Әріпбай Еркебұланның каналы
24.1K subscribers
211 photos
18 videos
14 files
329 links
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
Download Telegram
Bank of America бірінші тоқсандағы пайдаға қатысты болжамдарын арттырды. Өйткені банк пайыздық табысты көбейтті, ал нарықтағы тұрақсыздық биржадағы трейдерлерге рекордтық табыс әкелуге көмектесті. Осы жаңалықтан кейін банк акциялары нарық ашылмай тұрып 1,6%-ға өсті.

Citigroup банкі 2025 жылдың бірінші тоқсанында күткеннен де көп пайда тапты. Бұған нарықтағы тұрақсыз жағдай себеп болды – дәл осы кезде клиенттер белсенді түрде сауда жасап, банкке қосымша табыс әкелді.

Citigroup-тың табысы басқа ірі банктер – JPMorgan Chase, Bank of America және Morgan Stanley сияқты банктердің де табысына ұқсас болды. Бұл банктер де акциялармен сауданың артуынан жақсы пайда көрді.

Дегенмен, банк басшылары АҚШ-тың тарифтік саясаты алдағы уақытта экономиканың дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін айтып, ескерту жасады.
❤20👍8💯2🤔1🌚1
Қазақстанда айырбастау пункттері алтын сатуды уақытша тоқтатты. Ұлттық банк мұны өндірістік-логистикалық циклге байланыстырып отыр. Құймалар қоры таусылған, жаңа партия 2025 жылдың екінші тоқсанында келеді.

Альтернатива ретінде комиссиясыз инвестициялық монеталар ұсынылады. Сонымен бірге, зауыттық қаптамасы сақталған құймаларды айырбастау пункттері қайта сатып ала алады.

Ақпаннан бері алтын экспорты да тоқтатылған. Елдегі өндірілген алтын ішкі нарықта қалуда.

Бұған қоса, алтын бағасы рекорд жаңартты:
• унциясы алғаш рет $3 330-дан асты;
• Қазақстанда граммы 60 000 теңгеге жетті (+62% бір жылда).

Ақпарат @tengrinewskz алынды
😱20👍12❤5👾2
Бұл жайлы өзімнің парақшамда рилз түсірген болатынмын,қарап шықсаңыздар болады✊🏻
❤11
"Magnificent Seven" ішінде Apple мен Nvidia АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісінің алдыңғы шебінде тұр.

🔹 Apple:
Wedbush аналитигі Дэн Айвздің айтуынша, iPhone құрылғыларының 90%-ы Қытайда өндірілетіндіктен, тарифтердің күшеюінен кейін компания 773 млрд доллар нарықтық құнын жоғалтты.

🔹 Nvidia:
АҚШ үкіметі Қытайға арнайы AI чиптерін экспорттауға тыйым салды. Соның нәтижесінде, Nvidia акциялары бір күнде 7%-ға төмендеп, апта ішінде компанияның нарықтық құны 8%-ға (яғни 230 млрд долларға) азайды.

📉 Ал осы кезеңде Apple акциялары тек шамалы ғана құнсызданды.
👍24❤8🤪1
Дүйсенбі - инвестиция жасайтын күн✨
❤14
Жаңалықтар легін қарсы алыңыздар✊🏻

Алтынның өзі де,оны өндіруші компаниялар да өсім көрсетті✨
Newmont (NYSE:NEM), Barrick Gold (NYSE:GOLD), Agnico Eagle Mines (NYSE:AEM), Kinross Gold (NYSE:KGC) және AngloGold Ashanti (NYSE:AU) сияқты ірі алтын өндіруші компаниялардың акциялары 3%-ға өсті.

Бұл өсім АҚШ долларының әлсіреуі, ФРС-ке жасалған сын және жалғасып жатқан сауда соғысының әсерінен алтын бағасының рекордтық жоғары деңгейге күрт көтерілуіне байланысты болды.
👍28❤8👏2
Трамп ФРС төрағасы Пауэллді пайыздық мөлшерлемені түсірмегені үшін ашық сынап, оны қызметінен босатуды қарастыруда.

Бұл жаңалықтар АҚШ долларын әлсіретіп, еуроны күшейтті.

Сенатор Джон Кеннеди ФРС тәуелсіздігін қолдап, Пауэлл өз жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

ФРС-ның келесі отырысы 6–7 мамырда өтеді.
❤56👍25🤪2
Жаңалықтар қызықты болса,лайк қойыңыздаршы ✊🏻❤️
👍69❤20👌12
Қалдарыңыз қалай?
Бүгінгі нарықтағы қозғалыстар:


Tesla (NASDAQ:TSLA) акциялары 7%-ға өсті. Компания бірінші тоқсанда күтуден төмен табыс көрсетті, ал Илон Маск компанияларын басқаруға көбірек уақыт бөлетінін айтты.

Apple (NASDAQ:AAPL) 3%-ға, Meta Platforms (NASDAQ:META) 4,6%-ға өсті, ЕО айыппұлына қарамастан.

Intel (NASDAQ:INTC) 4,9%-ға көтерілді. Компания қызметкерлерінің 20%-ын қысқарту жоспарын жарияламақ.

AT&T (NYSE:T) 3,9%-ға өсті. Сымсыз байланыс абоненттері саны күтуден асып түсті.
👍25❤8
Бүгінгі нарық:
👍27❤10🔥2
Бүгін жолға шығамыз. Қазақстанды сағындым❤️✊🏻
❤31👍15🔥6🙏6
Бүгінгі жаңалықтар:

Apple (NASDAQ: AAPL) 2026 жылдың соңына дейін АҚШ-та сатылатын iPhone-дардың көбін Үндістанда шығаруды жоспарлап отыр. Бұл қадам Қытайдағы жоғары тарифтерге байланысты жылдамдатылуда.

Alphabet акциялары едәуір өсті, себебі компания 1-тоқсан бойынша табысы күтілгеннен жоғары екенін айтып, 70 миллиард доллар көлемінде акцияларды сатып алатынын жариялады.

Intel акциялары 7%-ға төмендеді. Компанияның табыс пен пайда болжамдары нашар болып, жаңа бас директор Лип-Бу Таның стратегиясы күткен нәтижеге жете алмады.
❤21👍8🤔1
Invest day-да курсымның студенттеріне тоқтамай 4сағат сабақ түсіндірдім.

Сабақ беруді сағынып қалыппын❤️
❤46👍28🎄2🤣1👨‍💻1
Дүйсенбі - инвестиция жасайтын күн💸

$3700 ақша бар, жаңа бір жерге инвестиция жасағым келеді.
Қайда екенін білмеймін әзірге.

Сіздер осы айда инвестиция жасаған болсаңыздар лайк қойып кетіңіздер)
❤42👍22
Airbus Group SE (EPA:AIR) мен Spirit AeroSystems (NYSE:SPR) бүгін соңғы келісімге қол қойды. Бұл келісімге сәйкес, Airbus Spirit компаниясының Еуропа мен АҚШ-тағы коммерциялық авиацияға қатысты көптеген активтерін 439 миллион долларға сатып алады.
❤18👍5🤔2
Amazon алғашқы Kuiper интернет-спутниктерін іске қосты.

Kuiper — Amazon компаниясының ең үлкен жобаларының бірі болуы мүмкін. Бұл жоба Starlink-ке және AT&T мен T-Mobile сияқты үлкен телекоммуникациялық провайдерлерге бәсекелес ретінде қарастырылады. Компания бұл қызметті ауылдық аймақтағы байланысы нашар немесе мүлде жоқ жерлерге шешім ретінде ұсынуда.
❤20🤔6👍4
Балаңыздың келешегіне инвестиция жасаңыз📚

Отбасы банктан балаға арналған Ақыл депозитін ашып, жылына 235 920 тг мемлекеттен ала аласыз. Бір жыл ішінде бар болғаны 94 368тг депозитке толтырып отыру керек.

Толық информацияны документке жаздық,сол жақтан көре аласыз✊🏻
Отбасы банктің подгондары жақсы негізі)
❤39👍27💯5🍓2