Әріпбай Еркебұланның каналы
24.1K subscribers
211 photos
18 videos
14 files
329 links
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
Download Telegram
Forte акциялары 32теңге болды ғой)
😍38👍20❤‍🔥10🤩4❤3
Акцияны сатып алу кк пе,жоқ па?
Сол жайлы өз ойымды айттым

Қызық болса,қараңыздар✊🏻
👍41❤16
Күміс бағасы 14 жылдағы максимумға жақындады!

Алтын бағасы рекордқа жеткен соң, инвесторлар күміске бет бұрды. Сұраныстың өсуі физикалық ұсыныстың азаюына әкелді.

〽️Дүйсенбіде күміс бағасы +1,9% өсіп, унциясы $39-дан асты. Бір айлық қарызға алу мөлшерлемесі 6%-дан асты (әдетте — нөлге жуық).

🇬🇧 Лондонда ETF-терде сақталған күміс көлемі артты, ал ол нарықтағы қолжетімділікті шектеп отыр.

🔍 Bloomberg: ақпаннан бері ETF қорларына +2570 тонна күміс қосылды.
❤22👍5
Бүгінгі күннің жаңалықтары:

1.Гонконгтағы қытайлық технологиялық компаниялардың акциялары өсті.
Бұған NVIDIA компаниясының Қытайда жасанды интеллектке арналған H20 чипін қайта сата бастайтыны туралы жаңалығы себеп болды. Alibaba, Tencent және Baidu акциялары 1–2%-ға көтерілді, олар Hang Seng индексінен озық нәтижеге қол жеткізді.

2.Nissan компаниясы қайта құрылымдау аясында 2028 жылға дейін Оппамадағы зауытын жауып, өндірісті Фукуокаға көшіретінін хабарлады. Компания жаһандық өндірістік қуатын 3,5 млн-нан 2,5 млн көлікке дейін қысқартуды және өндіріс орындарын 17-ден 10-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр. Бұл шешім сату көлемінің төмендеуі мен қаржылық шығындардың артуына байланысты қабылданды.
❤26👍3🤔2
Бүгінгі жаңалықтар:

1️⃣ TSMC (TW:2330 | NYSE:TSM)
Әлемдік чип алпауыты TSMC екінші тоқсанда 13,5 млрд доллар таза пайда тапты — бұл өткен жылмен салыстырғанда 60,7% өсім. ЖИ-ке деген сұраныс компанияның қарқынды дамуына ықпал етуде. Бас директордың айтуынша, AI-ға байланысты сұраныс бәсеңдей қоймайды.

2️⃣ ADTRAN Holdings (NASDAQ:ADTN)
Компанияның акциялары 4% өсті, өйткені екінші тоқсандағы табысы бұрынғы болжамнан асып түсті. Жаңа мәлімет бойынша, табыс $262,5 млн - $267,5 млн аралығында болады деп күтілуде (алдыңғы болжам: $247,5 млн - $262,5 млн).

3️⃣ PayPal (NASDAQ:PYPL) x Anthropic
PayPal Claude атты жасанды интеллектпен интеграция жасап, пайдаланушыларға AI арқылы төлемдерді басқару, жазылымдарды бақылау және қаржылық талдау жасау мүмкіндігін ұсынады. Бұл – қаржы саласының болашағы жаңа деңгейге көтеріле бастағанының белгісі дейді)

Уже ИИ ақшаны басқаруды жоспарлап жатыр)
🔥21❤13👍6
Аптаның соңында АҚШ акциялары аздап өсті:

🔻 Netflix (NFLX) – 1,7% төмендеді
Финнәтижелері тұрақты болғанымен, сарапшылардың болжамын ақтамады.

🔺 3M (MMM) – 2,8% өсті
Компания шығындарды азайтып, табысы жоғары өнімдерге басымдық беруде.

🔺 Interactive Brokers (IBKR) – 5% өсті.
Екінші тоқсандағы пайыздық табыс күткеннен жоғары болды.

🔺 Chevron (CVX) – 3,1% өсті
Exxon-мен дауда жеңіп, Hess-ті $53 млрд-қа сатып алу жоспарын жалғастырды.
🔺 Hess (HES) – 7,2% өсті.
❤26👍12💯2👨‍💻2
Нарық жаңалықтары:

1.NVIDIA қытай тұтынушыларына елде сатуға болатын ең мықты “H2O “ ЖИ чиптерінің саны шектеулі екенін хабарлады.

2.Huewei 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында смарт сағаттар мен фитнес-браслеттерді сату жағынан Apple-ді басып озды. Бірақ,табысы бойынша екі компания да 25%ды көрсетіп тұр.
❤14👍8
Бүгінгі жаңалықтар:

1.Жапония үкіметі америкалық көліктерді ел ішінде көбірек сату үшін Toyota мен Nissan сияқты жергілікті компаниялардың дүкендерін пайдаланбақ. Бұл – АҚШ пен Жапония арасындағы жаңа келісімнің бір бөлігі. Сондай-ақ, жапон компаниялары АҚШ-та шығарылған көліктерін Жапонияға қайта әкеліп сатуға да ынталандырылмақ.

2.Amazon компаниясы Қытайдағы, Шанхайдағы жасанды интеллект зертханасын жауып жатыр. Себебі АҚШ пен Қытай арасындағы қатынас ушығып, АҚШ өз компанияларына Қытайда жұмыс істеуге шектеу қойып жатыр. Бұл зертханада бұрын мыңнан астам адам жұмыс істеген. Amazon-нан бөлек, Microsoft пен Meta да соңғы кезде қызметкерлерін қысқартып жатыр.

3. 1$=540тг болды.
🔥16👍11❤4🤔2
Қалдарыңыз қалай?

Бүгін 24-і. Бұйырса 27-інен бастап экспресс курсқа тіркелгендерге тапсырма беремін. Бәрі инвестицияға қатысты.

Кім бірінші орындайды соған 10 000 тг.

Жалпы күніне 160 000 тг сыйлап тұрамын.
😍18❤10👍10
Білім алуға сол кішігірім мотивация. Сосын курс барысында iPhone 16 сыйлаймын.

Курс бағасы 2500 тг. Бүгін 790 теңгеге тіркелу болады.

Тіркелу үшін төмендегі ватсап сілтемеге өтіп, 790 деген хатты жібересіз ✊🏻👇🏻
👍25❤10
Бүгінгі премаркетте АҚШ-тағы кейбір ірі акциялардың қозғалысы:

Intel (NASDAQ: INTC) – 8%-ға төмендеді. Чип өндіруші үшінші тоқсанда күтілгеннен де көп шығын болады деп болжап отыр және жұмыс орындарын қысқарту жоспарын жариялады. Компания жыл соңына дейін қызметкерлер санын 75 000-ға дейін азайтпақ, бұл 2024 жылдың соңымен салыстырғанда 22%-ға аз.

Centene (NYSE: CNC) – 13%-ға төмендеді. Медициналық сақтандыру компаниясы күтпеген кварталдық шығынды көрсетті, бұл ішінара оның сақтандыру жоспарларына байланысты медициналық шығындардың өсуімен байланысты.

Phillips 66 (NYSE: PSX) – 0,6%-ға өсті. Мұнай өңдеуші компания екінші тоқсанның табысы бойынша күтуден асып түсті. Бұл жоғары өңдеу маржалары мен техникалық қызмет көрсету шығындарының азаюына байланысты болды.
❤18🎄4👍2👾2
Money making Monday 👍
🔥14❤4
АҚШ пен Еуроодақ сауда бойынша келісімге келді. Сонымен қатар, Қытаймен тарифтерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартуы мүмкін деген жаңалықтар шықты. Бұл жаһандық сауда соғысының алдын алуға бағытталған қадам деп бағаланып отыр.

Бұл жаңалықтар нарыққа оң әсер етіп, Brent маркалы мұнай 68,64 долларға (+0,29%), ал америкалық WTI 65,31 долларға (+0,23%) көтерілді. Еуро да сәл өсім көрсетті.

Енді нарық назары – АҚШ пен Жапония орталық банктерінің отырыстарында.
❤27🔥3👍1
Ертең экспресс курстың бірінші сабағы болады

Жақсы материалдар дайындап қойдық✊🏻

Сабаққа тіркелгендер лайк басыңыздаршы❤️
❤126👍12🤷6
BYD мен Volvo сатылымы төмендеді

🔻 BYD шілде айында 344 296 көлік сатқан — бұл маусыммен салыстырғанда 10,1%-ға аз.

🔻Volvo сатылымы бір жылда 14%-ға төмендеп, 49 273 көлікке жетті. Электромобильдер 45% үлес алып отыр (өткен жылы — 51%).

📉 Екі ірі өндірушінің көрсеткіштері нарықтағы сұраныстың әлсірегенін көрсетті.
👍16❤5🤨2👾1
Бүгін курсымды бітірген ең үздік студенттермен Дубайға барамыз.

Білім де алды,ақшаны тиімді көбейтуді де үйренді. Енді бонуспен саяхатқа жақсы ортамен бара жатыр.

Тема ия?
🔥61👍12❤7💯7👏2
Алдағы Қаржылық Еркіндік курсының студенттерінің де дәл сол үздіктерін Дубайға апарамыз.

Оған әзірге тіркеу жабық. Тек қана экспресс курстың сабағының аяғында тіркеу ашамын. Жеңілдікпен.
❤10
Экспресс курс екінші күніне бағдарлама:

· бірінші күні өткенге шолу (7-10 минут)
· диверсификация инструменттері (5 минут)
· ETF кіріспе (5 минут)
· ETF анализ үшін не істеу керек (10 минут)
· ETF мүмкіндіктері
· Қаржылық Еркіндік 2.0 курсына екінші жеңілдік (бірінші күнінен азырақ жеңілдік)
· қатысушылар арасында iPhone 16 және 150 000 тг сыйлық

Себебі, эфирде отырып ол курстың маңызын нақты аша аламын.
❤19