Forwarded from ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
⚛️ «Қазақстан флорасы» академиялық басылымы қалай жазылды?
Кеңестік уақыттан бері біз қазақ ботаникасының атасы Николай Васильевич Павлов дейміз. Иә, ол рас, ол факт. Оны ешкім аттап кете алмайды.
Николай Павловтың еңбегі неде? Академик Қаныш Сәтбаевтың тұсында Николай Васильевич Ұлттық ғылым академиясында ботаника секторын басқарды, кейін Ботаника институтын құрды.
Ботаника институтынан кейін бес институт жеке бөлініп шықты. Ботаник ғалымдардың бірнеше буыны Николай Васильевичтің ғылыми мектебінен тәлім алды.
Кеңестер Одағының отыз томдық «Флора» анықтамалығы 1931-жылдан бастап жазылды, сұрапыл соғыс жүріп жатқанда да тоқтамаған. Рет-ретімен, жоспармен шығып отырған.
Көптеген одақтас республикалар үкіметі Москвадағы, Ленинградтағы институтқа тапсырыс беріп, өзінің флорасын жаздырды. Қырғыздың, өзбектің флорасы бізден ерте шықты. Өйткені Қазақстан үкіметі орталыққа тапсырыс берген жоқ.
«Қазақстан флорасы» энциклопедиялық анықтамалығының І томы 1956-жылы шықты.
Бас редакторы – Н. Павлов.
Оның шығу тарихы былай:
Академик Қаныш Сәтбаев өзіне Павловты шақырып, «Николай Васильевич, көршіміздің бәрі флорасын жазып жатыр. Біз өзіміз жаза аламыз ба?» дейді. «Әрине, жаза аламыз» деп жауап береді Павлов.
Сөйтіп, ғалымдар тоғыз жылда он томдықты жазып шықты, нәтижесінде қазақстандық ботаника ғылыми мектебі қалыптасты.
📍Никола́й Васи́льевич Павлов (1893-1971) – Совет ботанигі, ботаникалық география және систематика саласының маманы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Сталин атындағы сыйлықтың лауреаты.

«Павлов қазаққа «Флораны» берді. Ол одан кейін ештеңе істемесе де төбемізге көтеріп жүретін жөніміз бар» деген еді көрнекті ғалым Иса Байтулин.
Николай Павловтың еңбегі неде? Академик Қаныш Сәтбаевтың тұсында Николай Васильевич Ұлттық ғылым академиясында ботаника секторын басқарды, кейін Ботаника институтын құрды.
Ботаника институтынан кейін бес институт жеке бөлініп шықты. Ботаник ғалымдардың бірнеше буыны Николай Васильевичтің ғылыми мектебінен тәлім алды.
Кеңестер Одағының отыз томдық «Флора» анықтамалығы 1931-жылдан бастап жазылды, сұрапыл соғыс жүріп жатқанда да тоқтамаған. Рет-ретімен, жоспармен шығып отырған.
Көптеген одақтас республикалар үкіметі Москвадағы, Ленинградтағы институтқа тапсырыс беріп, өзінің флорасын жаздырды. Қырғыздың, өзбектің флорасы бізден ерте шықты. Өйткені Қазақстан үкіметі орталыққа тапсырыс берген жоқ.
«Қазақстан флорасы» энциклопедиялық анықтамалығының І томы 1956-жылы шықты.
Бас редакторы – Н. Павлов.
Оның шығу тарихы былай:
Академик Қаныш Сәтбаев өзіне Павловты шақырып, «Николай Васильевич, көршіміздің бәрі флорасын жазып жатыр. Біз өзіміз жаза аламыз ба?» дейді. «Әрине, жаза аламыз» деп жауап береді Павлов.
Сөйтіп, ғалымдар тоғыз жылда он томдықты жазып шықты, нәтижесінде қазақстандық ботаника ғылыми мектебі қалыптасты.
📍Никола́й Васи́льевич Павлов (1893-1971) – Совет ботанигі, ботаникалық география және систематика саласының маманы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Сталин атындағы сыйлықтың лауреаты.
🇰🇿🇯🇴Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келді
➤ Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды.
➤ Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

Олжас Бектенов Ұлытау облысында шахтадағы апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есепті тыңдады
📌 Отырыста Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
🔘 Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды.
— деп атап өтті Премьер-министр.

«Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
🔘 Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды.
«Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз»,
— деп атап өтті Премьер-министр.
Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына келді
🇰🇿🤝🇯🇴 Қазақстан Президентін Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды.

🇰🇿🇯🇴 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді
▪️Президент, ең алдымен, Король II Абдалланың билік басына келгеніне ширек ғасыр толуымен құттықтап, оның Иордания халқының өсіп-өркендеуіне және елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету мен халықаралық аренадағы абырой-беделін арттыруға бағытталған жасампаз бастамаларының сәтті жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.
▪️Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып келе жатқаны үшін Иордания көшбасшысына алғыс айтты.
▪️Президенттің пікірінше, Иордания – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бейіл ел ретінде халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалған мемлекет.
▪️Мемлекет басшысының айтуынша, бүгін қабылданатын Бірлескен мәлімдеме мен келісімдер Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша арттыруға қос тарап та мүдделі екенін білдіреді.

– Бұл сапарымның мақсаты – біздің қарым-қатынастарымызға, достығымыз бен сауда-экономикалық байланыстарымызға тың серпін беру. Әлемде орын алып жатқан үдерістерге қатысты көзқарасымыз бен оған беретін бағамыз ортақ деп санаймын. Сонымен қатар біз саяси деңгейдегі ынтымақтастығымызды тереңдете түсуге ниеттіміз. Біздің айқын жоспарымыз бар. Таяу болашақта нақты уағдаластықтарға қол жеткізіп, оның оң нәтижелерін көретінімізге сенімдімін. Біз өзара ықпалдастығымыздың аясында аянбай жұмыс істеуге дайынбыз. Иорданияны достас мемлекет деп санаймыз. Екі елді байланыстыратын дүние көп, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
▪️Мемлекет басшысының айтуынша, бүгін қабылданатын Бірлескен мәлімдеме мен келісімдер Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша арттыруға қос тарап та мүдделі екенін білдіреді.
📣📣📣Мемлекет басшысы Король II Абдалланы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстады.
✔️Президент марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігінің арасында берік серіктестік қатынастар орнағанын, Король ІІ Абдалланың қазақ-иордан байланыстарын нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
🇯🇴 Король II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік марапатына лайық көргені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас қазақ халқына ризашылығын білдірді.

– Ұлы Мәртебелі Королдің айнымас ниетінің арқасында біз экономика мен инвестициялық ықпалдастықтан бастап мәдени және білім салаларына дейін өзара мүддемізге сай келетін ынтымақтастығымызды нығайттық. Аса көрнекті мемлекет қайраткері, бейбітшіліктің қорғаны әрі даналықтың үлгісі ретінде Сіздің ісіңіз әлемдегі көп адамға жігер береді. Қазақстан халқы Сізді ерекше құрметтейді. Иорданияның тек серіктес қана емес, нағыз достас ел екенін мақтан тұтамыз. Ұлы Мәртебелі Королдің байыпты басшылығымен Иордания өңірдегі тұрақтылықты, дінаралық диалогты және гуманитарлық қызметті ілгерілетуде шешуші рөл атқарып отыр. Бұл құндылықтар Қазақстанның бейбітшілікті, толеранттылық пен дипломатияны жақтайтын ұстанымына сай келеді. Сіздің зор күш-жігеріңіз бен ұдайы қолдауыңыздың арқасында біз өзара ынтымақтастығымыздың келешегіне зор үмітпен қараймыз, – деді Мемлекет басшысы.
🇯🇴 Король II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік марапатына лайық көргені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас қазақ халқына ризашылығын білдірді.
📣📣📣📣📣Қазақстан мен Иордания бір-бірінен алшақ болып көрінгенімен, оларды өзара тиімді ынтымақтастыққа деген ұмтылыс біріктіреді
❗️ Әрбір осындай сапар - қыруар жұмыс, хат алмасу мен келіссөздердің ұзақ кезеңдері, ынтымақтастық шарттарын талқылау, ортақ тұстарды іздеу және бұл жұмыстардың барлығы еліміз үшін, әр бір азаматымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.
Президентіміздің бүгінгі сапары барысында 15 құжатқа қол қойылды.
✅Олардың қатарында бейбіт мақсаттағы ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум да бар.
Уран өндіруде әлемдік көшбасшы саналатын Қазақстан үшін бұл өзінің жаһандық қатысуын кеңейту, қосымша кіріс алу, Қазақстаннан тыс жерлерде уран барлау, өндіру бойынша жаңа жобаларды дамыту, жұмыс орындарын құру, инновацияларды дамыту және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
✔️ Отанымыз тек шикізат жеткізуші ретінде ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялық жобалардың белсенді қатысушысы бола алатынына дәлел.
Экономика - әр азаматты толғандыратын мәселе. Және бұл салада жақсы жаңалықтар да бар.
✔️ Демек біздің кәсіпорындар жаңа сату нарықтарына ие болады. Даму мен өсу үшін жол ашылады. Қазақстандық бидай, ет, бұршақ дақылдары – қазір Таяу Шығыста сұранысқа ие.
✔️ Иорданиялық инвесторлар да елімізді жаңа жұмыс орындарымен, жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыратын бірлескен өндіріс орындарын құруға арналған инвестиция салуға дайын. Соңғы 20 жылда иорданиялық инвесторлар Қазақстан экономикасына 15,5 миллион долларға жуық инвестиция салды. Қазіргі уақытта елде иорданиялық капиталдың қатысуымен 94 компания тіркелген, оның 59-ы белсенді жұмыс істейді.
🌾 Иордания қазақстандық астықты жеткізуге, оның ішінде Каспий теңізі арқылы баламалы көлік жолдарын пайдалануға мүдделі. Ынтымақтастық Қазақстан тауарларын Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка нарығына экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Атап айтқанда, Иорданиядағы Акаба портын пайдалану осы аймаққа, соның ішінде Алжир, Египет, Израиль, Ирак және т.б. елдерге сауда-саттығымызды кеңейтуде маңызды қадам болуы мүмкін.
✔️ Біздің еліміз үшін бұл жаңа нарықтарға қол жеткізу ғана емес, сату нарықтарын да, көлік бағыттарын да әртараптандыру. Бұл біздің экономикамызды тұрақты етеді.
Президент Тоқаевтың әрбір сапары тек ұшулар мен кездесулерден тұрмайды. Бұл Қазақстанды нығайтып, әрқайсымыздың өмірімізді жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыс. Әрбір қол қойылған келісім, әрбір жаңа серіктес – еліміз үшін биікке самғауға арналған қадам.
Ал бұл қадамдар Қазақстанның, оның азаматтарының болашағы үшін жасалып жатқанын көзіміз көріп отыр.
#Қазақстан #Иордания #Тоқаев #Қазатомөнеркәсіп #Ынтымақтастық #Экономика #Логистика
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иорданияға ресми сапары – жай ғана дипломатиялық сапар емес, Қазақстанның өмірін жақсартуға жасалған тағы бір қадам.
❗️ Әрбір осындай сапар - қыруар жұмыс, хат алмасу мен келіссөздердің ұзақ кезеңдері, ынтымақтастық шарттарын талқылау, ортақ тұстарды іздеу және бұл жұмыстардың барлығы еліміз үшін, әр бір азаматымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.
Президентіміздің бүгінгі сапары барысында 15 құжатқа қол қойылды.
✅Олардың қатарында бейбіт мақсаттағы ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум да бар.
Уран өндіруде әлемдік көшбасшы саналатын Қазақстан үшін бұл өзінің жаһандық қатысуын кеңейту, қосымша кіріс алу, Қазақстаннан тыс жерлерде уран барлау, өндіру бойынша жаңа жобаларды дамыту, жұмыс орындарын құру, инновацияларды дамыту және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
✔️ Отанымыз тек шикізат жеткізуші ретінде ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялық жобалардың белсенді қатысушысы бола алатынына дәлел.
Экономика - әр азаматты толғандыратын мәселе. Және бұл салада жақсы жаңалықтар да бар.
❗️ 2023 жылы Қазақстан мен Иордания арасындағы тауар айналымы 4,2 есеге өсті!
✔️ Демек біздің кәсіпорындар жаңа сату нарықтарына ие болады. Даму мен өсу үшін жол ашылады. Қазақстандық бидай, ет, бұршақ дақылдары – қазір Таяу Шығыста сұранысқа ие.
✔️ Иорданиялық инвесторлар да елімізді жаңа жұмыс орындарымен, жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыратын бірлескен өндіріс орындарын құруға арналған инвестиция салуға дайын. Соңғы 20 жылда иорданиялық инвесторлар Қазақстан экономикасына 15,5 миллион долларға жуық инвестиция салды. Қазіргі уақытта елде иорданиялық капиталдың қатысуымен 94 компания тіркелген, оның 59-ы белсенді жұмыс істейді.
🌾 Иордания қазақстандық астықты жеткізуге, оның ішінде Каспий теңізі арқылы баламалы көлік жолдарын пайдалануға мүдделі. Ынтымақтастық Қазақстан тауарларын Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка нарығына экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Атап айтқанда, Иорданиядағы Акаба портын пайдалану осы аймаққа, соның ішінде Алжир, Египет, Израиль, Ирак және т.б. елдерге сауда-саттығымызды кеңейтуде маңызды қадам болуы мүмкін.
✔️ Біздің еліміз үшін бұл жаңа нарықтарға қол жеткізу ғана емес, сату нарықтарын да, көлік бағыттарын да әртараптандыру. Бұл біздің экономикамызды тұрақты етеді.
Президент Тоқаевтың әрбір сапары тек ұшулар мен кездесулерден тұрмайды. Бұл Қазақстанды нығайтып, әрқайсымыздың өмірімізді жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыс. Әрбір қол қойылған келісім, әрбір жаңа серіктес – еліміз үшін биікке самғауға арналған қадам.
Ал бұл қадамдар Қазақстанның, оның азаматтарының болашағы үшін жасалып жатқанын көзіміз көріп отыр.
#Қазақстан #Иордания #Тоқаев #Қазатомөнеркәсіп #Ынтымақтастық #Экономика #Логистика
📣📣📣Олжас Бектенов: Инвестиция тарту – әкімдер мен министрлердің басым міндеті
📌 Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарау жөнінде кеңес өткізді.
🔻Басты мақсат – ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету және еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және капитал тарту жұмыстарын жандандыру үшін ықтимал шараларды қарастыру.
Сыртқы істер министрлігі, Kazakh Invest компаниясы басшылығының жұмыс қарқыны және инвестициялық қызмет динамикасына әсер еткен факторларды талдау бойынша ақпараты тыңдалды. 2024 жылы Қазақстанда 1,85 трлн теңгеге 230 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Инвестициялық штабтың жұмысы бір жыл ішінде жалпы құны $50 млрд-тан асатын жобалар бойынша инвесторлардың 115 проблемалық мәселесін жоюға мүмкіндік берді.
Қазақстанның неғұрлым жоғары қайта өңдеу және экспорттық мүмкіндіктер үшін әлеуеті бар бәсекелестік артықшылығы басым тауашаларға инвесторларды мақсатты тарту тәсілі енгізілуде. Ынтымақтастық пен белсенді инвестициялау кезеңіне өтудің нақты перспективалары бойынша келіссөздер жүргізу үшін сала көшбасшысы – үздік 10 компания анықталды. Осылайша, жұмыс экономиканың қажеттіліктерін, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын және басқа факторларды ескере отырып, «инвестицияларға тапсырыс беру» қағидаты арқылы қайта құрылады.
🔻Мысалы, Қытайдың ірі агроөнеркәсіптік компанияларымен нәтижелі жұмыс жүргізілді. Fufeng Group жақын арада Жамбыл облысында $350 млн-ға жүгеріні терең өңдеу арқылы натрий глутаматын өндіретін зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Dalian Hesheng Holding Group биыл жазда Ақмола облысында бидайды терең өңдеу кешені шеңберінде $650 млн-ға құрылыс-монтаждау жұмыстарына кіріседі. Барлық компаниялармен жобаларды «жайластыру» бойынша белсенді жұмыс жалғасуда, яғни инфрақұрылымға қол жеткізу және әкімшілік мәселелерді жедел шешуді қосқанда, қолайлы жағдайлар жасау.
✅Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешенді, энергетиканы, өнеркәсіпті, құрылыс материалдарын өндіруді және басқаларын қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларын қамтитын $12 млрд инвестициялардың жалпы көлемі бар 20 стратегиялық жоба айқындалды.
Ұсынылған жобалардың ішінен биыл 14 жоба бойынша инвестициялар туралы келісімдер жасасу қарастырылуда, 13 жоба бойынша – құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы, тағы 16 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау жоспарланып отыр.

6 мың жұмыс орнын ашу, экспорттың өсуі және ішкі құн үлесі: Олжас Бектенов «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді
📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Премьер-министрге холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қолданыстағы құралдар шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша 2024 жылғы инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы баяндалды.
🔷 «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин экономиканың шикізаттық емес секторын жалпы құны 4,09 трлн теңгеге қаржыландыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Өткен жылмен салыстырғанда қолдау көлемі 52%-ға артты. Барлығы 58 мыңға жуық квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жатпайтын жеке компаниялар мен ұйымдар қамтылды. Мемлекеттік қолдау шараларын арттыру нәтижесінде өңірлерде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

📣📣📣Салық заңнамасындағы өзгерістер туралы жаңалықтар легі
Қазақстан Конституциясының 54-бабының 2-тармағына сәйкес «Парламент мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және күшін жояды»
Министрліктің ұсынысы қандай?
1️⃣ ҚҚС бойынша тіркеу шегін төмендету – 20 000 АЕК-тен (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК-ке (15 млн теңге).
2️⃣ ҚҚС ставкасын арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, ал жекелеген салалар үшін 10%-ға төмендетілген мөлшерлеме сақталады.
3️⃣ Оңайлатылған салық режимін шектеу – ол тек түпкілікті тұтынушылармен (B2C) жұмыс істейтін бизнес үшін қолжетімді болады.
💡 Бұл өзгерістер экономиканың әртүрлі салаларына әсер етеді.
Енді депутаттар халық өкілі ретінде елдің, азаматтардың мүддесіне сай шешім қабылдау үшін барлық оң мен солын таразылауы керек.
📌 Жаңартулар мен өзгерістерден хабардар болыңыз.
Толығырақ https://t.me/presseconomy/7540 сайтынан оқыңыз
#Салықтар #Экономика #Қазақстан #ПарламентҚР
2025 жылғы 20 ақпанда Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне Салық кодексінің жобасына өзгерістер мен толықтырулар топтамасын енгізді.
Қазақстан Конституциясының 54-бабының 2-тармағына сәйкес «Парламент мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және күшін жояды»
Министрліктің ұсынысы қандай?
1️⃣ ҚҚС бойынша тіркеу шегін төмендету – 20 000 АЕК-тен (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК-ке (15 млн теңге).
2️⃣ ҚҚС ставкасын арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, ал жекелеген салалар үшін 10%-ға төмендетілген мөлшерлеме сақталады.
3️⃣ Оңайлатылған салық режимін шектеу – ол тек түпкілікті тұтынушылармен (B2C) жұмыс істейтін бизнес үшін қолжетімді болады.
💡 Бұл өзгерістер экономиканың әртүрлі салаларына әсер етеді.
Енді депутаттар халық өкілі ретінде елдің, азаматтардың мүддесіне сай шешім қабылдау үшін барлық оң мен солын таразылауы керек.
📌 Жаңартулар мен өзгерістерден хабардар болыңыз.
Толығырақ https://t.me/presseconomy/7540 сайтынан оқыңыз
#Салықтар #Экономика #Қазақстан #ПарламентҚР
Telegram
Экономика министрлігі 🇰🇿
✍️Мәжіліске Салық кодексінің жобасына түзетулер пакеті енгізілді
2025 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді. Өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге…

Үкімет Президенттің тапсырмасы бойынша өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша объектілерге қойылатын талаптарды күшейтеді
📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
🔷 Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа тәсілдер және еңбек қауіпсіздігі саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
🔵 ЦДИАӨМ отандық IT-мамандармен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шешімдер әзірлеу тапсырылды.

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
Әлихан Смайылов:
✔️Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған қызметінің қорытындылары мен осы жылға арналған жоспары жөнінде мәлімет берді;
✔️былтыр 214 нысанда құны шамамен 11 триллион теңгені құрайтын 27 аудиторлық іс-шара өткізілгені туралы баяндады:
– соның нәтижесінде жалпы сомасы 862 миллиард теңге болатын түрлі нормалардың бұзылғаны анықталған;
– тексерістердің қорытындысы бойынша бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылған. Бұл 2023 жылы өтелген қаржыдан бес есе артық;
✔️құрылыс нысандарындағы баға қалыптастыру, өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру, ауыл шаруашылығын субсидиялау ісінде олқылықтар үнемі байқалатынын айтты.
❗️Президент мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар бюджет қаржысының игерілуін тиімді бақылау үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңызына назар аударды.

📣📣📣Үкімет экономиканың нақты секторын ауқымды қаржыландыруға кірісуде
📌 Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және экономикаға инвестициялар тарту туралы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржылық даму институттары арқылы ШОБ өңдеу өнеркәсібі және ірі бизнес саласындағы инвестициялық жобаларды, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін және құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, жүк тасымалдау, негізгі жобаларды, ШОБ дамыту үшін экоорта қалыптастыратын инфрақұрылымдық және кластерлік жобаларды қолдаудың ауқымды науқанын бастайды.
🔻2025 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және 2027 жылға қарай қаржыландыру көлемін одан әрі 10 трлн теңгеге дейін арттыра отырып, негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыруға 8 трлн теңге бағыттайды. Ауқымды қаржыландыру шеңберінде бизнесті, экспорттық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған қолдаудың жаңа тетіктері іске қосылады, қаржыландыру және әлеуметтік бастамалар құралдары кеңейтіледі. Олардың ішінде:
ШОБ пен ірі бизнесті қолдау үшін екі кепілдік қоры құрылады
ШОБ-ты қолдау үшін 2025 жылы «Даму» кепілдік қоры құрылады. Бұл үшін «Даму» функциялары жаңа міндеттермен толықтырылады, кепілдік беру құралы бойынша өнім желісі кеңейтіледі, ұсынылатын кепілдіктердің мөлшері ұлғайтылады, кепілдендіруге жататын экономика секторларының (ЭҚЖЖ) тізбесі кеңейтіледі. Жаңа өнімдерге кепілдіктерді қайтарымсыздық және шартсыздық қағидаттары бойынша шығару жоспарлануда. Кепілдік қорын құру мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені қосымша қаржыландыру көздерінен қаражат тарту есебінен азайтады, бизнес субъектілерін кепілдік беру түріндегі қолдау шарасымен қамтуды ұлғайтады және банктердің өтімділігін экономикалық айналымға тиімді тартуға мүмкіндік береді.
Кепілдік қорын іске қосу 2028 жылға қарай кепілдіктер портфелін 1 трлн теңгеге дейін арттыруға (2023 жылмен салыстырғанда +148%) және жыл сайын 50 мыңнан астам жобаны қолдауға мүмкіндік береді (2023 жылы кепілдік беру құралы арқылы 8 212 жобаға қолдау көрсетілді).
2025 жылы «Даму» қоры 1,7 трлн теңгені құрайтын ШОБ-тың кемінде 30 мың жобасына қолдау көрсетеді.
Бәйтеректің ірі бизнеске арналған кепілдік қоры ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен қамтамасыз етудің жеткілікті болуы мәселесін шешеді.
Жобаны қаржыландыру кезінде екінші деңгейлі банктердің және/немесе ҚДБ-ның несиесі жоба құнының 80%-ын құрауы мүмкін. Кепілдік беру кепілмен қамтамасыз етудің жеткілікті болуы мәселелерін шеше отырып, жоба құнының 30%-на дейінгі сомаға берілетін болады.
➤ Бәйтеректің қаржыландыру сомасы 7,3 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 2025 жылға 3,7 трлн теңге қарастырылған. Холдингтің кепілдігі 2,2 трлн теңгеге немесе 30%-ға дейін жетуі мүмкін, оның ішінде 1,1 трлн теңгеге дейінгі кепілдік 2025 жылға қарастырылған. Бұл ретте 50% – болашақ бизнес серіктестің кепілдігі. Бәйтерек жобаның капиталына кіре алады, содан кейін кәсіпкердің жеке қатысу мөлшері 20%-дан төмен болуы мүмкін. Осылайша, ірі жобаларда кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселесі шешілуде.
➤ Ірі бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін құны 7 млрд теңгеден басталатын жобалар бойынша кепілдіктер берілетін болады.
➤ Екінші деңгейлі банктер үшін бұл несиелендіру көлемінің ұлғаюын және кепіл көлемі жеткіліксіз болған кезде несиелендіру тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
➤ Кепілдіктер беру өңдеу өнеркәсібі секторларында жоспарланып отыр. Кепілдіктердің қайтарымсыздығы банктердің қызығушылығын арттыруға, ал бизнес субъектілері үшін кепілдіктердің ақылы болуы кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуге арналған.