
Қытайдың электромобильдер компаниясв BYD 2025 жылы жаңа Blade Battery батареяларын іске қосады, деп хабарлады CGTN агенттігі.

BYD Blade Battery – бұл көлемі кішірек литий-темір-фосфатты батарея. Басшысы Ван Чуаньфудың айтуынша, бұл батарея нарықтағы басқа батареяларға қарағанда қауіпсізірек және жанбайды.
❤20👍10
Huawei жаңа смартфон Mate 70 шығарғалы жатыр.

Бұл смартфон премиалды сапада, өзінің деке операционды Huawei HarmonyOS NEXT системасы арқылы жасалған. Алдыңғы модельдермен салыстырғанда 40%-ға мықтырақ дейді. Бағасы iPhone 16 мен шамалас болады.
👍35❤7
Сауда тарифтері бағаларды төмен деңгейде ұстауды қиындатады, дейді IKEA басшысы.

Дональд Трамп АҚШ-тағы импорт тарифтерін ұлғайтуды уәде еткеннен кейін IKEA басшысы:
"Біз үшін әлемдегі сауда кедергілері, мейлі бір елден немесе басқа елден болсын, көптеген адамдар үшін тауарларды қолжетімді етудің мүмкіндіктерін шектейді", – деді Маэзту.

2024 жылы $299 тұратын шкафты $69 сатып,компанияның сатылымдарын көбейтті. Бірақ,табыс пен пайданы арттыра алмаған еді.
👍15❤3
Бүгін АҚШ биржалары жұмыс жасамайды. Алғыс айту мерекесіне байланысты.

Ертең сағат 23:00ге дейін жұмыс жасайды.
🤔15❤7🔥2
Tesla Inc (NASDAQ: TSLA) FSD жүйесі үшін 13.2 нұсқасын іске қосты, бұл автономды көліктердің мүмкіндіктеріне жаңарту болып табылады. Бұл жаңарту алдымен Tesla Hardware 4 (HW4) жаңа жүйелері бар автомобильдер үшін қолжетімді болады.

Stifel брокерлік компаниясы Tesla акцияларының мақсатты түрде бағасын $287 долларынан $411 дейін көтерді, бұл жұма күні Tesla жабылған бағадан 19%-ға жоғары. Брокерлік компания акцияларды сатып алу рейтингісін растады және Tesla-ны ұстап тұру үшін нарықтағы құбылмалылықты қабылдауға дайын болу керектігін атап өтті.

Stifel компаниясы Tesla-ға деген сенімнің өсуін тек автомобиль өндірісі аясында ғана емес, сонымен қатар фирманың жасанды интеллект және автономды жүргізу бойынша ұсыныстарымен байланысты жоспарларымен түсіндірді.

Қазіргі бағасы - $345
👍24💯13❤5🔥3
Nasdaq пен S&P 500 дүйсенбі күні жаңа рекордтарға жетті, өйткені ФРС желтоқсанда мөлшерлемені төмендеу мүмкіндігі туралы айтты.

ФРС өкілдері Бостик пен Уоллер осы айда мөлшерлемені төмендетуден бас тартты, себебі экономикалық және инфляциялық тәуекелдер сбалансированный болып көрінді.

Инвесторлар ФРС шешімін күтіп, экономикалық мәліметтер мен мерекелік сатылымдарға назар аударуда.
👍27❤5
Intel акциялары инвесторларға арналған обновлениеден кейін құлдырауда.

Intel (NASDAQ: INTC) акцияларының құны 3%-дан астам төмендеді. Бұл құлдырау компанияның қаржы директоры басқарған инвесторлар алдындағы әлсіз презентациядан кейін болды. Lynx Equity Strategies аналитиктерінің пікірінше, бұл презентация инвесторлардың сенімін ұялатпады.

Аналитиктер қаржы директорының кірістер бойынша бұрынғы болжамдарға сәйкестік туралы мәлімдемесі сенімді болмағанын атап өтті. Бұл компанияның тоқсандық көрсеткіштері болжамдарға сәйкес келе ме деген сұрақ тудырады.
👍11🤔10😨5❤3
Нарық.
Дүйсенбі - инвестиция жасайтын күн. Акцияларға зерттеу жүргізіп,инвестиция жасайтыныңызды таңдап қойыңыз✊🏻
❤37👍10🔥4
Өсіп келе жатқан сұранысқа байланысты Xiaomi компаниясы келесі жазда жаңа көлігін шығарады.

Наурыз айында SU7 сериясын таныстырып, Қытайдың электромобильдер нарығына шықты. Porsche-ге ұқсас бұл модельдің бастапқы бағасы $30 000 төмен болды.Қазан айында компания SU7 моделінің люкс нұсқасын ұсынды. Бұл нұсқа Tesla Model S Plaid көлігімен бәсекелесе алды, әрі Германиядағы әйгілі Нюрбургринг трассасында рекордтық уақыт көрсеткішімен өз өнімділігін дәлелдеді.

Xiaomi компаниясы биыл үшінші кварталда кірістерінің 30,5%-ға артқанын хабарлады, бұл аналитиктердің болжамынан асып түсті. Қытайда автомобильдер сатылымы өткен айда қаңтардан бергі ең жылдам өсімді көрсетті, бұл үкімет тарапынан субсидияланатын автокөлік саудасының арқасында болды.
👍36❤7👾1
AMD акциялары дүйсенбі күні төмендеді, себебі Bank of America акциялардың рейтингін төмендетіп, 2025 жылы чип өндірушіге қауіп төніп тұрғанын ескертті.

Банк акциялардың рейтингін «сатып алу» деңгейінен «бейтарап» деңгейге дейін төмендетіп, бағасын $180дан $155 дейін түсірді.

Дүйсенбі күні клиенттерге арналған жазбада сарапшылар жасанды интеллектке арналған чиптар бойынша Nvidia (NVDA) тарапынан бәсекелестіктің күшеюін және Marvell Technology (MRVL) мен Broadcom (AVGO) компанияларының тапсырысқа сай чиптеріне деген «артқан сұранысты» атап өтті. Бұл AMD-ның нарықтағы үлесін арттыру мүмкіндігін шектеуі мүмкін.

Қазіргі таңда AMD акциясы $130.
👍37❤5
Tesla (NASDAQ:TSLA) желтоқсанның бірінші аптасында Қытайда 21 900 электромобиль сатты.Бұл 2024 жылдың төртінші тоқсанындағы ең жоғары апта сайынғы сатылым болып табылады, деп хабарлады Tesla China.

Tesla-ның Model Y көлігі соңғы жылда Қытайдағы ең көп сатылған жеңіл автокөлік атанып, 556 000 сатылымға жетті.

Tesla акциясының қазіргі бағасы $400
👍60❤11🤪9