Әріпбай Еркебұланның каналы
23.7K subscribers
211 photos
18 videos
14 files
329 links
Акция, облигация, инвестиция, қаржылық сауаттылық туралы блог
Download Telegram
Тапсырма:✊🏻
1 Өз табысыңызды анықтаңыз:
Ай сайынғы табысыңызды есептеңіз.
2 Негізгі шығындарыңызды анықтаңыз: Ай сайынғы негізгі шығындарды есептеңіз (тұрғын үй, азық-түлік, көлік, т.б.).
3 Жинақ қорының пайызын анықтаңыз: Жинақ қоры үшін ай сайынғы табысыңыздың қанша пайызын бөлуге дайын екеніңізді анықтаңыз.
4 Қордың мөлшерін есептеңіз: Негізгі шығындарды есептеп, 3-6 айлық қордың мөлшерін анықтаңыз.
5 Жоспар құрыңыз: Жинақ қорларды қалыптастыру жоспарын жасаңыз.
👍59❤9
Қалайсыздар?
Тапсырмаларды орындап жатырсыздар ма?

Жасағандарыңыз болса,тағы да еске сала кетейін✊🏻

DAY-4.Тапсырмасы:

1. Бүгін жаратқан ақшаны жазып,есептеп жүру
2.Жинақ қорына жоспар және қанша ақша салатыныңызды есептеу
❤71👍33
Салеметсіздер ме?!

Марафон бастағалы жатырмыз деп,бүгін ортасына келіп қалыппыз. Берілген тапсырмалар сіздерге пайдалы болып жатыр деп үміттенемін❤️


DAY-5.Ізденіс

Бүгін сіздерге көп ақпарат пен тапсырма бермеймін.

“Бабылдағы ең бай адам”
кітабын оқып шығыңыздар.

Ертең соған байланысты тапсырмалар орындаймыз және викторина ойнаймыз✊🏻
Барлық сұраққа дұрыс жауап берген адамға сыйлық дайындап қоямын❤️ Сәттілік

DAY-5. Тапсырмасы:

1. Бүгін жаратқан ақшаны жазып,есептеп жүру
2.Бабылдағы ең бай адам кітабын оқу
👍120❤47👾2
Пост оқысаңыз, лайк басып тұрыңыздар. Қанша адамның оқып жүргенін білейік ❤️
👍269❤124👾6🥱5🎄4
Салеметсіздер ме
DAY-6. Инвестицияға кіріспе.

Бүгін жексенбі,әр-кімнің өз шаруасы мен тірліктері бар. Біреулер болса демалғысы келеді.
Сондықтан,бүгінге қиын тапсырма жоқ.
Кешегі кітапты оқыңыздар,демалыңыздар✊🏻

Инвестицияға кіріспе ретінде сіздерге арнап,қаржы-инвестиция жайлы ТОП-5 фильм дайындап қойдым,демалыңыздар❤️

1.Стать Уорреном Баффеттом (Becoming Warren Buffett), 2017
2.Предел риска (Margin Call), 2011
3.Волк с Уолл-стрит (Wolf Of Wall Street), 2013
4.Игра на понижение (The Big Short), 2015
5.Нефть (There Will Be Blood), 2007
❤73👍10🔥10💯5
DAY-6.Тапсырмасы:

1. Бүгін жаратқан ақшаны жазып,есептеп жүру
2.Инвестицияға байланысты фильм қарап,демалу🤝
❤73👌10🔥6🍓5
Салеметсіздер ме?!

Жұмыс күндеріңіз сәтті өтсін❤️
Сенбі күні Бабылдағы ең бай адам кітабын оқимыз деп келісіп едік қой✊🏻
👍36❤9😍3
Кітапта қанша қаржылық ереже айтылған?
Anonymous Poll
30%
5
14%
3
49%
7
7%
9
Клейсонның байыту туралы 7 ережесі

1 Әмиянды толтыра бастаңыз. Бұл қарапайым нәрсе, бірақ сіз ақша жинай бастауыңыз керек.
2 Шығындарыңызды бақылаңыз.
3 Дәулетті көбейтіңіз.
4 Байлығыңызды шығындардан қорғаңыз.
5 Үйіңізді табысты кәсіпорынға айналдырыңыз.
6 Болашаққа кіріс қамтамасыз етіңіз.
7 Ақша табу қабілетін жетілдіріңіз.
❤64💯15🍓5😍3👍2
DAY-7. Инвестиция негіздері

Мақсаты: Қатысушыларға инвестициялау негіздерін үйретіп, өз қаржыларын тиімді түрде көбейтуді түсіндіру.
1. Инвестиция дегеніміз не?
• Анықтама
: Инвестиция – бұл уақыт өте келе пайда әкелу мақсатында ақша немесе ресурстарды салу.
• Мақсаты: Ақшаны жұмыс істету арқылы байлықты көбейту.
2. Инвестиция түрлері
• Акциялар
: Компания акцияларын сатып алу арқылы сол компанияның бір бөлігіне иелік ету.
• Облигациялар: Үкімет немесе компания шығарған қарыз құралына инвестициялау.
• Жылжымайтын мүлік: Тұрғын үйлер, коммерциялық ғимараттар немесе жерге инвестициялау.
• Пайлық қорлар: Көптеген инвесторлардың қаражатын жинақтап, түрлі активтерге инвестиция салатын қорлар.
• ETF (Exchange-Traded Funds): Пайлық қорларға ұқсас, бірақ биржада сатылатын қорлар.
• Криптовалюталар: Сандық валюталарға инвестициялау (мысалы, Bitcoin, Ethereum).
👍51❤15
DAY-7.Тапсырмасы:

1. Бүгін жаратқан ақшаны жазып,есептеп жүру
2.Өзіңізге ыңғайлы инвестиция түрін таңдау

Жұмыс күндеріңізге сәттілік❤️
👍38💯7❤6
Бүгінгі жаңалықтар:

ҚР Ұлттық банкі $970 млн. мөлшерінде шетел валютасын сатып, ҚазАтомПром акцияларын алады.

Қазақстанның Ұлттық банкі $970 миллион мөлшерінде шетел валютасын сатуды жоспарлап отыр. Бұл сома Ұлттық қордан шетел валютасы түрінде алынатын болады және Казатомөнеркәсіп компаниясының акцияларын сатып алуға бағытталады деп хабарлады орталық банк.

Валюта сату төрт ай ішінде біркелкі жүзеге асырылатын болады. Ұлттық қор акцияларды мемлекеттік Самұрық-Қазына холдингінен сатып алады, ал қаражат бюджетке бағытталады деп хабарлаған болатын.
❤28👍5
Нарық:
👨‍💻17🔥8
•Доллар Трампқа жасалған оқиғадан кейін күшеюде, ал Азия валюталары әлсіреуде.

•Азия акциялары Қытайдың әлсіз ВВП-сының аясында түсіп жатыр
💯38❤12👍8🔥5
Қайырлы таң✊🏻

DAY-8.Инвестиция түрін таңдау

Инвестицияның артықшылықтары мен кемшіліктері
• Акциялар:
• Артықшылықтары: Жоғары табыс потенциалы, дивидендтер алу мүмкіндігі.
• Кемшіліктері: Зерттеусіз жасалса,Жоғары тәуекел, нарықтың ауытқуына тәуелділік.
• Облигациялар:
• Артықшылықтары: Тұрақты кіріс, төмен тәуекел.
• Кемшіліктері: Төмен табыс потенциалы, инфляция әсері.
• Жылжымайтын мүлік:
• Артықшылықтары: Тұрақты табыс, мүлік құнының өсуі.
• Кемшіліктері: Жоғары бастапқы инвестиция, басқару қиындықтары.

Инвестициялық стратегиялар
• Диверсификация
: Тәуекелді азайту үшін активтерді әртүрлі инвестициялық құралдарға бөлу.
• Құнды инвестициялау: Бағасы нарық құнынан төмен активтерді іздеу.
• Өсуге бағытталған инвестициялау: Болашақта жоғары өсу потенциалы бар активтерді таңдау.
• Табысты инвестициялау: Тұрақты дивидендтер немесе пайыздар әкелетін активтерге салу.
👍59❤5💯5😍2🥰1
DAY-8.Тапсырмасы:

1. Бүгін жаратқан ақшаны жазып,есептеп жүру
2.Өзіңізге ыңғайлы инвестиция мен стратегия түрін таңдау

Марафонға қатысып жатсаңыз лайк қойып кетіңіз❤️✊🏻
❤187🔥10👍9😁7
Қандай инвестиция түрін таңдадыңыз?
Anonymous Poll
74%
Акция
13%
Облигация
13%
Жылжымайтын мүлік(үй,квартира)
👍14❤2