🇰🇿🇷🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
✔️Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.

– Елдеріміздің арасындағы байланыс беки түсті. Бұл мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды. Сіздің Астанаға жасаған сапарыңызды жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңызды кезеңі ретінде қарастырамыз. Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған сапары барысында Уфада өңіраралық форум табысты өтті. Биыл біз кезекті форумды Қазақстан аумағында, яғни Орал қаласында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ынтымақтастықтың осы форматы нәтижелі болады деп ойлаймын, – деді Президент.
Қос музейге ұлттық мәртебе берілді
Бүгін Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.
Тарихы өткен ғасырдан басталатын Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі мен Мемлекеттік орталық музей жаңа статусқа ие болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың мамыр айында Ұлттық музей, Мемлекеттік Орталық музейі, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер музейіне ұлттық мәртебе берілетінін мәлімдеген болатын.

📣📣📣Туризм жыры: Вьетнамнан Бозжыраға дейін
Қазір Дубай мен Түкрияны қойып, Вьетнам мен Тайландқа демалып келуге ұшатын қазақ көп. Неге? Өйткені климаты жылы, қолжетімді, туризм дамыған. Осындайды көрген сайын сол баяғы өзімізде неге туризм дамымайды деп ойланамыз. Ол жыр болған мәселе. Айтып айтып, қойдық
✅Расымен де, еліміздің қай аймағын алып қарасақ та, көрікті жерлер жетерлік. Алайда оған жету қиын, онда өмір сүру қиын, былай айтқанда инфрақұрылымды дамыту аса өзекті мәселе болып отыр.
🔹Оған қоса, бізде бір жаман әдет бар, бір әдемі жер табылса соның әдемілігін пайдаға асырып, туризмді дамытудың орынына сол әдемілікті құртуға асығып тұратын сияқтымыз. Естеріңізде болса, ковид кезінде Астана маңындағы Көбейтұз атты қызғылт көл тым танымал болып кетіп еді. Соны Астана маңындағы туризмді дамытуға пайдаланудың орынына тұзын мөшектеп тасып, ақыры бар әдемілігінен айырдық. Мұны енді жабайылық дейміз бе, түк көрмегендік дейміз бе, білмеймін.
🔸Бұдан қала берді табиғат тылсымын тапқандарға «Ойбай, ертең ол жердің сиқын кетіресіңдер, әдемілікті адамдар жойып тастайды» деген керітартпа пікірлер айтылады. Содан да болар елдегі туризмнің тұралап тұрғаны. Бір ғана мысалы – Бозжыра. Соның қойнауында әдемі қонақ үй салып, жергілікті әрі шетелдік туристтердің ағылып келгеніне қарап отыратын уақыт баяғыда болған еді. Алайда жоқ жерден дабыл қаққандардың кесірінен бар жұмыс тоқтап қалды. Көкжайлау да тура осындай мысал бола алады.
Бірақ елдегі туризм ақырындап алға жылжып келеді. Мысалы, 2023 жылы елімізге 9,2 млн турист келсе, 2024 жылдың 9 айында-ақ бұл көрсеткіш 11 млн-ды құраған. Жалпы, әлем тарапынан Орталық Азия елдеріне, соның ішінде мәдениеті мен тарихы бай, табиғаты әсем Қазақстанға деген қызығушылық қарқынды өсуде.
Ойлап қараңыздаршы, туризм арқылы елге миллиардтаған қаражат тартып, жаңа жұмыс орындарын ашып, аймақтарды дамытып жатсақ, нұр үстіне нұр емес пе? Қазір білекті сыбанып жіберіп, бұл іске кірісіп кетсек, алдағы бірер жылда Қазақстанның Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы туристік бағыт болуға әлеуеті толықтай жетеді.
Айбар Олжай, қаржыгер

Кеше Президент те Үкімет отырысында туризмнің экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажеттігін баса айтып, жұмыстың мардымсыздығына назар қойып, біраз сынады.

📢ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желі қолданушыларын шындыққа жанаспайтын ақпараттарды өшіруге шақырды.
«Қазіргі уақытта интернет кеңістігінде бірқатар өзекті мәселелер қызу талқылануда. Мониторинг көрсеткендей, онлайн-платформаларда көбінесе заңға қайшы, қарапайым тілмен айтқанда, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі таралады.
Осыған байланысты желілік ресурстардың әкімшілерін жаңалықтар ағынын мұқият қадағалап, расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырамын.
Әлеуметтік желі қолданушыларынан да ойланбай әрекет етпеуді, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес онлайн-платформаның бұғатталуы мүмкін жазбалар мен пікірлер қалдырмауды сұраймын.
Миллиондаған азамат жаңалықтарды онлайн платформалардан алатынын ескере отырып, біздің министрлік тыйым салу шараларына сирек жүгінетінін атап өткім келеді. Дегенмен, желілік ресурстардың әкімшілері де өз әрекеттерінің салдарын түсініп, ақпарат таратуда ең алдымен оқырман мен қоғам алдындағы жауапкершілікті жіті ұғынуға тиіс».
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі Акихиса Нагашиманы қабылдады
✔️Президент Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.

– Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді. Екі ел арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз «Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік» деп айтамыз, – деді Мемлекет басшысы.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.
📣📣📣Активтерді қайтару: Үкімет Ақтауда облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысын қаржыландыруға 4,6 млрд теңге бөлді
📌 Президенттің тапсырмасын орындау аясында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында Ақтауда жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге қауқарлы облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы салынады. Бұл мақсатқа Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге бөлді.
🔸Нысанның құрылысы Ақтау қаласының 34А шағын ауданында орналасқан 2,6 гектар жер учаскесінде жоспарланған.
✅Қазіргі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына шамамен 55,2 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның біреуі 1 музыкалық мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана және 2 балабақша бар.

📣📣📣”Орта державадағы” елміз
✅Жалпы орташа, қоңыртөбел, қалың ортада жүргенге не жетсін. Суырылып алға да шықпайсың, көштің артында шұбатылып та жүрмейсің. Сондай Middle Level өмірге жетуіміз керек бәріміз. Барлығы өз мөлшерімен болғанға не жетсін.
Ал Президенттің сөзін Премьер-министріміз іске асырады. Ең бастысы сенім болса, еліміз де алдыға баспақ!
Самат Нұртаза, саясаттанушы
“Орта Держава” деген атауға төрт құбыла да сай болу керек.
Әскерің де, Дәрігерің де, Ұстазың да, Жұмысшыларың да. Орта Держава деген территориялық, геолокациялық өлшем емес. Бұл бірінші кезекте қарапайым әлеуметтік өлшем. Орта Державада тұратын адам - орташа өмір сүру керек. Орташа жалақы, орташа демалыс, орташа саяхаттау, орташа баспана дегендей …
✅Жалпы орташа, қоңыртөбел, қалың ортада жүргенге не жетсін. Суырылып алға да шықпайсың, көштің артында шұбатылып та жүрмейсің. Сондай Middle Level өмірге жетуіміз керек бәріміз. Барлығы өз мөлшерімен болғанға не жетсін.
Ал Президенттің сөзін Премьер-министріміз іске асырады. Ең бастысы сенім болса, еліміз де алдыға баспақ!
Самат Нұртаза, саясаттанушы
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауы
Қадірлі баспасөз қызметкерлері!
Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі.
Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді.
Елімізде түрлі кезеңде жарық көрген басылымдар қашанда ұлт мүддесіне адал қызмет еткен. Аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келеді. Олар шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүр.
Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке тілеймін!

📣📣📣Өткен аптадағы маңызды жаңалықтар – дәстүрлі дайджестте
🔸Премьер-министр: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады
🔸Кедергісіз сауда, бизнес үшін қолайлы жағдай және туризм: Олжас Бектенов Алматыда ЕҮАК-тың кеңейтілген және шағын құрамдағы отырыстарына қатысты
🔸Digital Almaty 2025 цифрлық форумы: инновациялық даму перспективалары және AI-дің экономикаға, өнеркәсіптік экожүйелерге, медицинаға, білімге және басқа да салаларға интеграциясы мәселелері қаралды
🔸Халықаралық ынтымақтастық:
✔️Олжас Бектенов ҚХР-дың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады: қазақстандық астықтың қытай нарықтарына экспортын арттырудың маңыздылығы атап өтілді, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды
✔️Астанада Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады: Екі ел арасындағы ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары қаралды
✔️Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері АӨК, өнеркәсіп және су саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады
✔️Олжас Бектенов Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Арефпен кездесті: екі ел арасындағы агроөнеркәсіп тауарлары айналымы бір жылда 25%-ға өсті
🔸Активтерді қайтару: Үкімет Ақтауда облыстық жедел медициналық көмек көрсету стансасы құрылысын қаржыландыруға 4,6 млрд теңге бөлді
🔸Көлеңкелі экономика үлесін төмендету жөніндегі KPI мемлекеттік органдардың даму жоспарына енгізілетін болады
🔸Үкіметте Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Юджин Джонгпен кездесу өтті: ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

Telegram
UKIMET
Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады
📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында…

👍1
📣📣📣Білікті әкімдер корпусының жаңа буыны қалыптаспақ
🔹Саяси реформалар пакеті биылғы жылы аудан және қала әкімдерін тікелей халықтың сайлауымен одан әрмен жалғасады. Бұл халықпен сайланған әкімдер корпусының жаңа буынын одан әрмен кеңейтетіні сөзсіз.
Осы орайда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын қолға алуды тапсырды.
🔸Қабылданған сайлауалды бағдарламалар, аймақтарды дамытудың партиямен бекітілген жол картасы, өңірлік бюджетті қалыптастыру, маслихаттармен тиімді іскерлік байланыс орнату тұрғысынан да жергілікті мемлекеттік қызметте партияның саяси институт ретінде алар орны ерекше екені анық.
🟢Осы тұрғыдан таяуда болған Үкімет отырысында Президент атап өткен «Әкімдер мектебі» оқыту жобасы жергілікті мемлекеттік басқарудың дамуына, тәжірибелі кадрлық құрамның қалыптасуына ықпал етер оң бастама болады деп сенемін. Бұл саяси реформалар пакетін жан-жақты талдамалық зерттеулермен, прагматикалық көзқараспен, елеп-екшеген, тереңінен болжай отырып жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан Қазақстандық жолдың бір көрінісі екендігі сөзсіз.
Бүгінгідей геосаяси алмағайып заманда еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болып, ортақ Отанымыз Қазақстанның мемлекеттілігі берік болсын!
Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы
🔻2021 жылдан басталған ауыл әкімдерін сайлау процесі елімізде іске асқан оң реформалардың бірі. Бұл өзгеріс мемлекеттік қызметте өтілі бар азаматтармен қатар жеке сектордан мемлекеттік басқаруға келгісі келетін азаматтар үшін де мүмкіндіктер есігін ашқаны сөзсіз. Атап өту керек бүгінгі таңда демократиялық құндылықтарды негізге алған аталған реформаның нәтижесінде республикамызда 2,5 мыңнан астам сайланған ауыл әкімдерінің жаңа легі қалыптасып үлгерді.
🔹Саяси реформалар пакеті биылғы жылы аудан және қала әкімдерін тікелей халықтың сайлауымен одан әрмен жалғасады. Бұл халықпен сайланған әкімдер корпусының жаңа буынын одан әрмен кеңейтетіні сөзсіз.
Осы орайда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын қолға алуды тапсырды.
🔸Қабылданған сайлауалды бағдарламалар, аймақтарды дамытудың партиямен бекітілген жол картасы, өңірлік бюджетті қалыптастыру, маслихаттармен тиімді іскерлік байланыс орнату тұрғысынан да жергілікті мемлекеттік қызметте партияның саяси институт ретінде алар орны ерекше екені анық.
🟢Осы тұрғыдан таяуда болған Үкімет отырысында Президент атап өткен «Әкімдер мектебі» оқыту жобасы жергілікті мемлекеттік басқарудың дамуына, тәжірибелі кадрлық құрамның қалыптасуына ықпал етер оң бастама болады деп сенемін. Бұл саяси реформалар пакетін жан-жақты талдамалық зерттеулермен, прагматикалық көзқараспен, елеп-екшеген, тереңінен болжай отырып жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан Қазақстандық жолдың бір көрінісі екендігі сөзсіз.
Бүгінгідей геосаяси алмағайып заманда еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болып, ортақ Отанымыз Қазақстанның мемлекеттілігі берік болсын!
Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы
Сейсенбі, 4 ақпан күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
• Автожол саласын дамыту және аталған салада цифрлық технологияларды енгізу.
📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша көлік министрі Марат Қарабаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
➖

📣📣📣Қазақстандағы ҚҚС: халықаралық тәжірибе мен ғылыми зерттеулерге сүйенудің маңыздылығы
❗️❗️❗️Салық саясатында шешім қабылдау эмоцияларға немесе әлеуметтік желілердегі пікірлерге емес, әлемдік тәжірибеде тиімділігін дәлелдеген объективті деректерге негізделуі керек.
🔹ҚҚС мемлекет кірістерін жұмылдыру үшін табысты қолданылатын салық жүйесінің негізгі құралдарының бірі болып саналады. Оның тиімділігі теориялық зерттеулермен де, тәжірибемен де расталады. Мысалы, Keen and Lockwood (2006) зерттеуі ҚҚС енгізген елдер ҚҚС жоқ елдерге қарағанда көбірек салық түсімдерін жинайтынын көрсетті.
Осыған ұқсас қорытындылар Ebeke, C., Mansour, M., & Rota-Graziosi, G., 2016 зерттеулерінде жасалды, олар ҚҚС салық түсімдерінің ұлғаюына ғана емес, құбылмалылықтың төмендеуіне де ықпал етті деген қорытындыға келді.
Бүгінгі таңда ҚҚС әлемнің 170-тен астам елінде қолданылады және олардың көпшілігінде ол салық түсімдерінің 25%-дан астам үлесін құрайды.
🔹Еуропалық Одақ елдерінде орташа ҚҚС мөлшерлемесі 21%-ды құраса, Норвегия, Швеция сияқты дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25%-ға жетеді. Посткеңестік елдерде тарифтер Грузияда 18%-дан Латвияда 21%-ға дейін өзгереді. Бұл деректер ҚҚС бюджетті толтырудың әмбебап құралы екенінің дәлелі.
🔸Дегенмен, ҚҚС мөлшерлемесін ғана емес, салық төлеушілерді тіркеудің шегін де ескерген жөн. Зерттеулер (Keen, M., & Mintz, J., 2004) тым жоғары шекті көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпал ететінін көрсетеді.
Қазақстанда қазірдің өзінде ҚҚС төлемеу үшін ірі кәсіпорындардың бөлініп кету фактілері бар.
Бұл ретте белгіленген шекті межеге жетпеген компаниялар ҚҚС есептеп, қайтара алмайды. Бұл бизнеске сай емес жағдай туғызып, көлеңкеге түсуге итермелейді. Бұл өз кезегінде салықтық әкімшілендірудің тиімділігін төмендетіп, бюджет шығынына әкеледі.
✅Мемлекет басшысы цифрландыру мен салықтық әкімшілендіруді оңайлатудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті.
ҚҚС-ның бірнеше мөлшерлемелерін енгізу, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жүйені қиындатады. Қателер ықтималдығын және әкімшілік шығындарды арттырады. Сондықтан, менің ойымша, Қазақстан ҚҚС-ның бірыңғай ставкасын енгізу мүмкіндігін қарастыруы керек. Бұл салық жүйесін жеңілдетіп қана қоймай, оның ашықтығын арттырып, әкімшілік шығындарды азайтады. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру деңгейін қолдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне теріс әсер етпеу үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен өнімдерге ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін сақтауға болады.
Салық саясаты, оның ішінде ҚҚС қаржылық тұрақтылықты және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Қазақстан халықаралық тәжірибеге және ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, салық жүйесін айтарлықтай жетілдіре алады, көлеңкелі экономика деңгейін төмендете алады және әкімшілендірудің тиімділігін арттырады. Бұл өз кезегінде салық түсімдерінің ұлғаюына әкеледі және инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін қосымша ресурстар жасайды.
Азаматтар оң өзгерістерді бірден сезінбесе де, ұзақ мерзімді перспективада мұндай шаралар ел экономикасы мен халықтың өмір сүру деңгейіне тиімді әсер етеді. Салық саясаты бюджетке қаражат жинау ғана емес, мемлекеттің тұрақты дамуы мен өркендеуіне жағдай жасау құралы екенін есте ұстаған жөн.
ҚҚС ставкасының ықтимал өзгерістерін және ҚҚС төлеушілерді тіркеу шегін төмендетуді белсенді талқылау аясында бұл мәселеге теңгерімді түрде қарау және дамыған елдердің дәлелденген тәжірибесіне, сондай-ақ зерттеулерге сүйену аса маңызды.

✉️Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
🇰🇿🇱🇰Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
✔️Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.

– Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.
Мемлекет басшысы Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.
✔️Мемлекет басшысы қазақ-түрікмен қарым-қатынастары барлық бағытта достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанына назар аударды.
✔️Қазақстан Президенті Ашхабад бастамашы болған Бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Бұл Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымының 30 жылдығымен қатар келіп отыр.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның бітімгершілік бастамаларының маңызы зор екенін айтып, оны табысты жүзеге асыру үшін Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін атап өтті.
✔️Екі ел арасында экономикалық байланыстар қарқынды дамып, мемлекеттер мүддесіне сай келетін өзекті мәселелер конструктивті тұрғыдан ілгерілеп келеді.

📣📣📣Қазақстандағы USAID біржола жабылды деген үміттеміз
Қағаз жүзінде оның миссиясы кіршіксіз болып көрінеді. Мәселен, денсаулық сақтауды, демократияны және адам құқықтарын қолдау. Дегенмен, әдемі ұрандардың артында айтылған мақсаттарға сәйкес келе бермейтін күрделі саяси жүйесі жатыр.
🔻Посткеңестік елдердегі USAID тарихы көкейде көптеген сауал тудырады
Мысалы, Ресейде агенттік елдің ішкі істеріне араласты деген айыппен қызметі тоқтатылғанға дейін, яғни 1992 жылдан 2012 жыл аралығында жұмыс істеді.
Мәскеу USAID гранттарды саяси процестерге, соның ішінде сайлауға ықпал ету үшін пайдаланғанын айтты. Осыған ұқсас шағымдар USAID белсенді жұмыс істейтін басқа елдерде, соның ішінде Украина мен Беларусьте де болды.
🔻Қазақстанда USAID демократияны дамытуға, БАҚ пен құқық қорғау ұйымдарын қолдауға қатысты жобаларды қаржыландырады.
Мысалы, 2020–2021 жылдары агенттік «тәуелсіз сот жүйесін» дамытуға 915 мың доллар және қазақстандық БАҚ-тың «тәуелсіздігін» қолдауға 475 мың доллар бөлді.
Бірақ бір «бірақ» бар: сіздің тіршілігіңіз шетелдік гранттарға тәуелді болса, тәуелсіздік туралы айтудың өзі мұң. Ендеше, сөз бостандығы – сөйлеу құқығында емес, не үшін ақы төленетінін айтуда ма сонда? USAID-тің тәуелсіздігі осылай көрінеді...
Сонымен қатар, USAID үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) белсенді ынтымақтасады, олар көбінесе белгісіз тұлғалардың, бәлкім ЦРУ сияқтылардың сойылын соғады. Бұл қазір АҚШ-та расталса, грант иеленгіштер шет елдің барлауына жұмыс істеген деген сөз.
Өйткені, үкіметтік емес ұйымдар қаржы алған кезде өз елінің мүдделеріне қарсы жұмыс істеп, бізге жат құндылықтар мен идеяларды насихаттайтын АҚШ-тың сыртқы саясатының құралына айналады.
USAID-пен байланысты кейбір келеңсіздіктерді айтпай кетуге болмайды
2014 жылы Кубада тіпті АҚШ үшін жұмыс істейді деп күдікке ілінбеген кубалық рэперлерді пайдаланып, үкіметке қарсы қозғалыс құру әрекеті орын алғаны белгілі болды. Операция алдыңғы қатарлы компаниялар мен банктер арқылы қаржыландырылды, бұл халықаралық ортада дүрбелең тудырды.
Ал 2016 жылы WikiLeaks USAID-ті Ресей мен басқа да посткеңестік елдерге қарсы бағытталған «Панама құжаттары» жанжалын қаржыландырды деп айыптады.
2021 жылы Беларусьте USAID-ке тыйым салынды.
2025 жылы АҚШ-тың жаңа президенті сыртқы көмекті қайта бағалау туралы бұйрыққа қол қойды, бұл көптеген бағдарламалардың тоқтатылуына әкелді.
Илон Маск, Үкіметтің тиімділігі басқармасының басшысы USAID-ті «қылмыстық ұйым» деп атады және оны биологиялық қаруды, соның ішінде COVID-19 зерттеулерін қаржыландырды деп айыптады.
«Интернеттен сіз мақаланы таба аласыз, авторының американдық барлау агенттіктерімен байланысы бар. АҚШ бюджетінен қаржыландырылатын USAID және NED американдық қорлары «Майдан қызметкерлерін» оқытуға тиісінше 2 290 740 және 1 082 991 доллар жұмсады деп мәлімдейді. Қазақстанда 2021 ж. ақша «адам құқықтары мәселелерін шешу үшін коалицияны тиімді жұмылдыруға және осындай реформаларды жақтаушыларға», «бірлесу бостандығын қолдауға», «діни еркіндіктің халықаралық стандарттарын ілгерілетуге» және «құқық қорғаушылардың» барлық түрлерін оқытуға және т.б. режимге қарсы күресушілер» және олардың жақтастарына жұмсалды. Барлығы 2001-2021 жылдар аралығында USAID Қазақстанға 547 миллион долларын арнады. Яғни бүгінгі таңда агенттікке тағылған айыптарды ескере отырып, барлық грант алушыларды тексеру қажет.
Шетелдік агенттерді “оттегімен” қамтамасыз етуді тоқтатудың уақыты келді. Оны бұғаттау керек. Еліміздің өз ақылы өзіне жетеді.
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық Даму Агенттігі (USAID) — 1961 жылы шет елдерге «көмек» көрсету үшін құрылған Америка Құрама Штаттарының федералды агенттігі.

Өйткені, грантқа ие болған сол ҮЕҰ-лардың көбі Қазақстан азаматтарын билікке қарсы қоюмен және мұндағы жағдайды тұрақсыздандырумен ғана айналысты. Ал егер олар мұны ақша үшін істесе, олардың әрекеттері опасыздық жасағанмен тең деген сөз.
Шетелдік агенттерді “оттегімен” қамтамасыз етуді тоқтатудың уақыты келді. Оны бұғаттау керек. Еліміздің өз ақылы өзіне жетеді.
❤1
📣📣📣Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
🔹Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
✅Білім беру нысаны «Вокзал» шағын ауданында салынады. Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап, білім алуға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.
🔹Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардыі салуға шамамен 56,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.
Арнаулы мемлекеттік қорға ақша қаражатын аударудан басқа, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізілуде.
🔹Жұмыс жалғасуда.

📣📣📣Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Ержан Сәденов:
✔️елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берді;
✔️елімізде қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайғанын баяндады:
– соңғы жылдары қылмыс деңгейінің, әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлері көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады;
– тергеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы қылмыстың барлық санаты бойынша ашылуы жақсара түскен;
✔️қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы айтты. 2024 жылы полиция іздеуде жүрген 1949 адамды ұстаған;
✔️ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды:
– ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін 264 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған;
– соңғы 12 айда есірткі таратуға қатысты ақпарат жариялаған 7500-ге жуық интернет-ресурс анықталып, 22 тоннаға жуық есірткі айналымға жіберілмеген, 64 есірткі зертханасы жойылған;
– интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталған. Нөмірлерді ауыстыруға арналған 48 SIM-box құрылғысы әшкереленген. Алаяқтардың 2 миллиард теңгеден астам қаржыны елден шығаруына жол берілмеген;
✔️кәмелет жасына толмағандардың құқықтарын қорғау, көші-қонды бақылауды күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.
❗️Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
✔️Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды.
✔️Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.