Әріпбай Еркебұланның каналы
23.8K subscribers
211 photos
18 videos
14 files
329 links
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
Download Telegram
Қайырлы күн!
Марафонға біраз адам қатысамын деген екен, олай болса мен дайындалуға кеттім✊🏻

Сіздерге барынша пайдалы әрі қызықты қылып жасауға тырысамын❤️

Естеріңізге сала кетейін: сенбі және жексенбі демалыс күндері биржа жабық болады
Демалыстарыңыз сәтті өтсін🙌🏻
👍60❤21
6 шілде - Астана күні құтты болсын!

Астанамыз дамып,көркей берсін❤️
❤55
Бүгінгі америкалық биржадағы жаңалықтар:


•Tesla акциялары (NASDAQ: TSLA) 1%-ға қымбаттады, өйткені Қытайдың ірі қаржы орталығы Шанхайдағы бірнеше мемлекеттік компаниялар Model Y, компанияның ең танымал көлігін ресми қызметтік көлік ретінде пайдалану үшін сатып алды. Бұл сатып алу жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының Tesla көліктерінің Қытай үкіметі сатып алуға мақұлдаған көліктер тізіміне енгені туралы хабарламасынан кейін орын алды.

•Coinbase акциялары (NASDAQ: COIN) 1,4%-ға төмендеді, өйткені криптовалюталық сауда платформасы Bitcoin, ең кеңінен қолданылатын криптовалюта, ақпан айынан бері ең төменгі деңгейге дейін төмендегеннен кейін құнсызданды.

•Nio (NIO) Американдық депозитарлық қолхаттары (ADR) компанияның Қытайдағы электр көліктерін өндіруші бас қаржы директоры Стивен Фенгтің жеке себептермен отставкаға кеткенін хабарлағаннан кейін 7%-ға төмендеді. Бұл рөлді қазіргі уақытта компанияда басшылық қызмет атқаратын Стэнли Ю Ку қабылдайды.

•Amazon акциялары (NASDAQ: AMZN) 1,2%-ға қымбаттады, Еуропалық комиссия онлайн-ритейлерден Цифрлық қызметтер туралы заң ережелерін сақтау туралы қосымша ақпарат сұрағанына қарамастан.

•Meta Platforms акциялары (NASDAQ: META) сәуір айынан бері ең жоғары бағасына жетіп, 4,5%-ға өсті.
🍓22❤20👍7
Қалдарыңыз қалай?

Бүгін марафон жайлы сөйлесейік😉

Ұзақтығы:10 күн
Форматы: онлайн
Қатысу: тегін
Тақырыбы: Қаржылық еркіндікке алғашқы қадамдар
Басталуы: 9 шілде
Уақыты: мен тапсырманы сағат 11:00де осы каналға саламын,ал сіздер сол күннің ыңғайлы уақытында жасауыңыз қажет👍🏻

Ертеңнен бастап сіздерге жеңіл әрі қызықты тапсырмалар жіберемін. Сіздер бар болғаны сол тапсырмаларды күнделікті орындап жүрсеңіздер болғаны.


Достарыңыз бен туыстарыңызға да жіберіп қойыңыздар,бірге қаржылық сауаттылыққа жетейік✊🏻
🔥115👍70❤20👌7😍4💔4
🔥36👍27⚡24
Қайырлы таң!

DAY-1. Бюджеттеу негіздері

Кірістер мен шығыстарды бақылау
– бұл қаржылық сауаттылықтың негізгі бөлігінің бірі. Өз кірістеріңіз бен шығыстарыңызды тиімді басқару арқылы сіз қаржылық мақсаттарыңызға тезірек жете аласыз.
Неге кірістер мен шығыстарды бақылау маңызды?
1 Ақшаны тиімді пайдалану: Қайда және қанша ақша жұмсайтыныңызды білу арқылы артық шығындарды азайта аласыз.
2 Жинақтарды көбейту: Шығыстарды бақылап, артық шығындарды азайту арқылы жинақтарды көбейтуге болады.
3 Қаржылық мақсаттарға жету: Қаржылық мақсаттарға жету үшін бюджетті тиімді жоспарлау қажет.
4 Қарыздардан құтылу: Шығыстарды бақылау арқылы қарыздарды қайтару жоспарын жасауға болады.
Бюджет жасау қадамдары:
1 Кірістерді анықтау:
◦ Жалақы
◦ Қосымша табыс (бизнес, фриланс, сыйақылар)
◦ Пассивті табыс (инвестициялардан табыс, жалға беру)
2 Шығыстарды анықтау:
◦ Тұрақты шығыстар (жалға алу, коммуналдық төлемдер, несиелер)
◦ Ауыспалы шығыстар (азық-түлік, көлік шығындары, киім-кешек)
◦ Қосымша шығыстар (демалыс, ойын-сауық, сыйлықтар)
3 Бюджет жоспарын жасау:
◦ Кірістер мен шығыстарды салыстырыңыз.
◦ Жоспарлаған шығыстарды кірістерге сәйкес келтіріңіз.
◦ Артық шығындарды анықтап, оларды азайту жолдарын табыңыз.
◦ Жинақ пен инвестицияға ақша бөліңіз.
👍107🔥25❤16🍓4🙈1
Тапсырма: Ай сайынғы кірістер мен шығыстарды есептеп, жеке бюджет жоспарын жасау

Мысал:
Ай сайынғы кірістер:
• Жалақы: 300,000 тг
• Қосымша табыс: 50,000 тг
• Пассивті табыс: 20,000 тг
• Жалпы кірістер: 370,000 тг
Ай сайынғы шығыстар:
• Тұрақты шығыстар:
◦ Квартира арендасы: 100,000 тг
◦ Коммуналдық төлемдер: 20,000 тг
◦ Кредит,рассрочка төлемдері: 30,000 тг
• Ауыспалы шығыстар:
◦ Азық-түлік: 50,000 тг
◦ Көлік шығындары: 20,000 тг
◦ Киім-кешек: 15,000 тг
• Қосымша шығыстар:
◦ Демалыс: 30,000 тг
◦ Ойын-сауық: 25,000 тг
◦ Сыйлықтар: 10,000 тг
• Жалпы шығыстар: 300,000 тг
🔥97👍29❤28😍8
Қадамдар:
1 Кірістеріңізді және шығыстарыңызды жазыңыз.
2 Шығыстарыңызды топтарға бөліңіз: тұрақты, ауыспалы және қосымша.
3 Әр топ бойынша нақты сомаларды белгілеңіз.
4 Жалпы кірістер мен шығыстарды салыстырыңыз.

Тапсырманы орындауға көмектесетін приложениелер:

-CoinKeeper
-ZenMoney
-Monefy
-Дзен-Мани
-жай ғана ручка мен дәптер)

Өздеріңізге қалай ыңғайлы,соны алыңыз да санаңыз✊🏻
Ақша сандарды жақсы көреді, бәріңізге сәттілік❤️
🔥142❤58👍38👌17😍16
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍260❤111
Қайырлы күн!

DAY-2.Қаржылық мақсаттарды анықтау

Мақсаттарды анықтау сізге нақты жоспарлар құруға көмектеседі. Бұл жоспарлар арқылы сіз өз табыстарыңызды тиімді пайдаланып, жинақтау мен инвестициялау мүмкіндіктерін арттырасыз.

Мақсаттарды қысқа,орта,ұзақ мерзімге бөліп жоспарласаңыз болады.
Бұл мақсаттардың маңыздылығы қандай?

• Қысқа мерзімді мақсаттар: Бұл мақсаттар сізге күнделікті қаржылық тәртіпті сақтауға көмектеседі. Мысалы, қарызды азайту, жинақтау әдеттерін қалыптастыру және қажетті шығындарды жабу үшін.
• Орта мерзімді мақсаттар: Бұл мақсаттар сіздің қаржылық жағдайыңызды жақсарту үшін маңызды. Мысалы, автокөлік сатып алу, қосымша білім алу немесе үлкенірек жинақтар жасау үшін.
• Ұзақ мерзімді мақсаттар: Бұл мақсаттар сіздің болашағыңыз үшін маңызды. Мысалы, пәтер сатып алу, зейнетақы қоры жинау немесе балалардың білім алуына арналған қор құру үшін.
👍57🔥25❤11
Мақсаттарды қандай тәсілмен жоспарлаймыз?

Жәй ғана ойлап немесе жаза салуға болмайды.

Біз қолдануға кеңес беретін әдіс:
SMART жоспары - нақты, өлшенетін, қол жетімді, өзекті және мерзімдік (Specific, Measurable, Achievable, Relevant, Time-bound) критерийлерге негізделген мақсаттарды анықтаудың әдісі. Бұл әдіс мақсаттарды анықтауға және оларға жетуге көмектеседі.


SMART жоспарының анықтамасы:
1 Specific (Нақты):

◦ Мақсат нақты және айқын болуы керек.
◦ Мақсат не екенін және оған қалай қол жеткізуге болатынын нақты білуіңіз қажет.
◦ Мысалы, "Жинақтау" дегеннен гөрі, "Ай сайын 20 000 теңге жинау" деген дұрыс.
2 Measurable (Өлшенетін):
◦ Мақсат өлшенетін болуы керек, яғни нәтижені сандық түрде бағалауға мүмкіндік беруі қажет.
◦ Бұл мақсатқа жету жолында прогресті қадағалауға көмектеседі.
◦ Мысалы, "Үнемдеу" дегеннен гөрі, "6 ай ішінде 120 000 теңге жинау" деп айту керек.
3 Achievable (Қол жетімді):
◦ Мақсат қол жетімді болуы керек, яғни оны жүзеге асыру мүмкіндігі болуы қажет.
◦ Мақсат тым жоғары немесе төмен болмауы тиіс.
◦ Мысалы, "Ай сайын 500 000 теңге жинау" дегеннен гөрі, "Ай сайын 20 000 теңге жинау" деген дұрыс, егер сіздің табысыңыз 200 000 теңге болса.
4 Relevant (Өзекті):
◦ Мақсат маңызды және сіздің ұзақ мерзімді жоспарларыңызбен байланыста болуы керек.
◦ Мақсат сіздің қазіргі жағдайыңызға сай болуы қажет.
◦ Мысалы, "Шетелге саяхаттау" дегеннен гөрі, "Зейнетақы қорын жинау" деген өзекті болуы мүмкін, егер сіздің басты мақсатыңыз қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу болса.
5 Time-bound (Мерзімдік):
◦ Мақсатқа жету үшін нақты мерзімдер белгіленуі керек.
◦ Мақсат белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылуы қажет.
◦ Мысалы, "Бір күні жинақтау" дегеннен гөрі, "Жыл соңына дейін 240 000 теңге жинау" деген дұрыс.
🔥52👍32❤10🤔7
SMART жоспарының мысалы:
Мақсат:
• Нақты (Specific):
Ай сайын 20 000 теңге жинау.
• Өлшенетін (Measurable): Әр айдың соңында жинақ шотында 20 000 теңге болуы керек.
• Қол жетімді (Achievable): Ай сайынғы табысымның бір бөлігі ретінде 20 000 теңге жинақтау мүмкіндігі бар.
• Өзекті (Relevant): Жинақтау төтенше жағдайлар үшін қаржылық қауіпсіздік қамтамасыз етеді.
• Мерзімдік (Time-bound): 12 ай ішінде 240 000 теңге жинау.
Толық жоспар:
• Нақты:
Төтенше жағдайлар үшін ай сайын 20 000 теңге жинау.
• Өлшенетін: Әр айдың соңында жинақ шотында 20 000 теңге болуы керек.
• Қол жетімді: Жалақымнан 20 000 теңге жинақтау мүмкіндігі бар.
• Өзекті: Бұл төтенше жағдайларда қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
• Мерзімдік: 12 ай ішінде 240 000 теңге жинау.


Тапсырма:
• 3 мерзімнің өзіңізге қажеттісіне SMART жоспар жазыңыз.
👍87❤22💯10
DAY-2. Тапсырмасы:

1. Бүгін жаратқан ақшаны жазып,есептеп жүру
2.SMART жоспар жасау
👌67👍23
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍104🔥20❤16
Мен сіздерге күнде көрсетіп жатқан қадамды күнде жасағанмын. Оның бәрін 2023 жылдан бері инстаграмда да көрсетіп келемін.

Сол кезде бастаған ашық инвестицияларым міне $50 мың болып қапты.

Оның шамамен $8500-і таза пайдасы.

Бәріңізге осындай нәтижелер бұйырсан
❤80👍60😍15🔥8👏8
Марафонды жалғастырамыз ба?
Anonymous Poll
99%
Ия
1%
Жоқ
❤53👍7
Қалайсыздар?

Марафонды жалғастырамыз ба деген сұраққа 440 адам ИЯ деген екен.

Олай болса жалғастырамыз✊🏻

Әзірге бүгінгі күннің алғашқы тапсырмасы:
Бүгін жаратқан/тапқан ақшаны жазып,есептеп жүру)
күнде жаза беріп,әдетке айналдыру қажет❤️
❤77👍26🔥12💯6🍓5
DAY-3. Қарыздарды басқару

❗️Тапсырма:❗️

• Қарыздарыңыздың тізімін жасаңыз (кредит,рассрочка , ипотека, т.б.).
• Қарыздарды азайту жоспарын құрыңыз, мысалы, жоғары пайыздық қарыздарды бірінші кезекте төлеу.

Мысалдар:
• Кредит картасы - 150 000 теңге, пайыздық мөлшерлеме - 25%.
• Автокөлік несиесі - 500 000 теңге, пайыздық мөлшерлеме - 15%.
• Жоғары пайыздық несие картасын бірінші кезекте төлеу.
❗️Кредиттің кішкене бөлігін алдын ала жапқыңыз келсе,сізде екі таңдау болады:
-кредит уақыты сол күйі қалады,бірақ төлем суммасы азайды
-кредит уақыты қысқарады,бірақ төлем суммасы азаймайды.

Бізге тиімдісі екіншісі✊🏻 сонда пайыздарды бірінші жабамыз🙌🏻
👍86❤13👏6🔥5
DAY-3. Тапсырмасы:

1. Бүгін жаратқан ақшаны жазып,есептеп жүру
2.Қарыздарды есептеу,оларды азайтудың тиімді жолдарын қарастыру
👍93✍15❤13😍3👌2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍163🔥43❤25