Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
🇰🇿🇰🇬 Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдету мәселелері талқыланды.

– Қазіргі таңда қазақ-қырғыз ынтымақтастығы қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Құрметті Садыр Нургожоевич Жапаровтың Қазақстанға былтыр жасаған ресми сапары екіжақты ықпалдастығымызды жаңа деңгейге көтерді. Осы сәтті пайдаланып, құрметті Садыр Нургожоевичке жылы лебізімді жеткізуіңізді сұраймын, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.


– Біздің Президентіміз бауырлас Қазақстанмен достық және тату көршілік қарым-қатынасты әрдайым арттыруға зор мән беріп, қолдау білдіріп келеді. Жоғары деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген келісімдердің арқасында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық нығая түсті, – деді Қырғызстан Үкіметінің басшысы.
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайды қабылдады

➤ Мемлекеттік қызметті цифрландыру: Президентке үміткерлерді біліктілігіне қарай автоматты түрде іріктейтін eQyzmet жүйесі туралы баяндалды.

➤ Кадрларды автоматты түрде іріктеу: Үміткерлердің жеке және кәсіби дамуын ескеретін цифрлық рейтинг іске қосылды.

➤ «Бірыңғай кадр қызметін» кеңейту: 2025 жылы жүйеге 2400 ұйым мен 500 мың қызметкерді қосу жоспарланып отыр.

➤ Жас мамандарды даярлау: Мемлекеттік аппарат дарынды жастарды тартуға және бюрократиялық процестерді қысқартуға баса мән бермек.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуге және Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін HR-құралдарды белсенді енгізу қажет екеніне назар аударды.


➡️Толығырақ Ақорда сайтында.
Олжас Бектенов пен Адылбек Қасымалиев цифрлық және ғарыш салаларындағы әріптестікті нығайтудың келешегін талқылады

🇰🇿🇰🇬 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығына және ҚР Цифрлық үкіметінің кеңсесіне барды. Қазақстандық мамандардың ғарыш саласындағы жетістіктері мен әзірлеген цифрлық шешімдері таныстырылды.

🔘 Ұлттық ғарыш орталығының аумағында қазақстандық тарап жерді қашықтан зондтау және ғарыш мониторингі саласындағы отандық ғалымдардың әзірлемелерін ұсынды. Табиғи ресурстарды басқару, агроөнеркәсіп кешендердің жай-күйін бақылау, төтенше жағдайларға ден қою және рұқсат етілмеген полигондарды анықтау мақсатында аталған технологияларды қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

➤ Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.

➤ Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

➤ Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды.

➤ Премьер-Министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты.

📌Президент Премьер-Министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

📌Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.
📣📣📣Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

➤ Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.
Олжас Бектенов ЕАДБ басшысы Николай Подгузовпен инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады

📌 Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

✔️ 2024 жылдың қорытындысы бойынша Банк республикадағы жобаларға шамамен $1,4 млрд бөлді, жалпы алғанда, соңғы 3 жылда Банктің елге салған инвестициялар көлемі $3,6 млрд-ты құрады. Осылайша, Қазақстандағы жобалар үлесі банк портфелінде маңызды орын алуын жалғастыруда.

Николай Подгузов 2025 жылы Банк цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуге баса назар аудара отырып, энергетика, көлік және өнеркәсіп салаларындағы негізгі стратегиялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

🔘 Биыл ЕАДБ Қазақстанның Орталық және Шығыс өңіріндегі ЖЭО-ны кеңейту және жаңғырту, полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы, қуаты 545 МВт «Алтын Дала» күн электр стансасын салу сияқты әлеуметтік маңызы бар жобаларға инвестиция салуды жоспарлап отыр.

🔻 Премьер-министр Қазақстанның, әсіресе энергетика, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

«Еуразиялық даму банкі – Қазақстанның маңызды серіктесі. Өткен жылы экономикамызға тартылған инвестиция көлемі шамамен 40%-ға артты. Банктің Қазақстандағы несие портфелі жалпы көлемнің 63,4%-ына дейін өсті. Біз Банкпен өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз. Сондай-ақ біз өзара іс-қимылдың дәстүрлі және жаңа бағыттарының әлеуетін ашуға ниеттіміз»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣📣📣Қазақстан трансформациясы адам капиталына байланысты

Informburo сайтынан қызықты мақала оқыдым, онда Atlantic Council зерттеуіне сілтеме жасай отырып, Қазақстанның 2019 жылдан кейінгі трансформациясы қарастырылған екен.


Қазақстан жаһандық экономикалық тұрақсыздық пен геосаяси өзгерістерге қарамастан, аймақтағы көшбасшылық орнын ұстап тұрғанымен ешкімнің дауы жоқ шығар. Atlantic Council сарапшылары елдің бай табиғи ресурстары экономикалық артықшылық беретінін атап өткен. Бірақ ең маңыздысы – бұл өсім тек мұнай мен металдардың экспортына ғана емес, әлеуметтік салаларға инвестиция салуға да негізделген.

✅Соның бірі білім беру саласы. Қазақстан, жалпы, білім беру саласында жоғары көрсеткіштерге ие. Ел бастауыш және орта біліммен қамту бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында. Сонымен қатар, жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасы артып келеді. Бірақ тек сан емес, сапа да маңызды.

Назарбаев басқарған кезеңде білім беруде элиталық жобаларға басымдық берілген еді. Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесі жоғары білікті мамандарды даярлайтын флагманға айналғанын көрдік. Бұл, әрине, жақсы. Бірақ оған жұрттың бәрінің қолы жете бермейді. Ал Токаев әкімшілігі білім беру реформаларын жаппай, әсіресе ауылдық жерлерде дамытуға бағыттады. Бұл ұзақ мерзімді стратегиялық қадам.

🏢Мемлекеттің білім саласына қаржы бөлуі, мұғалім мәртебесін көтеру мен шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікті нығайту өз жемісін бере бастады. Мысалы, «Жайлы мектеп» бағдарламасы үш ауысымды оқытуды жоюға бағытталған. Жоғары білімге қосымша гранттар мен студенттерге жеңілдіктер беру де білімнің қолжетімділігін арттыруда. Сонымен қатар, үкімет оқу бағдарламаларын жаңартып, оларды цифрландыру, жаңа технологиялар мен еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімдеуге ерекше көңіл бөлуде.

Дегенмен, қиындықтар әлі де бар. Қала мен ауыл мектептері арасындағы айырмашылық толық жойылған жоқ. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту өзекті болып тұр, өйткені білікті жұмысшылардың тапшылығы сезілуде. Бірақ бұл да біртіндеп өзгеретін нәрсе.

✅Енді денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерге келсек. Қазақстан медицина саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, әсіресе ана мен бала өлімін азайту бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер бар. Бірақ COVID-19 пандемиясы өмір сүру ұзақтығына кері әсер етті, бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта байқалған құбылыс.

Мемлекет індетке қарсы жедел шаралар қабылдап, вакцинацияны кеңінен жүргізді. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында үкімет халықтың орташа өмір сүру жасын 75-тен 77 жасқа дейін ұлғайтуды мақсат етіп отыр. Бұл денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді дамытуға бағытталған қадам.

😍Президент Токаевтың реформалар бағдарламасы елді біртіндеп демократизациялауға бағытталған. Сарапшы Наргиз Қасенова бұл үдерістің сәтті болуы үшін мемлекет реформаларды жүзеге асыруға саяси ерік-жігер танытып, қоғам өзгерістерге мүдделі болуы керектігін атап өтеді.

✅Сыртқы факторлар да шешуші рөл атқарады. Батыспен қарым-қатынасты тереңдету – либерализация үшін маңызды фактор. Бірақ Қазақстан Мәскеу мен Бейжіңнің реакциясын да ескеруі қажет. Қазақша айтсақ, арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей ел мүддесін қорғауымыз, дамытуымыз керек. Бұл қазіргі биліктің қолынан жақсы-ақ келіп жатыр деп ойлаймын.

Айбар Олжай, қаржыгер
✍️ Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
📣📣 Мәжілісте талқыланған салық реформасы: сараптамалық пікірлер мен ұсыныстар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде салық реформасын талқылау өтті. Оның барысында сарапшылар, депутаттар мен үкімет өкілдері үкімет ұсынған өзгерістерге қатысты өз пікірлерін білдірді.


✔️✔️✔️ ҚҚС бойынша жеңілдіктер: Жеңілдік кімдерге бұйырма?

Экономика вице-министрі Азамат Амрин депутаттарға салық саласындағы ықтимал өзгерістерді таныстырды. Жаңа Салық кодексінің жобасына сәйкес ҚҚС бойынша жеңілдіктер:

Агроөнеркәсіптік кешен және БАҚ – нөлдік ҚҚС мөлшерлемесі;

Денсаулық сақтау, IT секторы, Туризм – 10%.

Сондай-ақ азық-түлік өнімдеріне ҚҚС ставкасын төмендету мәселесі де талқылануда, бұл салықтың көтерілуінің түпкілікті тұтынушыларға әсерін жұмсартуға тиіс.

‼️ Экономист Алмас Чукин: «Ұлттық қордан берілетін ауруды басатын дәрілерге тәуелді боламыз»

Visor Kazakhstan инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Алмас Чукин Қазақстан экономикасын ауыр жағдайдағы науқаспкн салыстыра отырып, жарқын метафора ойлап тапты. Оның айтуынша, ел бес жылдан бері ұлттық қордың есебінен күн көріп, болашақ ұрпақтың ақшасын жеп отыр. Бес жылда 10 триллион кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылық әлеуметтік және қаржылық жүйелердің күйреуі түріндегі апатқа әкелуі мүмкін. Чукиннің ҚҚС ұлғайту және бюджет тапшылығын азайту жөніндегі ұсыныстарды қолдағаны да сондықтан.

Сондай-ақ ол үш жыл сайын екі есеге артып келе жатқан мемлекеттік қарыздың қарқынды өсуіне назар аударып, корпоративтік табыс салығын (КТС) алдын ала төлеуді алып тастау керектігін айтты.

‼️ Экономист Жақсылық Күлекеев: Ресеймен бәсекелесу үшін ҚҚС көтеру қажет

Сарапшы ҚҚС көтеруді қолдайтынын айтты. Оның пікірінше, қазіргі 12 пайыздық мөлшерлеме қазақстандық өндірушілер үшін ҚҚС 20 пайызды құрайтын Ресеймен біртұтас кедендік аймақ аясында бәсекеге қабілетсіздік туғызады.

Күлекеев ресейлік өндірушілер Қазақстанға тауар экспорттау кезінде өзіндік құнын 20%-ға (ҚҚС сомасына) төмендететінін, ал қазақстандық компаниялар құнын 12%-ға ғана төмендететінін түсіндірді. Нәтижесінде 8 пайыздық айырмашылық қазақстандық өндірушілерді келеңсіз жағдайға қалдырады.

‼️ Құлекеев Қазақстан мен Өзбекстандағы бюджетті құрудың әртүрлі тәсілдерін де түсіндірді:

«Біз Қазақстанды Өзбекстанмен салыстыра алмаймыз. Өзбекстанда бір деңгейлі бюджет бар. Жергілікті бюджеттер жоқ. Барлығы бір орталықтан таратылады. Бұл елде әлеуметтік шығындар жоқ: көп балалы аналар, мүгедектер – ешкім ештеңе алмайды».

Оның айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар «көбейтілген».

💰Өзбекстанның бюджеттік ресурстары шектеулі. Қаражат жинақталған сайын қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге көңіл бөлетін шығар.
«Ал бүгін асыраушысы қайтыс болды – махалля көмектесу керек, көп балалы ана жесір қалды – махалля көмектесу керек, бұл отбасына сиыр беру керек. Мемлекет ешқандай міндеттеме алмайды, өйткені мүмкіндік жоқ».

Енді не болады?

Салық реформасын талқылау жалғасуда, мәжіліс депутаттары ел экономикасының тұрақты өсуіне жағдай жасаудың шешімін табуы керек.


#СалықРеформасы #Қазақстан #Экономика #ҚҚС #Мәжіліс
📣📣📣Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады: Олжас Бектенов қытайлық Fujian Hengwang Investment компаниясының басшылығымен жобаны жүзеге асыру жоспарын талқылады

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдағы жетекші металлургия компанияларының бірі Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянмен кездесті.

Қазақстан Премьер-министрінің 2024 жылғы қарашада ҚХР-ға жұмыс сапары барысында Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстелі аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды.

🔻Кездесудің басты тақырыбы Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағы аумағында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинатын салу жобасын жүзеге асыру болды. Қытайлық инвестор жалпы инвестиция сомасы $1,2 млрд-қа бағаланып отыр, жоба шеңберінде 2,5 мың жұмыс орны ашылады. Құрылыс 2025 жылдың сәуір айында басталады деп жоспарланған.

✅Инвестордың жоспарына сәйкес, бірінші кезеңде 2027 жылы өндіріс қуаты 1 млн тонна болатты құрады. 2029 жылға қарай өнім шығару 3 млн тоннаға дейін артады. Өндіріске қазақстандық шикізат: Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында өндірілетін табиғи газ және темір рудалары, сондай-ақ әктас пайдаланылады. Нәтижесінде, кәсіпорында катанка, арматура, құбыр өндірісіне арналған жолақты болат, сондай-ақ бұрышты және профилді болат сияқты өнімдердің кең ауқымын шығару жоспарланып отыр. Жобаны іске асырудың екінші кезеңі аясында металлургия зауытының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қуаты 350 МВт газ турбиналы электр стансасын салу көзделген, оған инвестор 201,3 млрд теңге қаржы бөледі.

🔻Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянь кәсіпорында темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы (DRI) енгізілетінін, бұл оның өнімдегі жоғары құрамын – 90%-дан астамды қамтамасыз ететінін және қазақстандық металлургияның бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын баса айтты.

🔻 Премьер-министр Олжас Бектенов аталған жоба отандық металлургияны дамытуға, өндіріс қуатын арттыруға және еліміздің экспорттық әлеуетін кеңейтуге маңызды қадам болатынын атап өтті.
«Жобаның біз үшін маңызы зор. Бұл – еліміздің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашатын маңызды бағыт. Инвестициялық жобаларды жедел іске асыру үшін Қазақстан Үкіметі жанынан Инвестициялық штаб жұмыс істейді. Үкімет сіздің жоспарларыңызды толығымен қолдайды және оларды жүзеге асыру үшін тиісті қолдау көрсетеді»,

— деп атап өтті Премьер-министр.
📣📣📣Мен ЖИ-ден ТМД елдерінің қай президенті ең тиімді деп сұрадым.

Міне, нәтижесі. Жасанды интеллект ТМД елдерінің президенттерінің жұмысын талдап, оларға рейтинг жасады. Есепке экономикалық жетістіктер, сыбайлас жемқорлық деңгейі, реформалар, сыртқы саясат және саяси тұрақтылық алынды.

ЕҢ ҮЗДІК ҮШТІК:

🥇 Қасым-Жомарт Тоқаев (Қазақстан) – реформалар, сыбайлас жемқорлықпен күрес, көпвекторлы саясат.

🥈 Шавкат Мирзиеев (Өзбекстан) – экономикалық либерализация, инвестициялар, көршілермен қарым-қатынасты жақсарту.

🥉 Майя Санду (Молдова) – еуроинтеграция бағыты, сыбайлас жемқорлықпен күрес, бірақ ішкі тұрақсыздық.

ОРТА ДЕҢГЕЙ:

🔹 Александр Лукашенко (Беларусь) – экономиканы бақылау, бірақ репрессиялар мен Ресейге тәуелділік.

🔹 Илхам Әлиев (Әзірбайжан) – мұнай экономикасы, Таулы Қарабақтағы жеңіс, бірақ автократия.

🔹 Владимир Путин (Ресей) – әлемге ықпал, бірақ санкциялар, соғыс және экономиканың құлдырауы.

АУТСАЙДЕРЛЕР:

⚠️ Садыр Жапаров (Қырғызстан) – тұрақсыздық, сыбайлас жемқорлық.

⚠️ Эмомали Рахмон (Тәжікстан) – авторитаризм, кедейлік, миграция.

🚨 Сердар Бердімұхамедов (Түрікменстан) – тотальды оқшаулану, жеке тұлға культі, стагнация.

Ең жетістігі мол президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев танылды.

Тізімнің соңында – Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан жабық және артта қалған ел болып саналды.

Жазба Аида Жексен телеграм-арнасынан.
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
👏1
📣📣📣Премьер-министр Олжас Бектенов бизнесмендерді екі апта ішінде салық төлеуге шақырды.

Үкімет басшысы елімізде салықты әділ төлеуден жалтарып жүрген кәсіпкерлер бар екенін айтты.

«Миллиардтаған айналыммен олар бюджетке өздерінің тапқан пайдасына мүлдем сәйкес келмейтін сомаларды төлейді. Бізде осындай ірі компаниялардың толық тізімі бар. Ол тізімде BI Group, BAZIS және басқа да көптеген ірі құрылыс компаниялары жүр. Экономиканың басқа салаларында жұмыс істейтін белгілі әрі танымал мейрамханалар, фитнес-клубтар және әртүрлі компаниялар бар», - деді ол.


Бектенов салық жүктемесін оңтайландырудың түрлі схемаларын қолданатын ірі компаниялардың иелері мен басшыларына үндеу тастады.

«Бүгін-ертең сіздердің компанияларыңызға салық органдарынан қосымша салық сомаларын төлеу қажеттілігі туралы хабарламалар келіп түседі. Баршадан екі апта ішінде салық органдарына қосымша салық декларацияларын тапсыруды және әділетті салық сомасын төлеуді сұраймын.

Егер бұл әрекеттер жасалмаса, онда мемлекет фискалдық және құқық қорғау органдарын қосқанда, мемлекет иелігіндегі барлық ресурстарды қолдану құқығын өзіне қалдырады. Талап қатаң болады, бірақ егер бизнес мемлекет алдындағы міндеттемесін әділетті түрде орындаса, біз диалог құруға дайынбыз»,- деп атап өтті Олжас Бектенов.
📣📣📣📣Салықты адал төлеу - Қазақстанның болашағына салынған инвестиция!

Салық төлеу – жай ғана міндеттеме емес, ол – еліміздің дамуына, жол, мектеп, аурухана салуға, білім мен денсаулық сақтау саласын қолдауға қосқан үлесіміз. Алайда, кейбір кәсіпкерлер әлі күнге дейін салықтан жалтарудың заңсыз схемаларын пайдаланып, экономиканың іргетасына нұқсан келтіріп, адал бизнеске сай емес әрекет етуде.


🔍 Фактілер мен сандар:

❗️ Қазақстанда 2,3 миллион салық төлеуші тіркелген, бірақ тек 8 пайызы (137 мың) ҚҚС төлеушілер.

❗️ Субъектілердің 81%-ы оңайлатылған декларация бойынша арнайы салық режимінде жұмыс істейді (бұл екі миллионға жуық), ал олардың 85%-ы 15 миллион теңгеге дейінгі кірісті көрсетеді.

‼️ Арнаулы салық режимдерін қолданатын субъектілер мен жалпыға бірдей белгіленген режимдегі компаниялар арасындағы өзара есеп айырысулар соңғы бір жылда екі есеге – яғни 5 триллион теңгеден 10 трлн теңгеге дейін өсті.

❗️ Бұл ретте арнаулы салық режимдері бойынша 16 триллион теңге жалпы айналымның 10 триллион теңгесі жалпы белгіленген режимдегі есеп айырысуларды құрайды. Яғни, салық төлеушілер жүздеген миллиард теңге таба отырып, мардымсыз салық төлейді.

📌 Салық төлеуден жалтару әдістері:

1. Бизнесті бөлу:


- Компаниялар бір бизнесті бірнеше заңды тұлғаларға бөледі. Мысалы, бір мекемеде бар, асхана және караоке жеке компания ретінде тіркелген немесе қонақ үйдің әр қабаты әртүрлі жеке кәсіпкерлерге тиесілі.

– Заңды тұлғалардың бірінің кірісі 78 миллион теңге шегіне жеткенде оның қызметі тоқтап, орнына жаңа заңды тұлға пайда болады, бұл ҚҚС төлеуден жалтаруға әкеледі.

2. Шығындардың жасанды өсуі:

- Бір компания тауарларды сатып алып, оны өз құны бойынша оңайлатылған режимде жұмыс істейтін басқа заңды тұлғаға қайта сатады. Нәтижесінде бірінші кәсіпорын шығын көрсетсе, екіншісі жеңілдік шарттарын пайдаланып, ҚҚС төлеуден жалтарып отыр.

3. Қызметкерлерді штаттан шығару:

- Кәсіпорын қызметкерлері жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бұрынғы жұмыс берушісіне қызмет көрсетеді. Бұл жалақы салығын азайтуға және жұмыс берушіден әлеуметтік жауапкершілікті алып тастауға мүмкіндік береді.

📊 Мұндай схемалардың салдары:

Миллиардтаған айналымы барлар бюджетке болмашы көлемде салық төлейді. Нәтижесінде бұл адал бизнес үшін теңсіздік жағдайын туғызып, салық жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіреді.
Мемлекет инфрақұрылымды, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытуға жұмсалатын қомақты қаржыны жоғалтуда.

Біз басқа елдерді мемлекетімізге үлгі етіп, жиі көрсетіп жүрміз, бірақ, неге екені белгісіз, азаматтардың өздері де заңдағы олқылықтар мен шын мұқтаж санаттар үшін енгізілген жеңілдіктерді пайдаланып, адал салық төлеуден жалтаруды қалыпты тәжірибе деп санайды. Қашаннан бері мемлекетті алдау қалыпты жағдайға айналды?

Германия, АҚШ, Франция сияқты дамыған елдерді мысалға алсақ, онда салық төлеуден жалтару мүлікті толығымен тәркілеумен қатар, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупін тудырады.

✔️✔️✔️ Әділ Қазақстан - әркім келешекке үлес қосатын, салықтан жалтару үшін олқылық іздемейтін ел.

Бұл, әсіресе, бүгін Үкімет басшысы тізбелеген ірі компанияларға қатысты. Миллиардтаған ақша айналымы бар, салықты аз төлеу, мемлекетіңді алдау – еліңе, халқыңа қарсы қылмыс жасау деген сөз. Бұл жерде құрылыс компаниялары ұялу керек. Көбі мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеп жатыр.
Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңа басшысын таныстырды.

🔷 Олжас Бектенов Қанат Шарлапаевқа салаларды, әсіресе, өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Отандық өндірушілерді қолдау шараларын кеңейту, заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі соңғы 10 жылдағы ең серпінді өсімге қол жеткізіп, 5,9%-ға өсті.

🔘 Жаңа министр – Ерсайын Нағаспаевты таныстыру барысында Премьер-министр қол жеткізілген нәтижелерді бекіту және өңдеу өнеркәсібінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді атап өтті.

Импортты алмастыруды қамтамасыз ету және экспортты кеңейту үшін қосылған құны жоғары өнім шығаруды жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді. Инвесторлармен және бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынасқа баса назар аударылады.
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!


Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне деген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналады.

Халқымыз ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ең күрделі сынақтар мен қатерлерді еңсере білді. Осы іргелі құндылықтар жалпыұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл құрылым қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Қазір біздің алдымызда жүйелі әрі ауқымды реформаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы орайда, әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды. Біз жұдырықтай жұмыла білсек қана, үйлесімді және әділетті қоғам құру жолында жетістікке жетеміз.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!