Әріпбай Еркебұланның каналы
24.1K subscribers
211 photos
18 videos
14 files
329 links
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
Download Telegram
Бүгінгі жаңалықтар:

Мұнай мен алтын бағалары Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты құбылып жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранды шұғыл эвакуациялауға шақырғаннан кейін, мұнай бағасы өсіп, кейін қайта төмендеді.

Сонымен қатар, бұл мәлімдеме Израиль мен Иран арасындағы әскери қақтығыс аясында инвесторларды қауіпсіз активтерге бет бұруға итермелеп, алтын бағасының өсуіне себеп болды. Нарықтар қазір бұл қақтығыстың ушығу қаупі мен оның мұнай жеткізіліміне әсерін жіті бақылап отыр.
👍17❤10
Бүгінгі АҚШ нарығындағы акциялардың ең ірі қозғалыстары:

1.Meta Platforms (NASDAQ\:META) компаниясының акциялары 0,2%-ға өсті. Morgan Stanley сарапшыларының айтуынша, WhatsApp-ты ақшаға айналдыруға бағытталған жаңа қадам компанияның табысын болашақта миллиардтаған долларға арттыруы мүмкін.

2.Peloton (NASDAQ\:PTON) компаниясының акциялары 0,6%-ға өсті. Фитнес жабдықтары мен медиаконтент өндіруші компания соңғы бір жылда қаржыландыру алып, шығындарын қысқартты – бұл банкроттыққа қатысты алаңдаушылықты азайтты.

3.Hasbro (NASDAQ\:HAS) ойыншық өндірушісінің акциялары 0,8%-ға қымбаттады. Компания Қытайдан келетін ойыншықтарға қойылған АҚШ тарифтерінің өсуі аясында шығындарды азайту мақсатында жаһандық жұмыс күшінің 3%-ын қысқартты.

4. GSK (LON\:GSK) және AstraZeneca (LON\:AZN, NASDAQ\:AZN) фармацевтикалық алпауыттарының акциялары АҚШ президенті Дональд Трамп импорттық дәрі-дәрмектерге тарифтер «өте жақын арада» енгізілуі мүмкін екенін айтқаннан кейін төмендеді.

5.Gap (NYSE\:GAP) акциялары 0,3%-ға өсті. TD Cowen аналитиктері бұл киім сатушыны орта капитализациялы компаниялар арасындағы "ең үздік идеялар" тізіміне қосты. Сарапшылар Gap және Old Navy брендтеріндегі тұрақты өсімді және Banana Republic пен Athleta брендтерінде алдағы жақсару мүмкіндігін атап өтті.
❤21👍3
Бүгінгі жаңалықтар:

1.SoftBank Group Corp. (TYO:9984) компаниясының бас директоры Масаёси Сон АҚШ-та 1 трлн доллар тұратын ЖИ кешенін салу үшін чип өндіруші TSMC (NYSE\:TSM) және Дональд Трамп әкімшілігімен серіктестік орнатуға ұмтылуда.

2.Apple Үндістанда iPhone флагмандық құрылғыларын құрастыру үшін қажетті жабдықты өндіретін үнді компанияларын іздеуде.
❤22😁3👍2🔥2🗿2
Демалыста жақсы контент көремін десеңіз, менің бір күнде жұмсаған 8 млн теңгем туралы влогымды көріңіздер:

https://youtu.be/63svm5FY3V0?si=e5IML9uhucwYXfWx
❤19👍6
Формат ұнады ма?
🔥22❤3
Дүйсенбінің жаңалықтары:

АҚШ демалыс күндері Иранның үш ядролық және әскери нысанына соққы жасады. Бұл әрекет Иран мен Израиль арасындағы ракеталық шабуылдармен алмасудан кейін орын алды. АҚШ Тегеранға ядролық қаруға ие болуға жол бермейміз деп мәлімдеді.

Иран президенті: «Біз ешқашан қысым мен қорлыққа мойынсұнбаймыз»


🛢 Мұнай бағасы өсті:
▪️ Brent +1,53% → \$78,19
▪️ WTI +1,48% → \$74,93

📉 АҚШ қор нарығы реакциясы:
▪️ S\&P 500 -0,13%
▪️ Dow Jones -0,2%
▪️ Nasdaq -0,18%
❤14👍4
Alibaba (NYSE: BABA) өзінің азық-түлік жеткізу сервисі Ele.me мен онлайн-туризм платформасы Fliggy-ді негізгі e-commerce бизнесімен біріктіретінін хабарлады.
❤13👍5
Apple Inc. ішкі деңгейде Perplexity AI стартапын сатып алу мүмкіндігін талқылауда.

Бұл жасанды интеллект саласындағы жылдам өсіп келе жатқан компания — интеллектуалды чат-платформасымен танымал.
❤13👍7
Бүгінгі нарық👆🏻


Мұнай мен газ бағасы Трамптың Израиль мен Иран арасындағы бітім жайлы мәлімдемесінен кейін төмендеді.
❤19😁1
Бүгінгі жаңалықтар:

АҚШ-тағы акциялар негізінен қымбаттады. Инвесторлар Израиль мен Иран арасындағы уақытша бітім мен ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдің мәлімдемелерін бағалап жатыр.
🔹 Dow Jones –0.1%
🔹 S\&P 500 +0.2%
🔹 NASDAQ +0.6%

📱 Bumble акциялары 13%-ға өсті
Компания 240 қызметкерін, яғни 30% штатты қысқартатынын жариялады. Бұл шығынды азайтып, бизнесті тиімді етуге бағытталған.

💻 Microsoft-тың мүмкіндіктері артып келеді
Wedbush аналитигі Дэниел Айвс Microsoft акцияларының мақсатты бағасын \$515-тен \$600-ге дейін көтерді. Себебі – жасанды интеллектті кеңінен енгізу, Copilot-қа қызығушылық және Azure арқылы табыс табу өсіп келеді.
❤18👍4
Freedom Холдингінің облигациялары енді евро және юань валюталарында саудаланады.


"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ “Жылыой" учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады.
❤21👍11🔥1
Аптадағы ірі инвесторлық жаңалықтар мен болжамдар (AI,Tech секторы)

1️⃣Amazon (AMZN)
JPMorgan Amazon-ды "ең үздік идея" деп атады. Олар Prime жазылымы америкалықтар үшін жылына $1 430 ұсынады дейді. Ал жазылым бағасы – небәрі $139.

2️⃣ Microsoft (MSFT)
Аналитиктер акция бағасын $515-тен $600-ге дейін көтерді. Себебі – компаниялар жасанды интеллектті (Copilot, Azure) белсенді енгізе бастады.

3️⃣ Tesla (TSLA)
Tesla Остинде роботакси қызметін іске қосты. Осы жаңалықтан кейін Benchmark акция бағасын $475-ке дейін көтерді.

4️⃣ Broadcom (AVGO)
HSBC Broadcom-ды "сатып алуға тұрарлық" деп танып, бағасын $400-ге дейін жоғарылатты. ASIC чиптері мен VMware бойынша тәуекелдер азайып келеді.

5️⃣ AMD (AMD)
Melius Research AMD акцияларын да "сатып алуға" кеңес беріп, бағасын $175-ке дейін көтерді. Себеп – жасанды интеллектке деген сұраныстың артуы.
👍19❤8
Бүгінгі нарық:
❤16👍12😍4
Игра в кальмары 3 сезонын көрдіңіздер ме?

Netflix платформасында 2ші сезоны шыққан кезде компания акциясы 13%-ға өскен болатын.
Финалдық сезоны 3 күн ішінде рекордтық 60,1млн қаралым жинады.

Сериял соңы ұнады ма?
🤷‍♂16💔12❤8🥴5🥰1
Дизайнер,сайт жасайтын кісілер жақсы қолданатын Figma инструменты бар.

Figma IPO-ға шығу үшін АҚШ-қа өтінім берді.
👍18❤4💅3
Қалдарыңыз қалай?

Бүгінгі күннің жаңалықтары:

🔹 Chesnara британдық HSBC Bank-тің сақтандыру бизнесін £260 млн-ға сатып алады. Бұл сделка компанияға £800 млн-нан астам қосымша өмір бойғы ақша ағынын қамтамасыз етеді. Алғашқы 5 жылда жыл сайынғы түсім £140 млн-нан асады деп күтілуде.

🔹 Xiaomi электромобиль жеткізілімінің азаюына байланысты инвесторлар пайдасын тіркей бастады. Осы себепті компанияның акциялары 4,2%-ға төмендеп, Hang Seng индексі де 0,7%-ға құлдырады.

🔹 Tesla Қытайда маусым айында 61 000 электромобиль сатып, сатылымды өткен аймен салыстырғанда 59%-ға арттырды. Дегенмен, компания қатарынан екінші тоқсанда жалпы жеткізілімдердің азайғанын хабарлады. Бұл жылдық сатылымның төмендеуіне әкелуі мүмкін.
❤13👍1
Forte bank акциялары енді 18теңге🔥

26.06сы Home Credit Bank-ты сатып алу жөнінде келіскені жайлы ақпарат жарияланды.

Компания акциялары 7теңгеден 18теңгеге дейін өсті.

Артылған сдачаға Forte алып жүрген кісілер бар ма еді?)
👍138😁28😍17👌13❤12🔥12😨5🤣4
Бүгін Алматыдағы офлайнның курсты аяқтадық. Екі күн 6 сағаттан сабақ.

Астанада командам invest day өткізді.

Енді 11-12 шілде Астана ✊🏻
❤24👍11🔥3👏2
Астана күні құтты болсын❤️
👍32❤8👾2
Өткенде бір подкастта “Бай адам деген кім?” деген сұрақ қойды.

Содан кейін осы “өзіңді бай адам ретінде қабылдау үшін қанша теңгең болу керек?” деген сұраққа біраз ойландым.

Сол ойымды қорытындылап, бір ютьюбтің шығарылымына айналдырдым. Тамашалаңыздар ✊🏻👇🏻

https://youtu.be/N4hx-5EE-CI?si=DGSAmvBQn2mlja2F
❤19👍16