Әріпбай Еркебұланның каналы
24.1K subscribers
211 photos
18 videos
14 files
329 links
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
Download Telegram
Бүгінгі жаңалықтар:

💻Microsoft (MSFT) АҚШ-тағы деректер орталықтарын жалға алу көлемін қысқарта бастады. Сарапшылардың пікірінше, бұл компанияның жасанды интеллектке арналған есептеу қуатын тым көп өндіріп қою мүмкіндігіне байланысты болуы мүмкін.

🛒Alibaba Group (NYSE:BABA) алдағы үш жылда бұлтты технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту үшін 52,4 миллиард доллар инвестиция салатынын мәлімдеді. Бұл – компанияның осы уақытқа дейін технологияға жұмсаған ең ірі қаражаты.
🔥22👍18❤7🤔2😍1
Бұрын тегін сабақ өткізсем iPhone ойнататынмын.

Сол салтты ұмытып кетіппін. Енді бұйырса 27 ақпан күні қатысушылардың біріне iPhone 16 сыйласам деймін.

Идея ұнаса, лайк ❤️
👍157❤81😍11🔥3😴2🌭1
Бүгінгі жаңалықтар:

🏦 Акциялар төмендеді, ал қазынашылық облигациялардың кірістілігі екі айдағы ең төменгі деңгейге жетті. Бұған Трамптың тарифтік саясаты мен АҚШ-Қытай инвестициялық шектеулері себеп болды.

🚘Tesla Қытайда автопилотқа қала ішінде навигация қосатын жаңарту шығарды, бірақ бұл қытайлық жүргізушілердің үмітін ақтамады.
👍32🤔13👾2❤1
Ертең, бұйырса, тегін сабақтың сыйлық iPhone 16-ын сатып алуға барамын.

Ол жәй ғана сіздерге белсенді болуға мотивация болсын. Ал, сол 2 сағатта барынша көп білім алу үшін кіріңіздер.

Тегін сабаққа қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы ватсап топқа қосылып алыңыз ✊🏻👇🏻

http://yerkintd.kz/ibw
👍37❤6🔥6👎2🤗2😴1
Үздік студенттерімізбен Дубайдамыз. 24 адам болып келдік. 5 күн осында ойнап-күліп,танысып,демалып қайтады.

Әдетте,осындай сапарлардан соң студенттер жақын араласып кетеді. Сондай орта қалыптасып жатқанына қуаныштымын❤️

Айтпақшы,келе салып iPhone 16-ны сатып алдым. Ертең тегін сабақта сыйлаймын,сабақтың сілтемесі:
http://yerkintd.kz/ibw
😍26❤12👍11🔥8😴2🥱1
Дубайдағы сабағым басталды🥳

Сабақ уақытындағы барлық кеңестерді бүгін-ақ қолдана аласыздар. Көп дүние жазып аларлықтай болады

Сабақтың сілтемесі👇🏻:
https://start.bizon365.ru/room/127609/d4975cd4a4fa
❤13👍2
Қаржы әлемінің жаңалықтары:


1. Осы жылы Сергек Астанадан кетейін деп жатыр. Оның орнына Біріккен Араб Әмірлігінің Presight компаниясы келеді екен. Бұл өз кезегінде Абу-Даби қор нарығында акциясы саудаға түсетін компания.
Біздің AIX биржасының келісімі арқасында Presight компаниясының акциясын 2.2 AED бағасымен сатып алуға мүмкідігіміз бар (инвест рекомендация емес)

2. Өткен апта NASDAQ 100 индексінің көтерілуі арқылы есте қалды. Бір аптада 2.58% өсім көрсетті. Ең үлкен өсім бейсенбі күні болды. Сол күні Дональд Трамп тарифтерді бірден қсірмей, ары қарай зерттеу керегін айтқан.
👍26❤9
Бүгінгі нарық:
Естеріңізге сала кетейін, сенбі-жексенбі және мереке күндері биржа жұмыс жасамайды✊🏻
❤10👍6🤓2
Қаржы әлемінің жаңалықтар:

1. Amazon.com (NASDAQ:AMZN) өзінің Wondery подкаст бөлімінде аздаған жұмыс орындарын қысқартты. Бұл бөлім "Dr. Death" және "Business Wars" сияқты танымал подкасттарымен белгілі.

2. Bernstein сарапшыларының айтуынша, Microsoft киберқауіпсіздік саласында көш бастап келеді. Бәсекелестері оның ауқымы мен стратегиясына ілесе алмай, артта қалып жатыр. Microsoft (NASDAQ:MSFT) киберқауіпсіздік бизнесін қауіпсіздік мәселелері күшейіп келе жатқан кәсіпорындарға қызмет көрсететін жеткізуші ретінде қалыптастырып жатыр.

3. SoftBank бас директоры Масайоси Сон жасанды интеллектке инвестиция құю үшін 16 миллиард доллар қарыз алуды жоспарлап отыр. Өткен аптада компания басшылары бұл туралы банктерге хабарлаған.
👍18❤13🍓1
Бүгін студенттеріммен қоштасып,шығарып салдым. Дубайдағы демалыстары аяқталды.Бәріне ұнаған секілді)

Өзім болса , отбасыммен қауышып бір марқайып қалдым. Осында 2 ай тұрып көрмекшіміз. Әзірге вайбы ұнап жатыр) Шығындарымды инста-постқа салдым,қарап шықсаңыздар болады✊🏻
👍38❤7❤‍🔥2
Қаржы әлемінің жаңалықтары:

1. Uber Technologies Inc. (NYSE:UBER) Остинде
клиенттеріне Waymo-ның жүргізушісіз көліктерімен жүру мүмкіндігін ұсына бастайды, бұл екі компания арасындағы ресми серіктестіктің басталуын білдіреді.

2. Электрондық коммерция гиганты Amazon (NASDAQ:AMZN) OpenAI және Anthropic сияқты компаниялардың қалыптасқан өнімдерімен бәсекелесе алатын өз жасанды интеллект моделін жасап жатыр.

3. Tesla-ның Қытайда өндірілген электр көліктерінің сатылымы ақпан айында өткен жылмен салыстырғанда 49,2%-ға төмендеп, 30 688 автокөлікті құрады. Бұл 2022 жылдың тамызынан бергі ең төмен көрсеткіш, өйткені америкалық автоконцерн ақылды электр көліктерінің бағалық соғысында қытайлық бәсекелестерінің қысымына ұшырауда.
👍21❤8🔥5🤔2
Бүгінгі жаңалықтар:

1. Volvo (OTC:VLVLY) автокөліктері кейбір модельдерінің өндірісін АҚШ-қа ауыстыруы мүмкін,
тарифтерге байланысты. Алайда, компания биыл жылдың соңында Еуропада өндірілген EX30 жол талғамайтын моделін АҚШқа экспорттау жоспарын ұстануды көздейді.

2. Apple M4 чипінде жұмыс істейтін жаңа MacBook Air модельдерін таныстырды. Олар Apple (NASDAQ:AAPL) Intelligence мүмкіндіктерін төменірек бағамен ұсынады, өйткені компания клиенттерді құрылғыларын жаңартуға ынталандырып, сатылымды арттыруды көздейді.

3. Saudi Aramco (TADAWUL:22222) BP (NYSE:BP) Castrol бизнесіне әлеуетті өтінімді қарастырудың бастапқы кезеңінде тұр, деп хабарлайды.
👌13👍8❤7👾4🤔2🍓1
Қаржылық әлемнің жаңалықтары:

1. Alibaba акциялары QwQ-32B моделін жариялағаннан кейін Гонконгта 7,5%-ға өсті.
Alibaba бұл модель өнімділігі жағынан жасанды интеллект стартапының жаңа флагмандық моделі – DeepSeek R1-мен бәсекелесе алатынын, сонымен қатар энергияны үнемді пайдаланып, экономикалық тұрғыдан тиімді екенін мәлімдеді.

2. Nvidia (NVDA) акциялары 2,6%-ға төмендеп, бұл чип өндіруші басқа компаниялардың да құлдырауына әкелді. Себебі жасанды интеллектке деген сұранысқа қатысты алаңдаушылық салаға қысым көрсетуді жалғастыруда.

3. Путин мен Тоқаев бірлескен сауда және энергетикалық жобаларды талқылауда.
👍18❤7🍓6👎3😍2👾1
Бүгінгі нарық:
❤20😍4🔥3🍓3❤‍🔥2💋1
Қыздар, мейрамдарыңызбен ❤️
❤102👏12🕊3🙏2🤗1🤷1
Мейрам деп жүріп, ютьюбке жаңа видеомның шыққанын хабарламаппын ғой ✊🏻

https://youtu.be/PDBtwpUAv2k?si=-8qLORoaNqxCqaK5
👍36❤9🥴4
Осы аптада нарықтан күтетін басты жаңалықтар:

- Сәрсенбіде жарияланатын соңғы тұтыну бағалар индексі ақпанда инфляцияның төмендегенін немесе төмендемегенін көрсетеді.

- жұмыс орындары туралы және тұтынушылардың көңіл-күйіне қатысты сауалнамалардың ақпараттары.

- Oracle мен Adobe-ден бөлек, Dick’s Sporting Goods, Ulta Beauty, Dollar General және басқа да компаниялар өз кірістері туралы есеп береді.
👍13💯9❤4🍓4
Nasdaq Уолл-стриттің негізгі индекстері арасында ең көп құлдырап, шамамен 4%-ға төмендеп, соңғы алты айдағы ең төменгі деңгейге жетті. Бұған тарифтік соғыстың экономикалық өсімді баяулатуы мүмкін деген алаңдаушылық себеп болды.

Технологиялық алыптар – Nvidia (NASDAQ: NVDA), Apple (NASDAQ: AAPL) және Microsoft (NASDAQ: MSFT) акциялары 3%-дан 5%-ға дейін төмендеп, индекс ішінде ең көп жоғалтқан компаниялар қатарында болды.

«Керемет жетілік» акциялары нарықтағы тағы бір жаппай сатылымның ортасында болды.

Менде бұл сатылымнан құр қалмадым,жоспардан тыс акциялар сатып алдым)
Ол жайлы өзмнің каналымда жазып отырамын,тіркеліп алыңыздар✊🏻

https://www.instagram.com/channel/Abbrj_0CazP80mdo/
👍10💯10❤1🔥1
Кеше АҚШ акциялары 2022 жылдан бергі ең жаман нәтижесін көрсетті.

Оның үстіне Трамптың алғашқы 50 күн президенттігінде 2009 жылдан бергі ең нашар нәтиже көрсетті. Ол уақытта Обама қаржылық кризис кезінде президент болған.

Мен кеше: Paidax брокері арқылы 4 дана TQQQ, 2 дана QQQ алдым. Жалпы соңғы 4 күнде 6 дана QQQ алдым.

Әлі де $4000 кэш ұстап тұрмын. Оны тағы акциялар құлаған жағдайда сатып алуға жұмсаймын.

Менің жеке ойым: 2022 жылы болған акциялардың аюлы нарығын өз көзіммен көргенмін. Сол кезбен салыстырғанда қазіргі болып жатқан дүниелер жеңілірек.

Жеке зерттеуім бойынша, әлі біраз акциялар тағы да құлауы мүмкін. Құлап жатса, мықты компанияларды арзанырақ аламын .
👍51🔥4🫡2