Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

➤ Саммит жұмысына Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысып, Куба Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес бейнеүндеу жолдады.

➤ Жиында Еуразиялық экономикалық одақ қызметі мен интеграциялық үрдістерді одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

✍️ Отырыс соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің делегация басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді

💠 Биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі - халықаралық олимпиаданың әрбір екінші қатысушысы елімізден жүлделі орындармен оралды.

⚡️ IChO химия бойынша ең беделді халықаралық олимпиадада және «First Global Challenge» робототехника бойынша әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің өкілдерін басып озып, екі Олимпиадада үш дүркін әлем чемпионы атанды. Еліміздің құрама қоржыны барлығы 563 медальмен толықтырылды, оның ішінде 77 алтын, 201 күміс және 285 қола. Үздік 7 беделді олимпиадада жүлделі орындарға ие болған 26 қазақстандық оқушы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

✔️ Екі жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге артты, бұл мыңдаған балаларға жаңа мүмкіндіктер ашты.
✍️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды
📩 ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇨🇳 Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сондай-ақ Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
🇰🇿🇦🇿 Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

➤ Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

➤ Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты.

➤ Тараптар қайғылы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталғанша екі ел үкіметтерінің құрылымдары тығыз байланыста болады деп уағдаласты.
📣📣📣Еңбек түбі жеңіс: Қазақстан дұрыс идеологияны таңдады

Алдағы жылы - еңбек адамының жылы. Қолға құрал ұстап, қоғамның тірегі болып отырған үлкен пласт. Ең маңызды пласт.


✔️Мемлекеттік деңгейде еңбекқор азаматтардың еңбегін мойындау барлық кәсіпқой адамдар үшін жақсы мотивация болып табылады, сонымен қатар еңбек адамының беделін арттырады. Республика күнінің ұлттық мерекесі қарсаңында Президент Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында білім, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылымның көрнекті қайраткерлері, өндірістік сала, бизнес өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері бар.

🔻Мемлекет еңбекші азаматтарды қолдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін өсті. Осының арқасында әр түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда барлық салаларда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы қызметкердің табысы жоғарылады. Айта кету керек, Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 2022 жылдан бастап жыл сайын артып келеді. Мәселен, үш жыл ішінде ЕТЖ 2 есеге артты.

Еңбек адамын елеп, оларды көтермелеп, жоғары қойып, үлгі тұтар тұлғаға айналдыру керекпіз. Еліміз әнші-биші, бақсы-балгер емес, жылумен, сумен, үймен, жолмен қамтып отырған еңбек ерінің арқасында дамып келеді.

Айбар Олжай, қаржыгер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті

✔️Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтты.

– Қажетті ақпараттың барлығы жұртшылыққа уақытылы беріліп тұрды. Яғни оқиға бойынша толыққанды мәлімет бәріне бірдей ұсынылды. Азаматтарымыз алғашқы минуттан бастап зардап шеккендерге көмек қолын созды. Халқымыз жанашырлық, ұйымшылдық және шынайы тілеулестік қасиетін көрсетті. Жұрт кезекке тұрып, қан тапсырды. Әзербайжан елшілігі ғимаратына гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы еліміздің және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты мәлімет таратты. Құтқарушылардың, дәрігерлердің және волонтерлердің адал қызметіне күллі әлем куә болды. Әсіресе, көршілес әрі серіктес елдер – Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан азаматтары айрықша алғыс білдіріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📣📣📣Қазақстан ұшақ апатын тергеудің ашықтығы мен кәсібилігіне кепілдік береді!

Мемлекет басшысы төрағалығымен Маңғыстау облысында болған ұшақ апатына қатысты кеңес өтті.


Бұл қайғылы оқиғада Қазақстан әлемге төмендегідей көзқарасты паш етуде:

Бұл трагедия - біз үшін ашық тергеумен, жоғары кәсібилікпен және зардап шеккендердің игілігі үшін әрекет ететін сынақ.

✔️Президентіміз қайғылы оқиғаны тергеу халықаралық стандарттарға сәйкес ашық, айқын және қатаң түрде жүргізілетін атап өтті.

✔️Мемлекет басшысы қоғамның пікірін бұрмалайтын және ресми органдарға деген сенімге нұқсан келтіретін фейк пен ақпараттық арандатушылықтардың таралуына жол берілмейтінін айтты.

✔️ Мемлекет басшысы Үкіметке зардап шеккендер мен олардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.

✔️ Сонымен қатар, Президентіміз қайғылы оқиғаның салдарын жоюда ерлік пен кәсібилік көрсеткен азаматтарды марапаттауды тапсырды.

Қазақстан мұндай жағдайда, жоғарыда айтылғандай, тергеудің кәсібилігі мен АШЫҚТЫҒЫ тұрғысынан әрекет етеді.
✍️ Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Сейілбек Серғазыұлы Нұрымбетов министрліктің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Ресей тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

✔️Президенттер Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының апатқа ұшырап, Қазақстан және Ресей азаматтарының қаза табуына байланысты бір-біріне көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин апат себептерін анықтау үшін тараптардың атқарып жатқан жұмыстарын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы тергеу ісін Әзербайжан, Ресей және Бразилия елдерінің мамандарын тарта отырып жүргізіп жатқанын айтты.

✔️Президенттер тергеу амалдарын жан-жақты және ашық жүргізудің маңызды екенін атап өтті.
📣📣📣Ақтаудағы авиаапат тергеуі Мемлекет басшысының назарында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өткізді. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жедел көмек көрсету құрылымдары апат кезінде шұғыл әрі үйлесімді әрекет еткеніне назар аударды.


– Апаттың салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді. Біз бұған жол берген жоқпыз. Адам өмірін сақтап қалдық. Құтқару жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Қажетті ақпараттың барлығы жұртшылыққа уақытылы беріліп тұрды. Яғни оқиға бойынша толыққанды мәлімет бәріне бірдей ұсынылды. Азаматтарымыз алғашқы минуттан бастап зардап шеккендерге көмек қолын созды. Халқымыз жанашырлық, ұйымшылдық және шынайы тілеулестік қасиетін көрсетті. Жұрт кезекке тұрып, қан тапсырды. Әзербайжан елшілігі ғимаратына гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы еліміздің және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты мәлімет таратты. Құтқарушылардың, дәрігерлердің және волонтерлердің адал қызметіне күллі әлем куә болды. Әсіресе, көршілес әрі серіктес елдер – Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан азаматтары айрықша алғыс білдіріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

🔻Президент Үкіметке апат салдарын жоюға атсалысқан адамдардың ерлігі мен еңбегін лайықты атап өту, ерекше көзге түскен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсыну жөнінде тапсырма берді.

📍Еліміз тергеу мен зерттеудің әділ және барынша ашық өтуіне аса мүдделі. Бізге әлем көз тігіп отыр. Бірақ видеодан көре салып тон пішіп, бәрін алдын-ала анықтап қойған батыс ақпарат құралдарындай емес, халықаралық сарапшылар мен ұшақ өндірушісінің қатысуымен элементтерді физикалық тұрғыдан зерттеп, қара жәшікті саралап, салмақты және нақты шешімін жариялайтын болады. Барлық мүдделі тараптар қатысуға мүмкіндік алды. Осы арқылы Қазақстан өзінің дербес саясат жүргізетінін, ешкімнің ықпалында жүрмейтінін және әуе қауіпсіздігі саласындағы халықаралық стандарттармен жұмыс істейтіндігін анық байқатпақ.

Айбар Олжай, қаржыгер
📣📣📣НАҒЫЗ ДОС, ШЫНАЙЫ БАУЫР БОЛУ...

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан халқы мен президентіне алғыс айтты.


📍«Апат болған жерге қазақстандық құтқарушылар жедел арада жетіп, ұшақтан адамдарды алып шығып жатқаны жайлы ақпаратты алдық. Олар өз өмірлерін қатерге тікті. Себебі тағы бір жарылыстың боларын немесе болмасын білмеді. Ұшақтың бір бөлігі жанып жатты, екінші бөлігі де өртенуі мүмкін еді. Бірақ соған қарамастан, олар нағыз ерен ерліктің үлгісін көрсетті.

🔻Дәрігерлердің жұмысына тоқталғым келеді. Зардап шеккен жолаушылар тез арада ауруханаларға жеткізілді. Ол үшін де мен президент Тоқаевқа алғысымды айттым. Қазақстандағы бауырларымыз бен қарындастарымыздың қиын сәттегі қолдауы Әзербайжан ұлтының жүрегінде сақталады. Қарапайым азаматтар Ақтаудағы елшілікке келіп, гүл шоқтарын қойып, қайғыны бөлісіп жатты. Міне, нағыз дос, шынайы бауыр болу деген осы.

✨Мен президент Тоқаевқа бұл мәселені зерттеуге қатысты Әзербайжанның позициясын айттым. Біз халықаралық сараптама өткізуді қалаймыз және бұл мәселені Мемлекетаралық авиациялық комитеттің қарауына бере алмайтынымызды жеткіздім. Бұл позициям түсіністікпен қабыл алынды.

✅Әлбетте біздің мемлекеттік органдар, комиссия мүшелері, прокуратура және басқалары Қазақстанмен байланыста. Қазақстан тарапы да өз кезегінде комиссия құрған. Олар да бұл апаттың шын себебін анықтауға барын салып жатыр.

📍Мен президент Тоқаевқа көңіл айттым. Ұшақ апатында Қазақстанның алты азаматы көз жұмды. Қазақстан президенті де көңіл айтып, қолдау білдірді. Бұл оқиғаның қаншалықты қайғылы екеніне қарамастан, бұл біз үшін бір сынақ іспеттес. Осы жағдайда әр тарап өзін қалай көрсететінін анықтайтын сынақ.

Бұл трагедияға қарамастан, Қазақстан тарапы да осындай ойда екеніне қуаныштымын. Біздің достығымыз бен бауырластығымыз бұл сынақтан кейін тіпті күшейе түсті», - дейді ол.
📣📣📣Қазақстан Ақтауда болған ұшақ апатын тергеуде объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз етуге кепілдік береді немесе бұған Бразилияның қандай қатысы бар?

🇰🇿 Қазақстан халықаралық стандарттарға қатаң сәйкес және шетелдік сарапшылардың қатысуымен Ақтау маңында болған ұшақ апатын жан-жақты тексеруді жалғастыруда.


🇧🇷 Бүгін қара жәшіктерді Бразилияға жіберу туралы шешім қабылданды!

❗️Талаптар бойынша
Чикаго конвенциясы ұшу жазбаларын қай жерде оқу және дешифрлау керектігін шешеді.

❗️Қазақстан бұл конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және оның стандарттары мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынымдарына толық сәйкес әрекет етуі керек.

🇦🇿 🇷🇺 Әзірбайжан мен Ресейдің авиациялық билік органдарымен консультациялар негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын Тергеу комиссиясы қара жәшіктер Бразилияның Авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына жіберілетін болды.

❓ Неліктен Бразилия?

Бразилия тиісті және жоғары сапалы техникалық сараптамаға кепілдік беретін Embraer ұшағын өндіруші ел.

CENIPA қажетті жабдықпен және деректерді оқуға арналған сертификатталған зертханамен жабдықталған.

❗️Бұл шешім барлық тараптармен келісілген және объективті себептермен қабылданған.

Тергеу барысы Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев басқа елдердің басшыларымен белсенді араласып, тергеу барысын талқылап жатыр.


Кеше ол Әзірбайжан және Ресей президенттерімен келіссөздер жүргізді.

📞 🇰🇿 🇦🇿 Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздер барысында келесі мәселелер талқыланды:

❗️ Президенттер қаза болғандардың отбасыларына қолдау білдірді.
❗️Қазақстан тергеудің объективтілігін қамтамасыз етуге дайын екеніне сендірді.
❗️Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін елдер арасындағы үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.

📞 🇰🇿 🇷🇺 Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер барысында:

❗️Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
❗️Жан-жақты және ашық тергеудің маңыздылығы атап өтілді.
❗️Қазақстанның халықаралық мамандарды тарту бойынша қадамдары талқыланды.

Қазақстан ашықтық пен объективтіліктің жоғары деңгейін сақтай отырып, өзінің халықаралық міндеттемелеріне адал болып қала береді.

Қабылданған шаралар біздің биліктің кәсіби біліктілігін, оқиғаның барысын, ұшақ апатының себептерін анықтауға ұмтылысын білдіреді.
Қазақстанда қолданбалы ғылымды қаржыландыру 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды

✔️ Қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2024-2026 жылдарға 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды (оның ішінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 211 млрд теңге, гранттық қаржыландыру – 198 млрд теңге, коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру – 67,9 млрд теңге).

⚡️ Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті (өткен жылға қарағанда +13%).

✔️ Жастарды ғылымға тарту мақсатында ҒЖБМ мен «Отбасы банкі» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Отбасы банкі» АҚ келісім шеңберінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда жас ғалымдарға арналған ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосты. Несиенің ең көп сомасы 20 млн теңгені, қарыз мерзімі – 19 жылды құрайды.

⚡️ Ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауда жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді, докторантураға мемлекеттік тапсырыс 1,9 мың орынға дейін ұлғайтылды.
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
📣📣📣Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

✅Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
📣📣📣Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бала асырап алушыларға қойылатын талапты күшейтетін заңға қол қойды

🔻асырап алушының жас айырмашылығын анықтау;

🔻асырап алушының соттылығы туралы ақпаратты жыл сайын жаңарту;

🔻аккредиттелген ұйымдар арқылы міндетті психологиялық диагностика және оқыту.


Заң елімізде «кәсіби патронаттық отбасылар» институтын құруды да белгілейді.
📣📣📣3 қаңтарда Президенттің «Ана тілі» газетіне берген көлемді сұхбаты жарық көреді

Бұл туралы Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындамақ.
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия -2024: Президент өкімге қол қойды

Мемлекет басшысы 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 өкіміне сәйкес 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамында әдебиет пен өнер қайраткерлері бар

– делінген жарлықта.