Әріпбай Еркебұланның каналы
24.1K subscribers
211 photos
18 videos
14 files
329 links
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
Download Telegram
"Magnificent Seven" ішінде Apple мен Nvidia АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісінің алдыңғы шебінде тұр.

🔹 Apple:
Wedbush аналитигі Дэн Айвздің айтуынша, iPhone құрылғыларының 90%-ы Қытайда өндірілетіндіктен, тарифтердің күшеюінен кейін компания 773 млрд доллар нарықтық құнын жоғалтты.

🔹 Nvidia:
АҚШ үкіметі Қытайға арнайы AI чиптерін экспорттауға тыйым салды. Соның нәтижесінде, Nvidia акциялары бір күнде 7%-ға төмендеп, апта ішінде компанияның нарықтық құны 8%-ға (яғни 230 млрд долларға) азайды.

📉 Ал осы кезеңде Apple акциялары тек шамалы ғана құнсызданды.
👍24❤8🤪1
Дүйсенбі - инвестиция жасайтын күн✨
❤14
Жаңалықтар легін қарсы алыңыздар✊🏻

Алтынның өзі де,оны өндіруші компаниялар да өсім көрсетті✨
Newmont (NYSE:NEM), Barrick Gold (NYSE:GOLD), Agnico Eagle Mines (NYSE:AEM), Kinross Gold (NYSE:KGC) және AngloGold Ashanti (NYSE:AU) сияқты ірі алтын өндіруші компаниялардың акциялары 3%-ға өсті.

Бұл өсім АҚШ долларының әлсіреуі, ФРС-ке жасалған сын және жалғасып жатқан сауда соғысының әсерінен алтын бағасының рекордтық жоғары деңгейге күрт көтерілуіне байланысты болды.
👍28❤8👏2
Трамп ФРС төрағасы Пауэллді пайыздық мөлшерлемені түсірмегені үшін ашық сынап, оны қызметінен босатуды қарастыруда.

Бұл жаңалықтар АҚШ долларын әлсіретіп, еуроны күшейтті.

Сенатор Джон Кеннеди ФРС тәуелсіздігін қолдап, Пауэлл өз жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

ФРС-ның келесі отырысы 6–7 мамырда өтеді.
❤56👍25🤪2
Жаңалықтар қызықты болса,лайк қойыңыздаршы ✊🏻❤️
👍69❤20👌12
Қалдарыңыз қалай?
Бүгінгі нарықтағы қозғалыстар:


Tesla (NASDAQ:TSLA) акциялары 7%-ға өсті. Компания бірінші тоқсанда күтуден төмен табыс көрсетті, ал Илон Маск компанияларын басқаруға көбірек уақыт бөлетінін айтты.

Apple (NASDAQ:AAPL) 3%-ға, Meta Platforms (NASDAQ:META) 4,6%-ға өсті, ЕО айыппұлына қарамастан.

Intel (NASDAQ:INTC) 4,9%-ға көтерілді. Компания қызметкерлерінің 20%-ын қысқарту жоспарын жарияламақ.

AT&T (NYSE:T) 3,9%-ға өсті. Сымсыз байланыс абоненттері саны күтуден асып түсті.
👍25❤8
Бүгінгі нарық:
👍27❤10🔥2
Бүгін жолға шығамыз. Қазақстанды сағындым❤️✊🏻
❤31👍15🔥6🙏6
Бүгінгі жаңалықтар:

Apple (NASDAQ: AAPL) 2026 жылдың соңына дейін АҚШ-та сатылатын iPhone-дардың көбін Үндістанда шығаруды жоспарлап отыр. Бұл қадам Қытайдағы жоғары тарифтерге байланысты жылдамдатылуда.

Alphabet акциялары едәуір өсті, себебі компания 1-тоқсан бойынша табысы күтілгеннен жоғары екенін айтып, 70 миллиард доллар көлемінде акцияларды сатып алатынын жариялады.

Intel акциялары 7%-ға төмендеді. Компанияның табыс пен пайда болжамдары нашар болып, жаңа бас директор Лип-Бу Таның стратегиясы күткен нәтижеге жете алмады.
❤21👍8🤔1
Invest day-да курсымның студенттеріне тоқтамай 4сағат сабақ түсіндірдім.

Сабақ беруді сағынып қалыппын❤️
❤46👍28🎄2🤣1👨‍💻1
Дүйсенбі - инвестиция жасайтын күн💸

$3700 ақша бар, жаңа бір жерге инвестиция жасағым келеді.
Қайда екенін білмеймін әзірге.

Сіздер осы айда инвестиция жасаған болсаңыздар лайк қойып кетіңіздер)
❤42👍22
Airbus Group SE (EPA:AIR) мен Spirit AeroSystems (NYSE:SPR) бүгін соңғы келісімге қол қойды. Бұл келісімге сәйкес, Airbus Spirit компаниясының Еуропа мен АҚШ-тағы коммерциялық авиацияға қатысты көптеген активтерін 439 миллион долларға сатып алады.
❤18👍5🤔2
Amazon алғашқы Kuiper интернет-спутниктерін іске қосты.

Kuiper — Amazon компаниясының ең үлкен жобаларының бірі болуы мүмкін. Бұл жоба Starlink-ке және AT&T мен T-Mobile сияқты үлкен телекоммуникациялық провайдерлерге бәсекелес ретінде қарастырылады. Компания бұл қызметті ауылдық аймақтағы байланысы нашар немесе мүлде жоқ жерлерге шешім ретінде ұсынуда.
❤20🤔6👍4
Балаңыздың келешегіне инвестиция жасаңыз📚

Отбасы банктан балаға арналған Ақыл депозитін ашып, жылына 235 920 тг мемлекеттен ала аласыз. Бір жыл ішінде бар болғаны 94 368тг депозитке толтырып отыру керек.

Толық информацияны документке жаздық,сол жақтан көре аласыз✊🏻
Отбасы банктің подгондары жақсы негізі)
❤39👍27💯5🍓2
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын❤️
❤54👏19🔥15💯4👍2
1 мамыр- Қазақстандық биржаларда демалыс (бірлік күні), АҚШ биржасы жұмыс жасайды.
❤30👍15
Бүгінгі нарық:
👍24😍11❤6🔥5
3 күндің экспресс курсым туралы бәрің естідіңдер ме?
Anonymous Poll
47%
Ия
53%
Жоқ
🤔10❤7🔥6👍3