Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына сапары Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы Ескелді би ауылында биыл пайдалануға берілген мәдениет үйі мен спорт кешенінің ғимараттарын аралап көрді.
➤ Жергілікті бюджет есебінен бой көтерген 150 орындық мәдениет үйінде кітапхана, әжелер мен домбырашылар ансамбльдері, би үйірмесі секілді ұжымдар орналасқан.
➤ Мемлекет басшысы ауыл кітапханасымен танысты. Сондай-ақ өнерпаз балалармен жүздесіп, еліміздің лайықты азаматы болып өсуіне тілектестік білдірді.
➤ Президент мәдениет үйіне музыкалық жабдықтар мен суретші Ә.Баяндиннің картинасын тарту етті.
➤ Биыл облыстың шалғай ауылдарындағы бес мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, сегіз клуб жаңадан салынған.

✍️ Мемлекет басшысы энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
✔️Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Энергетик күні қарсаңында отандық энергетика саласындағы жемісті еңбегі, Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүзден астам жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
✔️Атап айтқанда, 1 азамат «Парасат» орденінің және 19 энергетик «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 36 жұмысшы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды, 56 маман «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.

✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуына орай құттықтау жолдады
🇰🇿🇹🇲Қазақстан Президенті жеделхатында Түрікменстанның табысты жүргізіп отырған бейтараптық саясаты елдің халықаралық аренадағы беделін биіктетіп, зор құрметке бөлегенін атап өтті.
✔️Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

– Қазақстан мен Түрікменстанды сан ғасырдан тамыр тартатын берік достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қарым-қатынас байланыстырады. Бауырлас екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік нығая түсіп, қарқынды дамып келеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз, – делінген құттықтауда.
✔️Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.
📣📣📣Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде өткен ЕҮАК отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкіметтері басшыларымен өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады. Сауда қатынастарын нығайту, Одақтың транзиттік-көліктік әлеуетін күшейту, өнеркәсіп кооперациясын дамыту, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықты арттыру және экономикалық үдерістерді цифрландыру мәселелері қаралды.
🔻Отырысқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері басшылары: Армения Республикасы – Никол Пашинян, Беларусь Республикасы – Роман Головченко, Қырғыз Республикасы – Ақылбек Жапаров, Ресей Федерациясы – Михаил Мишустин, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер: Өзбекстан Республикасы – Абдулла Арипов пен Куба Республикасы – Мануэль Марреро қатысты.
🔻 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов өз сөзінде ЕАЭО-ның көлік-логистикалық негізі мен байланысын нығайтуға әрі дамытуға ерекше назар аударды.
✅Бүгінде Қытайдан Еуропаға транзит көлемін ұлғайту үшін «Достық – Мойынты» учаскесінде темір жолдар салу жұмыстары жалғасуда. Жобаны іске асыру өткізу қабілетін 5 есеге, ал тасымалдау жылдамдығын 2 есеге – тәулігіне 1,5 мың шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Премьер-министр Одақтың инфрақұрылымдық басым жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
📍Сауда қатынастарын дамыту мәселесінде алға қойылған мақсаттарға сәйкес, ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру маңызды. Интеграциялық бірлестік үшін байланыстырушы буын саналатын сауда үшін қолайлы жағдай жасаудың және ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы жүйелік кедергілерді жоюдың маңыздылығы атап өтілді.
📍Өнеркәсіп кооперациясын нығайту үшін бірлескен жобаларға қаржылай көмек көрсету тетігі қолданылады. Олжас Бектенов Одақтың басым міндеті – бизнесті қолдау құралдары мен қолда бар мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру бойынша жұмысты күшейту болуы тиіс екеніне тоқталды. Бүгінгі таңда кооперация үшін перспективалы бағыттар – жоғары технологиялық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіру болуы мүмкін. Өнімдердің осы түрлерін шығаруды арттыру үшінші елдерден мұндай тауарлар импортын азайтуға ықпал етеді.

«Мамырдағы саммитте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту және кеңейту қажеттігін ерекше атап өтті. "Солтүстік – Оңтүстік" дәлізінің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннадан 20 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Теміржол саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде түйісу пункттері дамитын және теміржол желілерінің құрылысы жүзеге асырылады. Осылайша, біз транзиттік тасымал көлемін 28 млн тоннадан 45 млн тоннаға дейін ұлғайтуды, 5 мың шақырымға жуық жаңа және екінші темір жолдар төсеуді көздеп отырмыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
✅Бүгінде Қытайдан Еуропаға транзит көлемін ұлғайту үшін «Достық – Мойынты» учаскесінде темір жолдар салу жұмыстары жалғасуда. Жобаны іске асыру өткізу қабілетін 5 есеге, ал тасымалдау жылдамдығын 2 есеге – тәулігіне 1,5 мың шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Премьер-министр Одақтың инфрақұрылымдық басым жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
📍Сауда қатынастарын дамыту мәселесінде алға қойылған мақсаттарға сәйкес, ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру маңызды. Интеграциялық бірлестік үшін байланыстырушы буын саналатын сауда үшін қолайлы жағдай жасаудың және ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы жүйелік кедергілерді жоюдың маңыздылығы атап өтілді.
📍Өнеркәсіп кооперациясын нығайту үшін бірлескен жобаларға қаржылай көмек көрсету тетігі қолданылады. Олжас Бектенов Одақтың басым міндеті – бизнесті қолдау құралдары мен қолда бар мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру бойынша жұмысты күшейту болуы тиіс екеніне тоқталды. Бүгінгі таңда кооперация үшін перспективалы бағыттар – жоғары технологиялық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіру болуы мүмкін. Өнімдердің осы түрлерін шығаруды арттыру үшінші елдерден мұндай тауарлар импортын азайтуға ықпал етеді.
📣📣📣90 тұғырындағы Одақ. Жансүгіровтен Құлкеновке дейін
📍Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін «Жазушылар одағы – ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ» деп баға берген болатын. Бұл одақтың нақты және ауқымды сипаттамасы.
Алматыдағы мерейтойға алыс-жақын шетелдік қонақтар – ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы, ТМД және Еуропа елдерінің Жазушылар одақтарының төрағалары, Швеция, Ресей, Түркия, Қытай, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Татарстан, Башқұртстан елдерінен келген мәдениет пен әдебиет өкілдері, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақын-жазушылар, зиялы қауым мен отандық бизнес өкілдері қатысып, олардың барлығы дерлік сөз сөйлеп, құттықтау лебізін жеткізді.
✅Президенттің құттықтау хатында “Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі. Бұл ұйым қаламгерлеріміздің кәсіби қауымдастығы ретінде төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді өркендетуге және оны әлемге танытуға зор ықпал етеді. Сөз өнерінің қарашаңырағын ұлттық бірегейлігіміздің берік тұғыры деуге болады”, - деген жаңа баға берілді.
ҚЖО негізін 1934 жылдары ақын Ілияс Жансүгіров қалаған болатын. Бұл күндері одақты қаламгер Мереке Құлкенов басқарады. Ол өз алғысөзінде "Бүгінде біз Әділетті Қазақстанға қадам бастық. Қазіргі қазақ әдебиеті де жаңару үстінде деп нық сеніммен айта аламыз" - деді.
✨Шамамен 2-3 жылдан кейін біздің алдымыздан мынадай бір сұрақ шығатын болады. Шығармашылықтың (кино, аниме, музыка, ивентика) креативті индустрия екені аксиома болса, әдеби қаламгерлікті осы индустрияға қашан жатқыза аламыз? Егер жазушы қауым креативті индустрия деп саналуға кет әрі болмаса және оны менталды түрде толық қабылдаса, онда бізді 2030 жылдары қазақ әдебиетінің кезекті алтын дәуірі күтіп тұр.
Айбар Олжай, қаржыгер
Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық мерейтойы салтанатымен өтті.
Одақ - өзін мойындатқан, символдық тұрғыда да, практикалық тұрғыда да қажет екенін дәлелдеген ұйым. Оның 1015 белсенді мүшесі бар және саны жағынан ҚЖО Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі шығармашылық бірлестіктер қатарына кіреді.
📍Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін «Жазушылар одағы – ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ» деп баға берген болатын. Бұл одақтың нақты және ауқымды сипаттамасы.
Алматыдағы мерейтойға алыс-жақын шетелдік қонақтар – ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы, ТМД және Еуропа елдерінің Жазушылар одақтарының төрағалары, Швеция, Ресей, Түркия, Қытай, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Татарстан, Башқұртстан елдерінен келген мәдениет пен әдебиет өкілдері, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақын-жазушылар, зиялы қауым мен отандық бизнес өкілдері қатысып, олардың барлығы дерлік сөз сөйлеп, құттықтау лебізін жеткізді.
✅Президенттің құттықтау хатында “Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі. Бұл ұйым қаламгерлеріміздің кәсіби қауымдастығы ретінде төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді өркендетуге және оны әлемге танытуға зор ықпал етеді. Сөз өнерінің қарашаңырағын ұлттық бірегейлігіміздің берік тұғыры деуге болады”, - деген жаңа баға берілді.
ҚЖО негізін 1934 жылдары ақын Ілияс Жансүгіров қалаған болатын. Бұл күндері одақты қаламгер Мереке Құлкенов басқарады. Ол өз алғысөзінде "Бүгінде біз Әділетті Қазақстанға қадам бастық. Қазіргі қазақ әдебиеті де жаңару үстінде деп нық сеніммен айта аламыз" - деді.
✨Шамамен 2-3 жылдан кейін біздің алдымыздан мынадай бір сұрақ шығатын болады. Шығармашылықтың (кино, аниме, музыка, ивентика) креативті индустрия екені аксиома болса, әдеби қаламгерлікті осы индустрияға қашан жатқыза аламыз? Егер жазушы қауым креативті индустрия деп саналуға кет әрі болмаса және оны менталды түрде толық қабылдаса, онда бізді 2030 жылдары қазақ әдебиетінің кезекті алтын дәуірі күтіп тұр.
Айбар Олжай, қаржыгер
📣📣📣Аптаны Үкіметтің негізгі таңдаулы жаңалықтарымен дәстүрлі түрде қорытындылаймыз. Толығырақ – біздің жексенбілік дайджесте.
🔸Үкімет отырысы
✔️ Құрылысқа бақылауды қатаңдату және сәулеттік тұрғыда қадағалаудың тиімділігін арттыру – Олжас Бектенов саладағы сапаны арттыруға бағытталған шаралар туралы
✔️Олжас Бектенов: Тұрғын үй кезегінде нақты мұқтаж азаматтар болуы тиіс
✔️Трансшекаралық хабтарды іске қосу жаңа жұмыс орындарын ашуға, жүктердің өту уақытын қысқартуға және өнеркәсіптік өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді – Олжас Бектенов
🔸Ұлытау Үкімет Ұлытау облысында 80 орындық жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
🔸Олжас Бектенов Kazakh Invest директорлар кеңесінің отырысын өткізді: 2024 жылы $1,1 млрд сомасына 4,8 мың жұмыс орнын ашқан 22 инвестициялық жоба іске қосылды
🔸Олжас Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен тауар айналымын арттыру бойынша бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады: Жыл басынан бері аталған көрсеткіш 12%-ға артып, $36,5 млрд-қа жетті
🔸Олжас Бектенов ТМД және ЕҮАК үкіметтер басшылары кеңесінің отырысына қатысты: интеграциялық процестердің тиімділігін арттыруға, бірлескен жобаларды іске асыруға және ЕАЭО-ға мүше елдердің бизнесі мен азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған бірқатар құжаттар қабылданды

Telegram
UKIMET
Ужесточение строительного контроля и повышение эффективности архитектурного надзора – Олжас Бектенов о мерах, направленных на рост качества в отрасли
📌 Премьер-министр отметил важность скоординированной работы в строительной отрасли по возведению новых…

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы.
Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді.
Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!
Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!

✉️Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
🇰🇿🇧🇭Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифа мен оның отандастарын Бахрейн Корольдігінің ұлттық мерекесі –Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
✔️Мемлекет басшысы жеделхатында Қазақстанның Бахрейнді араб әлеміндегі және Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенімді екенін жеткізген.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифаға ұзақ ғұмыр, Бахрейн халқына бақ-береке тіледі.

📣📣📣2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар
🔻Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін 204 негізгі жобаны қамтитын Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспары әзірленіп, Үкімет бекіткен болатын.
🔻Бұл жобалар төрт негізгі бағытты қамтиды:
📍Энергетикалық инфрақұрылым (46 жоба) – ЖЭО, ГЭС және энергия шаруашылықтарын қоса алғанда, жылумен және электрмен қамтамасыз ету саласындағы жаңа нысандарды жаңғырту және салу. Бұл еліміздің барлық өңірлерін тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
🔻Көлік инфрақұрылымы (59 жоба) – негізгі көлік дәліздерін дамыту, автожолдарды реконструкциялау және теміржол желісін жаңғырту. Бұл ішкі және халықаралық логистиканы жақсартып, Қазақстанның көлік торабы ретіндегі экономикалық тартымдылығын арттырады.
🔻Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы (89 жоба) – сумен қамтамасыз ету, су бұру және сарқынды суларды тазарту нысандарын салу және жаңғырту. Бұл, ең алдымен, су ресурстары мәселесі өткір тұрған ауылдық және шалғай елді мекендердегі өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.
🔻Цифрлық инфрақұрылым (10 жоба) – инфрақұрылымды бақылау және басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізу, бұл жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.

📣📣📣Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Президентінің атына келіп түскен құттықтау жеделхаттары
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
📍Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
📍Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров тәуелсіз Қазақстанның мемлекет басқару, әлеуметтік-экономикалық даму мен белсенді сыртқы саясат жүргізу істерінде айтарлықтай табысқа қол жеткізгеніне тоқталған.
📍Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон құттықтауында қазақ-тәжік байланысының қарқынды сипатын жоғары бағалады.
📍Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, екіжақты байланыс барлық бағыт бойынша табысты өрлей түскеніне назар аударған.
Мемлекет басшысына сондай-ақ Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов те құттықтауын жолдаған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жеделхаттарын БАӘ Президенті шейх Мұхаммед Бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Абдулазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясы Королінің Тақ мұрагері, Министрлер кеңесінің төрағасы Мұхаммед бен Салман бен Абдулазиз Әл Сауд, Украина Президенті Владимир Зеленский, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнус әл-Манфи, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Татарстан Раисы Рүстем Минниханов және басқалары жолдады.

– Жүздеген жылдардан бері бері тату көрші әрі дос саналатын екі ел арасындағы өзара сенім, құрмет және қолдау рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынас қарқынды дами беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.
📍Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров тәуелсіз Қазақстанның мемлекет басқару, әлеуметтік-экономикалық даму мен белсенді сыртқы саясат жүргізу істерінде айтарлықтай табысқа қол жеткізгеніне тоқталған.
– Елдеріміздің арасындағы сан ғасырлық достыққа, тату көршілікке және стратегиялық серіктестікке негізделген байланыстың алдағы уақытта да өрлей беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.
📍Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон құттықтауында қазақ-тәжік байланысының қарқынды сипатын жоғары бағалады.
– Біз өзара тиімді ықпалдастықты дәйекті түрде ілгерілетуге баса мән береміз. Сонымен қатар мемлекеттеріміздің басты мүддесіне сай екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін нақты қадамдар жасауға дайынбыз, – деп жазған Тәжікстан Президенті.
📍Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, екіжақты байланыс барлық бағыт бойынша табысты өрлей түскеніне назар аударған.
– Бұл орайда Сіздің жақында Түрікменстанға жасаған ресми сапарыңыз ерекше маңызға ие. Ашхабадта жүргізген келіссөздер аясында қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға айтарлықтай үлес қосарына сенімім мол, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысына сондай-ақ Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов те құттықтауын жолдаған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жеделхаттарын БАӘ Президенті шейх Мұхаммед Бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Абдулазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясы Королінің Тақ мұрагері, Министрлер кеңесінің төрағасы Мұхаммед бен Салман бен Абдулазиз Әл Сауд, Украина Президенті Владимир Зеленский, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнус әл-Манфи, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Татарстан Раисы Рүстем Минниханов және басқалары жолдады.
📣📣📣Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады
Олжас Бектенов:
✔️экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады:
– биылғы қаңтар-қараша айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4 пайызды құраған;
– экономиканы әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы (13,4 пайыз), құрылыс (10,3 пайыз), сауда (8,2 пайыз), көлік (8,1 пайыз), өңдеу өнеркәсібі (5,3 пайыз), соның ішінде металлургия (7,2 пайыз) және машина жасау (6,9 пайыз), химия өнеркәсібі (8,4 пайыз), сондай-ақ ақпарат және байланыс (5,3 пайыз) салаларында өсім байқалған;
– биыл экономиканың өсіміне мұнайдан тыс салалардың дамуы есебінен қол жеткізілген. Соған қарамастан мұнайды игерудің болжамды көрсеткішінің орындалмауы экономика дамуының жалпы қарқынына әсер еткен;
✔️отандық өндірушілерді қолдау және терең өңдеуді ынталандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі жөнінде мәлімет берді.

📣📣📣Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады
Болат Жәмішев:
➤ қордың осы уақытқа дейін атқарған қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы ақпарат берді:
– «Қазақстан халқына» қоры үш жылда жалпы сомасы 230 миллиард теңге болатын 103 қайырымдылық жобасын қаржыландырған. Оның ішінде 58 жоба толығымен аяқталған;
– қордың қызметі ашықтық, есептілік және тұрақтылық қағидаттарына негізделген. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ernst&Young компаниясы сыртқы аудит жүргізген;
➤ қордың денсаулық сақтау саласына, атап айтқанда, ауыр және сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше мән беретіні жөнінде баяндады:
– осы мақсатта 461 адамға, соның ішінде 342 балаға 57,7 миллиард теңге бөлінген;
– қатерлі ісікке душар болған 1200-ден астам адамға құны 14,5 миллиард теңге болатын арнаулы препараттар берілген;
– бес онкологиялық орталық пен балаларға қызмет көрсететін 22 нейрохирургия бөлімшесіне заманауи құрал-жабдықтар сатып алынған;
– балалар мүгедектігінің алдын алуға арналған 13 ерте араласу орталығын ашу жоспарланған болатын. Бүгінде осы мақсаттағы 10 нысан қызмет көрсете бастаған;
– әлеуметтік қолдау бағытында аутизм белгілері бар балаларға арналған 7 орталық, сондай-ақ өңірлерде 6 оңалту орталығы пайдалануға берілген. Алдағы уақытта тағы 20 орталық іске қосылады. 150 адам инновациялық протезбен қамтылған;
➤ Тірек мектептердің әлеуетін дамыту жобасы аясында 135 ауыл мектебі жаңғыртылғанын жеткізді:
– Алматы облысындағы 50 мектепте және Қарағанды облысындағы 86 білім ошағында физика, химия, биология сабақтарына арналған заманауи кабинеттер жабдықталған;
– қордың білім беру гранттарына 3 мыңнан астам студент ие болған;
– Ақтөбе облысында 134 шағын жинақты мектептің материалдық-техникалық базасы жаңарып, цифрлық технологиялар арқылы оқытудың төрт моделі енгізілген;
➤ мәдениет пен спорт саласында Батыс Қазақстан облысының кітапханаларын комьюнити орталық ретінде қайта құру және 13 модульді спорт залын салу жұмыстары қолға алынғанын хабарлады. Елді мекендердегі 100 балалар спорт залы жабдықталған;
➤ қор тасқыннан зардап шеккен жандарға қолдау көрсетіп, бес облыстағы 627 үйдің құрылысын қаржыландырғанын баяндады;
➤ «Шағын қалалар – үлкен мүмкіндіктер» әлеуметтік бастамасы аясында ірі кәсіпорындардың және бизнестің қолдауымен моноқалалардың инфрақұрылымын жақсарту бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отырғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының жұмысын жоғары бағалап, қайырымдылық шараларының Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы маңызын атап өтті.

🇰🇿✉️🇫🇷Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

🇰🇿🇬🇼«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.